Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 10(348)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
МИРОВОЗРЕНИЕ ПОДРОСТКОВ: ПОНЯТИЕ И СТРУКТУРА, ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ И ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ
Төлтай Шұғыла Әлімжановна
Магистрант, факультет искусств, Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Алматы, Казахстан
Ибраева Қамарсұлу Ершатовна
Научный руководитель, канд. Пед. наук, исполняющий обязанности профессора, факультет искусств, Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Алматы, Казахстан
АҢДАТПА
Бұл мақалада жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық алғышарттары жан-жақты қарастырылады. Дүниетанымның мәні, құрылымы, қалыптасу кезеңдері мен оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар талданады. Автор жасөспірімдік шақтағы когнитивтік даму, эмоциялық тұрақсыздық, әлеуметтік ортамен байланыс сияқты ерекшеліктердің тұлғаның көзқарасына ықпалын ғылыми негізде түсіндіреді. Сонымен бірге отбасы, мектеп, мұғалім және ақпараттық орта рөлінің маңызы ашылады. Мақала жасөспірімдердің тұлғалық дамуын тереңірек түсіндіруге бағытталған. Қосымша ретінде құндылықтық бағдарлардың өзгеруі, өзін-өзі тану қажеттілігі, әлеуметтік әділеттілікке, еркіндік пен адам құқықтарына бейімділік, заманауи мәдениеттің ықпалы және әлеуметтік желілер мен цифрлық медиа кеңістігінің психологиялық әсері сипатталады. Сондай-ақ музыка, көркем өнер және ұлттық мәдениет арқылы дүниетаным қалыптастырудың педагогикалық рөлі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері білім беру процесінде қолдануға болатын әдістемелік ұсыныстар мен жасөспірімнің интеллектуалдық, моральдық және әлеуметтік дамуына бағытталған практикалық шешімдерді ұсынады.
АННОТАЦИЯ
В данной статье всесторонне рассматриваются психологические и педагогические предпосылки формирования мировоззрения подростков. Анализируются сущность, структура, этапы формирования мировоззрения и внутренние и внешние факторы, влияющие на него. Автор научно объясняет, как когнитивное развитие, эмоциональная нестабильность и взаимодействие с социальной средой в подростковом возрасте влияют на формирование взглядов личности. Дополнительно рассматриваются изменения в ценностных ориентациях, необходимость самопознания, склонность к социальной справедливости, свободе и правам человека, влияние современной культуры и психологическое воздействие социальных сетей и цифровой среды. Кроме того, анализируется педагогическая роль музыки, изобразительного искусства и национальной культуры в формировании мировоззрения. Результаты исследования предлагают методические рекомендации для образовательного процесса и практические решения, направленные на интеллектуальное, моральное и социальное развитие подростков.
Түйін сөздер: жасөспірім, дүниетаным, психологиялық аспектілер, педагогикалық аспектілер.
Ключевые слова: подросток, мировоззрение, психологические аспекты, педагогические аспекты.
КІРІСПЕ
Жасөспірімдік кезең - тұлғалық даму мен өзіндік сананың күрт өсуімен сипатталатын, адамның психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақытта өмір туралы жаңа түсініктер, құндылық бағдарлары, әлеуметтік ұстанымдар қалыптасып, жеке дүниетаным жүйеленеді. Ғалымдардың пікірінше, дүниетаным - адамның әлемді, қоғамды, өзін қоршаған ортаны және өзінің орнын түсінуінің интегративті жүйесі.
Философияда дүниетаным - адамның әлемге, қоғамға, өзіне қатынасы туралы көзқарастар, идеялар, сенімдер мен құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама кездеседі:
Г. Гегель дүниетанымды «адам санасының әлемді бейнелеуінің жоғарғы формасы» деп түсіндіреді. K. Маркс дүниетанымды «әлеуметтік болмыстың адам санасында бейнеленуі» ретінде қарастырады. A. Маслоу дүниетанымды тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру мақсаттары арқылы қалыптасатын рухани құрылым деп сипаттайды. Қазақ философы Ж. Алтаев дүниетанымды «адамның өмірлік тәжірибесі, рухани құндылығы, тарихи-психологиялық ерекшеліктері тоғысқан мәдени феномен» ретінде бағалайды.
Әдістеме. Дүниетаным бір сәтте пайда болмайды, ол адам өмірінің барлық кезеңдерінде, түрлі факторлардың әсерінен үздіксіз қалыптасып, дамып отырады.[1, 135-б] Бұл факторларды бірнеше үлкен топқа бөлуге болады: табиғи (биологиялық), әлеуметтік, мәдени, психологиялық, ақпараттық және білімдік тәрбие факторлары (1- сурет).

1 сурет. Дүниетанымның қалыптасуындағы негізгі факторлар
Табиғи-биологиялық факторлар адамның дүниетанымының қалыптасуына бастапқы негіз болып табылады.[2,120-б] Ең алдымен, әр адамның бойында туа біткен қасиеттер мен темперамент ерекшеліктері бар. Мысалы, холериктер көбіне өмірге белсенді, қозғалмалы көзқараспен қарайтын болса, флегматиктер керісінше сабырлы, тұрақты дүниетаным қалыптастыруға бейім келеді. Бұл генетикалық ерекшеліктер адамның эмоциялық реакциясының жылдамдығына, жүйке жүйесінің күшіне және жалпы қабылдауына әсер етеді.
Сонымен қатар, дүниетаным әр жас кезеңінде әртүрлі сипат алады. Балалық шақта ол көбіне мифке, қиялға, ертегілік бейнелерге толы болса, жасөспірімдік шақта тұлға өзіндік «Менін» қалыптастыруға, абсолюттік ақиқатты іздеуге ұмтылады.[3, 20-б] Ал ересек адамда дүниетаным өмірлік тәжірибеге, рационалды ойлауға, нақты пайымдауларға сүйенеді. Әлеуметтік орта мен қоғам адамның дүниетанымының қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Ең әуелі дүниетанымның негізі отбасында қаланады. Ата-ананың мінез-құлқы, отбасы ұстанатын моральдық құндылықтар, үй ішіндегі қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерге деген көзқарас - барлығы баланың алғашқы өмірлік бағдарын айқындайды. Отбасы - адамның болашақтағы мінезі мен көзқарасына тікелей ықпал ететін негізгі әлеуметтік институт. Бұдан кейін адамның дүниетанымына оның қоршаған әлеуметтік ортасы әсер етеді. Құрдастар тобы, достар, жұмыс ортасы, қоғамда қалыптасқан әлеуметтік үрдістер - бәрі жеке тұлғаның көзқарасын өзгертіп, толықтырып отырады.[4, 7-б] Адам осы орталарда әлеуметтенеді, жаңа құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Жасөспірімдік кезең - тұлғаның биопсихологиялық дамуындағы ең жауапты да күрделі сатылардың біріне жатады. Бұл жас шамасы шамамен 11-12 жастан 15-16 жасқа дейінгі аралықты қамтиды және жеке адамның өзіндік «Мен» қағидасын айқындау, әлеуметтік рөлдерді игеру, құндылықтық бағдарлар мен дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру сияқты маңызды өзгерістермен сипатталады.[5, 1379-б]
Психология ғылымында дүниетаным тұлғаның интеллектуалдық, эмоциялық және әлеуметтік тәжірибесінің жиынтығы ретінде, оның қоршаған әлемді түсіну және қабылдау тәсілі ретінде қарастырылады (Эльконин, 1989). Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері интеллектуалдық даму, эмоциялық жетілу, әлеуметтік қарым-қатынастық динамикасын құрумен байланысып, олар жасөспірімнің дүниетанымына әсер етеді (2 сурет).

2 сурет. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімдік кезеңде когнитивтік функциялар - логикалық ойлау, абстрактілі талдау, салыстыру, жалпылау, болжам жасау қабілеттері қарқынды дамиды.[6,250-б] Ж. Пиаже бұл жастағы балалардың «формальды операциялар» кезеңіне өтетінін атап көрсетеді (Пиаже, 1999). Бұл кезеңде жасөспірімдер:
- болжам жасай алады;
- күрделі логикалық операциялар жүргізеді;
- теориялық ойлау қабілеті күшейеді;
- себеп-салдарлық байланыстарды терең түсіне бастайды.
Қорытынды. Жалпы алғанда, жасөспірімдердің дүниетанымы - күрделі, көпқырлы психологиялық-педагогикалық құбылыс деп айтуға болады. Ол жасөспірімнің когнитивтік даму деңгейіне, эмоциялық тәжірибесіне, әлеуметтік қарым-қатынасына, отбасылық тәрбиеге, мектептік оқытуға және ақпараттық ортаға тәуелді. Қазіргі қоғамдағы жаһандану, цифрландыру, жаңа медиа факторлары жасөспірімдердің дүниетанымына жаңа сипат беруде. Осы тұста, жасөспірімнің дүниетанымын қалыптастыру - тек білім беру мекемелерінің емес, қоғам, ата-ана, ақпараттық мәдениет, әлеуметтік институттардың ортақ міндеттері болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Andreeva A.D., Begunova L. A., Danilova E. E., Lisichkina A. G. structural and dynamic characteristics of the worldview of adolescent students // Psychological Science and education. – 2025. - VOL. 30, NO. 4. - P.130-143.
- Aminzhonova H., Mamadalieva Z. socio-psychological factors of different worldviews and relationships in the formation of a teenager's personality // SYNAPSES: Insights across the disciples. – 2025. - VOL. 2, NO. 3. - P.219-221.
- Volkova E. N., Sorokoumova G. V. criteria for the psychological well-being of adolescents in the context of digital socialization // Social Psychology and society. – 2024. - VOL. 15, NO. 2. - P.12-27.
- Dzhumabaeva M. B. socialization and psychological features in adolescence / / modern science and research. – 2024. – №3(1). – P.1-7.
- Kenzhaeva D. psychophysiological features of Adolescent Development / / modern science and research. – 2024. – №3(12). – P.1376-1381.
- Khairullaev M. H. psychology of adolescents: theory and practice. - Tashkent: fan, 2015 – - 260 P.

