Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(188)

Рубрика журнала: Медицина

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕГІ ЕТТЕККІР БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ФИТОТЕРАПИЯ // Студенческий: электрон. научн. журн. Ещанова Ж.Р. [и др.]. 2022. № 18(188). URL: https://sibac.info/journal/student/188/253159 (дата обращения: 20.04.2024).

ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕГІ ЕТТЕККІР БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ФИТОТЕРАПИЯ

Ещанова Жанат Рустембековна

Резидент, интерн, акушерство және гинекология кафедрасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті,

Казахстан, Алматы қ,

Матжанова Жазира Сұлтанбайқызы

Резидент, интерн, акушерство және гинекология кафедрасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті,

Казахстан, Алматы қ,

Қуатова Фариза Нұрлыбекқызы

Резидент, интерн, акушерство және гинекология кафедрасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті,

Казахстан, Алматы қ,

Сапаралы Айдана Зиябекқызы

Резидент, интерн, акушерство және гинекология кафедрасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті,

Казахстан, Алматы қ,

Оспанова Сауле Турсынгалиевна

научный руководитель,

Жоғары санатты дәрігер, акушерство және гинекология кафедрасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті,

Казахстан, Алматы қ,

АННОТАЦИЯ

Бүгінгі таңда қыз-келіншектер арасында етеккір бұзылысы жиі кездеседі нәтижесінде бедеулікке әкеліп соғады. Бұл ауруды болдырмаудың бірден бір жолы дер кезінде қаралып ем алу. Осы жобамызда нарықта сұранысқа жақсы ие болып жатқан Ивкер препаратының фармакологиялық әсері жайлы айтатын боламыз.

 

Кілттік сөз: менструальді цикл, фитопрепарат, ивкер, сауалнама, фитотерапия.

 

ӨЗЕКТІЛІГІ

Менструальды цикл-әр әйел ағзасында циклді түрде қайталанып отыратын өте маңызды процесс. Оның негізгі көрінісі менструация болып табылады (жыныс жолдарының қанды бөліністері).

Менструальды цикл алғашқы менархеден кейін 2 жыл көлемінде тұрақталады. Яғни бұл ерекшелікті ұмытпауымыз керек, себебі жасөспірім арасындағы менструальды циклдың бұзылысын анықтаудағы басты көрсеткіш болып табылады. Менструальды циклының реттелуі жоғарғы нейроэндокринді (бас-ми қыртысы, гипоталамус, гипофиз) және шеткі перифериялық құрылымдармен реттеледі. Сондықтан менструалды циклының бұызылыстары кезінде ең бірінші осы жүйелердің ауытқуларын жоққа шығаруымыз керек. Менструалды циклының биологиялық маңызы- бұл әйел адам ағзасының репродуктивті жүйесі мен функциясының жағдайының бірден бір көрсеткіші болып табылады.

Менструальды циклының бұзылыстары-локализация бойынша: орталық генезді (бас-ми қыртысы, гипоталамус, гипофиз ауытқулары) және шеткі генезді (овариалды және жатыр ауытқулары); клиникасы бойынша: гиперменструалды (меноррагия, метроррагия, полименорея) синдромы және гипоменструалды (олигоменорея, аменорея) синдромы болып жіктеледі.

Менструальды циклының бұзылыстарының себептері- психикалық қатты сілкіністер, әлеуметтік жағдай нашарлығы, тұқым қуалаушылық, климат факторлары, нейроинфекциялар, созылмалы аурулар, қалқанша безі және бүйрекүсті безі аурулары, ішкі және сыртқы  жыныс аномалиялары, семіздік сияқты себептер болуы мүмкін.Әдеби деректерге сүйенсек жасөспірім арасында менструальды цикл бұзылулары кең таралып жатыр (40-64%) Ал бұл өз кезегінде көптеген аурулардың себебіне әкеліп соғады солардың ішінде бедеулік, экстрагенитальды патологиялар, жатырдан тыс жүктілік т.б

Қaзіргі таңда нарықта жоғарыда аталған ауруларды емдеуге көптеген препараттар қолданыста жүр, соның ішінде жас организімге мейлінше жақсы көмектесетін фитотерапияның әсерін бақыладық.

Мақсаты мен міндеттері

➢Зерттеудің мақсаты: менструалды цикл бұзылысы бар жасөспірім қыздарға фитотерапияны қолдану тиімділігін анықтау.

➢Зерттеудің міндеттері:

1.Жасөспірімдерде менструалды бұзылуларды зерттеу үшін отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасау

2.Сауалнама негізінде менструалды цикл бұзылыстары бар жасөспірім қыздардың соматикалық және психологиялық патологиясының құрылымын анықтау

3.Жасөспірімдерде менструалды цикл бұзылыстарының ең жиі кездесетін себептерін анықтау

Зерттеу материалдары мен әдістері:

•10- қыркүйек пен 10- желтоқсан аралығында 11, 21, 29-шы қалалық емханаларда 11-17 жас аралығындағы менструалды цикл бұзылыстары бар 105 жасөспірім қыз зерттеуге алынды.

•Зерттеудің негізгі әдісі науқастарға сауалнама жүргізу және оларды 3 ай көлемінде бақылау негізінде болды. Сауалнама жүргізу барысында біз салмақ пен бойды, дене салмағының индексін және сауалнама кезіндегі жас, менархе, етеккір ерекшеліктерін, соматикалық патологияларды ескердік.

Ғылыми жаңалығы

•Сауалнама нәтижелері алынғаннан кейін 105 пациентке 3 ай мерзім көлемінде ғылыми жетекшіміздің басшылығымен фитопрепарат “Ивкер” тағайындадық. Пациенттерге фитопрепарат жайлы толық нұсқаулық беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

•Фитопрепарат - бұл дайын, коммерциялық атауы бар, құрамында белсенді зат ретінде өсімдік, өсімдік материалының бөліктері немесе олардың шикі немесе өңделген түріндегі комбинациясы бар  медициналық өнім. Фитотерапия жағымсыз реакциялардың болмауына және оны әртүрлі жас топтарында қолдану мүмкіндігіне байланысты үлкен қызығушылық тудыратынын атап өткен жөн.

Ивкер

Фармакологиялық әсері:

•Аналық бездердің секреторлық қызметіне ынталандырушы әсер етеді;

•Эндометрийдің қалпына келуіне ықпал етеді;

•Қан сарысуындағы эстроген мөлшерін қалыпқа келтіреді, бұл гормоналды тепе-теңдікке әкеледі;

•Қабынуға қарсы, спазмолитикалық, ауру сезімін басатын әсер көрсетеді;

•ЕАС кезіндегі ашушаңдық пен депрессивті жағдайды басады;

•ЮЖҚ кезіндегі қан кетуді тоқтатады;

•Эритропоэзді жақсартады, бұл ауыр қан кетуден кейінгі анемияға тиімді

Қолданылуы:

•Етеккір алды синдром

•Дисменорея

•Ювенильді жатырдан қан кету

•Менструалды цикл бұзылысы

•Гиперменорея

•Олигоменорея.

Қолдану тәсілі және дозалануы

Күніне 1-2 капсуладан, емдеу курсы 3 айдан және одан да көп немесе дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері:

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау

•Зерттелушілердің орта жастары 16,3 жасты құрады, оның ішінде 11 мен 14 жас 33,6%, 15 пен 17 жас 66,4% екені анықталды. Жасы үлкен қыздар санының көп болу себебін, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауларында деп ойлаймыз. Менархе келген орта жас 15,2 % – ті құрады.

•Зерттеу барысында біз қатысушыларға фитотерапия тағайындап, бақылау жүргіздік. 3 айдан кейін зерттелушілердің шағымдарын қайта сұрау барысында 105 қыздың 81-інде (77%) менструалды циклдың реттелгені анықталды. Қалған 24 (23%) қызда айтарлықтай өзгеріс байқалмады.

Қорытынды

•Жыныстық жетілу кезеңінде етеккір функциясының қалыптасу процесінің бұзылуы әйел адамның барлық өмірінің кейінгі кезеңдеріне репродуктивті жүйесіне жағымсыз әсер етеді.

•Гормоналды дисбалансқа байланысты гинекологиялық ауруларды емдеу және алдын алу жыныстық жетілуден басталуы керек, ал репродуктивті кезеңде оларды жүргізу барысында жас ерекшеліктерін де, патологиялық процестің ерекшеліктерін , әсіресе жыныстық жетілу кезеңіндегі репродуктивті жүйенің бұзылуының сипатын ескеру қажет.

•Біз әртүрлі себепті  менструалды цикл бұзылыстары бар жасөспірім қыздарды бақыладық және оларға 3 ай көлемінде фитотерапия тағайындадық. Нәтижесінде 77% зерттелушілерде оң әсер бергендіктен, жасөспірім қыздарға фитотерапия тағайындауды ұсынамыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Гинекология. национальное руководство. под ред. Г.м.савельевой, Г.т.сухих, в.н.серова и др. м.: ГоЭтар-медиа, 2017. / Ginekologiya. Nacionalnoe rukovodstvo. Pod red. G.M.Savelevoj, G.T.Suhih, V.N.Serova i dr. M.: GOETAR-Media, 2017. [in Russian]
  2. Салов И.А., Болотова Н.В., Лазебникова С.В. и др. транскраниальные физические методы в коррекции
  3. Серов В.Н., Прилепская В.Н., Овсянникова Т.В. Гинекологическая эндокринология. изд. 6-е. м.: медпресс-информ, 2017. / Serov V.N., Prilepskaya V.N., Ovsyannikova T.V. Ginekologicheskaya endokrinologiya. Izd. 6-e. M.: MEDpress-inform, 2017. [in Russian]
  4. Wilkinson JP, Kadir RA. Management of Abnormal Uterine Bleeding in Adolescents. J Pediatr Adoles Gynecol 2010; 23 (Issue 6, Suppl.): 22–30

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.