Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(314)

Рубрика журнала: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
Өтешқали М.А. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЗАМАНУИ ТҮРІ - ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА МЕН САЛДАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2025. № 18(314). URL: https://sibac.info/journal/student/314/372975 (дата обращения: 25.05.2025).

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЗАМАНУИ ТҮРІ - ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА МЕН САЛДАРЫ

Өтешқали Мәдина Анарбекқызы

Құқықтану БББ 2 курс студенті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, з.ғ.м, аға оқытушы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

A MODERN TYPE OF FRAUD - FINANCIAL PYRAMID: LEGAL COST AND IMPACTS

 

Madina Oteshkali

2nd-year student of the Law program, West Kazakhstan University named after Makhambet Utemisov,

Republic of Kazakhstan, Uralsk

Ainur Yesengaziyeva

scientific advisor, Master of Laws, Senior Lecturer, West Kazakhstan University named after Makhambet Utemisov,

Republic of Kazakhstan, Uralsk

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада қазіргі заманғы алаяқтықтың қауіпті түрлерінің бірі - қаржы пирамидаларының мәні, белгілері, жұмыс істеу механизмі және құқықтық салдары қарастырылады. Авторлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі негізінде бұл құбылысқа құқықтық баға беріп, азаматтардың құқықтарын қорғау мен зиянды өтеу мүмкіндіктерін сипаттайды. Зерттеу барысында қаржы пирамидаларымен күрестің тиімді жолдары - құқықтық, ақпараттық және ағартушылық шаралар кешенді түрде ұсынылады.

ABSTRACT

This article explores one of the most dangerous forms of modern fraud - financial pyramids. It analyzes the essence, characteristics, operating mechanisms, and legal consequences of such schemes. The authors provide a legal assessment based on the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan, highlighting mechanisms for protecting citizens’ rights and compensating for damages. The study concludes that combating financial pyramids requires a comprehensive approach involving legal, informational, and educational measures.

 

Түйінді сөздер: қаржы пирамидасы, алаяқтық, құқықтық баға, қылмыстық жауапкершілік, азаматтардың құқықтары, залалды өтеу, қаржылық сауаттылық, алдын алу, құқық қорғау, ақпараттық түсіндіру.

Keywords: financial pyramid, fraud, legal assessment, criminal liability, citizens’ rights, damage compensation, financial literacy, prevention, law enforcement, informational awareness.

 

Бүгінгі таңда жаһандану мен цифрландыру процестері экономикалық жағдайларды қиындатып, жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер туғызуда. Осындай қауіптердің бірі және ең қауіптісі – қаржылық пирамида. Бұл жеке адамға ғана емес, жалпы қоғамға, мемлекетке тікелей қауіп төндіретін заманға бейімделген алаяқтықтың ерекше түрі.

Пирамидалық схемалар мыңдаған азаматтарды алдап, заманауи маркетинг, әлеуметтік медиа және цифрлық платформалар арқылы тарады. Бұл құбылыстың кең таралуына қаржылық сауаттылықтың төмендігі, тез пайда табуға ұмтылу, құқықтық білімнің аздығы ықпал етуде.

Пирамида схемасы – нақты қаржылық негізі жоқ және тек кейінгі қатысушылардың инвестициясы есебінен бұрынғы қатысушыларға табыс төлеуге арналған жалған инвестициялық жүйе. Мұндай құрылымдардың негізгі мақсаты - жаңа инвесторларды тарту арқылы бұрынғы қатысушыларға уәде етілген төлемдерді жүзеге асыру қолданылады. Жүйенің өміршеңдігі тек жаңа қатысушылардың санына байланысты болады.

Қаржы пирамидасының белгілеріне қысқа мерзімде жоғары пайда табуға уәде беру, ақпараттың құпиялылығы және лицензиялардың болмауы, адамдарды жалдау арқылы ғана ақша табу схемасы жатады.

Нәтижесінде жүйе белгілі бір сәтте күйрейді, ал базадағы соңғы қатысушылар барлық салымдарынан айырылып, айтарлықтай материалдық және моральдық шығынға ұшырайды. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтарды қаржы пирамидаларын құруға, басқаруға және тартуға қатаң тыйым салады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-1бабына сәйкес:

«Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру, оны басқару немесе оның қызметіне азаматтарды тарту – бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге жазаланатын қылмыс».

Егер бұл әрекет қылмыстық топтың құрамында, ұйымдасқан түрде жасалса немесе аса ірі көлемде зиян келтірсе, жаза 4 жылға дейін көтеріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес жәбірленушілер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен келтірілген зиянды өтеуге құқылы. Мұндай жағдайларда дәлелдемелерді, келісімдерді және ақша аударымдарын дәлелдеуді алу өте маңызды.

Қаржы пирамидаларының әсері жекелеген азаматтарға ғана емес, жалпы қоғамға да әсер етеді. Олардың салдары өте көп:

• Мүліктік зиян – тұрғындар барлық жинақтарынан айырылуы мүмкін;

• Психологиялық әсер – алданып қалғандар полиция мен мемлекетке сенімін жоғалтады;

• Экономикалық тұрақсыздық – көлеңкелі экономиканың кеңеюі және заңсыз ақша айналымының артуы;

• Әлеуметтік шиеленіс – қоғамда әділетсіздік сезімі қалыптасып, әлеуметтік наразылық күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары қаржылық пирамидаларға қатысты бірнеше қылмыстық іс тіркеліп, ондаған азамат зардап шеккені белгілі. Бұл да аймақтық деңгейде жүйелі жұмыс қажеттігін көрсетеді. Мемлекеттік органдар қабылдаған шараларға қарамастан, алаяқтықтың бұл түріне қарсы күресте азаматтардың қаржылық және құқықтық білімі басты рөл атқарады.

Қаржы пирамидаларын танудың негізгі белгілері:

- Реттелмеген, лицензиясыз қызмет;

- Қысқа мерзімде жоғары пайдаға уәде беру;

- Қызмет түрін нақты түсіндірмеу;

- Жаңа қатысушылар арқылы ақша табу схемасы;

- Заңды келісім-шарттардың болмауы.

Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер министрлігі және жергілікті әкімдіктер күдікті жобалар туралы ескертіп, алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, Fingramota.kz сияқты платформалар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін ақпарат береді. Пирамидалық схема – бұл адамдардан ақша жинауға және кейінгі қатысушылардың қаражаты есебінен бірінші инвесторларға пайда төлеуге негізделген алаяқтық схема. Мұндай жүйелер ұзаққа созылмайды және көп жағдайда инвесторлар ақшасынан айырылады. Сондықтан қаржылық пирамидалармен күрес қоғам үшін маңызды мәселе болып табылады.

Қаржы пирамидаларымен күресу жолдары:

1. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Адамдар қаржылық пирамидалардың белгілерін тануы керек. Мысалы, егер олар тым жоғары пайдаға уәде берсе немесе белгілі бір қызметтерді немесе өнімдерді ұсынбаса, бұл қауіпті белгі.

2. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қаржылық алаяқтық туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру халыққакөмегін тиеді.

3. Құқық қорғау органдары тарапынан бақылауды күшейту. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Бұзушылықтарды анықтап, ұйымдастырушыларды жазалау маңызды.

4. Қаржы ұйымдарының қызметін бақылау. Тіркеусіз және лицензиясыз жұмыс істеп жатқан ұйымдарға билік дереу шара қолдануы керек.

5. Азаматтардың қырағылығын арттыру. Инвестициялық ұсынысты қабылдамас бұрын оның заңдылығын тексеру керек. Күмән тудыратын жобалардан бас тартқан дұрыс.

Пирамидалық схема – қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бейімделген алаяқтық түрі. Онымен күрес тек қылмыстық қудалаумен шектелмейді; кең көлемді құқықтық, ақпараттық және ағарту жұмыстарын қажет етеді. Мемлекет нақты заңнамалық негіздер мен жазаларды белгілегенімен, қоғамнан қырағылық пен белсенділік қажет. Жастар, қарттар, ауыл тұрғындары сияқты халықтың осал топтарын қорғау – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Алаяқтар өз схемаларын әртүрлі әдістермен жүргізеді, сондықтан адамдар бұл туралы біліп, ақылмен шешім қабылдауы маңызды. Ақшаңызды инвестициялауды шешкенде мұқият тексеру жүргізіп, қауіпсіз және заңды жолдарды таңдау қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ) – 190-бап «Алаяқтық».
  2. Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы (2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ).
  3. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми материалдары: қаржылық пирамидалардың белгілері және олардан қорғану жолдары туралы ақпарат.
  4. Шарипов М.Т. «Қаржылық құқық негіздері». Алматы: Жеті Жарғы, 2021.
  5. Оразбаева А.С. «Қазақстандағы қаржылық пирамидалармен күрес тәжірибесі» – Ғылыми мақала, «Қаржы және құқық» журналы, 2022.
  6. ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық сауаттылық бойынша ресми нұсқаулықтары мен түсіндіру материалдары.
  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ) – 217-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау

Оставить комментарий