Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(312)
Рубрика журнала: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІСІН БАСҚАРУ
MANAGEMENT OF A CONDOMINIUM FACILITY
Kamilla Ibrashova
student, Faculty of History, Economics and Law, West Kazakhstan State University named after Makhambet Utemisov,
Republic of Kazakhstan, Uralsk
Aynur Yesengazieva
scientific supervisor, Master of Law, Lecturer at the Department of Legal Disciplines, West Kazakhstan State University named after Makhambet Utemisov,
Republic of Kazakhstan, Uralsk
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада кондоминиум объектісін басқарудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері қарастырылады. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті тиімді басқару мақсатында қолданылатын негізгі нысандар – меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестік (ЖС) сипатталады. Автор басқару үдерісінің кезеңдерін, сондай-ақ Қазақстандағы осы салаға тән өзекті мәселелерді талдайды. Тиімді басқарудың тұрғын үй сапасына әсері мен тұрғындардың құқықтық белсенділігінің маңыздылығы атап көрсетіледі. Мақалада қолданыстағы заңнамаларға және тәжірибелік көзқарастарға сүйене отырып, кондоминиумды басқаруды жетілдіру жолдары ұсынылады.
ABSTRACT
This article explores the legal and organizational foundations of managing condominium properties in Kazakhstan. It examines the two main forms of management used for the shared property of multi-apartment residential buildings: the Association of Property Owners (APO) and the Simple Partnership (SP). The stages of the management process are outlined, and key challenges faced in the sector—such as low owner engagement, financial discipline issues, and gaps in legislation—are analyzed. The article emphasizes the importance of effective management for improving housing quality and highlights the role of legal literacy and active participation among residents. Based on current legislation and practical approaches, recommendations for improving condominium management are proposed.
Түйін сөздер: кондоминиумды басқару, басқару нысандары, пәтер иелерінің серіктестігі, жай серіктестік, қаржылық тәртіп, меншік иесінің қатысуы.
Keywords: condominium management, management forms, property owners' association, simple partnership, financial discipline, owner involvement.
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлердің саны артып келеді. Бұл үйлердің меншік иелерін біріктіретін кондоминиум ұғымы тұрғын үй қатынастарында маңызды рөлге ие. Кондоминиум – бұл біртұтас мүліктік кешен болып табылатын көппәтерлі үйдің барлық меншік иелері бірлесіп иеленетін ортақ мүлікпен басқарудың ерекше нысаны. Осы мақалада кондоминиум объектісін басқарудың құқықтық негіздері, басқару нысандары мен тәсілдері, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелер қарастырылады.
«Кондоминиум» ұғымы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында белгіленген. Бұл заңда көрсетілгендей, кондоминиум объектісі – бұл көппәтерлі тұрғын үй, оның жеке меншікке берілген бөліктері (пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар) және ортақ меншік болып табылатын бөліктері (шатыры, кіреберістері, лифтілері, инженерлік желілері және т.б.).
Кондоминиум объектісін басқару тұрғын үй иелерінің міндеті болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабы бойынша, меншік иелері өздеріне ортақ меншік болып табылатын мүлікті ұстау және басқару үшін жауап береді. Бұл басқару процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады: меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) арқылы.
МИБ – бұл заңды тұлға ретінде тіркелетін ұйым. Ол белгілі бір үйдің барлық меншік иелерінің ортақ мүлкін басқару үшін құрылады. МИБ басқару органы ретінде төраға мен бақылау кеңесін сайлай алады. Оның негізгі міндеттері – үйді күтіп ұстау, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, қаржы жинау және пайдалану, коммуналдық қызметтермен шарт жасасу және есеп айырысу.
Қорытынды
Кондоминиум объектісін тиімді басқару – тұрғын үй сапасы мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартудың маңызды кепілі. Меншік иелері ортақ мүлікті күтіп ұстауға белсенді қатысуы тиіс. Заңнаманы жетілдіру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тиімді басқару тетіктерін енгізу – осы саладағы басты басымдықтар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). – Алматы: Юрист, 2024.
- Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" заңы. – 2024 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен.
- Баймолдин М.Т., Оңғарбаев Е.О. Азаматтық құқық. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2022. – 560 б.
- Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсініктеме. – Алматы: Жеті Жарғы, 2023. – 750 б.
- Айтхожина Д.Б. Мұрагерлік құқық негіздері. – Астана: Фолиант, 2021. – 210 б.
Оставить комментарий