Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 37(207)

Рубрика журнала: Политология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5

Библиографическое описание:
Жақсылық Е.Ж. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ РӨЛІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 37(207). URL: https://sibac.info/journal/student/207/269573 (дата обращения: 20.04.2024).

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ РӨЛІ

Жақсылық Еңлік Жәнібекқызы

магистрант, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,

Қазақстан, Алматы қ.

Халикова Шахназ Бахитжановна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, PhD доктор, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қазақстан, Алматы қ.

АҢДАТПА

Мақала электрондық үкіметтің мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, азаматтар, бизнес және үкімет арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа тәсілін қалай жүзеге асыратынын ашады. Бұл ретте мемлекет пен өтініш берушінің жеке қарым-қатынасы барынша азайтылып, ақпараттық технологиялар мүмкіндігінше пайдаланылады.

 

Кілт сөздер: электронды үкімет, мемлекет, ақпараттық технологиялар, цифырлық мемлекет, мемлекеттік басқару.

 

Ақпараттық технологиялар мемлекеттік секторда кең таралған және олардың елеулі түрде қатысы жоқ қоғамдық мәселе немесе мемлекеттік қызметті елестету қиын. Мемлекеттік басқару зерттеулері қазір деректердің қолжетімділігі мен сапасының, сондай-ақ мемлекеттік секторда қолданылатын технологиялардың әсерін қамтиды. Жобаларды басқару көзқарасына сәйкес, цифрлық үкімет бірлескен өндірістің, транспаренттіліктің, қоғамдық құндылықтың құрылуының және инновацияның маңызды бөлігі.

Бүгінде біз биліктің барлық тармақтарында, барлық деңгейлерінде азаматтардың, мемлекеттік қызметкерлердің және саяси көшбасшылардың  қажеттіліктеріне қолданылатын құралдырды, қосымшаларды және жаңа технологияларды көріп отырмыз. Мобильді қосымшалар, ашық деректер, әлеуметтік медиа, техникалық және ұйымдастырушылық желілер, сенсорлар, әлеуметтік желілер, деректерді талдау және т.б. үкіметтің жұмыс ортасына енгізілген.

ЮНЕСКО-ның электронды басқару анықтамасына сәйкес: «Мемлекеттік сектордың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалануы ақпарат пен қызмет көрсетуді жақсарту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуын ынталандыру және үкіметтің есептілігін,ашықтығын, тиімділігін қалыптастыру» үшін қажет. [1]

Электрондық үкімет – бұл ақпараттық технологиялардың көмегімен олардың жүйелілігін қамтамасыз ететін мемлекет пен азаматтардың, мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің тұтас механизмі. Дәл осы механизм мемлекеттік органдарға кезектерді қысқартып, анықтамаларды, рұқсаттама құжаттарын үйде отырып алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда электронды үкімет жобасын құру идеясы Тұңғыш Президенттің бастамасымен енгізіліп, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының жыл сайынғы Жолдауында жарияланған болатын. 2006 жылдың 12 сәуірінде алғаш рет электрондық үкіметтің  egov.kz веб-порталы іске қосылды. 2019 жылғы статистикаға сәйкес азаматтарға қолданыстағы 235 мемлекеттік қызмет пен портал қызметі бойынша 27,5 миллионнан астам қызмет көрсетілсе, Телеграмм-боттағы 24 электрондық қызмет бойынша 141 мың пайдаланушыдан 160 мың қызметке сұраныс түскен. Электронды үкіметтің жұмыс істеуі барысында мемлекеттік қызметтердің 82 пайызы автоматтандырылған. Азаматтар апта сайын egov.kz арқылы қызметтерге 1 миллионға дейін өтініш жасайды. [2]

Еліміздегі электрондық үкімет саясаты негізгі үш кезеңді қамтиды:

• 1- ші кезең: электрондық үкімет инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктерін дамыту, мысалы, мемлекеттік портал, банк жүйесімен байланысты қамтамасыз ететін «төлем шлюзі», ұлттық сәйкестендіру жүйесі, ақпараттық және транзакциялық электрондық қызметтермен қамтамасыз ету, азаматтар арасында ғаламторды пайдалануды ынталандыру;

• 2-ші кезең: электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейту (транзакциялық сипатта) және кешенді мемлекеттік әкімшілік процедураларды АКТ арқылы қайта құру;

• 3-ші кезең: толыққанды ақпараттық қоғам құру, электрондық денсаулық сақтау, электрондық білім беру, электронды мәдениет, электронды демократия және басқа да қызметтерді көрсету.

Республикадағы технологиялардың қарқынды өсуіне және қызметтерді көрсетудің электронды форматына бағдарлануға негіз болған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Цифрлық мемлекетке көшу – бұл халық пен бизнеске қызмет көрсету, оның қажеттіліктерін болжау инфрақұрылымы ретіндегі мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты. [3]

Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 141 млрд теңге сомасында қаржыландыруды қажет етеді.Сондай-ақ 169 миллиард теңгеден астам қаражат квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тартылады деп күтілуде. Бағдарламаның бенефициарлары ретінде бүкіл халық, бизнес және өмірдің барлық салаларына әсер ететін мемлекеттік органдар болады.

2022 жылға қарай цифрландыру нәтижесінде 300 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.[3]

Электрондық үкімет мемлекеттік басқарудың электрондық құжат айналымы жүйесі ретінде бүкіл республика бойынша барлық әкімшілік процестерді автоматтандыруға негізделген және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және шығындарды азайту мақсатында жүзеге асырылады. Бір сөзбен  айтқанда, электрондық үкіметті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру деп сипаттауға болады. Мемлекеттік басқаруды автоматтандыру жүйесі бүкіл ел бойынша басқару процестерінің барлық кешенін автоматтандыруға негізделген және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен шығындарды азайтуға бағытталған.

Электронды үкімет мемлекеттік процестердің ашықтығын, азаматтардың саясатқа қатысуын арттырып,  сыбайлас- жемқорлық тәуекелділігін барынша азайтады. Ал сыбайлас- жемқорлық  үкімет бастамалары мен қызмет көрсетудің тиімділігіне айтарлықтай қиындықтар тудыратыны белгілі. Бұл еліміздің әр түкпіріне еніп, әл-ауқатына нұқсан келтіретін үлкен әлеуметтік мәселелердің бірі. [4]

Бүгінгі таңда электрондық үкімет мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат берудің тиімді тәсілі. Азаматтарға, бизнеске ең аз ақша және уақыт шығынымен мемлекеттік қызметтерді көрсету.Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қашықтан түрін енгізудің оң нәтижелеріне қызметтерді алу уақытының қысқаруы, қызмет алушылардың кең географиялық қамтылуын жатқыза аламыз. Кері байланыс және азаматтарды мемлекеттік басқаруға тарту мүмкіндігі, азаматтардың цифрлық сауаттылығын дамыту, ашықтық [5, с. 82].

Қорытындылай келе, электронды үкімет мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының тиімді нысандарын құру, халық пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кететін уақыт пен шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты өзгерту, қабылданған шешімдер мен олардың салдары үшін ел азаматтары алдында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. UNESCO (2000), Proceedings and Proposals: INFOethics 2000, CII-2000/CONF. 402/CLD), Paris, France. [Электронды ресурс] http://webword.unesko.org/infoethics2000/documents/proceedings.rtf
  2. Электронды үкімет порталы. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметіне 11 жыл. [Электронды ресурс] https://egov.kz/cms/kk/news/egov_11years
  3. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңнама. [Электронды ресурс] https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
  4. Anupriya Khana, Satish Krishnana, Amandeep Dhir.  Electronic government and corruption: Systematic literature review, framework, and agenda for future research. [Электронды ресурс] https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0040162521001694
  5. Электронное правительство в информационном обществе / Станкевич Л. Т. // Қазақстандағы PR және БАҚ ; 5-жинақ. - 80-84 б.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.