Телефон: 8-800-350-22-65
Напишите нам:
WhatsApp:
Telegram:
MAX:
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9:00 до 21:00 Нск (с 5:00 до 19:00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 11(349)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Тұрсынқұл А.Ә. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2026. № 11(349). URL: https://sibac.info/journal/student/349/407049 (дата обращения: 04.04.2026).

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Тұрсынқұл Арайлым Әділқызы

Студент, 1 курс, филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Заурбек Айжан Байбоынқызы

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, пед.ғыл. маг., М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада ағылшын тілін үйренуде жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Алайда студенттер тіл үйрену барысында түрлі кедергілерге тап болады. Осыған байланысты мақалада жасанды интеллектіні қолдану арқылы студенттерге ағылшын тілін қызықты әрі тиімді түрде үйрету жолдары қарастырылады.

Зерттеу барысында студенттердің оқылым, жазылым және тыңдалым дағдылары талданып, жасанды интеллект құралдарының олардың тілдік құзыреттілігін дамытудағы мүмкіндіктері сараланады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай жасанды интеллектіні сабақ барысында тиімді пайдалану жолдары ұсынылады.

 

Кілтті сөздер: Жасанды интеллект, оқылым, тыңдалым, жазылым, чат – боттар, педагогика саласы.

 

Біздің елде соңғы 2 жылда «жасанды интеллект» деген термин ерекше танымал болды. Кез келген ақылды техникаға жасанды инттелекті қосып қосу үдерісі кеңінен қолданылып жатыр. Бір жағынан қарасаң, бұл бәрімізге белгілі “Siri”  немесе “Alica” сияқты сұраққа жауап бере алатын және түрлі тапсырманы орындайтын жасанды интеллектің көмекшілері. 2025 жылы олардың орнына жасанды интеллет жаңа түрлері, атап айтқанда чат-боттар пайда болды. Бұл жасанды инттекттің ерекшелігі неде? Бұл жаңадан шыққан жасанды интеллектің ерекшелігі неде? Siri және Alica екеуінен басты айымашылы – тапсырманы сөйлеу арқылы берудің орнына, жазу арқылы тапсыра бере алуың. Тағы бір айырмашылы Siri, Alica көбіне қысқа жауаптар берсе, ChatGPT, Gemimi AI секілді чат боттар ұзақ әрі терең, мазмұнды мағыналы жауаптар береді.

Кәзіргі таңда технология қарқынды түрде дамым келе жатқандықтан, біз педагогтар бұны өз сабағымызда ұтымды түрде қолдану керекпіз деп ойлаймын. Себебі студенттер, оқушылар әр берілген тапсырманы жасанды интеллект арқылы шешіп жатыр.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің (КММ) Ағылшын тілі мұғалімі Таирова Дилбахар Хашимовна Ағылшын тілі сабақтарында ЖИ қолданудың артықшылықтары жайлы “Qazaq media group” сайтына жарялаған баяндамасында төмендегідей мысалдарды келтірген. Олар:

  1. Жекелендірілген тәсіл – бағдарламалар оқушының білім деңгейі мен қажеттіліктеріне бейімделеді.
  2. Мұғалім уақытын үнемдеу – тапсырмаларды автоматты түрде тексеру мұғалімге әдістемеге және оқушылармен жеке жұмысқа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
  3. Оқушылардың дербестігін дамыту – ЖИ студенттерге өзіне ыңғайлы қарқынмен оқуға көмектеседі.
  4. Жедел кері байланыс – оқушы өз қателерін бірден көріп, түзете алады.
  5. Оқытудың икемділігі – ЖИ платформалары кез келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді.
  6. Қолжетімділік – көптеген ЖИ құралдары тегін немесе бағасы қолжетімді жазылым арқылы ұсынылады, бұл оларды кең аудитория үшін қолжетімді етеді. [1]

ChatGPT, Google Gemini секілді ЖИ платформаларына түрлі сұрақтар қою арқылы оқылым, жазылым және т.б. дағдыларды жақсартуға болады. Берілген жауаптарды салыстыруға болады. Эссе жазу барысында жоспар құру көмек береді. Грамматиканы тереңірек меңгеруге болады.

Жасанды интеллекке көп сенім білдіру адам арасындағы қарым – қатынасқа әсер етеді. Мысалы, студенттер сұрақтарына жауап алу үшін мұғалімге емес, тек чат-ботқа жүгінсе, педагогикалық байланыс әлсірейді, топтық жұмыс пен әлеуметтік дағдылар дамымай қалады. Немесе студенттер, мұғалімдер ЖИ берген ақпаратқа толық сенсе, қателіктерді өз бетімен тексермеуі мүмкін, бұл оқу сапасына әсер етеді. Қорытындылай келе, жасанды интеллет ағылшын тілін үйретуде үлкен көмегін бере алады. Бірақ ЖИ ағылшын тілін оқытуда тиімді құрал болса да, оны қолдану үшін мұғалімнің қадағалауы, оқушылардың критикалық ойлауы және технологиялық дайындық қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://qazsaq.kz/primenenie-iskusstvennogo-intellekta-na-urokah-anglijskogo-yazyka/
  2. Artificial intelligence and English language teaching: A systematic literature review. Dr Helen Crompton Dr Adam Edmett Neenaz Ichaporia. 2023. – б 4-13.