Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 19(189)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10, скачать журнал часть 11, скачать журнал часть 12, скачать журнал часть 13
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ ЖАҒДАЙЫНДА БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИАЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
FEATURES OF USING CRITERION-BASED ASSESSMENT TECHNOLOGY IN THE CONTEXT OF DISTANCE LEARNING IN CHEMISTRY LESSONS
Maral Asilkhan
Master's student, Departments of «Chemistry and biology», M.Kh.DulatyTaraz Regional University,
Kazakhstan, Taraz
Raushan Taubayeva
PhD, Associate Professor of the Department of «Chemistry and biology», M.Kh.DulatyTaraz Regional University,
Kazakhstan, Taraz
Merey Rasul
Teacherof the Department of «Chemistry and biolog», M.Kh.DulatyTaraz Regional University,
Kazakhstan, Taraz
АННОТАЦИЯ
Мақалада критериалды бағалау жүйесінің анықтамасы мен міндеттері көрсетілген, білімалушыларға баға қою мәселесі және бағалаудың жалпы критерийлері қарастырылған. Білімалушылардың білімі мен дағдыларын тексеруде қиындық тудыратын себептердің бірі – тексеру шарттарының жүзеге асыруыанықталды.
ABSTRACT
The article describes the definition and tasks of the criterion-based assessment system, considers the problem of evaluating students and general evaluation criteria. One of the reasons that causes difficulties in checking students ' knowledge and skills is the implementation of the verification conditions.
Кілттік сөздер:критерий, бағалау, қашықтықтан оқыту, технология, ақпараттық технология, критериалды бағалау.
Keywords: criterion, assessment, distance learning, technology, information technology, criterion assessment.
Білім беру жүйесін жетілдіру «Қазақстан–2050»стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Реформалау мен жаңғырту үдерістерінің басты мақсаты білім беру жүйесін жаңа, тез өзгеретін жүйеге бейімдеу болып табылады, оған себеп әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті республиканың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруі туралы міндетті де қойған. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Білім беру жүйесін дамыту болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерге сүйенетін алаңға айналуға тиіс.
Елімізде туындаған эпидемиологиялық ахуалға байланысты білім беру мекемелері қашықтықтан оқытуға кірісті. Әлемде коронавирус пандемиясы өршігенде барлық білім беру мекемелері (мектептер, колледждер, ЖОО) қашықтықтан оқыту режиміне көшуге мәжбүр болды. Барлық білім беру формалары: дәріс, зертханалық және практикалық сабақтар электронды платформаға ауыстырылды.
Қашықтықтан оқыту – оқыту үдерісі тараптарымен келісілген білім, білік және дағды стандартын меңгеруге бағытталған, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, негізінен оқытушы мен білімалушылардың жанама өзара іс-қимылын көздейтін оқыту түрі[1].
Қашықтықтан оқыту кезінде білімалушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен сабаққа деген құзіреттілігін жоғалтып алмас үшін дұрыс әдіс-тәсілдер мен бағалау жүйелері қолданылды. Оның міндеттерінің бірі білім алушыларды қашықтықтан бағалау арқылы оқу үлгерімін жақсарту болып табылады.
Бағалау жүйесі – жетістіктердіөлшеудің негізгі құралы және білім сапасын анықтауға мүмкіндік беретін оқыту проблемаларын диагностикалау, оның әлемдік стандартқа сәйкестігі.Заманауиміндеттерге сәйкес келмеген жағдайда оқыту стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдер қабылдау білім беру саласында білім беру мазмұнын, сондай-ақ білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау формалары болып табылады.
Бағалау үдерісі – қазіргіоқыту мен оқудың маңызды элементтерінің бірі. Оқуүдерісін басқарудың тиімділігі көбінесе бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Мектептегі химиялық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары химияны оқыту әдістемесінің барлық аспектілерін, оның ішінде мектептегі оқыту үдерісінде интеграциялаушы рөл бөлінетін білімді бағалау әдістерін қозғайды [2].
Бағалаудың негізгі қызметі – кері байланыс алу, яғни нақты нәтижелерді күтілгендермен салыстыру. Кері байланыс өте маңызды, өйткені ол оқу үдерісінің ерекшеліктерін анықтауға, қажетті түзетулер енгізуге, осы немесе басқа оқу әрекетінің қалай орындалатынын анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, бағалау білімалушылардың жетістіктерін ағымдағы бағалау режимінде де, мектептен шығу кезінде де тіркеу үшін қажет. Ынталандырушы, мотивациялық бағалауды да елемеуге болмайды.
Қазіргі заманғы көзқарастар тұрғысынан бағалау:
- «нақты» өнімдерге негізделген, яғни практикалық қолданылуы мүмкін;
- іс-әрекетке негізделген;
- үдеріс пен өнімге бағытталған;
- жеке және топтық;
- стандарттарға нақты сәйкес келетін;
- икемді;
- білімалушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтайтын болуы керек.
Критерийлердің көмегімен білімалушының нақты жұмысы ғана бағаланады, бірақ ешқандай жағдайда оның өзі де, оның қабілеттерінің деңгейі бағаланбайды. Бағалауды шығарудың нақты алгоритмі жасалады, соған сәйкес білімалушы өзінің жетістік деңгейін анықтап, бағасын біле алады. Тек нені оқытқанды ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқумақсаттарының нақты көрінісі және пәннің жалпы оқу мақсаттарыбойынша білімалушылардың жетістіктерін бағалау болып табылады.
Критерийлер білімалушының қандай олқылықтары бар екенін, тағы не істеу керектігін, қандай оқу дағдыларын күшейту керектігін түсінуі үшін қажет. Белгі қоюдың субъективтілігін төмендету үшін; бағалау кезінде және өзін-өзі бағалау кезінде де бірдей жұмыс істейтін механизмді алу. Әр жұмыс түріне қарай рубрикатор (әрбір критерий бойынша білімалушылардың жетістік деңгейлерін және оларға сәйкес келетін ұпай санын толық түсіндіру) жасалады. Журналға қойылатын балдардың көмегімен тек осы арнайы айқындаушы жұмыстар бағаланады. Бағалаудыңнегізгі мақсаты – керібайланыс жасау, дескрипторлар (олардың көмегімен оқушылардың осы дағдыны дамытудағы жетістіктерінің деңгейлерін сипаттайды) құру. Дескрипторлар жұмысқа тартылған критерийлер нақты осы жұмысқа немесе жұмыс тобына жазылады.
Критериалды бағалау жүйесін енгізу оқыту сапасын арттыруға және оның күнделікті практикасын оқу үдерісінің барлық қатысушыларының өзара жауапкершілігіне қарай өзгертуге байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беред [3].
Критериалды бағалау – бұл білімалушылардың оқу жетістіктерін олардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі, нақты анықталған, ұжымдық дамыған критерийлермен салыстыруға негізделген үдеріс. Бақылаудың барлық түрлері бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылады. Критерий – бағалаудың өлшемі, оның негізінде бір нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеудің негізгі ережесі [5].
Критериалды бағалау технологиясы бойынша жұмыс істеу алгоритмі төмендегідей:
- БББ игеру нәтижелеріне қойылатын талаптарға сәйкес осы тақырыпты оқытуда мұғалім мен білімалушының мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- жоспарланған нәтижелер мен оқу бағдарламаларын игеру нәтижелерінің кодификаторына сәйкес құзыреттілікті қалыптастыруға көмектесетін тапсырмаларды таңдау немесе құрастыру;
- тапсырманы бағалау критерийін анықтау;
- құзыреттіліктің қалыптасу деңгейлерін бағалау үшін рубрикатор әзірлеу.
Критериалды бағалау компоненттеріне:
- Рубрикатор – бұл бір критерий бойынша білімалушылардың жетістіктері деңгейінің толық сипаттамасы және оларға сәйкес балл саны;
- Бағалау тапсырмасы – сынақ, эссе, жоба, бақылау жұмысы, зертханалық жұмыс, зерттеу;
- Тексеру парағы – бұл берілген тақырып бойынша білім мен дағдыларды өзін-өзі бағалау парағы жатады.
Химияны оқытуда «Қарапайым заттар» тақырыбынан бақылау жұмысты бағалауға арналған жоғарыда аталған критериалды бағалау компоненттеріне мысалдар келтіріп кетейік (1,2-кестелер).
1-кесте.
Химия курсы бойынша «Қарапайым заттар» тақырыбынан бақылау жұмысты бағалауға арналған рубрикатор
Тапсырма № |
Мазмұнның элементі |
Максималды балл |
«Ғылыми ақпаратты түсіну және беру қабілеті» В критерийі |
||
1.1 |
Бейорганикалық заттардың жіктелуі. Қарапайым және күрделі заттар |
1 |
1.2 |
Қарапайымзаттардыңфизикалыққасиеттері |
2 |
1.3 |
Қарапайым заттар – бейметалдардың физикалық қасиеттері |
1 |
1.4 |
Қарапайым заттар – металдардың физикалық қасиеттері |
1 |
1.5 |
Есептеулердіжүргізугеарналғанформула |
1 |
2.1 |
Физикалықшамалар |
2 |
2.2 |
Физикалықшамалар |
2 |
«Ғылыми ақпаратты бағалау және оны проблемалық мәселелерді шешу кезінде қолдану қабілеті» С критерийі |
||
3 |
Қарапайым заттардың молярлық массасын есептеу |
2 |
4.1 |
Молярлық масса бойыншазатмөлшерінесептеу |
2 |
4.2 |
Газ тәрізді заттың белгілі көлемі бойынша зат мөлшерін есептеу |
2 |
4.3 |
Газ тәрізді заттың көлемін зат мөлшері бойынша есептеу |
2 |
4.4 |
Зат мөлшері бойынша бөлшектер санын есептеу |
2 |
8-сынып химия бойынша «Қарапайым заттар» тақырыбынан № 2 бақылау жұмысының тапсырмалары
1 нұсқа
1. Зат мөлшері 0,2 моль Н2 сутегі газының а) массасын; ә)көлемін; б) молекулаларының санын есептеңіз.
2. Металдардың жалпы физикалық қасиеттерін атаңыз.
3. «Аллотропия - ...» деген анықтаманы толықтырыңыз.
4. Салмағы 6,4 г болатын O2 оттегінің зат мөлшері қандай?
5. 280 г азоттың (N2) көлемін есептеңіз.
6. Оттегінің қасиеттері мен қолдану аймақтарын атаңыз.
2 нұсқа
1. Зат мөлшері 0,2 моль О2 оттегі газының а) массасын; ә) көлемін; б) молекулаларының санын есептеңіз.
2. Бейметалдардың жалпы физикалық қасиеттерін атаңыз.
3. « Молярлық масса - ...» деген анықтаманы толықтырыңыз.
4. Салмағы 6,4 г болатын H2 сутегінің зат мөлшері қандай?
5. 28 г азот (N2) көлемін есептеңіз.
6. Озонның қасиеттері мен қолдану аймақтарын атаңыз.
2-кесте.
«Қарапайым заттар» тақырыбындағы бақылау жұмысына сәтті дайындалу үшін өзін-өзі бағалау парағы
Білу |
Түсіну |
- металдар мен бейметалдардың химиялық элементтердің периодтық кестедегі орны; - металдар мен бейметалдар атомдарының құрылысы; - қарапайым заттардың физикалық қасиеттері: металдар мен бейметалдар |
- металдар мен бейметалдардың химиялық элементтердің периодтық кестедегі орнын анықтау; - қарапайым заттардың физикалық қасиеттерін сипаттау және түсіндіру: металдар мен бейметалдардың нақты мысалдарымен |
- «Аллотропия», «аллотропты модификациялар» ұғымдар; - оттегінің, көміртектің аллотропты модификациясы |
- оттегі мен көміртектің химиялық элементтерінің аллотропты модификацияларының қасиеттерін салыстыру және мысалдар келтіру |
- заттың мөлшерін, молярлық массаны, молярлық көлемді өлшеу және белгілеу бірліктері |
- қарапайым заттардың формулаларын жазу; - заттардың молярлық массасын есептеу |
- молекулалардың массасы, көлемі және саны бойынша зат мөлшерін анықтауға арналған формулалар; - қалыпты жағдайдағы газ тәрізді заттардың молярлық көлемінің мәні (Авогадро заңы); - Авогадро (NА) санының мәні |
- белгілі масса мен көлем бойынша заттың мөлшерін есептеу; - молекулалардың санын заттың саны, массасы және көлемі бойынша есептеу |
Критериалды бағалау: қалыптастырушы және жиынтық болып бөлінеді.
Қалыптастырушы бағалау – күнделікті практикада (сабақ сайын, күн сайын), прогресті қамтамасыз ететін кері байланыс, мұғалім үшін де, білімалушылар үшін де қолайлы нысанда әрекет етеді, осылайша қалыптастырушы бағалау – қалыптастырушы, ынталандырушы қызметтерді атқарады.
Жиынтық бағалау жиынтық немесе қорытынды бағалау (қорытынды тест, бақылау жұмысы және т.б.) белгілі бір уақыт кезеңіндегі білімалушылардың оқу нәтижесін анықтап бағалау формалары мен әдістерін мұғалім қорытындылайды.
Тоқсандық бағалар бөлімдер/тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінен құралады. Тоқсанға жиынтық бағалау жүргізілмейді. Жылдық бағалау тоқсанның нәтижелерінен қалыптасады. Тоқсандық бағалар бөлім/тақырып және тоқсан үшін жиынтық бағалау нәтижелерінен белгілі бір пайыздық арақатынаста құралады. Пән бойынша білімалушының жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен қалыптасады.
Осылайша, критериалды бағалау технологиясының бірыңғай мақсаты бағалау жүйесін жеке оқу курсының да, мектептегі білім берудің тиісті деңгейінде білімалушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың мақсатты қондырғыларымен байланыстыруға мүмкіндік беретін белгілі бір параметрлерді (критерийлерді) пайдалану арқылы білімалушылардың оқу іс-әрекетінің табыстылығын анықтау және арттыру болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- «Об утверждении критериев оценки знаний обучающихся», Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 января 2016 года № 52.
- Информационные технологии в образовании: учебное пособие / сост. В.В.Журавлев. – Ставрополь: Северо-Кавказский Федеральный университет (СКФУ), 2014. – 102 с.
- Рассказова Н.Л. Технология критериального оценивания на уроках химии (из опыта работы) // Открытый урок, 2015.
- Методическое пособие для проведения контроля знаний учащихся с учетом критериального оценивания. – Астана: Автономная организация образования «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012
- Дистанционные технологии в дошкольном образовании: опыт и перспективы развития / Н.В.Федина, И.В.Бурмыкина, Л.М.Звезда и др. – Липецк: Липецкий государственный педагогический университет имени П.П. Семенова-Тянь-Шанского, 2018. – 236 с.
Оставить комментарий