Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(311)
Рубрика журнала: Медицина
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҒЫ
CYTOLOGICAL DIAGNOSIS OF CERVICAL CANCER IN KAZAKHSTANI WOMEN: CURRENT ISSUES AND PROSPECTS
Assem Аbdenbay
student, Department of Molecular biology and citology, Kazakh national medical university name of S.J. Asfendiarov,
Kazakhsatn, Almaty
АННОТАЦИЯ
Мақалада жатыр мойны обыры және оны анықталуы жайлы толық мағлұмат берілетін болады. Жатыр мойны обыры әлем бойынша 340 мың әйел адамнан анықталған, әр минут сайын екі әйел адам осы обыр түрінен қаза болуда. Жатыр мойны обырын анықтау қалай жүзеге асады, Папаниколау бойынша сынама қандай анықтама беретіні жайлы сөз қозғаймыз.
ABSTRACT
The article will provide complete information about cervical cancer and its diagnosis. Cervical cancer is diagnosed in 340 thousand women worldwide, and every minute two women die from this type of cancer. We will talk about how cervical cancer is diagnosed, what information the Papanicolaou test provides.
Кілт сөздер: жатыр мойны обыры, ПАП-тест, цитолгиялық диагностика, цервикальды ішкі эпителийлік неоплазия, әйелдер денсаулығы.
Keywords: cervical cancer, PAP test, cytological diagnosis, cervical intraepithelial neoplasia, women's health.
Қазақстанда онкопатология саласында әйел адамдарда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі екінші орынды алады. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обыры 1600 шақты әйел адамда анықталады, олардың 600 шамасы жыл сайын осы обыр түрінен қайтыс болады. Қазіргі таңда Әлем бойынша ЖМО 600мың әйел адам ауыруда, олардың 340мыңға жуығы жыл сайын қайтыс болады, демек әр 2 минут сайын бір әйел адам қайтыс болады. Жатыр мойны обырын анықтау мақсатында PAP-test, яғни Папаниколау бойынша бояу әдісін қолдануда. PAP-test эпителийдің обыралды өзгерістерін, яғни цервикальды ішкі эпителийлік неоплазияның әртүрлі ауырлық деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Папаниколау бойынша бояу әдісі 1940 жылдың ортасында жарық көрді. Пап-тест қатерлі ісік пен ісік алды жасушаларын ерте сатыда анықтауға бағытталған цитологиялық анализ. Биоматериалды алу үшін дәрігер арнайы цервикальды щетканы қолданады. Биоматериал алынғанннан кейін оны цитощетканың барлық бетімен заттық шынының бетіне тигізіп, баспа жағындысын дайындайды. Дайындалған жағынды ауада кептіріледі. Кептірілген жағындысы бар шыны 5 минутқа кюветке салынады. Оның ішінде 96% этил спиртін қолданып ретификациямен бекітіледі. Дайын препарат полиэтиленді немесе қағаздық арнайы қаптамаға салынып зертханаға жеткізіледі. Бұл герметикалық қаптамада препарат 2-8 ° С температурада 10 тәулік бойы сақтауға мүмкіндік береді. Зертханада препаратқа боялу процессі жүргізіледі. Бұл мақсатта Гаррис Гематоксилин және циптоплазаманы бояуда OG6 және ЕА аралас бояуы пайдаланылады. ЕА бояуы Эозин Y, ашық жасыл және фосфовольфрам негізінде болады. ЕА бояуы мордант ретінде қызмет етеді және әртүрлі жасушалардың қызғылт және жасыл түстерге дифференциалды бояуын қамтамасыз етеді. Тек кератинделген жасушалар мен қабыршақтар сары түсті сақтайды, қалған жасушалардың цитоплазмасы қызғылт және жасыл түске боялады. Сипатталған әдіс цитоплазманың өзгеру дәрежесін және жетілу кезеңін бағалауға мүмкіндік береді, атипиямен өзгертілген ядроларды жақсы бояйды.
Папаниколау бойынша цитологиялық классификацияның 5 классын ажырата аламыз:
1-қалыпты цитологиялық көрініс;
2-қынаптағы және (немесе) жатыр мойнындағы қабыну процесіне байланысты жасуша морфологиясының өзгеруі;
3-ядролар мен цитоплазманың ауытқуы бар жалғыз жасушалар (қатерлі ісікке күдік);
4-қатерлі ісік белгілері бар жеке жасушалар;
5-бұл рак клеткаларының көп саны. Қатерлі ісік диагнозы күмән тудырмайды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес ПАП-тесті алғаш рет жыныстық қатынастан 3 жылдан кейін немесе 21 жасында орындалады. Кейін жылына бір рет жасалады. 3 жыл қатарынан ПАП-тест жатыр мойны жасушаларынан ешбір өзгеріс таппаса, ПАП-тест 2-3 жылда бір рет жүргізілетін болады. Бұл сынама 65 жасқа дейін жүргізілетін болады, бұл жасқа дейін ПАП-тест ешқандай өзгеріс анықтамаған жағдайда сынама алуды тоқтатуға болады. Бірақ ПАП-тестте сынаманың дұрыс алынбауы, нашар фиксация, сапасыз щеткалар, бояулар деген секілді мәселелер бар. Бұл мәселелер туындамауы үшін сұйық цитологиялық әдісті қолданысқа енгізуге болады. Денсаулық сақтау саласындағы модернизациялық тенденцияға сәйкес Қазақстанда ПАП-тесттің маңыздылығы артады деп күтілуде. Осылайша, ПАП-тест цитологиялық диагностиканың негізгі құралы болып қала береді, ал оның Қазақстанда дамуы техникалық, кадрлық және білім беру компоненттерін қамтитын кешенді тәсілмен ғана мүмкін болады.
Әдебиеттер тізімі:
- Всемирная организация здравоохранения. Рак шейки матки. – [Электронный ресурс]. https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/cervical-cancer (дата обращения: 18.04.2025)
- Карабалаева, Г. А. Особенности цитологического скрининга при раке шейки матки в Республике Казахстан // Вестник КазНМУ. – 2021. – №3(90). – С. 110–115.
- Баранова, Е. А. Цитологическая диагностика предраковых и злокачественных заболеваний шейки матки. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2019. – 160 с.
- Аргынбекова, Д. А., Исмагулова, Ж. Т. Анализ знаний и отношения женщин к скринингу на рак шейки матки в Казахстане // Научно-практический журнал «Медицина». – 2022. – №2(18). – С. 75–80.
Оставить комментарий