Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 28(324)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Далабаева Е. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗЫҒЫЛУШЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2025. № 28(324). URL: https://sibac.info/journal/student/324/384048 (дата обращения: 05.09.2025).

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗЫҒЫЛУШЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Далабаева Еркеназ

студент, педагогика факультеті, Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті

Қазақстан, Қарағанды қ.

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастырудың маңызы мен жолдары қарастырылады. Эстетикалық тәрбие –оқушылардың сұлулықты қабылдауын, сезінуін және оған талғаммен қарауын дамытуға бағытталған маңызды үрдіс. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдау қабілеті жоғары болғандықтан, оларға өнер, музыка, көркем әдебиет және табиғат сұлулығы арқылы эстетикалық тәрбие беру– олардың рухани және шығармашылық дамуына оң ықпал етеді. Мақалада эстетикалық қызығушылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі, тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялардың маңыздылығы баяндалады. Сонымен қатар эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың үлгілік тәсілдері мен тәжірибелік жұмыстар ұсынылады.

 

Кілт сөздер: эстетикалық тәрбие, эстетикалық қызығушылық, бастауыш сынып, шығармашылық, көркемдік талғам, өнер, ұлттық құндылықтар, рухани даму.

 

Қазіргі педагогикалық ғылымда эстетикалық тәрбие–тұлғаны сұлулықты тануға, түсінуге және бағалауға баулитын маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Бұл бағыттың басты мақсаты–адамды көркемдік құндылықтарға қызығушылық танытып, сұлулық заңдылықтарын түсінуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие–оқушы тұлғасын үйлесімді дамыту мен рухани- мәдени тұрғыдан байытуға бағытталған тәрбие түрі. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен Мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020) бойынша білім беру мазмұны баланың шығармашылық әлеуетін ашуға, көркемдік-эстетикалық дамуына, ұлттық мәдениетті меңгеруіне жағдай жасауға тиіс. Бұл стандартта білім алушының эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнер туындыларын қабылдай білуі, сұлулықты сезінуі және оны жасай білу қабілеті жалпы оқу мақсаттарының бірі ретінде қарастырылады. Осыған орай, мектептегі пәндер мазмұнына көркем- эстетикалық элементтерді кіріктіру және пәнаралық байланыс арқылы баланың эстетикалық дүниетанымын кеңейту көзделген [1].

Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты–үйлесімді дамыған, сұлулықты бағалай білетін тұлғаны қалыптастыру. Ол баланың көркемдік талғамын дамытып, әлеммен эмоционалды және сезімдік байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Эстетикалық сезім тек бейнелеу өнері немесе музыка арқылы ғана емес, табиғатты, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, қоршаған ортадағы кез келген құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау қабілетімен де байланысты.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеттері ретінде мыналар бөлініп көрсетіледі:

  • Баланың сұлулықты тану, сезіну және бағалауға негізделген эстетикалық талғамын дамыту, оның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • Табиғатта, өнерде, адамдардың әрекеттерінде, күнделікті өмірде көркемдік бастауларды байқау арқылы көркемдік қажеттілікті ояту және нығайту;
  • Баланың шығармашылық қабілетін дамыту, мысалы, сурет салу, мүсіндеу, қолданбалы өнер түрлерін жасау, ән айту, би билеу және ауызша көркем шығармашылықпен айналысу арқылы өзін-өзі көркемдік тұрғыда көрсету мүмкіндігін беру [9].

Эстетикалық тәрбие кең ауқымды мазмұнға ие. Ол тек өнер түрлерімен шектелмей, адамның қызмет түрлері, табиғат, әлеуметтік құбылыстар сияқты кең аяны қамтиды. Бұл тәрбиенің мазмұны, бір жағынан, барлық салаға қатысты әмбебап сипатта болса, екінші жағынан, оның нақты пәндік мазмұны мен білім саласы ретіндегі шеңбері де айқындалған.

Эстетикалық тәрбие–тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуда, эмоционалдық интеллектіні дамытуда, сонымен қатар адамның көркемдік талғамы мен рухани көзқарасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Шынайы сұлулықты көру мен бағалау қабілеті арқылы тұлға қоршаған ортаны жақсартуға, өз өміріне көркемдік сипат беруге ұмтылады. Бұл адамның сенімдері мен дүниетанымына, мінезіне және өмірлік ұстанымына әсер ететін маңызды құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбие жүйесі тұлғаның жалпы мәдени деңгейін көтеріп қана қоймай, оқушының эмоционалдық, шығармашылық және рухани әлеуетін де дамытады. Мектепте жүргізілетін бұл бағыттағы жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына, әлемге эстетикалық қатынас орнатуына жол ашады және білім берудің басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырылады [11].

Қазіргі заманғы білім беру парадигмасы оқушылардың тек білімін ғана емес, жан-жақты дамуын, тұлғалық қасиеттерін, рухани-адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, эстетикалық тәрбие – оқушының адамдық болмысын қалыптастыратын маңызды педагогикалық құбылыс. Ол тұлғаның дүниетанымына, эмоциялық сезіміне, мінез-құлқына, шығармашылық ойлауына әсер етіп, шынайы өмір мен өнер арасындағы байланысты терең түсінуге баулиды.

Эстетикалық тәрбие баланың дүниеге қатынасын, әлемді қабылдауын, өмір сүру стилін қалыптастырады. Оның көмегімен адам сұлулықты қабылдауға, оған талпынуға, бағалауға үйренеді. Мұндай тәрбие түрі – болашақта парасатты, мәдениетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2020. – 54 б.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан халқына Жолдау. 1 қыркүйек, 2023 ж. – [Электронды ресурс]. – Қолжетімді: https://www.akorda.kz (қол жеткізілген күні: 18.05.2025).
  3. Ахметова, Ж.Ш. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері // Ғылым және білім. – 2022. – №2. – Б. 87–90.
  4. Есенова, А.К. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздері: бастауыш мектеп мысалында. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 132 б.
  5. Сеитова, С.А. Эстетикалық тәрбиенің педагогикалық шарттары // Педагогика және психология. – 2020. – №4 (45). – Б. 55–60.
  6. Баймуханова, Л.А. Бастауыш білім беру жүйесіндегі интеграцияланған сабақтардың эстетикалық әсері // Білім берудегі инновациялар.–2023. –№3. – Б. 24–29.
  7. Копжеева, Г.Т. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жолдары: педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Астана, 2021. – 96 б.

Оставить комментарий