Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(227)
Рубрика журнала: Психология
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
THE INFLUENCE OF TELECOMMUNICATIONS ON THE PSYCHOLOGY OF A SCHOOL-AGE CHILD
Ayaulym Ualikanova
Student, department of foreign language and translation, Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University,
Republic of Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Dilnaz Baiseitova
Student, department of foreign language and translation, Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University,
Republic of Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
АҢДАТПА
Бұл мақалада мектеп жасындағы балалардың психологиясы және оның сыртқы факторлардың араласуымен өзгеріске ұшырауы туралы айтылады. Балалардың заманауи гаджеттерге құмарлықтары ата – ананың назарында ұстау мәселесі көтеріледі. Бала психологиясын зерттей отырып болашақ жас ата – аналарға керекті кеңестер ұсынылады. Сондай – ақ коммуникацияның оң және теріс жақтарын бірге талдап, теріс жақтарымен күресу үшін шаралар қарастырамыз. Ең басты мәселе – кәмелеттік жасқа дейінгі баланың психологиялық дамуы мен оған әсер ететін факторларды жіті талдап, оқырманға ұсыну. Заман талабына сай гаджеттерді тиімді пайдалану арқылы баланы дұрыс тәрбиелеу және оның ғаламтор құрсауына бағынышты болып кетпеуін қадағалау туралы ашып айтылады. Әрі біз өз мақаламызда әлемдік статистикаға жүгіне отырып, деректі мағлұматтармен бөлістік.
ABSTRACT
This article discusses the psychology of school-age children and how they undergo changes with the intervention of external factors. Children's cravings for modern gadgets and the problem of keeping the same cravings in the center of attention of parents are raised. Studying child psychology, future young parents are offered the necessary advice. We will also analyze the pros and cons of communication together and consider measures to combat the cons. The most important point is to classify, analyze and present to the reader the psychological development of a child of legal age and the factors affecting it. It is about raising a child correctly with the effective use of modern gadgets and making sure that he does not become subordinate to the clutches of the internet. In our article, we shared documentary information, addressing the world statistics.
Тірек сөздер: бала психологиясы, ұялы телефон, телекоммуникация, әлеуметтік желі, жас дағдарыстары, технология, агрессивті мінез-құлық.
Keywords: child psychology, mobile phone, telecommunications, social networking, age crises, technology, aggressive behavior.
Тұлға болып қалыптасу үшін қоғамға белсене араласып, өз ортаңды табуың өте маңызды. Балаға қарапайым оң мен солын таныту, ненің жақсы ненің жаман екенін түсіндіру тікелей ата-ананың қолында. Ал бүгінгідей ғаламторға тәуелділіктің жоғарылауы бұл қарапайым процесстерді тежеу үстінде.Танымдық іс-әрекет бала үшін өте маңызды, өйткені ол белгілі бір практикалық дағдыларды меңгеруге, білімді сапалы үйренуге, қарымқатынас функцияларын дамытуға және басқалармен қарым-қатынас жасауға, қоғамға бейімделуге, балаға өзінің нені түсінуіне мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Осының барлығының көмегімен баланың жаңа нәрсеге деген қызығушылығы, сонымен қатар шығармашылық пен бастамашылдық қасиеттері қалыптасады. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамытудың үлкен мүмкіндіктері – жаңа оқу құралдары. Компьютерлер, интернет, телекоммуникация желілері балаларға үлкен әсер етіп, қазіргі баланың айналасында ерекше ақпараттық әлемді қалыптастырады, оның сана-сезімі мен дамуына әсер етеді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға әкеледі. Қазіргі уақытта педагогикада компьютерлік ойындар жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады.
Л.С. Выготский баланың ғаламторда өзі қалаған ойынды ойнайтынын, бірақ жасына байланысты нақты өмірде жүзеге асыра алмайтынын айтады. Мысалы, көлік жүргізу ойындары. Ойындар балалардың өздеріне ойын тапсырмаларын түсіну, қабылдау және орындау қабілеттерін қалыптастырады. С.Л. Новоселова, С. Паперт, Г. Путку және басқалардың пікірінше, баланың интеллектісін, шығармашылық қабілетін дамытуда ақпараттық технологиялардың алатын орны ерекше. Баланың танымдық белсенділігі жоғары болуы үшін оның баланың өзі оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы болғаны, яғни өз мүмкіндігіне қарай зерттеп, тәжірибе жасап, бақылап, сезініп, салыстырып, талдап, өз бетінше қорытынды жасауы қажет.
Балалардың танымдық белсенділігін дамытуға оң әсер етумен қатар, кері әсері де бар екенін айту керек. Негізгі мәселе психологиялық тәуелділік болуы мүмкін. Бұл тәуелділік балаларға теріс әсер етеді, себебі ақпараттық технологиялар баланың жеке дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі компьютерде немесе телефонда уақыт шектеусіз ойнағанды ұнатады және бұл балаға өте зиянды. Гаджеттермен қарым-қатынас психикаға әсер етеді, осылайша тірі қарым-қатынас проблемаға айналады. Жас өсіп келе жатқан ағза визуалды, сондай-ақ нейроэмоционалдық стресстің теріс әсеріне өте сезімтал. Сондықтан компьютерде ұзақ отыру баланың денесіне шамадан тыс күш түсіруімен қатар, болашақта ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Егер бала шамадан тыс толқып, тітіркеніп және агрессивті мінез-құлық көрсететін болса, нашар ұйықтап, түнде жиі оянса, бұл оның компьютермен байланысын қатаң шектелуі керек екендігінің сенімді белгісі.
Интернетке деген құштарлық бала мен оның ата-анасы арасындағы нашар қарым-қатынасқа себеп болуы мүмкін. Бұл кезеңде қарым-қатынас кері бағытта жұмыс істейді. Яғни егер ата-ана балаға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетпесе, ол интернеттің көмегімен олардың жетіспеушілігін өтей бастайды. Бұл ата-аналардың арасындағы жанжалдар мен түсініспеушіліктерге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар қаншалықты жиі қайталанса, соғұрлым қарым-қатынас нашарлайды. Жағдай неғұрлым ушықса балада ата-анаға деген өшпенділік пайда болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған жағымсыз әсерге қарамастан, жалпы алғанда, ақпараттық технологиялар танымдық белсенділікті дамытуда орасан зор рөл атқарады. Ендеше, бүгінгі таңда ересектердің, ата-аналардың, мұғалімдердің міндеті – балалардың заманауи ақпараттық технологияларға деген ынта-ықыласын дамыту әлеуетін барынша арттыру, оқушыларды білімге ұмтылуға, пайдалы дағдыларды игеруге баулу және бағыттау.
Қорытындылай келе, гаджеттерді ақылға қонымды шектерде пайдалану керек деп айта аламыз. Кез келген құрылғының пайдасы да, зияны да бар. Оқу үшін мүмкіндігінше қағаз кітапты таңдаған дұрыс. Компьютерлік ойындардан басқа, белсенді ойындар да болуы керек. Тек осы тәсілмен баланың физикалық және психикалық дамуы зардап шекпейді.
Әдебиеттер тізімі:
- Лев Выготский «Психология развития ребенка» Эксмо, 2006.
- С.Л. Новоселова «Дидактические игры и занятия с детьми раннего возраста. Пособие для воспитателя детского сада» Москва, 1977
- С.Паперт «Переворот в сознании: Дети, компьютеры и плодотворные идеи» Москва, 1989
Оставить комментарий