Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 5(301)
Рубрика журнала: Филология
Секция: Лингвистика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ НЕЙРО ЖЕЛІНІҢ РӨЛІ
THE ROLE OF NEURAL NETWORKS IN ENGLISH LEARNING
Nazim Kadyrbek
student of the specialty "Convergent Journalism", Taraz University named after M.Kh. Dulaty,
The Republic of Kazakhstan, Taraz
Perizat Ocpanova
scientific supervisor, Master of Pedagogical Sciences, Taraz University named after M.Kh. Dulaty,
The Republic of Kazakhstan, Taraz
АННОТАЦИЯ
Қазіргі таңда ағылшын тілі жаһандық қарым-қатынастың негізгі құралының біріне айналуда, сондықтан, тілді үйрену көптегі адамдар үшін өте маңызды болып саналады. Соңғы жылдары жасанды интеллект пен нейрондық желілер арқылы ағылшын тілін үйреніп жүрген жандарға жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Нейрондық желілер шетел тіліндегі ережелерді үйрену, не болмаса жылдам аудармалар, сөздік қорды кеңейту не болмаса жақсартуға арналған қосымшаларда кеңінен қолданылуда. Бұл мақала тіл үйрену процесін жылдамдатып жекелендірген оқыту әдістерін ұсынады.
ABSTRACT
Nowadays, English is becoming one of the main tools of global communication, so learning the language is considered very important for many people. In recent years, new opportunities have been opening up for those who are learning English through artificial intelligence and neural networks. Neural networks are widely used in applications for learning foreign language rules, or for quick translations, expanding or improving vocabulary. This article will help you speed up the language learning process and offer personalized learning methods., reflecting the subject matter of the article.
Түйін сөздер: нейрондық желі; жасанды интеллект; тілдік.
Keywords: neural network; artificial intelligence; language.
Ағылшын тілін үйренуде нейрондық желілердің артықшылықтары өте көп және олар оқу процесін жылдамдатып, тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл технологиялар үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеп, оларды білім алушының деңгейі мен қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді. Мысалыға айтар болсақ, нейрондық желілерге қарай негізделген Duolingo және Babbel сияқты платформалар оқушының және студенттің ағымдағы білім деңгейін тест арқылы автоматты түрде анықтап, оқу жоспарын деңгейіне байланысты құрастырады. Мұндай тәсіл ақпаратты жылдам меңгеріп, тілдік дағдыларды күшейтеді. Тілдік дағдыларды кешенді дамытудың қандай маңызы бар. Нейрондық желілер ағылшын тіліндегі категорияларды кешенді түрде 4 түрлі критерийлер бойынша дамытуға пайдасын береді, олар: тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу. Әр дағдыны дамытуға арнайы бейімделген нейро желілік бағдарламалар оқу үдерісін тиімді етіп, тілді жан-жақты меңгеруге, интонация мен дыбыстарды дұрыс айтуға жағдай жасайды. Speech Recognition API және Google Translate сияқты қосымшалар тілді үйренушілерге әртүрлі акценттер мен сөздердің қалай оқылуын түсініп, оларды қайталауға зор мүмкіндіктер береді. Бұл технологиялар ақпаратты жылдам әрі қолжетімді меңгеруге, оқу үдерісін жылдамдатуға, қателерді түзетуге және тілдік дағдыларды кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Нейрондық желілер тіл үйренушілердің білім деңгейін анықтап, әр оқушыға арналған жеке оқу жоспарын құрастыру арқылы оқу тиімділігі жоғарлатуда. Сонымен қатар, нейро желілердің кемшіліктері де назардан тыс қалмауы керек. Олар контекстуалды және мәдени сөз мағыналарын толық түсінбеуі, сөздер мен сөз тіркестерін тікелей аударуы, интонация мен тілдің нәзік аспектілерін жеткізе алмауы сияқты кемшіліктерге ие. Бұл қосымшалар мен платформалар тіл үйренушілерде технологияға тәуелділік тудыруы, сондай-ақ оқушының дербес ойлау және шығармашылық қабілеттерін төмендетеді. Шынайы қарым-қатынас пен тілдік ортада тәжірибе жинау мүмкіндіктерінің шектеулілігі де нейро желілердің толыққанды тіл меңгеру құралы ретінде әлеуетін азайтады.
Осыған байланысты, ағылшын тілін үйренуде нейро желілерді көмекші құрал ретінде ғана тиімді қолдану қажет. Оларды дәстүрлі оқу әдістерімен, мысалы, оқытушылармен немесе тілді жетік меңгерген адамдармен бетпе-бет қарым-қатынаста бірге пайдалану ұсынылады. Тіл үйренушілер нейрондық желілерді өз қабілеттерін толықтыру және тілді тереңірек меңгеру мақсатында қолданғаны дұрыс. Қорыта айтқанда, нейро желілердің артықшылықтарын тиімді пайдаланып, кемшіліктерін ескеріп, оларды басқа оқу құралдарымен үйлестіре отырып қолдану ағылшын тілін үйрену үдерісін барынша тиімді және жан-жақты етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Иванов, П. П. Нейронные сети и их применение в обучении иностранным языкам. // Образование и наука, 2020. – №4. – С. 34-37.
- Сидорова, А. Н. Использование нейросетевых технологий для изучения иностранных языков. // Информационные технологии в образовании, 2019. – №2. – С. 45-49.
- Петров, М. А. Преимущества и недостатки нейронных сетей в образовании. // Современные исследования, 2021. – №7. – С. 21-25.
Оставить комментарий