Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 1(339)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9
ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ
АННОТАЦИЯ
Синономика жұмысы барысында салыстырмалы әдіс қолданылды, яғни синоним сөздердің екі тіл арасындағы сөздікті практикада және теорияда қолдану, оқыту әдісін және өзара бірін біріне әсер ету сипаты зерттелді. Синонимдердің мағынасы бойынша ұқсастығын ескере отырып, олардың әр сөзде өз мағынасын ұстап қалуға мүмкіндік беру, ескеру.
Кілт сөздер: синономика, синоним, салыстыру, синономикалық қатар, тақырыптық топтар етістік, сын есім, компоненттік талдау.
Сөз- тілдің негізгі бірлігі ретінде бірқатар белгілерге ие күрделі құрылымдық және семантикалық жүйе болып табылады. Ол адамның танымдық қызметін, ойлау әрекетімен коммуникациялық үдерісімен тығыз байланысты.
Семантикалық- өріс обьективті шындықтағы өзара байланыстағы заттар, құбылытар мен әрекеттерге сәйкес келетін ұғымдарың жиынтығы. Семаникалық өріс ұғымы тілдік жүйенің мағыналық ұйымдасуын анықтауға, сөздердің арасындағы ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік береді.
Синономия құбылысының басты белгісі- сөзердің мағыналық көлемінің сәйкестігі және олардың бір затты немесе атау қабілетінің болуы. Синонимдердің типтері әртүрлі белгіер негізінде айқындалатындықтан, кейбір синонимдер бірнеше топқа бірдей жатуы мүмкін. Мысалы, орналасу орнына қараай ерекшеленетін, бірақ эмлционалдық тұрғыдан тең түспейтін синонимдер немесе стильдік, ассоциацивтік айырмашылығы бар синонимдер кездеседі.
Сөздердің мағынасын салыстырғанда және сөздердің арасындағы семантикалық қатынастардың сипатын жасаған кезде, олардың қандай мағынада салыстырылатынына көрсетіп отыру керек, себебі сөз өзінің көп мағыналылығына байланысты әртүрлі семантикалық топтарға кіруі мүмкін. Мысалы, company сөзі association, corporation, partnership қатарында, сонымен қатар troop, platoon, squad қатарынада қатысты болып табылады.
Тілде синоним жүйелік сипаттағы сөздердің тобын және сөз тіркестерін құрайды. Синонимдардың жүйелі екендігі туралы тұжырымдар Ю.Д.Апресяна еңбектерінде келтіріледі. Ол жүйеліктің пайда болуын синонимикалық бәсекенің диахроникалық процестерінде және синонимдарды дифференциациясында және полисемия мен синонимияның арасындағы синхроникалық тығыз байланыстан көреді. Бұл аргументтерге қосымша келесі тұжырымдарды келтіруге болады.
Біріншіден, синонимдерге антонимдар қарсы тұрады surprise – amaze, astound және т.б., бірақта мұндай түрдегі семантикалық қарсы қою көп емес.
Екіншіден, көптеген синонимдік топтар қандайда бір белгілері бойынша синонимикалық қатардың ішінде бірігеді, мысалы қасиеттерінің, сапасының, әрекеттердің интенсивтілігінің өсуі және кемуі, тұрақты қасиеттің уақытша қасиетке қарсы қою және т.б.
Қазіргі ағылшын тіліндегі сөздер және олардың синонимдарының семантикалық және функционалдық байланыстарының анализі деген еңбегінде В.Г. Вилюман, синонимияның барлық белгілерін толық ашады, және сөзді синонимия деп мойындау үшін осы сөздерге сементикалық және функционалдық белгілердің жалпы болуы, ал синонимияның проблемасы сөздердің ұқсастығы мен ұқсастықтағы айырмашылықтар және мәндері мен функциядағы айырмашылықтар бірігу негізінде көрінеді. Мұндай тәсілдің дұрыстығы бірнеше ғалымдардың еңбектерінде дәлелденді. Синонимикалық қатынастардың мәнін түсіну сөздің тілдік мәнінің маңыздылығы менқұрылымын түсіну. Лексикология теориясында сөздің семантикалық құрылымын түсіндірудің әртүрлі тәсілдері белгілі.
Синонимдер типтерін көрсету әртүрлі белгілер бойынша келтірілгендіктен, бір синонимдер бірдей жағдайда әртүрлі түрге жатуы мүмкін, мысалы, орналасу орны бойынша айырылатын дербес эмоционалдық теңбе – тең емес синонимдер; дебес эмоционалды және ассоциативті теңбе тең емес әртүрлі стильді синонимдер және т.б.
Сөйтіп, біз синонимия мәселесі зерттелген және зерттелетіне көзіміз жетті, бірақта зерттеудің көпшілігі шетел ғалымдарына тиесілі. Қазақстанда синонимияның даму мәселесімен лексикологтардың аз мөлшері ғана айналысуда. Бір синонимдік қатарға енетін етістіктердің үйлесімділік( валенттілік) шектеулері әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай шектеулердің сипаты лексикалық, семантикалық және референциялық деңгейлерде көрініс табады. Осы себепті синонимдік қатар мен тақырыптық топтарды айқындау кезінде олардың үйлесімдік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Антрушина Г.Б, Афаносьева О.В, Н.Н. Морозова «Лексикология английского языка, English lexicology», М – «Дрофа» - 2001, 288 с.
- Арбекова Т.И. «Лексикология английского языка (практический курс), М – «Высшая школа» - 1977, 240 с.
- Беляева М.А. Грамматика английского языка. М.1984
- Блох М.Я. Теоретическая грамматика современного английского языка. М. 1983 (A Course in Theoretical English Grammar)
- Блох М.Я., Лебедев А.Я., Денисова В.С. Практикум по грамматике английского языка. (Training in English Grammar) М. 1985


Оставить комментарий