Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 39(335)
Рубрика журнала: Технические науки
Секция: Телекоммуникации
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9
ЖАҢАЛЫҚ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕ ФАКТЧЕКИНГТІҢ РӨЛІ: ОТАНДЫҚ РЕДАКЦИЯЛАР ҮЛГІСІНДЕ
АҢДАТПА
Бұл мақалада жаңалық дайындау барысында фактчекингтің маңызы мен оның редакциялық жұмыста атқаратын қызметі талданады. Қазақстан медиакеңістігіндегі ақпарат сапасына әсер ететін факторлар сараланып, отандық БАҚ-тың факті тексеру тәжірибесі қарастырылады. Материалда жалған деректермен күресудегі журналистік жауапкершілік, ақпараттық қауіпсіздік және редакциялық бақылау сияқты мәселелерге назар аударылады.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается значение фактчекинга в процессе подготовки новостного материала, а также его роль в обеспечении качества информационного контента. Анализируется практика проверки данных в казахстанских редакциях, поднимаются вопросы профессиональной ответственности журналистов, борьбы с дезинформацией и повышения медиаграмотности аудитории. Исследование демонстрирует, что фактчекинг является неотъемлемой частью современного новостного производства.
Түйін сөздер: фактчекинг, ақпараттық қауіпсіздік, журналистика, жалған ақпарат, редакция, Қазақстан медиасы.
Ключевые слова: фактчекинг, журналистика, информационная безопасность, фейковые новости, редакционная политика, СМИ Казахстана.
Қазіргі ақпараттық қоғамда жаңалық тарату бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Әлеуметтік желілер арқылы ақпараттың жылдам таралуы манипулятивті және жалған контенттің көбеюіне алып келеді. Бұл жағдай редакцияларға кәсіби жауапкершілікті күшейтуді, сондай-ақ ақпаратты тексерудің тиімді әдістерімен қолдануды талап етеді. Фактчекинг жаңалық өндірісінде ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ететін негізгі құралына айналды. Қазақстан медиасында соңғы жылдары арнайы фактчекинг жобалары, платформалар пайда болып, журналистік стандарттар, яғни журналисттік кәсіби нормалар жүйесі жаңарту үстінде. Осы мақалада фактчекингтің жаңалық өндірудегі рөлі, редакциядағы қолдану тәжірибесі және аудиторияға әсері жан-жақты қарастырылады.
Ал енді « Фактчекинг деген не? », « Оның мақсаты қандай? » деген сұрақтарға жауап алайық.
Фактчекинг – ақпараттың шынайылығын, дұрыстығын тексеру үшін саралау. «Фактчекинг» термині ағылшын тілінен шыққан, себебі егерде сөзбе-сөз аударса «деректерді тексеру» деген сөз шығады. Фактчекинг журналист үшін өте маңызды. Журналист үшін деректерді тексеру, статистикалық деректерді салыстыру – негізгі кәсіби міндет. Фактчекингтің мақсаты:
жалған ақпараттардың таралуына жол бермеу
аудиторияның сенімін арттыру
журналисттің кәсіби беделін сақтау.
Қазіргі заманда әлеуметтік желінің қарқынды дамуының арқасында, ақпараттың тез таралу деңгейі өсу аясында фактчекингсіз журналистика тез фейктерге жол береді. Сондықтан кәсіби журналистиканың ажырамас бөлігі деп қазір фактчекингті айта аламыз.
Жаңалық дайындау барысында фактчекинг бірнеше кезеңнен өтеді:
- Дереккөздерді растау – ақпарат кімнен шыққанын,бұрын жалған мәлімет берген-бермегенін тексеру.
- Мәліметтерді салыстыру – мемлекеттік органдардың хабарламалары, ресми статистика, яғни бірнеше тәуелсіз дереккөз.
- Визуалды контент тексеру – фотосурет пен видеолардың шынайылығын растау.
- Сарапшыларға жүгіну – арнайы мамандардың түсіндірмесін алу.
- Редакциялық тексеру – материал репортер, редактор және бас редактордан өтеді.
Осы әдістер арқылы фактчекинг ақпараттың сапасын арттырады.
Отандық ақпарат құралдары соңғы жылдары тексеруді күшейтіп келеді. Қазақстанда «Factcheck.kz», «Stopfake.kz», «Ulysmedia», «Азаттық радиосы», «The Village Kazakhstan», «Massaget» секілді медиалар жалған жаңалықтарды әшкерелеу жағынан жақсы жұмыс істеп келе жатыр. Кейбір редакциялар жаңалық әзірлеу барысында арнайы фактчекинг бөліміне өткізіп, материал эфирге немесе сайтқа шықпас бұрын тексеріп алады. Алайда жедел жаңалық тарату қажеттілігі кейде тексеру сапасына кері әсер етеді. Сондықтан журналисттердің медиасауаттылықтарын арттыру, арнайы тренинг ұйымдастыру және фактчекинг құралдарын меңгеру өзекті мәселеге айналып барады.
Фейк жаңалықтардың таралуы қоғамда дау, үрей, түсінбеушілік және сенімсіздіктің жоғалуына алып келеді. Сол себепті журналист ақпаратты таратуда кәсіби этика талаптарын сақтауы тиіс. Кәсіби этика – бұл белгілі бір мамандық иесінің қызмет барысында ұстанатын принциптер мен нормалар жиынтығы. Журналистік этиканың негізгі мәні – ақпарат сапасын , аудиторияның сенімін және медиа ұйымның беделін қорғау.
Қорытындылай келе, фактчекинг – кәсіби журналистиканың сапасын анықтайтын құралдардың бірі. Ол ақпараттың сенімді таратылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті нығайтады. Қазақстан медиасында факт тексеру мәдениеті қалыптасып келе жатқанымен, оны дамытуға бағытталған жүйелі шаралар қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Kovach B., Rosenstiel T. The Elements of Journalism.
- Silverman C. Verification Handbook: A Guide to Digital Fact-Checking.
- Factcheck.kz – Қазақстандағы фактчекинг платформасы.
- Stopfake.kz – жалған ақпаратқа қарсы платформа.
- Ulysmedia.kz – аналитикалық мақалалар.
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – ресми материалдар.
- Журналистік этика және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми еңбектер.


Оставить комментарий