Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 39(293)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
DEVELOPMENT OF COGNITIVE ACTIVITY OF PRIMARY SCHOOL STUDENTS IN ENGLISH LESSONS
Guldana Kabulova
student, faculty of foreign languages, Karaganda research university named after E. A. Buketov
Kazakhstan, Karaganda
Abisheva Gulnar Ibraevna
Scientific supervisor, Senior Lecturer at the Department of the theory and methodology of foreign language training, Karagandy resarch university named after E. A. Buketov
Kazakhstan, Karaganda city
АҢДАТПА
Біздің қазіргі басты мәселеміз бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру. Мақсатымыз бастауыш сыныптағы оқушылардың тілге деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға жағдай жасау. Яғни бастауыш сынып оқушыларының өзге тілге деген көз қарасы, қызығушылығы, олардың сана сезімінің қабылдай алуы, сол тілде ойлануға, сөйлеуге бейімделуі олардың басқа тілді сапалы меңгеруге көмектесетін маңызды факторлар.
ABSTRACT
Our current main concern is the formation of cognitive activity in primary school students. Our goal is to stimulate the interest and motivation of primary school students in language learning, while developing their cognitive activity and creating conditions to enhance their creative abilities. In other words, the attitude and interest of primary school students towards a foreign language, their ability to perceive and think in that language, and their adaptability to speaking in that language are crucial factors that help them master a foreign language effectively.
Кілт сөздер: танымдық белсенділік; ойлай алу; қабылдау; зейін; дағдылану.
Keywords: cognitive activity; thinking ability; perception; attention; habituation.
Танымдық белсенділік деңгейі әр балада әртүрлі болуы мүмкін. Оны дамыту үшін оқу барысында интерактивті әдістер, зерттеу жобалары, топтық жұмыстар мен пікірталастар қолданылуы тиімді. Бұл әдістер адамның ақпаратты тереңірек түсінуіне және жаңа дағдыларды меңгеруіне көмектеседі.Танымдық белсенділік сондай-ақ, мотивациямен тығыз байланысты. Егер оқушы өз білімін арттыруға қызығушылық танытса, ол көбірек сұрақ қояды, жаңа ақпараттарды іздейді және тәжірибе жинақтайды. Осының нәтижесінде, танымдық белсенділік оқушының жалпы дамуында және оқу нәтижелерінде маңызды рөл атқарады. Танымдық белсенділік – бұл адамның ақпаратты қабылдау, түсіну, өңдеу және қолдануға бағытталған белсенді әрекеттерінің жиынтығы. Ол ойлау процесіне, зерттеуге, сұрақ қоюға және өз бетінше білім алуға негізделеді. Танымдық белсенділік адамның зейінін, қызығушылығын, және ынтасын арттырады, сонымен қатар проблемаларды шешу және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. [1]
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін бірнеше тиімді тәсілдерді қолдануға болады:
- Интерактивті тәсіл: Топтық жұмыстар, пікірталастар, рөлдік ойындар сияқты әдістер оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етіп, қызығушылықты арттырады. Бұл әдісте мұғалім көмекші рөлінде болады. Мақсат балалардың барлығы қарым- қатынасқа түсу. Мысалы бастауыш сынып оқушыларына рөлдік ойындарды бере аламыз. Олар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін таңдап, сол рөлде ойнауға қызығушылықпен атсалысады. Немесе балаларды қызықтыратын тақырыптарды зерттеп, сол тақырыпта топтық жұмыс жасай аламыз. Топтық жұмыс жасау барысында оқушылар бір- бірімен тығыз байланысқа түсе алады және өздеріне қызықты тақырыпты талқылау барысында тілге деген қызығушылықтары артып, сол тілде ойлау, жүйелеу, қабылдау процесі жүре бастайды.
- Зерттеу жобалары: Оқушыларға өздігінен зерттеу жүргізуге мүмкіндік беру. Бұл оларға ақпаратты тереңірек түсінуге және критикалық ойлауды дамытуға көмектеседі. Мысалы “ My dream holiday” тақырыбында жоба жасау. Осы тақырып бойынша оқушылар жоба жасайды. Жоба жасау барысында олар ағылшын тілінде салт- дәстүр, мәдениет жайында тереңірек білім ала бастайды. Осы секілді оқушыларды қызықтыратын және олардың ағылшын тілін дамытуға үлкен үлесін қосатын тақырыптарды таңдауымыз керек. Бұндай тақырыптар олардың тек тіл байлықтарын арттырып қана қоймай сонымен қатар ағылышын мәдениетін түсінуге, ойлау кеңестіктерінің кеңеюіне, сыни ойлай алуларына ықпалын тигізеді.
- Сұрақ қою мәдениеті: Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандыру, олардың қызығушылықтарын қоздыру. Сұрақтар талқылау барысында оқушылардың белсенділігін арттырады. Мысалы сабақ соңында "Think-Pair-Share" тәсілін қолдану. Оқушылар ең алдымен жеке сұрақтарға жауап беріп, одан кейін жұптасып, пікір алмасады, сосын сынып алдында өз идеяларын бөліседі.
- Проблемалық тапсырмалар: Шынайы өмірдегі мәселелерді шешуге арналған тапсырмалар. Бұл оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытады. Бұл тәсілде топтық жұмыс жасауға да болады. Бастысы өміріміздегі немесе әлемдік мәселелерді қозғау және оларға оқушылардың шешім табуы. Осылайша олар ағылышын тіліне тереңірек үңіле бастайды. Әлемдік проблемаларды ағлышын тілінде тани бастайды. Сабақ барысында топқа бөліп оларға өзекті тақырып барысында жоба жасап оны қорғауды және сол проблемаға шешім шығаруды талап етуіңіз керек. Осылайша біз оқушылардың барлығын белсенді түрде сабаққа қатыстыра аламыз және олардың сыни ойлауын, топта жұмыс істеу қабілетін, және проблемаға шешім табуды үйрете аламыз.
- Кері байланыс: Оқушыларға өз жұмыстары туралы конструктивті кері байланыс беру, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талқылау. Бұл олардың дамуында маңызды рөл атқарады. Алайда олардың кемшіліктерін өздеріне оң түрде жеткізе білуміз керек. Өйткені, оқушыларға өз қателерін біле тұра, оны қабылдау қиынға соғуы мүмкін. Сабаққа деген қызуғушылығын жоғалтып алмас үшін, олардың қателіктерін оң түрде жеткізе білу маңызды. Нақты айтатын болсақ, оқушылардың жасаған жобаларын бағалап, нақты ұсыныстар беру. Мысалы, "Сендердің аргументтерің күшті, бірақ оларды нақты мысалдармен қолдансаңдар, жақсы болады". Дәл осылай оқушылардың жеке кемшіліктерін айтқан кезде де, оларға жақсырақ ұсыныс айта отырып, ең дұрыс жолдарын үйрете отырып, қателіктерін түсіндіру керек.
- Технологияларды қолдану: Оқу процесіне заманауи технологияларды енгізу. Мысалы, онлайн курстар, интерактивті бағдарламалар және білім беру платформалары. Қазіргі таңда көптеген оқушылар бір қалыпты сабақ жоспарын ұнатпайды. Кітап оқып, жаттығулар жасау олар үшін қызықты емес. Жаңа замандағы оқушыларға әр сабақта әр түрлі әдіс, тәсілдерді қолдану керек. Әсіресе оларға технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу қызығырақ. Ойындар, активитилер, көрнекіліктерді қолдана отырып сабақ түсіндірер болсақ, оқушылардың ағылшын тіліне деген махаббаты арта түседі.
- Мотивация мен қызығушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін оқу материалдарын таңдау кезінде олардың мүдделерін ескеру, жобаларды жеке қызығушылықтарына сәйкес ұсыну. Сабақтың басында оқушылардың қызығушылығына байланысты тақырыпты анықтау үшін "Brainstorming" ойынын өткізу. Оқушылар өз идеялары мен қалауларын жеткізе алады, сәйкесінше мұғалім оқушылардың қызығушылығына мойынсұна отырып сабақ жоспарын құрады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының жоғалуының бірден бір себебі тақырыптардың дұрыс таңдалмағандығы екендігін ұмытпауымыз қажет. Дұрыс тақырып таңдау- оқушылардың сіздің пәніңізге деген махаббатын арттыратын ең маңызды фактор екенін ескеріңіз.[3]
- Оқыту ортасын жасау: Қызықты және ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру, мысалы, ресурстармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Оқушылар әдемі және қызықтыратын ортада білім алуға құштарланады. Және ол орта оқушыларға сол пәнге байланысты жақсы, позитивті ой қалыптастыруы қажет. Тілге деген қызығушылықты осы тәсілден бастасақ та болады. Барлық жағдайда адамның дамуы үшін оның айналасының тартымды және қызықты болуы маңызды рөл атқарады. [2]
Осы әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, олардың білім алуға деген ынтасын күшейтуге болады.
Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту, олардың жоғары сыныпта шетел тілінде жоғары деңгейде сөйлеуіне, ағылшын тіліндегі мәліметтерді толық түсінуге, ағылшын тілінде ойлана алуға және сыни ойлауға көмектеседі. Бастауыш сыныптың танымдық белсенділігін дамытуда мұғалімнің басты рөл атқаратынында есте сақтауымыз қажет. Бастауыш сынып оқушылары ең алғаш ағылшын тілін үйренуде мұғалімнен дұрыс бағыт пен бағдар, білім алған жағдайда, оқушы үшін шет тілін үйрену қиынға соқпайды.
Әдебиеттер тізімі:
- Пиаже Ж. To Understand Is to Invent: The Utopia of Education. New York: Viking Press, 1973. 12- 15 с.
- Larsen- Freeman D. & Anderson M. Techniques and principles in language teaching. Oxford: Oxford University Press, 2011. 121- 140 с.
- Аронова, А. В. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру [Электрондық ресурс] // InfoUrok. – Режим доступа: https://infourok.ru/ailshin-tili-sabainda-oushilardi-ou-tanimdi-belsendiligin-arttiru-1017346.html (қол жеткізу күні: 28.11.2024).
Оставить комментарий