Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(352)
Рубрика журнала: Филология
Скачать книгу(-и): скачать журнал
ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ ИНФОГРАФИКА ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
АННОТАЦИЯ
Мақалада шет тілін үйренуде инфографиканы қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады. Инфографика оқу материалын визуалды түрде ұсыну арқылы ақпаратты жеңіл қабылдауға, есте сақтауға және студенттердің қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері инфографиканың шет тілі сабақтарында оқу мотивациясын күшейтетін инновациялық құрал екенін көрсетеді.
ABSTRACT
The article examines the importance and effectiveness of using infographics in the process of learning a foreign language. The visual presentation of educational material using infographics contributes to the easy perception of information, improves memorization and increases students' interest. The results of the study show that infographics are an innovative tool that enhances learning motivation in foreign language classes.
Кілт сөздер: инфографика, визуалды оқу, инновациялық әдістер, ақпараттық технологиялар, Pictochart, Canva, Visme.
Keywords: infographics, visual learning, innovative methods, information technology, Piktochart, Canva, Visme.
Қазіргі заманда білім беру жүйесі қарқынды дамып, жылдам өзгеруде, жаңа технологиялар мен иновациялық әдістердің әсерімен дамып келеді. Әсіресе шет тілін үйрену саласында ақпараттарды тиімді әрі жеңіл меңгеру білім алушыларға маңызды болып отыр. Ақпараттарды көрнекті түрде қабылдау, соған байланысты түрлі заманауи интернет сайттары мен қосымшалар сияқты визуалды әдістерді пайдалану студенттердің шет тілі сабағына деген қызығушылығын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін арттырады. Осындай визуалды құралдарыдың бірі – инфографика [1]. Инфографика – күрделі ақпаратты жеңіл әрі түсініңті етіп жеткізе алатын әдіс болып саналады. Шет тілін үйрену кезінде де грамматикалық ережелерді, сөз тіркестерін, күрделі мәтіндерді инфографика арқылы түсіну материалды тез әрі оңай меңгеруге мүмкіндік береді.
Инфографиканың бірнеше түрі бар, әрқайсысының өз ерекшелігі мен қолдану аясы бар. Негізгі әрі өзімізге қажетті болатын, ағылшын тілінде қолдануымызға ыңғайлы түрлеріне тоқталып кетсек: Статистикалық инфографика – сандар мен пайыздарды көрсетуге арналады. Түрлі деректерді графикалық түрде ұсыну арқылы статистикалық ақпараратты жақсырақ түсінуге көмектеседі. Ағылшын тілінде біз студенттердің тіл меңгеру деңгейін анықтауға байланысты немесе басқа да түрлі сауалнамалар жүргізу барысында инфографиканың дәл осы түрін пайдалана аламыз [2]. Ақпараттық инфографика – белгілі бір ережені немесе ұғымды түсіндіруге қолданылады. Мұндай инфографика ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылады. Ағылшын тілінде шақтар көбірек болғандықтан, шақ түрлерін, әр шақта қолданылатын ережерді шатасытырып алмас үшін, ақпараттық инфографиканы қолдану тиімді болмақ. Тіпті ең қарапайым “Present Simple” ережесін түсінуде біз алдымен сөйлемді құратын формула сызып аламыз – «+S + Vs/es + Obj», «-S + don’t / doesn’t + V + Obj», «? Do / does + S + V + Obj». Бұл формулаға қарап отырып біз болымды, болымсыз, және сұрақ формасындағы сөйлемдерді құрастырамыз. Осылайша әр шақтың формулаларын жаттауда бізге осындай ақпараттық инфографиканың маңызы зор. Уақыттық (timeline) инфографика – оқиғалардың реті мен дамуын көрсетеді. Бұл формат тарихи деректерді, оқиғалардың хронологиясын немесе процестердің даму кезеңдерін бейнелеу үшін пайдаланылады. Мысалы, «History of English language» инфографикасы ағылшын тілінің тарихи кезеңдерін визуализациялауға мүмкіндік береді [3]. Салыстырмалы инфографика – екі немесе одан да көп ұғымның айырмашылығын көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы, “British English vs. American English” инфографикасы ағылшын тілінің британдық және американдық нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды нақты көрсету үшін тиімді. Географиялық инфографика – карта немесе аймақ бойынша мәліметті көрсетеді. Бұл түрі географикалық деректерді визуализациялау, мемлекеттер арасындағы статистикалық ақпаратты салыстыру немесе аймақтық ерекшеліктерді көрсету үшін пайдаланылады.
Жоғарыда айтқанымыздай, шет тілін үйрену процесінде инфографика түрлерін пайдалану білім алу сапасын арттыруға елеулі әсер етеді. Инфографика ақпаратты жылдам қабылдауға жағдай жасайды. Жаңа сөздерді немесе грамматикалық құрылымдарды кесте, сурет және белгішелер арқылы көрсету студенттің назарын шоғырландырып, материалды тез меңгеруге көмектеседі. Мәселен “Tenses in English” тақырыбында жасалған инфографикада әр шақтың (Present, Past, Future) мысалдары мен уақыт көрсеткіштері бір диаграммада көрініс табады, бұл студентке шақтардың айырмашылығын бір қарағанда түсінуге мүмкіндік береді. Инфографика визуалды есте сақтауды күшейтеді. Адам миы ақпараттың 80 пайыздан астамын көру арқылы қабылдайтынын ескерсек, түстермен, сызбалармен және символдармен берілген материал ұзақ есте сақталады. Ағылшын тіліндегі phrasal verbs тақырыбында "go on", "give up", "look after" сияқты тіркестерді иллюстрациялармен көрсету олардың мағынасын есте сақтауды жеңілдетеді. Инфографика грамматикалық ережелерді, сөздік қорды және сөйлем құрылымын жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. “Parts of Speech” инфографикасы зат есім, етістік, сын есім және үстеудің рөлін нақты мысалдармен көрсетсе, студент грамматиканы логикалық жүйеде қабылдай алады. Инфографика ойын элементтерімен біріктірілсе (мысалы, “Match the picture with the word” түрінде), бұл студенттің мотивациясын күшейтеді және шет тілін үйренуге деген жағымды көзқарас қалыптастырады [4].
Инфографиканы шет тілін үйрену процесінде қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында «Химия» мамандығының студенттері арасында шағын сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1 курстың 30 студенті қатысты. Сауалнама барысында студенттерге келесі сұрақтар қойылды: Сіз ағылшын тілі сабағында инфографиканы жиі пайдаланасыз ба? Қай түрдегі инфографикалар сізге оқу материалын тез түсінуге көмектеседі? Инфографика сіздің тіл үйренуге деген мотивацияңызға әсер етеді ме? Қандай заманауи онлайн құралдар мен платформалар арқылы инфографика жасайсыз немесе қолданасыз?
Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің 82%-ы инфографиканы пайдалы деп санайтынын, ал 68%-ы сабақ барысында визуалды материалдарды жиі пайдаланатынын атап өтті. Сондай-ақ, 53%-ы ақпараттық және процесс инфографикасын, 27%-ы салыстырмалы инфографиканы, ал 20%-ы уақыттық (timeline) инфографиканы жиі қолданатынын көрсетті. Көптеген студенттер инфографиканы жаңа сөздерді жаттауда, грамматикалық құрылымдарды визуализациялауда, және мәтінмен жұмыс жасауда ең тиімді құрал деп есептейді. Бір студенттің пікірі бойынша: “When I learn new grammar rules, I always search for infographics on Pinterest or Canva — it helps me to understand everything faster and remember longer.
Бұл жауаптар инфографиканың студенттердің көру арқылы есте сақтау қабілетін, қызығушылығын, және өздігінен білім алу дағдысын арттыратынын көрсетеді. Мұндай визуалды материалдарды жасауға арналған ең танымал құралдарға Canva, Piktochart, Venngage, және Visme сияқты онлайн платформалар жатады. Canva платформасында “English Grammar at a Glance” атты инфографика үлгісі студенттерге шақтардың ережелерін түрлі түстермен, пиктограммалармен және мысалдармен ұсынады. Piktochart-та “Common Mistakes in English” инфографикасы жиі қателесетін сөз тіркестері мен сөйлем үлгілерін салыстырмалы түрде көрсетеді, бұл студентке грамматикалық айырмашылықтарды көзбен көруге мүмкіндік береді. Visme көмегімен жасалған “Vocabulary Learning Steps” процесс инфографикасы студенттерге жаңа сөздерді есте сақтаудың 5 кезеңін (see → repeat → use → test → apply) визуалды түрде түсіндіреді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, инфографиканы қолдану студенттердің тіл үйрену процесінде маңызды рөл атқарады. Заманауи визуалды құралдар арқылы оқу материалы ықшам, түсінікті және есте сақтауға оңай форматта ұсынылады. Студенттер инфографиканы өз бетімен білім алуда ғана емес, топтық және жұптық жұмыс кезінде тиімді пайдалана алады.
Әдебиеттер тізімі:
- Никулова Г.А., Подобных А.В. Средства визуальной коммуникации – инфографика и мета-дизайн // Образовательные технологии и общество: науч.журнал. 2010.
- Ермолаева Ж.Е., Лапухова О.В., Герасимова И.Н. Инфографика как способ визуализации учебной информации // Концепт. – 2014. №11 (ноябрь). – ART 14302. – ISSN 2304-120X.
- Newsom D., Haynes J. Public Relations Writing: Form & Style. Cengage Learning, 2010. 448p.
- Некляев С.Э. Инфографика: принципы визуальной журналистики // Вестник Московского университета. Сер.10. Журналистика. 2010. №4. С. 53-66.

