Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(312)
Рубрика журнала: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
PARENTAL AND CHILD SUPPORT OBLIGATIONS
Beineubai Akhmedov
student, Faculty of History, Economics and Law, West Kazakhstan State University named after Makhambet Utemisov,
Republic of Kazakhstan, Uralsk
Aynur Yesengazieva
scientific supervisor, Master of Law, Senior Lecturer at the Department of Legal Disciplines, West Kazakhstan State University named after Makhambet Utemisov,
Republic of Kazakhstan, Uralsk
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада ата-аналар мен балалар арасындағы алименттік міндеттемелердің құқықтық негіздері қарастырылады. Автор Қазақстан Республикасының Азаматтық және Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодекстеріне сүйене отырып, алимент төлеудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттерін сипаттайды. Сонымен қатар, мақалада алимент өндіру мәселелерінде туындайтын құқықтық даулар мен оларды шешу жолдарына талдау жасалады. Зерттеу нәтижесінде ата-аналар мен балалардың өзара жауапкершілігін арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.
ABSTRACT
This article examines the legal foundations of alimony obligations between parents and children. The author analyzes the procedures and conditions of alimony payments, as well as the rights and responsibilities of the parties, based on the Civil Code and the Marriage and Family Code of the Republic of Kazakhstan. In addition, the article explores legal disputes arising from the enforcement of alimony and offers solutions to such issues. The study concludes with recommendations aimed at improving legislation to strengthen mutual responsibility between parents and children.
Түйін сөздер: алименттік міндеттемелер, алимент, Неке және отбасы кодексі, құқықтық даулар, өзара жауапкершілік.
Keywords: alimony obligations, alimony, Marriage and Family Code, legal disputes, mutual responsibility.
Кіріспе
Қоғамдағы ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі — отбасы. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері бар, ал олардың ішінде ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері ерекше маңызға ие. Бұл міндеттемелер балалардың дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарт ата-аналардың өмір сүру деңгейін қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналар өз балаларына кәмелетке толғанға дейін, ал кей жағдайларда одан кейін де материалдық көмек көрсетуге міндетті. Сонымен қатар, кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға міндетті. Бұл мақалада осы алименттік міндеттемелердің құқықтық реттелуі, олардың жүзеге асу тәртібі, сондай-ақ туындайтын даулар мен оларды шешу жолдары қарастырылады.Алименттік міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Азаматтық кодексінде және Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінде (НжОК) бекітілген. НжОК-тің 138–149-баптарында ата-аналар мен балалардың алименттік қатынастары егжей-тегжейлі сипатталған. НжОК-тің 138-бабына сәйкес, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуге міндетті. Бұл міндеттеме некеде тұрып жатқанына не ажырасқанына қарамастан, барлық ата-анаға бірдей қолданылады. Егер ата-аналар балаларына өз еркімен материалдық көмек көрсетпесе, онда алимент сот арқылы өндіріледі.
- Алимент төлеудің бірнеше түрі бар:
- Тұрақты ай сайынғы төлем түрінде;
- Жалақының немесе өзге де кірістің белгілі бір пайызында;
- Бір жолғы төлеммен;
- Мүлік түрінде немесе өзге жолмен
НжОК-тің 145-бабына сәйкес, кәмелетке толған, еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті. Бұл норма қоғамдағы ұрпақтар арасындағы өзара жауапкершілік қағидасын іске асыруға бағытталған. Алайда алимент тек ата-ананың нақты мұқтаждығы болғанда және ата-ана өз міндетін тиісті деңгейде орындаған болса ғана өндіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2023.
- Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі. – Алматы: Юрист, 2023.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). – Алматы: Норма-К, 2023.
- Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Жеті жарғы, 2021.
- Мусин К.Н. «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы». – Алматы: Бастау, 2022.
Оставить комментарий