Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 22(192)

Рубрика журнала: Социология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9

Библиографическое описание:
Утеген Ж.Т. ТЕЛЕАРНАЛАРДАҒЫ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 22(192). URL: https://sibac.info/journal/student/192/259623 (дата обращения: 29.12.2024).

ТЕЛЕАРНАЛАРДАҒЫ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Утеген Жанель Танирбергенкызы

Магистрант, журналистика және репортерлық іс, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Дуйсенгазин Серикзат Максутович

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өнімін жарыққа шығару тілдің көмегінсіз іске аспайтыны белгілі. Бүгінгі жаһандану кезеңінде БАҚ өрісі қарқынды дамып, әмбебап сипат алған. Ақпараттар дәуірінде бүкіл адамдарға  телевизияның қоғамдағы маңызы орасан. Әлемнің түкпір-түкпірінен жаңалықтарымен бөлісіп, көрерменнің рухани әлеміне тәрбие ұрығын сепкен теледидардың алатын орны өлшеусіз. Бүгінгі  коғамның күндерін телевизиясыз елестету мүмкін болмай калды. Дүние жүзінде орын алып жатқан  жайттан қазақтарда алда келеді. Адамдардың күнделікті қайталана беретін күйбең тірліктен мезі болып, ерік-жігіері жасығанда, адам баласы  көгілдір экран әлеміне бір сәт көңіл аулау үшін үңіледі [1].

Көрермен тапжылмай көретін, рух көтерер бағдарламаларды аңсайды. Ол - көркем тілді хабарлар. Ол - тарихтан белгілі тұлғалар, даланың ұлы аналарының бейнесі атамекеннің ғажайып табиғаты мен этнографиясы туралы деректі хабарлар. Сондай-ақ, жастарға арналған танымдық ақыл-ой жарысы, балақайларға арналған ата мен әженің ертегі хабарлары, шоу бағдарламалар керек. Шоудың өз міндеті бар. Шоулар «бір ауыз сөз тоқтайтын» халықтың рухани азаттығына кепілдік бола алмайды. Оның аты - тіл. «Қазақша сөйлейік» деп зарлаудың күні өтті, «қазақ тілі ғажап тілдің кереметтігін» дәріптеу дәуірі туды. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді эфир арқылы шеше алатын тікелей хабарларға аса зәруміз. Көрермен теледидардан ұлттық болмыстың абыройын асқақтатқан тілдің шырайын шығара сөйлейтін мамандардың айтары бар кәсіби тележурналистерді көргісі келеді. Кәсіби мораль - еңбек етуші әр қызметкердің жұмыс істеу барысында өз-өзін ұстауы. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттен пайда болады. Оның қызметі - кәсіби топ мүшелерінің өз-өздерін ұстау арқылы еңбектің жақсы көрсеткіштерін көрсетіп, қоғамдағы өз орнын ақтай білу. Еңбек пен кәсіби моральдың арасында айырмашылық бар. Еңбек моралі қоғамға қызмет етеді. Ал кәсіби мораль кәсіби топ пен қоғамға қызмет етеді. Кәсіби және  жалпы моральдың өзара байланысынан «кәсіби борыш», «кәсіби жауапкершілік», «кәсіби ар-ұят», «кәсіби міндет» т.б. қосымша мағыналар пайда болды. Кәсіби міндет баршамызға белгілі журналистің іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік  қарым-қатынастан туындайды [2]. Бұл кәсіби тәрбиелік қарым-қатынаста «кәсіби жауапкершілік» пен «кәсіби ар-ұяттың» тығыз байланыстылығы айқын көрінеді. Журналист ар-ұяты адами болмысымен бірге өсіп-өнеді. Журналистің ар-ұяты - күллі іс-әрекетінің өлшемі, көрсеткіш нәтижесі іспетті. Егерде журналист тәрбиелік, этикалық заңдылықтарды бұзып, оған қайшы келетін іс- әрекет жасаса, ар-ұятының деңгейі тереңірек айқындала түседі. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңестер Одағы ыдырымай тұрған уақытта КСРО-ның конференциялық негіздегі журналистер Одағының I съезі «Журналистің кәсіптік этикасының Кодексін» қабылдады. Бұл Кодекстің негізгі максаты - демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету [3]. Құжат үш бөлімнен он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің кәсіптік этикасының принциптері» деп аталатын бірінші бөлімінде журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттерін былайша көрсеткен:

1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі;

2. Шыншылдығы мен объективтілігі;

3. Ар-ұяттылығы;

4. Адалдылығы;

5. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін құрметтеу;

6. Жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу;

7. Журналистердің кәсіптік ынтымақтастығы; [4].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі. - Атамұра - 1994 ж
  2. Қалиев С. Қазақ халқының салт дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы: РБК. - 1993ж
  3. Власкин А.Г. Оқушының рухани әлемі. - Ленинград.- 1991ж.
  4. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім тәрбие атауларынын түсіндірме сөздігі. - Алматы. - 1993ж

Оставить комментарий