Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(352)
Рубрика журнала: Филология
Скачать книгу(-и): скачать журнал
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДИАЛЕКТІЛЕРІ: ТАРИХИ, АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨРІНІСІ
АННОТАЦИЯ
Мақала қазақ тілінің диалекттерінің қалыптасуы мен қазіргі көрінісін қарастырады. Автор географиялық орналасу мен тарихи этнолингвистикалық әсерлерін зерттейді, «шекер» және «тандыр» сияқты диалектік сөздер мысалында танылады. Мақалада әр аймақтық диалекттік сөздерге түсіндірме, мысал беріліп, кесте құрастырылған. Сонымен қатар, акцент пен сөйлеу әдет ерекшеліктері, «джылқы» айтылу ерекшелігі негізінде қарастырылған. Диалекттердің тіл байлығын арттырудағы орнын атап, ұлттық мәдени мұра тілдік бірегейлікті нығайтудағы рөлін анықтайды.
Кілт сөздер: қазақ тілі, диалект, фонетикалық өзгешеліктер, шекер, джылқы, дөкөй, көгөніс, лексикалық ерекшеліктер.
Қазақ тілінің диалекттері бұл тілдің формасы. Яғни, географиялық орналасуына байланысты және көрші мемлекеттер әсерінен құрылған аумақтық жазу немесе ауыз екі сөйлеу ерекшелігі. Диалект сөзі ежелгі грек dia «арқылы», «көмегімен» және lectos «сөз», «сөйлеу» терминдік элементтерден жасалған [1]. Тілдегі диалект ұлттың мәдениетіндегі құрамдас бір бөлігі ретінде саналады.
Сонымен қатар, аумақтық өзгеріс сипатына ие немесе тек сол елді мекенде тұратын тұрғылықты халықтың қолданатын өзіне тән бөлек акценті мен сөйлеу әдеті болады. Акцент латын тілінен accentus «екпін», «интонация» деген мағынаны береді [2]. Акцент диалекттің белгілі бір аймақты қамтитын бөлігі. Мысалы, бастапқы тарихи деректерге сүйене отырып қазақтардың ру тайпалық одақтардың бірігуінен кейін, қазіргі жалпы Қазақстан Республикасының облыстарында мекендейтін қазақ ұлтының қалыптасқаны және оның негізгі жүзден құралғаны мәлім. Олар, Оңтүстік Қазақстан аймағында Ұлы Жүз (Жалайыр, Ошақты, Дулат, Суан, Сары үйсін, Шапырашты, Сіргелі, Ысты), Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендейтін Орта Жүз (Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Тарақты, Қоңырат) және Батыс Қазақстанда қоныстанатын Кіші Жүз (Әлімұлы, Байұлы, Жетіру) [12]. Рулық, тайпалық қауымда сөйлей қалыптасқан әдетінің ерекшелігі негізінде қазіргі таңда диалекттер пайда болған. Мысалы, күнделікті өмірдегі сонымен қатар әдебиетте қолданылатын қант сөзі Кіші жүзде яки Батыс Қазақстан облысында шекер немесе секер деп айтылады. Солай аталып кетуінің басты себебі, түркі халқын Жібек Жолы арқылы сауда-саттық байланыс орнатылуынан байқалады. Яғни, шекер сөзі араб және парсы тілдерінен şakar сөзі арқылы енгізілген [4; 627 б.]. Кіші Жүз (батыс өңірлері) Орта Азия және Таяу Шығыс халықтарымен тығыз байланыста болғандықтан бұл сөз жергілікті тілдік сөйлеу лексикасына, сөйлеу әдетіне қалыптасқан. Толық батыс Қазақстан облысындағы диалекттік сөздер тізімін 1.3 кестеде көруге болады.
Қалыптасқан сөйлеу әдетінен бөлек акцент те ерекше орын алады. Көрнекті мысал ретінде Шығыс Қазақстан өңірін мекендейтін Найман руының ж- әріпі бар сөздерін ерекше айтылу мәнерін атауға болады. Әдеттегі жылқы сөзін сол облыс тұрғындары джылқы деп айтады. Негізгі себептерінің бірі бұл Наймандар Руы тарихи контексте қазақ тіліне ықпалын тигізген Моңғолдармен және кейбір түркі тілдес халықтарымен тығыз байланыста болғандықтан, осы сөйлеу ерекшелігі қалыптасып, акцент сақталып қалған. Сонымен қатар бұл Шығыс Қазақстанның географиялық орналасуы, таулы мекендермен оқшаулану салдарларынан және көрші Қырғыз халқының дж- дыбысын кең қолдануы аясынан да байқалады (мысалы, Қырғыз Республикасының президентінің аты қазіргі таңда Садыр Джапаров деп оқылады). Шығыс Қазақстан облысындағы диалекттік сөздер тізімін 1.2 кестеде толық көруге болады.
Диалект қалыптасуы тарихпен және этнографиямен тығыз байланысты. Өйткені, қарапайым халықтың әдет-ғұрпында да, тұрмыс-салтында да диалектизм байқалады. Оңтүстік аудандарда қабырғаға нанды қарып әзірлеу кезіндегі пеш атауының әсерінен шыққан. Сол себептен көбінесе нанды тандыр деп атайды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы диалекттік сөздер тізімін 1.4 кестеде толық көруге болады.
Ерекше көрініс тапқан диалекттердің біріне солтүстік Қазақстан диалектін қосуға болады. Көрнекті мысал ретінде қарапайым күнделікті қолданыстағы терезе сөзін Ерейментау мен Көкшетау қалаларының тұрғындары әйнек деп атап кеткен. Әйнек сөзін әлі күнге дейін қолданыста жиі естуге болады. Шығу тарихына қысқаша тоқталып кетсек, әйнек сөзі түркі тілінен шыққан, мөлдір бетті затты немесе айнаны білдіреді. Кейбір түркі тілдес халықтар бұл сөзді дәл осы мағынада қолданылуы мүмкін, немесе тіпті басқа мағынаны береді. Мысалы, татар тілінде айнйк [13; 29 б.] пен башқұрт тіліндегі айнық [14; 14 б.] қазақ тіліндегі айық (мас емес) деген мағынада қолданылады. Ал түркі тілінде ayna сөзі айна немесе шыны деген мағынаны білдіреді [11; 150 б.]. Сонымен қатар заттың пішін, мөлшерін сипаттау үшін солтүстік өңірлерде дөкөй (жіңішке айтылуымен дәкөй) мен біттей сөзі қолданылады. Дөкөй (дәкөй) үлкен заттың көлемін сипаттау үшін, ал біттей (битке ұқсас деген мағынада) кішкентай затты сипаттау үшін пайдаланылады. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарындағы диалекттік сөздер тізімін 1.1 кестеде толық көруге болады.
Зат көлемін сипаттау үшін тек қана үлкен мен дәкөй сөзінен бөлек, оңтүстік Қазақстан, Арал маңында әйдік және батыс Қазақстан Маңғыстау, Ақтау жерлерінде нән сөзінің қолданылуын естуге болады. Ал антоним ретінде құттай сөзінің кішкентай деген мағынасындағы қолданысын Маңғыстау, Жанаөзен, Ақтау мен Қызылорда қалаларында естуге болады.
Толық диалекттік ерекшеліктер туралы төмендегі сауалнама нәтижелері негізінде құрылған кестелерден көруге болады. Сауалнама басқа қала, елді мекеннен келген студенттер арасында жүргізілген.
Кесте 1.
Солтүстік және Орталық Қазақстан облыстарындағы диалектизмдері
|
Солтүстік және Орталық Қазақстан облысы |
|||
|
Елді мекен/ ауыл/ қала |
Диалекттік ерекше сөз |
Мысал |
Басқа облыста қолданылатын аналог |
|
Ерейментау |
Әйнек |
Әйнек алдындағы гүлдерді суар! |
Терезе |
|
Балхаш |
Бақыр |
Ас бөлмесінде, бақыр ішінде картоп қуырылған. |
Таба |
|
Қарқаралы |
Бедіре |
Бедіреге су толтырып алып кел. |
Шелек |
|
Ерейментау |
Биалай |
Қолыңа биалай киіп үйден шық! |
Қолғап |
|
Көкшетау |
Біттей |
Біттей күшікке тамақ беруді ұмытпа. |
Құттай, кішкентай |
|
Көкшетау |
Дөкөй |
Көршіміз дөкөй үй тұрғызды. |
Нән, үлкен, жоян |
|
Павлодар |
Қажып кетті |
Көп жұмыс істеп қажып кеттім. |
Мазам кетті |
|
Павлодар |
Мана |
Мана әкем үйге келген еді. |
Бағана, бана |
|
Қарағанды |
Мәәә!/Мама! |
Мәәәә! Не деген жаңалық! |
Өлә!/Қойш! |
|
Павлодар |
Ожау |
Сорпаны ожаумен құй! |
Шөміш, бақыраш |
|
Көкшетау |
Оттық |
Оттықты алып пешті жақ. |
Шырпы, сіріңке |
|
Павлодар |
Тегеш |
Әжеміз сауылған сүтті тегешке құйатын еді. |
Шылапшын, леген |
|
Теміртау |
Тормазок |
Жұмысқа барар жолда тормазок алуды ұмытпа. |
Паёк |
|
Қарағанды |
Еді |
Ол бұрын жақсы оқыған еді. |
Тұғын |
|
Қарағанды |
Ештеңе |
Ештеңе істемей отырмын. |
Дым |
- Терезе, әйнек – ғимарат қабырғасындағы немесе жарық пен ауаға арналған тесік.
- Таба, бақыр – тамақ пісіретін жалпақ темір ыдыс.
- Шелек, бедіре – су, сүт сияқты сұйықтық тасуға арналған ыдыс.
- Қолғап, биалай – қолды суықтан немесе кірден қорғауға арналған киім.
- Кішкентай, біттей, құттай – көлемі немесе жасы жағынан аз, кіші.
- Үлкен, дөкөй, жоян, нән – көлемі, жасы немесе маңызы жағынан ірі, көп.
- Мазам кетті, қажып кетті – тынышсыздандым, көңіл-күйім бұзылды деген мағынада.
- Бағана, мана – жақында ғана, сәл ертерек (уақытты білдіреді).
- Мәәә! Өләә! – таңданысты, ашуды немесе сенімсіздікті білдіретін ауызекі
- Ожау, шөміш, бақыр – сұйық тамақ ішуге арналған ұзын сапты құрал.
- Шарпы, оттық – оттың әсерінен жану немесе күйю.
- Тегеш, леген, шылапшын – кең, терең емес ыдыс (көбінесе жуу немесе илеу үшін қолданылады).
- Тормазок – (орыс тілінен) – тамақ салатын контейнер, ыдыс (ас алып жүруге арналған).
- Еді, тұғын – өткен шақ көмекші етістігі.
- Ештеңе, дым – ешбір зат, ешбір нәрсе.
Кесте 2
Шығыс Қазақстан облысындағы диалектизмдер
|
Шығыс Қазақстан облысы |
|||
|
Елді мекен/ ауыл/ қала |
Диалекттік ерекше сөз |
Мысал |
Басқа облыста қолданылатын аналог |
|
Өскемен |
Әгүршік |
Салатқа туралған қызанақ пен әгүршік қостым. |
Қияр |
|
Өскемен |
Бақай |
Есіктен өтіп бақайыңды ұрып алма. |
Башпай, бармақ |
|
Семей |
Бопа |
Бопаға қарай тұра аласың ба? |
Бөпе |
|
Өскемен |
Доңғалақ |
Көлік доңғалағы майысып қалды. |
Аяқ, дөңгелек |
|
Семей |
Жоян |
Өскен ағаштың діңі жоян. |
Нән, дөкөй, үлкен |
|
Семей |
Кәсе |
Кәсеге шай құйып ішейік. |
Кесе, пиала, шыны |
|
Өскемен |
Малақай |
Басыңа малақай тақ! |
Телпек, қалпақ, бас киім |
|
Өскемен |
Пысыру |
Анам тамақ пысырып отыр. |
Пісіру, әзірлеу, дайындау |
|
Семей |
Сарымсақ |
Бақшада сарымсақты өсіріп отырмыз. |
Пияз, жуа |
|
Семей |
Таңау |
Таңауым бітеліп қалды. |
Мұрын |
|
Өскемен |
Тосу |
Мені тоса тұрыңдаршы. |
Күту |
- Қияр – жасыл түсті, салқындатқыш қасиеті бар көкөніс.
- Бақай, башпай – аяқтың бас саусағыы.
- Бөпе, бопа – нәресте, жаңа туған немесе өте жас бала.
- Дөңгелек, доңғалақ – шеңбер тәрізді пішін немесе зат.
- Кәсе, кесе – шай немесе басқа сусын ішуге арналған кіші ыдыс.
- Малақай, бас киім – басқа киілетін киім (мысалы: бөрік, қалпақ).
- Пісіру, пысыру – тамақты отқа немесе жылуға салып дайындау процесі.
- Пияз – иісі күшті, тамаққа дәм беретін көкөніс.
- Таңау, ұрын – адамның немесе жануардың иіс сезетін және тыныс алатын мүшесі.
- Тосу, күту – біреуді немесе бір нәрсені күту.
Кесте 3
Батыс Қазақстан облысындағы диалектизмдер
|
Батыс Қазақстан облысы |
|||
|
Елді мекен/ ауыл/ қала |
Диалекттік ерекше сөз |
Мысал |
Басқа облыста қолданылатын аналог |
|
Атырау |
Аяғы |
Көлік аяғын ауыстыру керек. |
Дөңгелек, доңғалақ |
|
Жаңаөзен |
Әпке |
Әпкем менен бес жас үлкен. |
Апа |
|
Маңғыстау |
Бана |
Бана сен не степ отырдың? |
Мана, бағана |
|
Атырау |
Бақыраш |
Бақырашпен суды шелектен шелекке құй! |
Ожау, шөміш |
|
Ақтау |
Дзәт? Не зәт? |
Не дзәт көріп таңғалып отырсың? |
Не болды? Не дейсің? |
|
Орал |
Жаурадым |
Күннің суығын ай! Жаурап отырмын. |
Тоңдым |
|
Ақтау |
Жары |
Алманы турап, екі жарға бөлдім. |
Жартысы |
|
Маңғыстау |
Жуа |
Жуаны тамаққа қоссаң, тамақ дәмі өзгереді. |
Пияз, сарымсақ |
|
Атырау |
Көпшік |
Басыңның астына көпшік салвп қой. |
Жастық |
|
Атырау |
Қалпақ |
Басыңа қалпақ ки! |
Телпек, малақай, бас киім |
|
Маңғыстау |
Сәлем бердік! |
Сәлем бердік! Қалыңыз қалай? |
Сәлеметсізбе! |
|
Маңғыстау |
Пісте |
Күнбағыс пістелерін шағып отырмын. |
Шемішке, шекілдеуік |
|
Маңғыстау |
Пісте май |
Пісте майымен тамақ қуыруға болады. |
Сұйық май, сумай |
|
Ақтау |
Тәте |
Әжемнің екі ұл баласы бар. Біреуі менің әкем, басқасы тәтем. |
Аға, көке |
|
Ақтау |
Телпек |
Басты жауратпай телпе киіп шық. |
Қалпақ, малақай, бас киім |
|
Маңғыстау |
Тұқым |
Пісте ол күнбағыс тұқымы. |
Дән |
|
Ақтау |
Шекер |
Шайға шеке қоссаң, тіпті дәмі тәтті болады. |
Қант, құм шекер |
|
Атырау |
Шекілдеуік |
Шекілдеуік шағып әбден тойдым. |
Шемішке, пісте |
|
Атырау |
Шырпы |
Шырпымен пеш жақ. |
Оттық, сіріңке |
|
Маңғыстау |
Іңкәл |
Бешпармақ әзірлеу үшін іңкәл жайу қажет. |
Ет наны, қамыр |
- Апа, әпке – туған үлкен әпке, яғни қыз баланың немесе ұл баланың өзінен жасы үлкен қарындасы.
- Жаурадым – суықтан тоңдым, тоңып қалдым.
- Жары, жартысы – бір нәрсенің тең бөлігінің бірі.
- Көпшік, жастық – бас қоюға немесе отыруға арналған жұмсақ, матамен қапталған бұйым.
- Сәлем бердік! – амандасу формасы, құрмет білдіру мақсатында айтылады.
- Пісте – күнбағыс дәні, яғни қуырылып жейтін немесе май алынатын тұқым.
- Пісте май – пістеден жасалған өсімдік майы.
- Көке, аға – әкенің інісі немесе үлкен ер адам.
Кесте 4
Оңтүстік Қазақстан облысындағы диалектизмдер
|
Оңтүстік Қазақстан облысы |
|||
|
Елді мекен/ ауыл/ қала |
Диалекттік ерекше сөз |
Мысал |
Басқа облыста қолданылатын аналог |
|
Тараз |
Азанда |
Азанда тұрып, шәй ішейік! |
Таң атқанда |
|
Тараз |
Әңгелек |
Базарда әңгелек сатып алдық. |
Қауын (кіші дөңгелек түрі) |
|
Қызылорда |
Әйдік |
Ана там әйдәк екен! |
Дөкөй, нән, үлкен |
|
Қызылорда |
Дарбаза |
Дарбазаны жап! Ұры кіріп кетеді. |
Қақпа |
|
Талдықорған |
Дым |
Азанда бүгін дым істемей кешкісін жұмыс істедім. |
Түк, ештеңе |
|
Тараз |
Дуал |
Дуалға тақалма! |
Қабырға |
|
Шымкент |
Зәңгі |
Зәңгімен екінші қабатқа мініп, алып келші. |
Баспалдақ, саты |
|
Тараз |
Құттай |
Қөжектер жана туылғанда, құттай болып туылады |
Біттей, кішкентай |
|
Шымкент |
Пәрнек |
Пәрнекке су қайнатып қой. Шәй ішеміз. |
Ақман |
|
Талдықорған |
Сым |
Аяқтарыңа жылы сым киіп үйден шық! |
Шалбар |
|
Тараз |
Тақал |
Жаныма тақал. |
Жақында |
|
Шымкент |
Там |
Үйімізде үш там бар. |
Бөлме кейде жер үй |
|
Тараз |
Тұғын |
Бұрында ондай болмайтын тұғын |
Еді |
|
Шымкент |
Шүберек |
Үстел бетін сулы шүберекпен сүртіп кел. |
Орамал |
|
Алматы |
Шыны |
Шыныдан шай ішіп, сергіп алдық. |
Кесе, пиала, кәсе |
- Азанда – таңертең, күн шыққан уақыттан кейін (утром).
- Әңгелек – ауылдық жерде өсетін, үлкен сабақты, шар тәрізді жемісті өсімдік.
- Дарбаза – үлкен қақпа, үйдің немесе ауланың кіреберіс есігі.
- Дуал – үйді немесе аула-шаруашылықты қоршайтын қабырға.
- Баспалдақ – бір деңгейден екіншісіне шығуға арналған саты.
- Ақман – шағын шайнек тәрізді, сұйықтық құюға арналған ыдыс (мысалы сүт немесе шай)
- Шалбар – аяққа киетін киім, екі балағы бар (брюки, штаны).
- Жақында – бір нәрсеге немесе біреуге таяу келу, қашықтықты қысқарту.
- Бөлме, жер үй – бөлме – үйдің ішіндегі жеке кеңістік; жер үй – бір қабатты жеке тұрған үй.
- Шүберек, орамал – шүберек – мата қиындысы, тазалыққа арналған; орамал – бас немесе бет жабуға арналған мата.
Жалпы, қазақ тілінің біртектілік ерекшелігіне байланысты көптеген уақыт бойы қазақ тілінде диалекттердің болу фактісі дау тудырды. Қазақ тілінде диалекттердің болмауы туралы Яновскии А. Е. мен Милоранскии П. М. айтқан.
Яновский А. Е. айтуы бойынша қырғыздар (қазақтар) тілі бастапқы түркі сипатын сақтағандықтан, қырғыз-қайсақ дала кеңістігінде тіл диалекттерге бөлінбеген. Алайда, тек фонетика жағынан ерекшеленеді,- деп «Киргизы» (1890-1907 ж.) мақаласында дәйектелген.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде әдеби қазақ тілі кең насихатталса да, диалект әсері байқалады. Мәселен, ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған жаңа оқулықтарда «көгөніс» деп жазылған сөзді оңтүстік облыс тұрғындарының көбісі диалект ықпалының салдарынан, «көкөніс» деп қолданады [15]. Сол себептен ата-аналар арасында сол сөздің дұрыс жазылуына қатысты күмән пайда болған. Ал, министрліктің мәлімдеуінше, «көгөніс» сөзінің жазылу нұсқасы дұрыс екендігі хабарланады. Себебі, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының 2013 жылғы орфографиялық сөздігіне сәйкес, «көгөніс» сөзі қазақ тілінің үндестік заңына сай қабылданған, ал «көкөніс» [6; 310 б.] формасы бұл талапқа сай келмейді. Осы мысал негізінде бірқатар сөздерді атап өтуге болады. Олар көгорай (көкорай), қыргүйек (қыркүйек), шегара (шекара) және т. с. с.
Қорытындылай келе, қазақ тілінің диалектілері, акцент және сөйлеу әдеті бұл ұлттың тарихы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Олар әр аймақтың географиялық орналасуына, тарихи жағдайларына және көрші халықтардың әсеріне байланысты қалыптасқан. Әдеби тілдің дамуы диалектілердің қолданыс аясын азайтқанымен, олардың аймақтық ерекшеліктері қазақ тілінің байлығын көрсетеді.
Диалектілерді сақтау және зерттеу - ұлттық бірегейлікті сақтау мен тілдік мұраны болашаққа жеткізудің маңызды қадамдардың бірі. Әрбір диалект қазақ халқының тарихи дамуы мен мәдени құндылықтарын айқындайды, сондықтан диалект тереңірек зерттелуі қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Oxford English Dictionary. Dialect (n.), Etymology // Oxford English Dictionary. — Оксфорд: Oxford University Press, 2014. — Қолжетімді: https://doi.org/10.1093/OED/8666306791 (Қаралған күні: 01.03.2026).
- Акцент // Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігі: 86 т. (82 т. және 4 қос.). — Санкт-Петербург, 1890–1907.
- Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы — Алма Ата: Мектеп, 1967. — 171 бет.
- Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы түсіндірме сөздігі — Алматы: Полиграфкомбинат, 2017 — 654 бет.
- Аманжолов С. А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Часть 1 — Алма-Атинский гос. педагог. ин-т им. Абая, 1959 — 451 бет.
- Орфографиялык сездік /Алтыншы басылым. Кураст.: 065 Н. Уэли, К.Кудеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Оміржанова, А. Омірбекова. — Алматы: «Дэуір» баспасы, 2013. - 720 бет.
- Милоранский П. М. О киргизских наречиях // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. — Оренбург, 1900.
- Яновский А. Е. Киргизы // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — Санкт-Петербург, 1890—1907.
- Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері — Алматы: Сөздік-Словарь, 2004 — 535 бет.
- Мураткалиев С. О диалектах казахского языка // Esquire [Электрондық журнал]. — 2014. — Қолжетімді: https://esquire.kz/kazakh-language-dialects/ (Қаралған күні: 08.03.202)
- Большой русско-турецкий словарь. 250000 слов и словосочитаний. — Москва: Дом Славянской книги, 2009. — 608 бет.
- Атамекенов А. Без этого Казахстан не понять: карта расселения казахских племен — «жузов» // BRIF Research Group. — Қолжетімді: https://www.brif.kz/blog/?p=1122 (Қаралған күні: 03.03.2026)
- Татарско-русский словарь. — Электрондық ресурс. — Қолжетімді: https://altaica.ru/LIBRARY/turks/Татарско-русский%20словарь%201966.pdf (Қаралған күні: 24.03.2026)
- Ураксин З. Г. Башкирско-русский словарь: 32000 слов. — Москва: Диагора, Русский язык, 1996. — 884 бет.
- Вноровский К. "Көкөніс" или "Көгөніс"? Эксперты ответили на обвинение об ошибке в тетради // zakon.kz. — 15.09.2022. — Қолжетімді: https://www.zakon.kz/obshestvo/6024940-kkns-ili-kgns-eksperty-otvetili-na-obvinenie-ob-oshibke-v-tetradi.html (Қаралған күні: 30.03.2026)
- Басқа қала, елді мекеннен келген студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері. — Мәтін: [Электрондық ресурс] // Google Forms. Қолжетімді: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc4gye9aMyPfRsEtLEyiGsdIUveCo9x-AeyBHCqGF7CoR7STQ/viewform (Қаралған күні 30.03.2026)

