Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 21(275)
Рубрика журнала: Информационные технологии
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9
BIM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ
TRAINING IN BIM TECHNOLOGIES ADVANTAGES, TOOLS AND EFFICIENCY
Dana Abuova
student of the faculty of architecture, International Educational Corporation
Republic of Kazakhstan, Almaty
Zhanar Kobenkulova
scientific supervisor, master, assistant –professor, International Educational Corporation,
Republic of Kazakhstan, Almaty
АННОТАЦИЯ
В данной статье рассматривается использование BIM-технологий и программ визуализации в процессе проектирования и строительства.
ABSTRACT
This article discusses the use of BIM technologies and visualization programs in the design and construction process.
Ключевые слова: ғимаратты ақпараттық модельдеу, визуализация.
Keywords: building information modeling, visualization.
Қазіргі таңда кеңінен қолданылып жатқан заманауи технологиялар бірі - BIM технологиясы болып табылады. BIM технологиясын қолдануда ғимараттың ақпараттық моделін құру бойынша жұмыс екі кезеңде орындалады. Біріншіден – құрылыс өнімдеріне сәйкес келетін бастапқы объект элементтері (терезелер, есіктер, еден плиталары және т.б.) және жабдық элементтері (жылыту және жарықтандыру құрылғылары, лифтілер және т.б.) және тағы басқалар ғимаратқа тікелей қатысты элементтерге жататын блоктар тобы әзірленеді. Екіншіден – құрылыс алаңындағы (іргетас, қабырғалар, шатырлар, перделердің қасбеттері және т.б.) объектілерді модельдеу [1].
Құрылыста BIM модельдеуді жүзеге асыруда қолданылатын көптеген бағдарламалар жетерлік. Ғимаратты ақпараттық модельдеуді жүзеге асыруда Allplan, ArchiCAD, Revit, Tekla, Renga сияқты мамандандырылған CAD жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға да болады. Солардың ішінде BIM шешімдері (ArchiCAD, Revit, Tekla) BIM технологиясын жоғары дәрежеде жүзеге асыруға және жобамен мәліметтер базасы ретінде жұмыс істеуінің арқасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Аталған бағдарламалардың ішінен жобалау саласында кеңінен танымал, ғимараттарды ақпараттық модельдеу тұжырымдарын іске асыратын Revit бағдарламасымен орындалған бірнеше жобалар ұсынылады. Ақпараттық модельдеу үшін арнайы бағдарламаларды қолдану жаңа программаға көшу ғана емес, жобалау әдістемелеріне процесті өзгерту болып табылады. Ғимараттың ақпараттық моделінде қарапайым геометриялық өлшемдерден басқа, пайдаланылатын материалдардың құрылымы, олардың тығыздығы, жылу өткізгіштігі және өзге де физикалық қасиеттері туралы мәліметтер болуы мүмкін. Ғимараттың ақпараттық моделін сауатты құрастырған соң, сызбалардың барлық түрлерін, тізімдеме кестелерін, ғимараттардың ерекшеліктері мен экспликацияларын, жобаланатын ғимарат бойынша айтарлықтай барлық жобалық құжаттаманы автоматты түрде алуға болады. BIM технологиясының мәні: пайдаланушы ғимараттардың үш өлшемді ақпараттық моделін құрайды [2]. Ұсынылып отырған жұмыстарда жобалау мен визуализация саласында кеңінен танымал болған визуализация бағдарламаларында орындалған жұмыстар келтірілген. Визуализация немесе рендеринг компьютерлік бағдарламаның көмегімен модельден кескін алу процесін білдіретін компьютерлік графикадағы термин. Сапалы рендеринг үшін ең маңыздысы-рендерингке байланысты барлық математикалық есептеулерді жылдам есептей алатын қуатты компьютердің болуы. Екінші маңызды элемент-мамандандырылған рендеринг бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы. Сондықтан мұндай бағдарламаларды пайдаланушы үшін көрсету қарапайым процесс. Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламар тізіміне 3D-Max, Maya, V-Ray, Mental-Ray, Corona Render, Lumion сияқты рендерлерді жатқызуға болады. (1-сурет).
1-сурет. Визуализация жасалынған жоба көрінісі.
BIM модельдеу - барлық ақпаратты дерекқорға енгізеді. Модельдегі мәліметтер - техникалық-экономикалық көрсеткіштер және басқа параметрлер ақпараттық модель құрайды. Бұл бізге заманауи жобалық құжаттаманы және визуализацияны алуға мүмкіндік береді [3].
Ғимараттарды ақпараттық модельдеу-әр түрлі мамандар мен ұйымдармен әзірленген болашақ ғимараттың компоненттерін есептеуге, қосуға және келістіруге арналған мүмкіндігі зор технология болып табылады. Жобаның әр түрлі кезеңдерінде осы компоненттердің дұрыстығын, тиімділігі мен пайдалану сипаттамаларын тексеруге мүмкіндік береді. Мамандармен салынған объектінің цифрлық моделі жұмыс құжаттамасының жазылуына, құрылыс конструкциялары мен бөліктерін жасауға негіз бола алады. (2-сурет).
Ұсынылған суреттерде Lumion визуализациясы қолданылды. Lumion - бұл негізінен сәулетшілерге, дизайнерлерге және суретшілерге арналған презентация бағдарламасы, олар үшін 3D шығармашылық құралдардың бірі ғана, жобамен жұмыс істеу кезеңдерінің бірі болып табылады. Нақты уақыттағы көріністі жасау және өзгерту, түрлі 3D файл пішімдерін импорттау, қоршаған ортаны басқару мен жұмысты бейне немесе бейне түрінде бейнелеу үлесі зор бағдарлама.
2- сурет. Визуализация жасалынған жоба көрінісі
Қорыта келгенде, BIM-технологияларды қолдану ғимараттардың барлық құрылымдық элементтерін, олардың технологиясын, көп сатылы цифрлы жобалаумен заманауи бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын меңгеруді үйретеді. Ал Көптеген ғылыми мақаларда BIM технологиясы мен визуализация программаларын қолдану кеңінен талданып, зерттелуде.
Әдебиеттер тізімі:
- Вандезанд Джеймс, Рид Фил, Кригел Эдди "Autodesk Revit Architecture". Учебное пособие " Издательство: ДМК-Пресс, 2017 г.
- Наширалиев, Ж. Т. Қазақстандағы BIM-технологиялар. Tekla Structures өнеркәсіптік жобалаудың негізгі құралы /Ж. Т. Наширалиев, Асылбек Сафаралиулы Шадкам. –Текст : непосредственный // Молодой ученый. –2020. –№ 33 (323). –С. 160-163.
- Рид, Фил. Autodesk Revit Architecture. Официальный учебный курс / Фил Рид, Джеймс Вандезанд, Эдди Кригел; переводчик Владимир Талапов. –М. : ДМК «Пресс», 2015. –328 с.
Оставить комментарий