Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 17(229)

Рубрика журнала: Экономика

Секция: Регионоведение

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7

Библиографическое описание:
Сабырқызы А., Қасымова Д.Ә. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2023. № 17(229). URL: https://sibac.info/journal/student/229/288019 (дата обращения: 25.11.2024).

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Сабырқызы Аяжан

студент, халықаралық қатынастар кафедрасы, «Тұран» университеті,

Қазақстан, Алматы

Қасымова Дариға Әшімбайқызы

студент, халықаралық қатынастар кафедрасы, «Тұран» университеті,

Қазақстан, Алматы

Тулекова Гулжан Хажмуратовна

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к. филол. ғылымдар, доц. «Журналистика және аударма» кафедрасы «Тұран» университеті,

Қазақстан, Алматы

АННОТАЦИЯ

Түрік және қазақ халықтарының тілі, тарихы мен мәдениеті ортақ тамырға негізделген. Біздің ортақ құндылықтарымыз елдерімізді тығыз байланыстырады. Бұл тұрғыда Қазақстанмен қарым-қатынас Түркияның сыртқы саясатында әрқашан ерекше орын алды. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел бола отырып, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа уақыт ішінде Қазақстанның қол жеткізген өзгерістерін, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуды жоғары бағалайды. Қазақ жастарына барынша мүмкіншілікті көрсету мақсатында Түркия елімен арадағы қарым-қатынасты нығайту. Қазақстандық дипломатия алдағы уақытта да Түркияны маңызды әріптес ретінде қарастыра отырып, мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне баса назар аударатын болады.

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім саласындағы әріптестік мəселелері қаралып, осы орайда қазіргі таңдағы екі мемлекет арасындағы гуманитарлы қарым-қатынастар  сипатталған.

 

Кілт сөздер: қазақ-түрік қатынастары, серіктестік, білім саласы, өзара байланыс, ынтымақтастық, тарихи байланыс,университет, Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы.

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап Түркия мемлекетімен арада көптеген келісімдер жасалды. Бұл келісімдер еліміздің әртүрлі салалардағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастығымыздың негіздерін айқындады. Түркия мемлекетімен тығыз байланыс орнату халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттеріміздің бірі болып саналады. Бұл екі мемлекетті жақындастырған тағы бір басты фактор-екі халықтың туыстық, бауырлас ел болуында, әрі тарихының ортақтығы болып табылады. Түркия 1991 жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттің бірі болғаны белгілі. 1992 жылдың наурыз айында екі ел арасында дипломатиялық қатынастар жасала бастады. Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы алғаш дипломатиялық қатынас 1992 жылы мамыр айында басталған болатын. Білім және мәдениет саласындағы тұрақты ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастың тағы бір маңызды бөлігін құрайды. Елдер арасындағы қарым-қатынас тек ресми билік арасындағы байланыспен ғана шектелмеген, жан-жақты түрде дамып жатыр. Қазақ халқы түрік халқымен тарихы мен мәдениеті ортақтас болғандықтан, бұл саланы қайта жаңғыртып, дамытудың қажеттігін көрсетеді. Екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойынша жасалынып жатқан байланыстардың ішінде тарихи-мәдени, сонымен қатар білім саласындағы дипломатиялық қатынастарды дамытуда, одан әрі алға жылжытуға басты назар аударылды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында Түркияның консулдығы жұмыс жасайды, сондай-ақ Ақтау қаласында консулдық ашылған болатын, Түркияның құрметті консулдығы Шымкент қаласында орналасқан. Түркия мен Стамбулда Қазақстанның бас консулдығы жұмыс істейді, еліміздің консулдығы Анталья қаласында жұмыс жасайды. Түркияның басқа да қалаларында одан бөлек жеті құрметті консулдық орналасып жұмыстарын атқаруда.

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда жоғары білім алу үшін Түркия ең қолайлы мемлекеттердің бірі болып табылады. Түркия мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Түркиямен байланысты бірнеше оқу орындары бар. Бұл оқу орындары еліміз үшін бірқатар жүйелі жұмыстарды атқаруда. Қазақстанның білім саласындағы дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынасты  сақтап, одан әрі ілгерілетуде маңызды рөл ойнайды.

1996 жылы құрылған Сүлейман Демирел атындағы университет қазіргі таңда Қазақстандағы үздік, перспективалы оқу орындары қатарында алдыңғы орынды алады. Университеттің негізгі мақсаты білім мен ғылымды дамытуға өз үлесін қосу, жоғарғы білікті мамандарды дайындау және студенттердің тәжірибе алмасуына жәрдемдесу болып табылады.

Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 4 қалада орналасқан. Орталығы Түркістан қаласында орналасқан. Университет кампусында 31 мыңға жуық студент білім алады. Сонымен қатар, Түркі дүниесін зерттейтін қор, Орталық Азия мәдениет қорына қарасты оқу орындары бар. Университет білім берумен қатар түрік тілі курстарын да ұсынады.

Түркия жоғарғы оқу орындарына түсу үшін бірнеше бағдарламаларды ұсынады. Түркия бурслары бағдарламасы –шетелдік студенттерге Түркия университеттерінде тегін білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның қоятын талаптары қиын емес. Талапкерге түрік немесе ағылшын тілін білу міндетті емес. Шетелдік студенттер бір жыл бойы түрік немесе ағылшын тілін жетілдіру курстарына қатыса алады. Ал егер тілді жақсы меңгерген болсаңыз, оқуды бірден бастап кете аласыз. Түркия бурслары бағдарламасы шетелдік студенттерге бірқатар жеңілдіктер ұсына отырып, болашаққа үлкен мүмкіндіктер ашады.

Мевлана бағдарламасы – Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарының және шетелдік жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері арасында академиялық тәжірибе алмасу. Қазақстандықтар бұл бағдарлама арқылы кем дегенде 1 семестр тегін оқи алады. Мевлана бағдарламасының ерекшелігі талапкерлердің тәжірибесін шетелдік студенттермен бірге жақсартуға, одан әрі жетілдіруге арналған.

Болашақ бағдарламасы - Түркия мемлекетінде тегін білім мүмкіндігі. Бұл бағдарлама шетелдік жетекші университеттердің магистратурасы мен докторантурасында оқуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілін жетік білу маңызды болып табылады. Келісім-шартқа сәйкес, түлектер міндетті түрде Қазақстанға оралып, 3-5 жыл аралығында мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндеттелген.

Түркия Қазақстанның ең маңызды өңірлік әріптестерінің бірі болып табылады, онымен тек экономикалық қатынастар ғана емес, сондай-ақ терең білім байланыстар да дамыды. Түрік-қазақ  қатынастарының болашағы әлемнің барлық державалары арасындағы қатынастардың басқа елдерге зиян келтіру мүмкіндігін болдырмай, бейбіт келіссөздер арқылы көптеген мәселелерді, келіспеушіліктер мен қайшылықтарды шешуге ұмтылуға байланысты болады.

Қазақстанның Түркиямен жасаған білім саласындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Мемлекеттердің тығыз байланысы екі ел болашағы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан мен Түркия мәдениетінің ұқсастығының арқасында бейімделу процесі жеңілдетіп, студенттердің жергілікті халықпен тез әрі тиімді қарым-қатынас жасауына, жаңа таныстар мен іскерлік байланыстар орнатуына үлкен көмегін тигізеді. Түркияда жоғары білім алу, студенттердің сапалы оқуына әсер етеді. Түркияның жоғары оқу орындары барлық заманауи еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес келеді және шетелде тізімделген дипломдар береді.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынас әртүрлі салаларда жақсы дамып келеді. Екі мемлекет арасында білім беру  саласындағы дипломатиялық байланыстар жалғасуда. Екіжақты байланыстарымызды жетілдіру жолында атқаратын істеріміз көп.

Қорытындылай келе, Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынастар 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін екі мемлекет үшін маңызды орын алады және одан әрі дамытуда екі тараптанда үлкен жұмыстар атқарылуда.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бурыбаева А.А. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары: 1991-2001 жылдар. Алматы, 2002. 3-4 беттер.
  2. Будак Ф. Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы // Яссауи университетінің хабаршысы, 2002. №1. 123-бет
  3. Динамика развития казахстанско-турецких отношений на современном этапе. [Электрон. ресурс] – 2022. – URL: https://articlekz.com/article/7196
  4. Қазақстан мен Түркия арасындағы білім ынтымақтастығы, Мәметова С. [Электрон. ресурс] https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/1659/1316
  5. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастық, С.А. Авджу [Электрон. ресурс] organized+%2851%29-136-143.pdf
  6. «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім» [Электрон. ресурс] https://egemen.kz/article/268662-turkiya-prezidentininh-qazaqstangha-alghash-resmi-saparyna-30-dgyl
  7. Мұстафа Кемал Ататүрік дәуіріндегі түрік тілі зерттеулері, О. Қабадайы [Электрон. ресурс] https://bulletinorientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/1659/1316
  8. Тюркское братство. История взаимоотношений Казахстана и Турции [Электрон. ресурс] – 2022. – URL:https://baigenews.kz/tyurkskoe-bratstvo-istoriya-vzaimootnosheniy-kazahstana-i-turtsii_140029/
  9. Түркия еліндегі «Turkiye Burslari» бағдарламасы [Электрон. ресурс] https://kazbilim.kz/?p=13985
  10. 2020-2021 оқу жылына арналған «МЕВЛАНА» (ТҮРКИЯ) АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫ [Электрон. ресурс] https://www.keu.kz/kz/khaly-araly-yntyma-tasty/kh-b-rl-ndyrul-r/6835-programma-akademicheskogo-obmena-mevlana-turtsiya-na-2020-2021-uchebnyj-god-2.html

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.