Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(314)
Рубрика журнала: Искусствоведение
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТТЕГІ ҰЛТТЫҚ ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОСОБЕННОСТИ НАЦИОНАЛЬНОГО ГРАФИЧЕСКОГО ДИЗАЙНА В СОВРЕМЕННОЙ КУЛЬТУРЕ
Ускенбай Манарбек
магистрант, 7M02120-графический дизайн, Казахский педагогический университет имени Абая,
Казахстан, г. Алматы
Кудабаева Клара Ильясовна
научный руководитель, канд. пед. наук, Казахский педагогический университет имени Абая,
Казахстан, г. Алматы
АҢДАТПА
Бұл мақалада графикалық дизайндағы ұлттық элементтердің (ою-өрнек элементтері) көркемдік құндылығы, ерекшеліктерін графикалық дизайн жұмыстарында пайдалану жолдары зерттелінеді. Қазіргі заманда қолданылатын дәстүрлі қазақ ұлттық ою-өрнек элементерінің рөлі мен маңыздылығы анықталады. Ою-өрнек элементтерінің пайдаланылуы, заманауый графикалық дизайндағы көз қарасы зерттеледі. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, қазақ дәстүрлі өнерінің өзіндік ерекшелігін мәдениетін қалыптастырды. Қазақы ою-өрнек элементтерін графикалық дизайн бойынша білім беру бағдарламасына енгізу, мәдениетімізді сақтап қалу мен насихаттауға ықпал етеді. Дәстүрлі мәдениеттіміздің дамуына жәнеде графикалық дизайнның өзіндік ерекшелігімен заманауый өзгерістеріне ықпал етері сөзсіз. Заманауи графикалық дизайн – мәдениет пен технологияның тоғысындағы өнер саласы ретінде дамуда. Бұл сала ұлттық дәстүрлер мен заманауи трендтерді үйлестіре отырып, қоғамның мәдени және эстетикалық сұраныстарына жауап береді. Қазақстандық графикалық дизайнда ұлттық болмыстың элементтерін сақтай отырып, қазіргі заманға сай стильдер қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті – бұл біздің асыл мұрамыз ғана емес, сонымен қатар шығармашылықтың түпсіз байлығы мен шабыттың қайнар көзі. Бұл мәдениет адамзаттың өнер мен шығармашылық саласындағы жетістіктерін дамытуға, жаңа идеялар мен көзқарастарды ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманның өнері, оның ішінде графикалық дизайн, қоғамдағы ақпарат алмасу мен көзбен қабылдаудың маңызды құралы болып табылады. Графикалық дизайнның рөлі тек көркемдік емес, сонымен қатар ақпаратты тиімді жеткізу мен мәдениеттің әртүрлі аспектілерін түсінуге көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
АННОТАЦИЯ
В данной статье исследуется художественная ценность, особенности национальных элементов (элементов орнамента) в графическом дизайне. Определяется роль и значение традиционных казахских элементов национального орнамента, используемых в наше время. Изучается использование элементов орнамента, цвет глаз в современном графическом дизайне. Казахская традиционная культура сформировала своеобразную культуру казахского традиционного искусства. Включение элементов казахского орнамента в образовательную программу по графическому дизайну способствует сохранению и пропаганде нашей культуры. Несомненно, это будет способствовать развитию нашей традиционной культуры и современным изменениям в оригинальности графического дизайна. Современный графический дизайн-это отрасль искусства на стыке культуры и технологий. Эта отрасль отвечает культурным и эстетическим запросам общества, сочетая национальные традиции и современные тенденции. Особое значение в казахстанском графическом дизайне имеет формирование современных стилей с сохранением элементов национальной идентичности. Традиционная казахская культура-это не только наше благородное наследие, но и источник бездонного богатства творчества и вдохновения. Эта культура позволяет развивать достижения человечества в области искусства и творчества, открывать новые идеи и точки зрения. Искусство современности, включая графический дизайн, является важным инструментом для обмена информацией и визуального восприятия в обществе. Роль графического дизайна заключается не только в художественном, но и в важном инструменте, который помогает эффективно передавать информацию и понимать различные аспекты культуры.
Түйін сөздер: заманауи мәдениет, ұлттық, графикалық дизайн, ою-өрнек.
Ключевые слова: современная культура, Национальный, графический дизайн, орнамент.
Кіріспе
Графикалық дизайн визуалды коммуникацияның маңызды саласы болып табылады. Ол қоғамның мәдени, экономикалық және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, адамдарға идеялар мен ақпаратты жеткізудің негізгі құралына айналды. Қазақы ұлттық графикалық дизайн – бұл тек сән мен эстетика емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің бейнесін әлемдік деңгейде көрсету құралы. Қазақтың заманауи мәдениетінде ұлттық графикалық дизайн ұлт болмысын айқындау және жаһандану жағдайында ұлттық ерекшелікті сақтау үшін маңызды рөл атқарады. Ұлттық нақыштағы графикалық дизайн жұмыстарына сұраныстар күн санап артып келеді. Мысал ретінде жаңадан жарық көріп жатқан мейрамханалар, сауда орталықтары тағыда басқалай кәсіп орындарын айта кетуге болады. Сандық мейрамханасы қазақы мәдениетімізді дәріптеп әлемге танытып үлгерді, мейрамханада барлығы қазақы нақышта. Графикалық дизайнды барлық адамзат тілдесе алатын әлемдік тіл ретінде түсінуге болады, барлық ойыңды визуалды түрде басқаларға көрсете аласың. Ою-өрнек немесе ұлттық мәдениетімізді таныта алатын барлық заттармен дизайндық жұмыстар жасап, ұлтымыздың мәдениетін әлемге таныта аламыз. Ұлттық қол өнеріміздің ою-өрнектерін графикалық дизайнның заманауый сураныстарына сай дизайнда жасау арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемдік денгейге жеткізе аламыз. Бұл мақалада ұлттық элементтердің заманауи графикалық дизайнда қолданылуы, олардың ерекшеліктері, трендтері және даму жолдары қарастырылады. Түрлі шектеулермен тыиулардан болып дамуы бәсеңдеген ұлттық құндықытарымыз, дәстүрлі өнерлеріміз қайтадан замануый нақышта өркендеу үстінде. Қазақ ою-өрнегі сан ғасырлар бұрын байланыс құралы ретіндеде қолданылып келгкен десек қателеспес едік. Сан ғасырлар бойы ата бабаларымыз әрбір затқа салынған ою-өрнекке мән беріп және мағынасына қарай қолдана білген. Мысалы шапанға салатын ою-өрнек элементтерін сырмаққа немесе басқалай заттарға салмаған.
Көптеген зерттеулерде педагогтар мен психологтар, өнертанушылар еңбектерінде ою-өрнек тарихы, түрлері және даму жолдарын жан-жақты қарастырылып келеді. Ою-өрнек тарихын, түрлерін, даму жолдарын Солтанбаева, Г.[1], Жұмабайұлы, Б.[2], Шайгозова, Ж. Н.[3], Бәрімбеков, Ж.[4], Байділдаұлы, Ш.[5], сынды ғалымдар терең зерттеп, ғылыми жұмыстар жазған.
Графикалық дизайнның теориялық негіздері
Графикалық дизайн – бұл сурет, мәтін, түстер және кеңістік элементтерін үйлестіре отырып ақпаратты визуалды түрде дайындау саласы. Оның басты мақсаты – аудиторияға ақпаратты түсінікті және тартымды етіп жеткізу. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ графикалық дизайн визуалды бейнелер, текстілер, суреттер, түстер үйлесімі т.б. пайдалана отырып мағыналы және көрнекі ақпараттарды адамдарға таныту түсіндіру құралы. Графикалық дизайн қазіргі өмірдің барлық саласына енген ас қорабындағы иллюстрациядан бастап, күнделікті қолданылатын мобильді қосымшаларға дейін дизайн барлық жерде бар. Графикалық дизайн шығармашылықты стратегиямен, эстетиканы логикамен байланыстыра отырып, ақпаратты түсінікті әрі тартымды етіп жасауды мақсат етеді. Графикалық дизайн қазіргі қоғамда тек ақпараттық құрал ретінде емес, мәдениеттің, өнердің және технологияның өзара байланысын көрсететін маңызды элемент ретінде саналады. Ол адамдардың күнделікті өміріндегі визуалды тәжірибелерді байыта отырып, ақпаратты түсінуді жеңілдетеді, брендтердің танымалдылығын арттырады және мәдениетаралық диалогты нығайтады.
Кез келген саланың бағыттары құрамдары болады графикалық дизайн да әртүрлі бағыттарға бөлінеді. Бұл көпқырлы сала өнер, технология және коммуникацияның терең байланысымен дамыған. Әртүрлі талаптарды қанағаттандыруға бағытталған жаңа әрі заманауи мамандық болып табылады. Графикалық дизайн біздің күнделікті өміріміздің барлық салаларында бар. Таң ояна салып ішетін кофенің қорабы, музыкалық фестивальдердің жарнамалық плакаттары, әлеуметтік желідегі постлар, мобильді қосымшаларға дейін – дизайн біздің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі. Ол тек көркем өнерлік қана емес, сонымен қатар дұрыс немесе бұрыс шешімдерді қабылдауымызғада әсер ете алады. Шығармашылықты стратегиямен, брендтің даралығын эстетикамен және логиканы эмоциялармен байланыстыра отырып, графикалық дизайн әлемді қалай қабылдайтынымызға, ақпаратты қалай түсінетінімізге және тауарлар мен қызметтерге қалай қызығуымызға әсер етеді.
Графикалық дизайнның басты ерекшелігі көркемдік, коммуникациялық және жоспарлы мақсаттарды біріктіп ақпаратты жеткізу. Ол тек визуалды көрініс жасау емес, сонымен қатар аудиторияға ақпарат жеткізу, эмоция тудыру және мақсатты әрекетке итермелеу міндетін орындап терең әсер етеді.
- Дизайн визуалды элементтер арқылы күрделі идеяларды қарапайым және түсінікті түрде жеткізеді.
- Брендтер мен компаниялардың бірегейлігін көрсетеді, олардың аудиториямен байланысын нығайтады және дұрыс шешім қабылдау үшін әсер етеді.
- Тауарлар мен қызметтердің тартымдылығын арттырып, сатылымды ұлғайтуға көмектеседі.
Графикалық дизайн саласы үздіксіз даму үстінде. Цифрлық технологиялардың дамуымен және креативтіліктің шекаралары кеңейе отырып, дизайнерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға және әлемдік деңгейде өз іздерін қалдыруға үлкен мүмкіндіктер берілуде.
- Дизайнерлер жаңа трендтерді қалыптастырып, ұлттыұқ стильдерді дамыта алады.
- Дизайн арқылы әлеуметтік мәселелерге назар аудару немесе маңызды хабарларды жеткізуге болады. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге таптырмас сала.
- Қазіргі заманғы құралдар мен платформалар дизайнерлерге интерактивті, 3d және анимациялық жобалар жасауға мүмкіндік береді.
- Интернет арқылы дизайнерлер өз жұмыстарын әлемге танытып, халықаралық аудиторияны тарта алады.
Ұлттық элементтердің заманауи графикалық дизайндағы рөлі
Қазақтың ою-өрнектері ежелден тұрмыстық заттардан бастап сәулет өнеріне дейін қолданылған. Қазіргі кезде олар логотиптер, жарнамалар, иллюстрациялар сияқты заманауи дизайн салаларында көп пайдаланылады. Мысалы қазақы киіз үйдің шаңырағы ұлттық бірлік пен дәстүрдің символы ретінде танымал. Еліміздің ел таңбасында шаңырақты пайдаланып жасалғаны ұлттық символдардың қазіргі заманауый дизайнда пайдаланғанына дәлел. Ұлттық дизайнда қолданылатын түстер (мысалы: көк, алтын, қызыл) қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын бейнелейді. Бұл түстердің заманауи графикалық дизайнда қолданылуы ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, қазіргі заман талабына бейімделеді. Ұлттық нақыштағы жұмыстарымен танымал дизайнерлер Ая Бапани, Шалхар Тұрғанов сынды дизйнерлерді атауға болады.
Әлемге танымал брендтердің дизайндық брендингінде ұлттық, дәстүрлі символдарды көптеп пайдаланады. Бір мысал-Nike логотипі, жеңіс пен атлетиканы бейнелейтін бүкіл әлемде танылған символ. Кэролин Дэвидсон әзірлеген бұл логотипте грек құдайы Nike-тің қанаты мен қозғалысты бейнелеген. Бұл грек мифологиясы мен заманауи мәдени рәміздердің бірігуін бейнелейді. Осы мәдени рәміздердің бірігуі брендтің жаһандық тартымдылығы мен әртүрлілікті қабылдауын ерекше атап өтті.
Сән дизайн саласында Гуо Пэй сияқты дизайнерлер қытай мұрасының элементтерін заманауи эстетикамен үйлестіріп, дәстүр мен инновацияны біріктіретін киім үлгілерін жасайды. Бүгінгі таңда брендтер өз аудиториясымен мағыналы байланыс орнату үшін мәдени дәстүрлі өнерді пайдаланады. Мысалы Starbucks өзінің логотипіне еліктіруді, тартымдылықты білдіретін теңіз мәдени символы Сиренаны қолданған. Coca-Cola болса көбінесе өз дизайнын жергілікті мәдениеттерге бейімдейді, аймақтық мәдениет пен дәстүрлі түстерді біріктіреді, бұл олардың өнімінің әртүрлі аудиториямен байланыс орнатып, сұраныс тудыруына үлкен әсер етеді. Absolut Vodka шектеулі шығарылымдағы қаптамалардың дизайнын жасау үшін суретшілермен жиі ынтымақтасады. Бұл дизайндардың кейбіреулері әртүрлі елдер мен мәдениеттерді дәріптейтін мәдени рәміздер мен мотивтерді қамтиды. Мысалы, олардың "Absolut India" басылымында Үнді мәдениетінен шабыттанған өнер туындылары, соның ішінде күрделі хина үлгілері мен дәстүрлі Үнді зергерлік мотивтері ұсынылды. Doritos танымал бренді, Cinco de Mayo мерекесіне арналған шектеулі шығарылымдағы қаптама дизайнын шығарды. Қаптамада жарқын түстер, мерекелік өрнектер және мексика мұрасымен байланысты мәдени рәміздер бейнеленген. Бұл арнайы шығарылым қаптамасы Cinco de Mayo-ның мәдени маңыздылығын атап өтіп қана қоймай, сонымен қатар бірегей және мәдени шабыттандырылған дизайнымен тұтынушыларды қызықтырды. Starbucks-қа тиесілі Tazo шай бренді қаптамасында мәдени дәстүрлі дизайнды пайдаланды. Әрбір шай қоспасының қорабында Үнді, Марокко немесе Қытай дизайны сияқты әртүрлі мәдениеттердің жарқын түстері, үлгілері және рәміздері бар. Бұл мәдени элементтер шынайылық пен экзотика сезімін тудырады. Әлемге танымал брендтер өздерінің визуалды брендингін қалыптастыруда ұлттық және дәстүрлі символдарды кеңінен қолданады. Nike, Starbucks, Coca-Cola, Absolut Vodka, Doritos және Tazo сияқты брендтер мәдени рәміздерді заманауи эстетикамен үйлестіре отырып, жаһандық аудиториямен мағыналы байланыс орната алғаны жоғарыда айта кеттік. Бұл тәсіл олардың брендінің танымалдылығын арттырып қана қоймай, тұтынушылардың мәдени ерекшеліктерін, салт дәстүрін құрметтеуге бағытталғанын көрсетеді. Дәстүрлі өнер элементтерін пайдалану арқылы брендтер өз өнімдеріне бірегейлік пен айрықша сипат береді, сонымен қатар тұтынушылардың эмоциялық байланысын күшейтеді.
Қазақ ұлттық өнерін графикалық дизайнда пайдалану
Қазақ ұлттық өнері символдық, мифтік , өзіндік ерекшеліктері бар өнер. Оны графикалық дизайнда пайдалану арқылы заманауи трендтермен үйлестіре отырып, бірегей визуалды дизайндық жұмыстар жасауға болады. Ұлттық нақышты бренд дизайнында қолданудың бірнеше жолдарыын қарастырып көрдік.
- Ою-өрнектерді бренд идентикасында қолдану
Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері (қошқар мүйіз, сыңар өкше, өркеш) логотиптерде, қаптама дизайндарында және веб-дизайнда ерекше стиль бере алады. Бұл брендке ұлттық колорит қосып, оның айрықшалығын арттырады.
- Түрлі-түсті палитраларды пайдалану
Қазақтың ұлттық киімдері мен өнер туындыларында жиі кездесетін ашық әрі қанық түстер (қызыл, көк, жасыл, алтын) бренд дизайнында эмоционалды әсер қалдырып, тұтынушылардың назарын аударады.
- Дәстүрлі қолөнер элементтері
Графикалық дизайнда ұлттық киіз басу, зергерлік өнер, ағаш ою сияқты дәстүрлі қолөнер үлгілерін пайдалану брендтің шынайылығын арттырып, оның тарихилығын айқындай түседі.
- Көркем шрифтік шешімдер
Қазақ каллиграфиясы мен дәстүрлі өрнекке негізделген шрифтік стильдерді қолдану арқылы ұлттық эстетиканы заманауи дизайнға енгізуге болады.
- Көрнекілік және storytelling (хикая)
Қазақтың аңыздары мен фольклорын иллюстрация ретінде бренд коммуникациясында қолдану арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеуге және тұтынушыларға ерекше әсер қалдыруға мүмкіндік береді.
Қазақ ұлттық өнерін графикалық дизайнда тиімді қолдану брендтің түпнұсқалығын арттырып, оны халықаралық деңгейде танымал етуге көмектеседі. Дәстүр мен инновацияның үйлесімі арқылы Қазақстандық брендтер өзіндік ерекшелігі бар, тартымды дизайндарды қалыптастыра алады. Жоғарыда айтылған ұлттық нақышты графикплық дизайында қолданудың бірнеше жолдарына дизайндық жұмыстар жасалынып, ұлттық нақыштағы дизайнның сұранысын сауланама жүргіздік. Сауалнама Қазақстан қоғамындағы рөлі мен оны жаңғырту жолдарын анықтауға бағытталды. Зерттеу нәтижелері ою-өрнектің әлі де ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылатынын, бірақ заманауи қолданысын кеңейту қажеттілігін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі (63.5%) қазақы ою-өрнекті тарихи мұра ретінде қарастырады, ал 25.4%-ы оны ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі деп есептейді. Бұл қазақы ою-өрнектің халық санасында маңызды орын алатынын дәлелдейді. Дегенмен, ою-өрнектің кең таралу деңгейі әртүрлі: тек 23.8% оны күнделікті өмірде жиі кездестіретінін айтса, 36.5%-ы оны сирек байқайды. Бұл қазақы ою-өрнекті тұрмыстағы қолданысын кеңейту қажеттілігін көрсетеді. Қазіргі таңда ою-өрнек негізінен киім дизайнында (57.1%) және интерьерлік шешімдерде (27%) кеңінен қолданылады. Ал графикалық дизайн (11.1%), цифрлық өнімдер мен веб-дизайн (3.2%) секілді салаларда оның қолдану деңгейі айтарлықтай төмен. Бұл ою-өрнекті заманауи технологиялармен үйлестіріп, цифрлық өнер мен медиа салаларында кеңінен насихаттаудың өзектілігін көрсетеді. Қатысушылардың "Қазақы ою-өрнектің заманауи дизайнда қолданылуын қалай қабылдайсыз?" деген сауалнамамызға берген жауаптары Диаграмма-1 де көрсетілген. Бұл сауалнама арқылы біз адамдардың қазақы ою-өрнектердің қазіргі заманғы дизайнда қолданылуына деген көзқарасын, қабылдау деңгейін және олардың қандай контексте қолданылуын құптайтынын зерттедік
Диаграмма 1. Қазақы ою-өрнектің заманауи дизайнда қолданылуын қалай қабылдайсыз?
Шетелдік азаматтардың қазақы ою-өрнекке деген көзқарасын, оның заманауи дизайндағы рөлін және нарықтағы сұранысын анықтауға бағытталған сауалнама өткіздік. Нәтижелер көрсеткендей, шетелдік азаматтардың 52.6%-ы қазақы ою-өрнекті тарихи-мәдени мұра ретінде қабылдаса, 26.3%-ы оны сәндік элемент деп есептейді. Бұл қазақы ою-өрнектің тек ұлттық құндылық ретінде ғана емес, эстетикалық рөл атқаратынын да дәлелдейді.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, шетелдік азаматтар қазақы ою-өрнектің заманауи дизайнда қолданылуын 100% қолдайды. Дегенмен, 68.4%-ы оның барлық жағдайға сай келмеуі мүмкін екенін атап өткен. Бұл қазақы оюларды заманауи контексте үйлесімді қолданудың маңыздылығын көрсетеді. 84.2%-ы қазіргі жарнамада ұлттық оюлар аз қолданылатынын атап өтті. Бұл қазақы ою-өрнекті халықаралық брендтер мен маркетингтік стратегияларда кеңінен пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Жастар арасында ұлттық ою-өрнекті дәріптеуді маңызды деп санайтындар 100%-ды құрады, бірақ олардың 52.6%-ы оны заманауи стильмен үйлестіру қажет деп есептейді. Бұл дәстүр мен инновацияның үйлесімді дамуы қажеттігін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқан шетелдік азаматтардың басым бөлігі (68.4%) егер ұлттық оюлар сапалы әрі әдемі түрде қолданылса, мұндай өнімдерді сатып алуға дайын екенін білдірді.
Қорытынды
Қазіргі заманауи мәдениеттегі ұлттық графикалық дизайн – ұлттық болмысты сақтап, оны әлемдік аудиторияға танытудың тиімді құралы. Ол мәдени мұраны жаңа деңгейге көтеруге, ұлттық ерекшеліктерді заманауи трендтермен ұштастыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылығы мен рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Олар тек сәндік элемент қана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің символы, тарихи шежіре және қазақ халқының дүниетанымының көрінісі болып табылады. Бүгінде графикалық дизайнның қарқынды дамуы мен цифрлық технологиялардың кеңінен қолданысы ұлттық нақыштарды заманауи визуалды коммуникация құралдарымен үйлестіруге жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Графикалық дизайнда ұлттық ою-өрнектерді қолдану – мәдени мұраны сақтау мен жаңғыртудың тиімді жолдарының бірі. Дизайнерлер ұлттық өрнектерді брендтерге, жарнамалық өнімдерге, веб-дизайнға және түрлі сандық медиа платформаларға енгізу арқылы қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттауға үлес қосуда. Ою-өрнектерді графикалық элементтер ретінде қолдану заманауи стильдер мен трендтерге сай жаңаша интерпретациялауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ұлттық мәдениеттің заманауи аудитория арасында танымал болуына септігін тигізеді.
Ұлттық ою-өрнектерді графикалық дизайнда пайдалану бірнеше маңызды артықшылықтарға ие: біріншіден: олар өнімнің бірегейлігін арттырады, екіншіден: ұлттық мәдениетке қызығушылықты оятады және қазақтың бай мұрасын жаңа қырынан танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі заманда брендтер үшін бірегейлік пен түпнұсқалық маңызды факторға айналып отырғанын ескерсек, ұлттық элементтерді дизайнда қолдану компанияларға тұтынушылармен терең байланыс орнатуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Алайда ұлттық ою-өрнектерді тиімді пайдалану үшін олардың мән-мағынасын, шығу тегін және қолдану ерекшеліктерін терең түсіну қажет. Дизайнерлер тек эстетикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар символдық мағынасына да мән беріп, олардың түпкі философиясын бұзбай, мәдени құндылықтарды құрметтей отырып жұмыс істеуі тиіс. Бұл ұлттық мәдениеттің бұрмалануының алдын алып, оның дұрыс және заманауи түрде дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық ою-өрнектерді графикалық дизайн саласында кеңінен қолдану үшін білім беру саласында арнайы курстар мен бағдарламаларды енгізу маңызды. Болашақ дизайнерлерге ұлттық нақыштар мен олардың мән-мағынасы туралы тереңірек білім беру арқылы, оларды заманауи үрдістермен үйлестіруге мүмкіндік жасауға болады. Осы бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ұлттық дизайнның дамуына жағдай жасалса, бұл мәдени мұраны сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін графикалық дизайнда пайдалану – ұлттық құндылықтарды заманауи қоғаммен үйлестірудің тиімді жолы. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ұлттық мәдениеттің сақталуына, оның жаңа деңгейде дамуына және халықаралық аренада танымал болуына ықпал етеді. Сондықтан дизайнерлер мен зерттеушілер ұлттық мұраны ұлықтап, оны жаңа технологиялармен үйлестіру арқылы, мәдени мұраның заманауи келбетін қалыптастыруға бар күш-жігерін салуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
- Солтанбаева.Г. Мәнгілік өнер: Ою-өрнек тарихы. - Алматы- 2016. - 124б.
- Жұмабайұлы, Б. Ою-өрнек әлемі. - Алматы : Үш Қиян, 2018. - 262б.
- Н. Шайгозова А. Б. Наурзбаева ; ҚР Ғылым және жоғары білім мин-гі, Қаз. ғыл.-зерт. мәдениет ин-ты, ҚР Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық ком-ті... – Алматы : [б. ж.], 2023. - 320 б.
- Бәрімбеков, Ж. Жетісу өрнектері.-Талдықорған : Старков С. А., 2023. - 123 б.
- Байділдаұлы, Ш. Қазақтың ою-өрнектері: - Алматы : Өнер , 2006.
- Ерлан Қожабаев. Қазақ оюлары. -Алматы-
Оставить комментарий