Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 37(333)

Рубрика журнала: Искусствоведение

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5

Библиографическое описание:
Сариев С.М. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ БИ ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2025. № 37(333). URL: https://sibac.info/journal/student/333/391761 (дата обращения: 28.11.2025).

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ БИ ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ

Сариев Серік Мұхамбеткәрімұлы

Магистрант 1-курс, Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы,

Қазақстан, Астана

Ізім Тойған Оспанқызы

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, Өнертану кандидаты, профессор, Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы,

Қазақстан, Астана

АҢДАТПА

Мақалада Маңғыстау өңірінде би өнерінің даму жолдары қарастырылған. Ел аузында аңызға айналған Айша бишінің болғандығын «Кербез Айша» аттыән мен күйді мысал ретінде келтіре отырып, нақты дәлелдніп, көрсетілді. Ал, сол өңірдің әйгілі өнерпазы Өскімбай  Қалмамбетұлының күйшілік өнеріне тоқтала келіп, осы күй мен ән Өскімбай шығармашылығының бір бағыты ретінде қарастырылған. Сонымен қатар Маңғыстау өңірінің барлық аймақтарында ХХ ғасырдың 70-жылдарынан би өнерінің кең құлаш жайғаны толық зерттеліп, ұсынылып отыр. Алғашқы кәсіби білім алып келген жастардың аудандарда би ансамбльдерін ашып, би өнерін белсенді түрде насихаттауға керіскендері толық баяндалады.

 

Кілт сөздер: Өнер, мәдениет, би, билетмейстер, мәдениет үйі, хореография, күйші, мәдени-ағарту училищесі.

 

Қазақ биі өнерінің тарихынан  аталмыш өнер түрімен етене араласқан алғашқы орындаушылар және осы салаға еңбегі сіңген шығармашылық тұлғалар туралы көптеген құпияларды және назар аударарлық оқиғаларды тарих беттерінен таба аламыз. 

Бұл мақалада Маңғыстау биі туралы, осы өлкеде халық биінің даму жолында еңбек еткен алғашқы бишілері мен хореографтарының шығармашылығы қаралды. Бұл жөнінде баспа тарихи деректерде нақты  ақпараттар жоқтың қасы. Бірақ, жиі кездесетіндей, мәдениетіміздің тарихы мен мұрасының белгілі бір сәттері сақталып, дәстүрлі түрде ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл халық әні, күйлер және дәстүрлі әндері, яғни ұлтымыздың ұлы мұрасы болған дәстүрлі өнерді зерттей отыра сол дәуірде де Маңғыстау даласында би өнерінің болғандығын дәлелдейтін деректерге кезігеміз.

Маңғыстау өңірінің («жеті қайқының» бірі) көрнекті өкілі  – атақты домбырашы, зергер, дарынды, жан-жақты тұлға Өскімбай Қалмамбетұлы (1860-1925). Оның шығармашылығында бүгінгі күнге дейін жеткен, Маңғыстау мәдениетінің «алтын мұрасы» саналатын көптеген күйлер мен әндер бар. Шығармаларының ішінде біз тоқталатын «Кербез Айша» атты әні мен күйі бар. Екі шығарма да Айша есімді қызға арналған. Ән сөзінде автор қызға қарата: «Ел сізді жұрттан асқан биші дейді, Ел бізді жұрттан асқан күйші дейді»,–деген өлең жолдары бар (1. 8 б.). Бұл жолдар Айшаның биші болғанына дәлел. Ал фольклорлық жанр орындаушыларының кейбір деректеріне сүйене отырып, ол туралы бірнеше қызықты деректер жиналды.

Айша – Мамыртай руынан шыққан өте сұлу, намысшыл, өршіл және талантты байдың қызы. Әкесі оның би өнеріне деген қызығушылығын қолдаған екен. Өз дәуірінің танымалы Ойыл жәрмеңкесін әкесімен бірге аралап, өз өнерін көрсететін болған. Ол кездері жәрмеңке тек сауда алаңы болумен қоса, сондай-ақ, мәдени және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарған. Түрлі концерттер, пікір алмасу, спорттық шаралар мен ұлттық ойындар өткізілген.

Жазба деректер арқылы Айшаның өнерпаз болғаны, әдемі билеумен қатар, әшілікке жақын, тіпті ән де шығарғанын білеміз. Оның батыстық дәстүрлі өнер мектебіне қалдырған мұрасы «Әмірхан» әні, күні бүгінге дейін сақталды. Бұл Айшаның өз тағдыры жөніндегі әні еді... Осылайша Өскімбай Қалмамбетұлы шығармашылығынан  ХІХ ғасырда Айша деген дарынды бишінің өмір сүргенін білеміз.

ХХ-ғасырдың 40-жылдарының аяғында Маңғыстау облысында алғашқы Мәдениет үйлері пайда болды. Осы кезеңнен бастап Маңғыстаудағы мәдениеттің қарқынды дамуы басталды. Бұл халық аспаптарының алғашқы ансамбльдері, драмалық үйірмелер, сонымен қатар вокалды және аспаптық топтар пайда бола бастады. 1975 жылы Маңғыстау облыстық филармониясының ашылуымен өнер түрлері кәсіби деңгейде дами бастады.

ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасында Маңғыстау облысында бірнеше вокалды-аспаптық ұжымдар ашылды, олардың ішінде алғашқы болып 1975 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында құрылған «Жастар» (жетекшісі Жетібай Жылқышиев) ансамблі. 1981 жылы вокалды-аспаптық ансамбль өз мәртебесін «Жастар» ән-би ансамблі деп өзгертеді. Соның арқасында Маңғыстауда музыка өнерімен бірге би жанры да дами бастайды.

Ән-би ансамбліне бишілер шақырыла бастады және сонымен қатар арнайы би мамандарын тарту қажеттілігі туды. Алғашқылардың бірі болып бас балетмейстер қызметіне Алматы қаласынан Маңғыстауға уақытша арнайы шақырылған хореограф Равиль жұмыс істей бастады. Маңғыстау өлкесінде қазақ сахналық би үлгілері осы хореограф арқылы биленді деуге болады.

Ол өз жұмысын өнерлі, биге икемді, келбетті, қабілетті орындаушыларды іріктеуден бастады. Сол кезде іріктелген жас бишілердің кәсіби хореографиялық білімі болмаса да, би өнерін дәріптеп, оның дамуына үлес қосқан алғашқы қарлығаштар деп атауға әбден тұрарлық өнерпаздар болды. Бишілерді мұқият таңдағаннан кейін балетмейстер Равиль би композицияларын қоюға кірісіп, репертуарға «Саржайлау», «Келіншек», «Айжан қыз», «Мереке», «Қызыл құмда ауылым» билерін енгізді. Тынбай еңбек еткен «Жастар» ән-би ансамблі құрамындағы аспапта орындаушылар, әншілер, ең бастысы бишілер болып алғаш рет Маңғыстаудан тыс жерлерге концерттік бағдарламасымен шығуға мүмкіндік алды. Ал, 1984 жылы «Саржайлау» композициясымен олар мемлекеттің маңызды сахналарының бірі Республика сарайында, әнші Балсұлу Қондыбаевамен бірге өнер көрсетті. Мұның бәрі Маңғыстау өнер деңгейінің үлкен көрсеткіш болдғаны белгілі.

1978 жылдан бастап Маңғыстауда өткен көптеген концерттерге қатысқан жас биші Әсия Хұсайынова (1963) сахнада көрініп, көрерменнің көзайымына айналды. Ол Форт-Шевченко қаласында туып-өскен, жастайынан өнердің осы түрін меңгеруге, орта мектептегі ұстазы Роза Августовнаның ықпал еткенін білеміз. Әуесқой ортадан шыққанына қарамастан, оның таланты жоғары бағаланды.

1978 жылы Маңғыстауға  арнайы шақыртумен алғашқы кәсіби биші Айгүл Андасбаева (1950) келеді. Айгүл Андасбаева Алматы облысында дүниеге келіп, кішкентайынан би өнеріне ғашық болып өседі, ал мектеп қабырғасында өнерге деген махаббаты болашақ мамандығын таңдауға негіз болады. Сондықтан болар, мектепте жүріп-ақ, өзі тұратын ауданда жұмыс жасаған «Алатау аясында» этнографиялық ансамблінің белсенді қатысушысы болды. 1973 жылы Айгүл Андасбаева Республикалық эстрада және цирк өнері студиясына (қазіргі Ж.Елебеков атындағы колледж) оқуға түсіп, 1975 жылы кәсіби оқуын сәтті аяқтайды. Кейін Целеноград қаласына қоныс аударып, «Армандастар» ұжымының бишісі болып жүргенде, 1978 жылы Маңғыстауға жұмысқа шақырылады. Мұнда Айгүл өнер жолын «Ақшағала» вокалды-аспаптық ансамблінің бишісі ретінде бастайды. Ал, 1992 жылы бүгінде танымал «Ақжарма» фольклорлық ансамблі ашылғанда, Айгүл Маңғыстау даласында қазақ биінің тұңғыш кәсіби орындаушысы болып, ансамбльдің солисті мәртебесін алды.

«Ақжарма» ансамблінің бұрыңғы мүшелерімен сұқбаттасу барысында А. Андасбаеваның өнерін жылы лебізбен еске алып, оның ерекше билейтін сұлулығы мен жұмысқа қабілеттілігі туралы мәліметтер алдық. Оның репертуарындағы «Аққу», «Бес қыздың бел шешпесі», «Шынаяқ тастар», «Шилеме-шегелеме», «Бұхара биі» көременнің көңілінен шығып, сүйсіндірген билер.

ХХ ғасырдың 80-жылдары Маңғыстау өңірінде кәсіби мамандармен толыққан, ұлттық бидің жеке орындаушылықтан топтық орындаушылыққа көшкен кезең деп айтуға болады.

Осы кезеңде Маңғыстаулық Жеміс Сүйеуованың (1968) шығармашылығына тоқталғым келеді. Қыздар педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) «Музыка факультетін» бітірісімен елге оралған Жеміс қазақ биін насихаттауда орасан зор үлес қосады.

Жеміс оқудың бірінші курсында-ақ, Қазақстандағы тұңғыш қыздар аты аңызға айналған  «Айгүл» (жетекшісі Марат Балтабаев) вокалды-аспаптық ансамбліне қабылданады. Кеңес Одағына үлкен танымалдыққа ие болған ансамбль қазақтың халық әндері, эстрадалық шығармаларымен қатар, репертуарына арнайы би бағдарламасын енгізген бірден-бір ұжым. Жеміс Сүйеуова осының арқасында ансамбль құрамында жүріп, хореографиялық шеберлігін шыңдап, өзін бишілікке баулиды. Жемістің би ерекшеліктерінің жетілуіне шығыс және қазақ билерінің көрнекті хореографы Деляфруз Қияқовамен (1926-2004) кездесуі үлкен ықпал етеді. «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің бас балетмейстері Деляфруз Бакиевна «Айгүлдің» жанынан құрылған студенттер би ұжымына да жетекшілік етеді. Жеміспен қатар, Әлия Қаймолдина, Марал Әмірханова, Әлия Оразғұлова сынды бишілер «Айгүл» ансамблінің тамаша «төрттігі» атанып бірнеші байқаулар мен фестивальдерді бағындыра бастайды. Олардың репертуарындағы «Балбырауын», «Аққу», «Ұйғыр биі», «Бұхара билері» көрермендердің көзаймы болады.

Институтты тәмамдаған Жеміс Сүйеува 1981 жылы Құрық ауданына оралып, алғашында тұрмыстық жағдайға байланысты орта мектепте мұғалімдік қызметке кіріседі. 1983 жылы жергілікті мәдениет үйіне жұмысқа шақырылып, би өнерін жандандырады. Кейін 1985 жылы құрылған «Маңғыстау маржандары» халық ән-би ансамблінің солисті болды.

Облысымыздың мәдени өмірінің тарихи беттерінің шежіресінде 1986 -1989 жылдары қызмет еткен Тамара Ахтанованың есімі де кездеседі. Тамараның биге деген табиғи қабілеті, көрерменді пластикалық, сымбаттылық, импровизация және қайталанбас образ жасау қабілетімен баурап алғандығы туралы естеліктер қалған. Бишінің ерекше шығармашылығы Маңғыстау би өнері тарихының бір бөлігі ретінде тарих қойнауына енді.

Маңғыстау облысында 1985 жылы Гурьев мәдени-ағарту училищесінен «Хореографиялық бөлімін» бітірген 9 жас маманның келуімен би өнері тұрақты түрде барлық аудандарда дамиды. Хореографиялық жанрды насихаттау және тұрақты жұмыс істеуге Сандуғаш Бисалиева (1966), Айжан Артығалиева (1966) Құрық ауданына, Айсұлу Өтеулиева (1961), Гүлнар Қарагөзова (1965) Маңғыстау ауданына, Жамалхан Ақберді (1963) Жетібай ауылы, Лариса Бұлтукова (1966), Роза Төлеуова Бейнеу ауданы, Набат Құбикова (1965) Қызан ауылына, Оразгүл Бекболатова (1965) Ақшымырау ауылына жолдамамен жіберіледі.

Жарты жыл уақыт ішінде үлкен бағдарлама дайындаған Құрық ауданында ашылған «Маңғыстау маржандары» фольклорлық ән-би ансамблінің бишілеріне Нұрзила Мұханова жетекшілік етті. Осы ансамбль маңғыстаулық өнерпаздар арасынан алғаш болып Алжирге гастрольдік сапармен аттанды. Маңғыстаудың шығармашылық қайраткерлері үшін бұл шешуші және тарихи сәт болды, ең бастысы, бұл өңірдегі шығармашылық дамудың жаңа, кәсіби деңгейіне көтерілуін дәлелдеді. Сол кездердегі репертуарға енген «Ата толғау», «Бес қыздың бел шешпесі», «Балбырауын», «Қыз қуу» билері сахна төрінен орын алған бірден-бір шығармалар болды. 1986 жылы ансабльдің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында орталықтан арнайы шақырылған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Исмаилов Әли (1939-2010) хореографиялық қойылымдарды іске асырды.

ХХ ғасырдың 80-жылдары Жаңаөзен қаласының Мәдениет сарайында қызмет еткен бал биінің маманы Виолетта Михайловна Музурованың еңбегі де ерен. Ол өз жанрының кәсіби маман бола тұра, таңертеңнен кешке дейін мәдениет сарайынан табылып, ұлттық билерді де дәріптеген, сонымен қатар әр қойылымдарына костюмдерді өзі тіккендігі туралы бұрынғы әріптестері, бүгінде ардагерлер, үлкен жылы лебізбен еске алады.

1983 жылы Маңғыстау ауданына Гурьев қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «хореография бөлімін» бітірген маман Зоя Шәкірова келіп, Мәдениет үйі жанынан шағын үйірме ашқан. Зоя барлық аудандық деңгейдегі концерттерге қатысып, би өнерін насихаттауда белсенділік танытқан жан.

1984 жылы Маңғыстау аудандық мәдениет үйі Гурьев мәдени ағарту училищесін бітірген жас маман Света Ештаевамен толығады.

1985 жылдан бастап, Жаңаөзен мәдениет үйінде ұлттық билерді насихаттаған хореограф Алма Жақыпова туралы деректер бар. Алайда, тоқсаныншы жылдардың басында хореографияны тастап, қалалық мәдениет басқармасына әкімшілік жұмысқа ауысқан.

1985 жылы Маңғыстау ауданына Гурьев мәдени ағарту училищесін үздік бітірген түлек Сандуғаш Бисалиева (1966) жіберіледі. Кейін жеке өтініші бойынша Құрық ауданына ауысып, «Геолог» клубының көркемдік жетекшісі болып жұмысқа орналасады. Сандуғаш Бисалиева Атырау қаласында дүниеге келіп, жастайынан би билеу үшін бәрін жасауға дайын, өте белсенді қыз болып бой жетеді. Сондықтан 1983 жылы Гурьев мәдени ағарту училищесінің хореография бөліміне оқуға түсуіне ынта білдіргенде жақындары қарсы болмады. «Геолог» клубында жұмыс жасап жүріп, «Маңғыстау маржандары» ансамблінде биші болады. Ансамбль құрамында Алжир елінде 10-нан астам концерт бағдарламасымен өнер көрсетеді.  Бұл кезең Сандуғаш өміріндегі өте қызық кезеңдердің бірі болды. 1988 жылы жас маманның қабілеті мен жауапкершілігін бағаланып, Сандуғаш «Маңғыстау маржандары» тобына бас балетмейстер болып тағайындалып, ансамбльде 1990 жылдарға дейін қызмет етеді. Кейін Ақтау қаласына қоныс аударып, «Арман» мәдениет үйіне хореограф болып жұмысқа орналасып, Ақтауда алғаш рет қазақ би ансамблін құрады.

1992 жылы Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамбліне биші болып шақырылып, сол жылы Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебі жанынан «Балауса» балалар би ансамблін ашады. Ол кезде филармонияда жұмыс істеп жүрген биші Айгүл Андасбаевамен бірге Алматыдан арнайы шақырылған хореограф ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Фируза Жолымбетованың  «Қуаныш», «Ұйғыр биі», «Памир биі», «Марокко» билерін үйреніп, жаңа репертуар қалыптастырады. Бүгінде Сандуғаш Бисалиева тек Қазақстан ғана емес, Түркия, Ресей және Францияда өткен халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреат атанған халықтық ұжым «Айша қыз» би ансамблінің баға жетпес негізін қалаушы және жетекшісі.

Гурьев мәдени ағарту училищесінің 1985 жылы бітіріп, Маңғыстауға келген екінші буын Артығалиева Айжан (1966) Атыраудың тумасы, жастайынан Пионерлер үйінің би үйірмесіне қатысып, Краснова Ольганың жетекшілігімен би өнерінің қыр-сырын меңгереді.

Маңғыстау облысына 1985 жылы келген тағы бір маман Гүлнар Қаракөзова (1965) Шетпе ауылындағы Мәдениет үйіне орналасады. Шетпеде жұмыс істеген барлық кезеңде өлкенің хореографиялық өнерінің даму деңгейін айтарлықтай жоғары деңгейге көтерді. Шетпеде ол балетмейстер ретінде шыңдалып, би қойылымдарымен қоса, әншілерге концерттік нөмірлер дайындап, халық театрының қойылымдарына би дайындады. Гүлнар аудандық деңгейде, соның ішінде Алматыдан арнайы шақырылған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Әлі Исмаиловпен бірге көп еңбек етті, олар бірлесе жұмыс істеген кезде тәжірибелі балетмейстердің «Қуаныш» және «Аңшылар» қойылымдарын өз репертуарына қосты. Зерттеу барысында хореографпен бірге жұмыс істеген  әріптестеріммен әңгімелесе отырып, оның белсенділігін, жауапкершілігін, тәртібі мен хореография өнеріне деген адалдығын үлкен жылылықпен еске алатынын байқадық. 1993 жылы, өкінішке орай, отбасылық жағдайға байланысты Атырау қаласына оралып, бүгінде «Жайық қызы» би ансамблінде балетмейстер болып табысты еңбек етіп, бишілерді дайындап жүр.

Гурьев мәдени ағарту училищесінің келесі 1985 жылғы түлегі Айсұлу Өтеулиева (1961) Маңғыстауға арнайы жолдамамен жебірілгенімен мәдениет үйінде инструктор қызметін атқарады. Би маманының орны толық болсада, Айсұлу барлық іс-шараларға тынымсыз қатысып, мәдениет үйінің би тобының құрамында «Балбырауын», «Саржайлау», «Қос алқа» билерінің солистерінің бірі болды, сонымен қатар көптеген спектакльдерге әнші әрі актриса ретінде өнер көрсетті. Бірақ 1987 жылы жолдама мерзімі аяқталып, Атырауға туған жеріне оралады, мәдениеттен басқа бағытта еңбектеніп жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Гурьев мәдени ағарту училищесі ХХ ғасырдың 80-жылдары бітірген Жамалхан Ақберді (1963), Оразгүл Бекболатовада (1965) сынды мамандар елге оралды. 1985 жылғы түлектер арасынан Маңғыстауға жоғарыда аталған мамандардан бөлек Лариса Бултукова (1966), Роза Төлеува сияқты би мамандарының да болғанын білдік. Өкінішке орай, олардың Бейнеу ауданына келгенін және Лариса Бултукованың бүгінде бақилық болғанынан басқа, егжей-тегжейлі мәлімет таба алмадық.

Білім алып елге оралған келесі буын –   би мен бірге әншілік өнерді бірге алып өскен Набат Кубикова Гурьев мәдени ағарту училищесінің «хореография бөлімін» бітірген соң Қызан мәдениет үйіне меңгеруші болып жұмысқа орналасады.

1986 жылы Форт-Шевченко қаласына арнайы шақырумен Гүлнар Жолдыбаева (1962) есімді маман келеді. Ол 1982 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің хореография бөлімін тамамдаған биші.

1988 жылы Маңғыстауға Гурьев мәдени ағарту училищесін бітірушілердің келесі жас буыны келеді. Бұлар Талғат Бекқожиев (1963), Қорлан Құрмашева (1968), Науат Нұрымбетова (1969), Майра Нұрымбетова (1969) және Роза Қалбаева (1997), Гүлжан Жүгенбаева (1968).

Талғат Бекқожиев Алматыдағы эстрада және цирк өнері училищесіне оқуға түседі. Өкінішке орай, оқуды бітірместен әскери борышын өтеуге кетеді.Тек 1986 жылы Гурьев мәдени ағарту училищесінің «хореография бөліміне» оқуға түсуімен би өнеріне оралады. 1988 жылы оқуын бітіріп, өз ауылы Құрыққа оралып, атақты «Маңғыстау маржандары» ән-би ансамблінде биші болып орналасады. Өзінің шығарған билерінен басқа, оның репертуары Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Әли Исмайыловтың «Балбырауын», «Садақ биі» атты кәсіби қойылымдармен толығады.

Мақала дайындау кезеңінде жүргізген зерттеулер Маңғыстау өңірінде би өнерінің қалыптасып, дамуында еңбек еткен хореограф мамандардың барлығы дерлік Гурьев (қазіргі Атырау) қаласының мәдени-ағарту училищесінің түлектері бдолғанын білдік.

Маңғыстау би өнерінің елеулі оқиғаларының бірі ХХ ғасырдың 90-жылдарда болды. Облыста тұңғыш рет 1993 жылы Өнер колледжі ашылып, 1994 жылдан бастап «Би ансамблінің жетекшісі» мамандығы бойынша аймақ бишілерін дайындай бастайды. Ол би өнерін таңдаған жергілікті жастарға алысқа бармай-ақ, облыстың орталығынан арнайы кәсіби маман атануына мүмкіндік берді.

Бейнеу өнер мектебін бітіріп Атырау қаласына оқуға түскен Жадыра Меңдіқұлова мен Әйгерім Қожбаева, Ақтау қаласына Гүлнар Дүйсенова, Назерке Ізбасарова, Нұргүл Әбдіғалиева, Гүлханым Нұрғалиева, Ақтөбе қаласына Гауһар Әлібекова, Орал қаласына Айдана Оңғарбаева, Фаризахан Әбурал, Алматы қаласында Әзиза Кенжебайқызы кәсіби білім алуға оқуға түседі. Хореографияға деген сүйіспеншілікті оятқан ұстаздарының арқасында олар көп ұзамай лайықты маман атанып, Маңғыстаудың түкпір-түкпірінде оралып, би ұжымдарын басқаруда.

Мақала үшін қажетті және құнды материалды табуға, жинауға және зерттеуге көмектескендердің барлығына шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Бұлар – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Сержан Шакратов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрнияз Мұханов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Әбіл Жұмағалиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі – Ақмарал Зейлова, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі – Отыншы Көшбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі – Айдарбек Оңайбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Елена Синица, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Жағыпар Хамитов, ҚР Мәдениет қайраткері – Жапырақ Танашева, Рая Қиялбаева, Сұлтанбек Құдайберген, Сәуле Дүйсенбаева, Оксана Черкашина, Зейнаб Зиятова, Құдайберген Ахметов, сондай-ақ қор Форт-Шевченко қаласының мұражайы және Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты.

Уақыт тауып кездесіп, баға жетпес тарихи деректермен, өмірі мен шығармашылығынан эпизодтармен, сондай-ақ жеке мұрағатындағы фотоматериалдармен бөліскен әңгімемнің нағыз кейіпкерлеріне мың алғыс.

Маңғыстау би тарихының алтын мұрасын өнерге, жадқа және сақтауға деген адалдықтары үшін барлығына алғыс айтамын, оны біздер, қазіргі ұрпақ үлкен жауапкершілікпен қабылдай отырып, мұқият сақтауға және кейінгі ұрпаққа жеткізуге уәде береміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жаңбыршы А. /құрастырушы/ Адайдың ырғымасы. Алматы. Нұрлы әлем. – 2005. – 176 б.

Оставить комментарий