Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(186)

Рубрика журнала: Медицина

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10

Библиографическое описание:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Студенческий: электрон. научн. журн. Мүтәлі А.Д. [и др.]. 2022. № 16(186). URL: https://sibac.info/journal/student/186/250229 (дата обращения: 25.04.2024).

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мүтәлі Айкерім Даниярқызы

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Асаинов Сакен Манатович

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Оразбай Дана Талғатқызы

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Сайлаубекова Гаухар Семитаевна

студент-интерн, Қарағанды Медицина Университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

Жалпы туберкулез дегеніміз (лат. tuberculum – төмпешік), адамдар мен жануарлар арасында болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – МБТ “Кохтаяқшасын” неміс микробиологы Р.Кох 1882 жылы ашты. Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліпкелген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Туберкулездің айқын белгілері - жөтел, қақырық тастау, қан түкіру, салмақ тастау. Бұл симптомдары өте ерте кезде Гиппократ, Гален, Әбу Әли ибн  Сина сипаттаған болатын. Осы деректерге сүйенсек туберкулез орта ғасырларда  көптеген мемлекеттерде таралған.

Туберкулёздің халық арасында пайда болуын мен таралуын – туберкулёз эпидемиологиясы зерттейді. Ал эпидемиялық үдеріс деп оның пайда болу механизмін атайды. Оның үш компоненті бар: инфекция көзі, жұғу жолы және жаңа жағдай. Инфекция көзіне науқас адамдар, жануарлар және құстар жатады.Негізгі таралу көзіне науқас адамдар жатады, жануарлар мен құстар өте сирек инфекция көзі болады. Жұғу механизімі орын алуы үшін олардан жасалған тағамдарды шикідей пайдаланғанда болады. Бұл процестің  алдын алу үшін олардың етін 20 минутқа жуық ішінде қайнатып ТМБ жойған сон тутыну қажет.Жұғу жолы: ауа-тамшылы жол, алиментарлы жол, қатынасты және плацентарлы жолдар. Негізгі жұғу жолына ауалы-тамшылы жол болып табылады. Қарым-қатынас кезінде, сөйлескенде, бір ыдыстарды пайдаланғанда жұғады. Жаңа жағдай деп: Инфекцияның массивтілігін, адам ағзасының сезімталдығын және науқаспен қатыныстың ұзақтығын қарастырамыз.

Эпидемиологиялық көрсеткіштерге инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік және өлім-жітім жатады. Инфекциялану деп туберкулинге тексерілген адамдардың оң нәтиже бергендерінің пайызын айтамыз. Бұл арқылы елімізде инфекциялану жағдайын физиологиялық тұрғыда анықтау мүмкін емес, сол себепті мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде жүргізіледі.

90-шы жылдары кеңестер одағының орнында пайда болған елдерде туберкулездің қарқынды тарала бастауына байланысты ДДҰ ТМД елдерінде туберкулезбен күресудің жаңа бағдарламасын енгізе бастады. Қазақстанда туберкулездің эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру мақсатында 1998 жылы Президент жарлығымен ДОТС стратегиясы қабылданды.

Үкіметтің қаулысымен енгізіліп, 2001 жылы еліміз жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады. Қазақстанда туберкулез ауруымен күресудің жаңа бағдарламасы қабылданағаннан кейін, бұл бағдарламаның жұмысын негіздейтін бұйрықтар мен әдістемелік нұсқаулар шығарылды. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстанда туберкулезді табудың туберкулиндік диагностика, флюорографиялық әдістері қауіпті топ өкілдерінің арасында жүргізіледі және емдеу мекемелеріне қаралған науқастардың арасынан туберкулезді табу үшін бактериоскопия әдісі қолданылады, туберкулездің химиотерапиясы DOTS стратегиясының принциптеріне сәйкес стандартты түрде жасалады, сонымен қатар туберкулезді алдын алу және диспансерлік бақылау әдістеріне де жаңа өзгерістер енгізілді.

Сырқаттылық: осы жылы 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен алғаш ауырғандардың санын тұрғындар санына бөлгенде шығатын нәтиже. Яғни бұл туберкулезбен жаңа ауырғандардың саны. Дерттіліктің ішіне жаңадан ауырғандар, бұрыннан ауырғандар және бұрын ауырып жазылғандар да кіреді. Сырқаттылық дерттіліктің ішіне кіретіндіктен, дерттіліктің саны жоғары болады. Осы жылы 100000 тұрғынға шақққандағы туберкулёзден қайтыс болғандар санын өлім-жітім анықтайды. Өлім-жітім бойынша осы дәрісте 1995-2015 жыл аралығындағы ҚР динамикасы берілген, сол бойынша 90-шы жылдарда сырқаттылық 65,8 болған, кейін экономикалық дағдарыс әсерінен ол көрсеткіш жоғарылай бастаған, ал шыңы 2002 жылы 165,1 жетіп, кейін жылдан жылға төмендеп, 2015 жылы 58,5-ке жетті. Осы бойынша өлім-жітім 90-шы жылдарда 10,1 болып, шыңы 1998 жылы 38,4-ке жетіп, 2000 жылы 1,5 есеге төмендеп, жылдан жылға азайып, 2015 жылы 3,8-ге жетті. Осы арқылы өлім-жітім сырқаттылыққа қарағанда әлдеқайда төмен екенін көрумізге болады. Ал, дерттіліктің көрсеткіші 2014 жылғы көрсеткіш бойынша 125,7 болған. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан көрсеткіші жақсы болып саналады. 2006 жылғы дүниежүзілік туберкулёз сырқаттылық картасы бойынша Қазақстан 58,5 көрсеткішімен жасыл аймаққа кіріп тұр. Казіргі мақсат - көк аймаққа кіру, яғни 50-ге дейінге көрсеткішке жету болып табылады.

Туберкулез жұқпасының таралуын және туберкулезге қарсы шараларды болдырмау үшін үнемі мәліметтер жинау және  оларды талдау – мониторинг жүргізіледі. Статистикалық мәліметтердің қол жетімділігі және басқару шешімін жедел  қабылдауға қол жетімді мәліметтер алуды жүзеге асырады.

Қорыта келе, туберкулёздің профилактикасы, диагностикасы, емінің белгілі болғанымен жылдан жылға сырқаттылық, өлім-жітім саны жоғарылауда. Мұның себебін, туберкулёздің жұғу жолы тез, және де сапалы вакцина мен дәрілердің болмауы және ТМБ сытқы ортаға беиімділігі өте жоғары болуы. Сонымен коса ТМБ дәріге төзімділікте тез бейімделеді. Негізгі бірінші топтағы дәрілерге туберкулез инфекциясына максимальды қарсылық көсетететін дәрілік топтарға төзімділік пайда болады. Осы секілді жаңа проблемаларының пайда болуы туберкулёз эпидемиологиясынын өзекті мәселесі болып табылады.

 

Әдебиттер тізімі:

  1. Ракишева А.С., Цогт Г. Алматы. Фтизиатрия, 2014. .[ с. 150 -145 ].
  2. Переоьман М.И., Богадельникова И.В. Фтизатрия, 2014.[ с. 8-50 ].
  3. Исмаилов Ш.Ш. "Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме "DOTS-плюс". Алматы, 2002.
  4. Митинская Л.А. Туберкулинодиагностика (Лекция). //Проблемы туберкулеза – 1998. - №3.[ с. 76-78].
  5. Митинская Л.А. 80 лет применения вакцины БЦЖ. //Проблемы туберкулеза – 2001. - №1. –[с. 51-53].

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.