Телефон: 8-800-350-22-65
Напишите нам:
WhatsApp:
Telegram:
MAX:
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9:00 до 21:00 Нск (с 5:00 до 19:00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 9(347)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Бейбіт Б.Қ. ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2026. № 9(347). URL: https://sibac.info/journal/student/347/406087 (дата обращения: 26.03.2026).

ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Бейбіт Базарайым Қайратқызы

Психология ғылымдарының магистранты, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,

Қазақстан, Көкшетау

EFFECTIVE WAYS TO ENHANCE LEARNERS’ INTEREST AND MOTIVATION IN THE LEARNING PROCESS

 

Beibit Bazarayim Kairatkyzy

Master’s student in Psychology, A. Myrzakhmetov Kokshetau University,

Kazakhstan, Kokshetau

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада оқу процесінде білім алушылардың оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясын арттырудың тиімді жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында білім алушылардың мотивациясын арттыруға ықпал ететін педагогикалық әдістер мен тәсілдер талданады. Сонымен қатар, оқу процесінде қолайлы психологиялық орта құрудың маңыздылығы да көрсетіледі. Мақала нәтижелері білім беру процесін жетілдіруге және білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

ABSTRACT

This article examines effective ways to increase students’ interest and motivation in the learning process. The study analyzes pedagogical methods and approaches that contribute to enhancing students’ motivation. Additionally, the importance of creating a favorable psychological environment in the learning process is highlighted. The results of the article provide an opportunity to offer practical recommendations aimed at improving the educational process and increasing students’ learning motivation.

 

Кілтті сөздер: платформа, мотивация, эмоция, виртуалды зертхана.

Keywords: platform, motivation, emotion, virtual laborator.

 

Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуы, білімді саналы түрде меңгеруі және жеке қабілеттерін дамытуы - педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаты. Оқушының жас ерекшелігі, эмоционалдық жағдайы, қызығушылығы мотивацияны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады [1]. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы бойынша әр баланың дамуы әлеуметтік орта арқылы жүзеге асады [1]. Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мәселесі тек психологиялық жағдайды жақсарту емес, білім сапасын көтерудің басты шарты болып табылады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - оқушыны қызықтыра білу, оның танымдық қажеттілігін дамыту және оқу үдерісін тұлғалық дамуға бағыттау.

Оқу мотивациясын күшейтудің ең тиімді жолдарының бірі - оқыту әдістерін түрлендіру.  Бірсарынды түсіндіру сабақтары оқушының қызығушылығын төмендетсе, белсенді әдістер керісінше ынтасын оятады. Шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс, пікірталас, ойын элементтері, зерттеу жұмыстары оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Мұндай тәсілдер оқушыларды тек тыңдаушы емес, білімді бірлесіп жасайтын тұлға ретінде қалыптастырады. Сонымен қатар, өмірмен байланыстыру - оқу материалының практикалық маңызын көрсету[3]. Оқу ортасы - оқушының психологиялық жайлылығына, оқу әрекетіне деген көзқарасына тікелей әсер ететін фактор. Сабақ барысында еркін ой айтуға жағдай жасау, қателесуге рұқсат беру, қолдау көрсету атмосферасы оқушының белсенділігін арттырады. Мұғалімнің жылы қарым-қатынасы, құрмет, сенім білдіру сияқты әрекеттері оқушының білімге деген құлшынысын күшейтеді. Әрбір оқушы - жеке тұлға. Олардың қабылдау деңгейі, қызығушылығы, әлеуеті әртүрлі. Тұлғалық бағытталған оқыту әдістерін қолдану арқылы мұғалім оқушының өзіне тән қабілетін ашуына мүмкіндік береді. Жекелеген тапсырмалар, әртүрлі деңгейлі жұмыс түрлері, дифференциалды тәсіл оқушының оқу әрекетін өз мүмкіндігіне сай ұйымдастыруға жол ашады. Сонымен қатар, оқу материалының мазмұны қызықты, өмірмен байланысты болуы керек[4]. Қазіргі оқушылар - цифрлық буын өкілдері. Оларды дәстүрлі сабақтармен қызықтыру қиынға соғатыны анық. Интерактивті платформалар, білім беру қосымшалары, мультимедиялық материалдар, виртуалды зертханалар -  сабақтың тартымдылығын арттырып, оқушының пәнге қызығушылығын арттыра алады. Технологияны дұрыс және мақсатты қолдану оқушылардың өз бетінше білім алу қабілетін күшейтеді.

Үлгі болу - ең мықты мотивация. Бала ата-ананың әрекетін қайталайды. Егер үйде кітап оқитын, жаңалыққа қызығатын, үнемі өзін дамытатын орта болса  - бала автоматты түрде сол бағытта өседі. Ата-ананың позитивті үлгісі де ең күшті мотивациялық құрал. Эмоциялық көңіл-күй оқушылардың қабылдау, есте сақтау және ойлау қабілеттеріне әсер етеді. Позитивті эмоциялар ми қызметін белсендіреді, ал негативті эмоциялар керісінше оқуға деген қызығушылықты төмендетеді [2]. Ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестік - оқу мотивациясының тұрақты болуына ықпал етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Выготский Л. С. Психология развития ребенка. Москва: Педагогика, 1991.
  2. Izard, C.E. Human Emotions. – New York: Springer, 2017.
  3. Maslow A. Motivation and Personality. Harper & Row, 1987.
  4. Woolfolk, A. Educational Psychology. Pearson, 2016.