Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 39(293)
Рубрика журнала: Медицина
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9
ҚАН ТАМЫРЛАРЫНДАҒЫ ҚАН АҒЫСЫНЫҢ БИОФИЗИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
АННОТАЦИЯ
Гемодинамика - дегеніміз қанның қан тамырлар жүйесі бойынша ағысын қарастыратын биомеханиканың бөлімі. Жалпы қан айналым жүйесіне бізде жүрек пен қан тамырлар жатады. Осы жүйе арқылы бізде ұлпалар мен жасушаларға оттегі тасымалданады. Қан айналым биофизикасы - қан айнылым кезіндегі физикалық процестерді зерттейтін сала.
Түйін сөздер: биофизика, гемодинамика, қан айналым жүйесі, биомеханика, пульстік толқын, ламинарлы, турбулентті.
Қaн тамырлaр бізде aдaм мен жaнуaрлaр оргaнизмінің жүрек-тaмырлар жүйесіне жaтaтын, қaбырғaсы серпімді келген түтікше мүшелер. Тұтқыр сұйықтардың түтікше мүшелер бойымен ағысы медицина үшін маңызды, себебі бізде қан диаметрі әртүрлі болып келетін цилиндр тәрізді тамырлар арқылы ағады. Қанның басты физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Накты сұйықтың ағысы кезінде оның жеке қабаттары бір-біріне жанама бойынша әсерлеседі. Бұл кұбылысты ішкі үйкеліс немесе тұтқырлық деп атайды. Сұйықтық қозғалысының екі түрі бар: ламинарлық және турбуленттік ағыстар. Ламинарлы ағыс — газ немесе тұтқырлы сұйықтықтың қабат-қабат болып араласпай ағуы. Турбуленттік ағыс — сұйықтықтың немесе газдың әр нүктесінде уақыт өзгеруіне байланысты қозғалыс жылдамдығының мәні де, бағыты да өзгеріп, сұйық қабаттарының араласып ағуын айтамыз.
Адам денесіндегі қан айналымы ламинарлы және турбулентті де болуы мүмкін. Ламинарлы болған кезде қалыпты жағдайда, бір бағытта бір-біріне параллель ағады, әрбір қабаттың ағысы келесі қабаттан бұзылмай өтеді. Қан ағысы турбулентті болатын кездер ол адамның қан қысымы жоғарылаған кезде, жүрек-қан тамыр ауруларына ұшыраған кезде болады. Қанның тұтқырлығы қанның қойылуына,сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 5 есе артық. Сау адам қанының тұтқырлығы 4-5 аралығында, ағзадағы патологиялық өзгерістер кезінде 1,5-3 және 6-22,9 мәндер аралығында өзгеріп отырады. Тұткырлықты өлшеу әдістерінің жиынтығын вискозиметрия деп, осы мaқсaттa колдaнылaтын құрaлдaрды вискозиметр деп aтaйды.
Систола, жүректің жиырылуы кезінде қан сол қарыншадан қолқа тамырға және одан әрі ірі артерияларға шығарылады. Диастола, жүректің босаңсуы кезінде аортаның қақпашалары жабылып, жүректен ірі қан тамырларына қарай қанның ағысы тоқталады. Жүрек бұлшықеттері жиырылғанда пульстік толқын өтеді. Пульстік толқын- дегеніміз жүректің бір соғу фазасында қолқа және артерия тамырлар бойымен жоғары қысымда таралатын қан толқындары.
Қанайналым жүйесі бұзылған кезде болатын аурулар
Қанайналым биофизикасының бұзылуы әртүрлі ауруларға алып келуі мүмкін. Мысалы:
1. Гипертония (жоғары қан қысымы) - қан айналымының биофизикалық бұзылуы, тамырлардың тарылуы немесе қанды қозғалтатын күштің артуы.
2. Атеросклероз - инфаркт, инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары ауруларына себеп болуы мүмкін.
3. Тромбофлебит - бұл кезде веноздық қанның ағысын баяулатады, нәтижесінде қан ұйып, тромб түзіледі.
4. Жүрек жеткіліксіздігі - бұл аурудың себебі көбінесе жүрек бұлшықетінің әлсіреуі немесе жүрек клапандарының дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады және т.б.
Қорытындылай келсек, қанайналым биофизикасы адам ағзасындағы барлық қан тамырлардың жүйесін реттеп бақылап отырады. Осы биомеханикаларды түсініп, медицинада диагностиканы, емдеу шараларын қолдана аламыз. Егер де қанайналым жүйесі бұзылса, адамдар көптеген аураға душар болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі:
- Медициналық және биологиялық физика, А.Н.Ремизов, Мәскеу 2019
- Биофизика оқу-әдістемелік құралы, Б.М. Адибаев, Қарағанды 2017
- studfile.net
- biotus.kz
- kk.wikipedia.org
Оставить комментарий