Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 4(216)
Рубрика журнала: Технические науки
Секция: Энергетика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6
ҚАЗІРГІ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУ МІНДЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ РЕЖИМДЕРІ
THE MAIN MODES OF DISPATCHING CONTROL TASKS OF THE MODERN POWER NETWORK DISTRIBUTION STATION
Kassymzhomart Sagatbek
Master’s student, Almaty university of power engineering and telecommunications named after Gumarbek Daukeev,
Kazakhstan, Almaty
Aksholpan Kopesbayeva
Scientific supervisor, Doctor of technical sciences, Professor, Almaty university of power engineering and telecommunications named after Gumarbek Daukeev,
Kazakhstan, Almaty
АНДАТПА
Диспетчерлік және технологиялық басқарудың барлық деңгейлерінде жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, есепке алу және талдау функциялары орындалады. Бұл мақалада төтенше жағдайлар туралы уақтылы ақпараттандыруды қамтамасыз ету; жүйеде қолданылатын техникалық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық шешімдер есебінен қосалқы станция жабдығының сенімділігін арттыру; жүйеде қолданылатын техникалық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық шешімдер есебінен жабдыққа рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін азайту және де қысқа тұйықталу токтарының (ТҚ) есептеулері релелік қорғаныс параметрлерін таңдау және олардың сезімталдығын тексеру үшін қысқа тұйықталу токтарының күтілетін деңгейлерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізіледі.
ABSTRACT
Planning, organization, control, regulation, accounting and analysis functions are performed at all levels of dispatching and technological management. This article provides timely information on emergency situations; increasing the reliability of substation equipment due to technical, software and organizational solutions used in the system; due to the technical, software and organizational solutions used in the system, studies are carried out in order to reduce the possibility of unauthorized access to the equipment and to determine the expected levels of short-circuit currents in order to select relay protection parameters and check their sensitivity.
Кілт сөздер: максималды ток қорғанысы; қосалқы станция; диспетчерлік жүйе; релелік қорғаныс.
Keywords: maximum current protection; auxiliary station; dispatching system; relay protection.
Электр энергетикалық жүйелерді (ЭҚЖ) диспетчерлік және технологиялық бақылау қазіргі уақытта автоматтандырылған басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Басқару үшін пайдаланылатын ақпарат мыналарды қамтиды:
- электр энергиясын өндіру және бөлу процесі туралы режимдік ақпарат және телеметрияны пайдалана отырып, қосалқы станциялар мен электр станцияларынан нақты уақыт режимінде алынған электрлік қосу схемасының жағдайы туралы ақпарат;
- нормативтік-анықтамалық ақпарат (жедел журналдар, тәуліктік режимге арналған тапсырмалар, жөндеу кестесі, қалыпты режимдерді ұстау және авариялық режимдерді жою нұсқаулары, бағдарламалар мен коммутация нысандары, басқару пункттеріндегі кернеу карталары және т.б.).
Кернеуі 6-35 кВ (кейбір жағдайларда 110 кВ дейін) таратушы электр желілері барлық дерлік тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді:
Ірі және шағын өнеркәсіп кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, электрлендірілген темір жолдар, газ құбырлары және мұнай құбырлары. Бұл ретте тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы барлық үзілістердің 75%-ы дәл тарату желілерінде орын алады. Осы желілердегі тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі техникалық шешімдер кешенімен қамтамасыз етіледі:
- екі немесе одан да көп қоректендіру желілерін (электр желілерін) салу;
- әрбір қосалқы станцияда (ҚС) кемінде екі төмендеткіш трансформаторды орнату;
- коммутациялық құрылғылар арқылы электр беру желілері мен тарату құрылғыларын секциялау;
- басқарудың, қорғаудың және автоматтандырудың жаңа сапалы құралдарын қолдану арқылы.
Сол себепті аппараттық деңгейде электр желісінің құрылғыларын, желі сапасын қадағалап қорғауға RS83-A2.0 микропроцессорлы қорғау құрылғысын қолданамыз. RS83-A2.0 құрылғысы 6 ... 35 кВ кернеуі бар желілерге арналған релелік қорғаныс тізбектерінде және авариялық автоматикада қолдануға арналған, сонымен қатар басқа кернеу кластарының қосылымдарында қолданылуы мүмкін.
Максималды ток қорғанысы үш кезеңде жүзеге асырылады (сур.1). Әрбір кезең үшін оның енгізу-шығаруы бөлек орындалады, уақыт пен ток параметрлері орнатылады және блоктауға арналған дискретті кірістер, шығыс релелері, ажыратқыштың істен шығуы релелерін іске қосу бөлек тағайындалады.
Сурет 1. Максималды ток қорғанысы жүйесінің функционалды схемасы
МТЗ үш кезеңінің кез келгені іске қосылғанда КL1 шығыс релесі желіні ажыратып, қажетті қорғанысты белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырады. МТЗ мәндерін анықтау үшін және іске қосылу уақытын есептеу үшін келесідей формулалар арқылы анықталады.
110 кВ, 35 кВ, 10 кВ желілерінің электр қосылыстарының қолданыстағы схемасы негізінде есептеулер үшін эквивалентті схема құрастырылды.
Таблица 1.
Т-4000 кВА 35/10 кВ қосалқы станциясының трансформаторының параметрлері мен қысқа тұйықталу токтарын есептеу
Атауы |
Жоғары кернеу |
Төмен кернеу |
Трансформатордың номиналды кернеуі (кВ) |
35 |
10,5 |
Реттеу шектері, реттеу қадамдары |
+-2*2,5% 5 позиция |
|
Бастапқы номиналды ток (A) |
65.98 A |
219.9 A |
Қысқа тұйықталу кернеуі (%) |
7.47% |
|
Трансформатор кедергісі (Ом) |
22.87 Oм |
|
Трансформатор ток коэфициенті |
100/5 |
300/5 |
Трансформатор токының жалғануы |
Y |
|
Үш фазалы тұйықталу тоғы |
253 А |
199 А |
(1)
— қайта қалпына келтіру коэффициенті, 0,85-0,9 тең болуы мүмкін;
— дифференциалдық токтағы екінші гармоника мазмұнының есептік мәні. Кернеу класына, КТ қайталама орамдарының қосылу схемасына және дифференциалды токты генерациялау алгоритміне байланысты.
Теңестіру токтарының параметрлерін анықтаймыз.
(2)
Дифференциалды қорғаныс жұмысының бастапқы тоғын анықтаймыз.
(3)
Сурет 3. Максималды ток қорғанысының уақыт-ток сипаттамалары
ПС35/10 кВ параметрлері :
МТЗ : Iс.з.=50 А Т=1,5 с ;
МТО: Iс.з.=380 А Т=0,0 с ;
Ктт= 100/ 5
Сыртқы қорғаныстар
Құрылғыдағы сыртқы қорғаныс - бұл құрылғының дискретті кірістеріне қосылған сыртқы сенсорлардың контактілерінің жұмысына жауап беретін функциялар. Сыртқы қорғаныстың функционалдық диаграммасы (сур.2) көрсетілген.
Сыртқы қорғанысты ұйымдастыру әдеттегі қорғаныстың кез келген сатысын ұйымдастыруға ұқсас. Бұл жағдайда қорғаныс сатысының бастапқы элементінің функциясы сандық кірісте контакті бар сыртқы сенсор арқылы орындалады.
Сурет 2. Сыртқы қорғаныстың функционалдық схемасы
Сыртқы қорғаныс дискретті кіріске тағайындалады, ол одан іске қосылады және оның функцияларының бір түрі болып табылады. Сондықтан оның өзіндік анықтамалық белгісі немесе атауы жоқ, бірақ сәйкес цифрлық енгізу атрибуттарын пайдаланады.
Әдебиеттер тізімі:
- Акименков М.В. Информационные основы диспетчерского и технологического управления в электроэнергетических системах. Конспект лекций для магистрантов всех форм обучения специальности 6М071800 – Электроэнергетика. – А.: АУЭС, 2010.
- Siemens Energy Sector • Справочник по энергетике • Издание 7.0
- Орлов Л.Л., Егоров Д.В., МЭК 61850 – новый стандарт для построения систем автоматизации в энергетике, Электрические станции 11/09.
- МИКРОПРОЦЕССОРНОЕ УСТРОЙСТВО РЕЛЕЙНОЙ ЗАЩИТЫ И АВТОМАТИКИ РС83-А2.0 РУКОВОДСТВО ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ ЕАБР.656112.011 РЭ URL: http:// rzasystems.kz/
Оставить комментарий