Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(186)
Рубрика журнала: Экономика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
THE ECONOMIC ESSENCE AND STRUCTURE OF THE FINANCIAL MARKET
Doszhan Dildakhanov
student, Almaty Management University
Kazakhstan, Almaty
Zhasulan Zholdasbayev
student, Almaty Management University
Kazakhstan, Almaty
Adil Kapar
student, Almaty Management University,
Kazakhstan, Almaty
Sandugash Sauranbay
Supervisor, PhD, Almaty Management University,
Kazakhstan, Almaty
Қаржы нарығының экономикалық мәні
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. "Қаржы нарығы" ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын каржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
- реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарынын және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- акпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қа-ражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін камтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай на-рықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
- үй шаруашылығы (жеке түлға);
- меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
- мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы - елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен экономиканың әр түрлі субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін ба-рынша азайту;
- монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақ-сатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі орта-лык банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;
- бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.
Қаржы нарығының құрылымы
Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі.Сондықтан да оның ғалымдар ұынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.
Қ.Р. мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығыың құрылымына: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы,валюта нарығы,бағалы қағаздар нарығы.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен:тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозит түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие беріледі. Осылайша,ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді.Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады.Мысалы егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса,ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес.Оның үстіне,бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласын. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр.Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін бос бағалы қағаздар болады, ал оларды беру кейінірек жүзеге асырылады,яғни,базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша,бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.
Қаржылық ұйымдардың жағдайы.
Сақтандыру нарығы. Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күмәнді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелділіктері батыстық қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күмәнді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелділіктері батыстық қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық сратегияларының негізгі құраушыларының бірі,бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлер болады: әрбір субъекті өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың,ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру – бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтық аумағын толық қамтымаса да,бұлардың бір бөлігіне матениалдық немесе басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы тұру үшін туған амал. Бұл бір субъекті зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Зейнетақы қызметтерінің нарығы. 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі «жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы» қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады.Зейнетақы қоры коптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады,яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс прцесіне тартылады. Сондықтан да зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе,екіншіден – ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.
Қорытынды
Қорытындылай келе, қаржы дегеніміз – (“қолдағы ақша”, “табыс” деген мағына беретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың financе сөзінен шыққан ) нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтамды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Қаржы-қоғамда нақты өмір сүретін, объектіивтік сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жзасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі. [Электронды ресурс]. - URL: https://stud.baribar.kz/21536/qarzhy-naryghynynh-ekonomikalyq-mani-men-ereksheligi/ (жүгінген күні 01.03.2022).
- Қаржы нарығы мен оның құрылымының негізі. [Электронды ресурс]. - URL:https://www.freepapers.ru/75/arzhy-naryy-men-ony rylymyny/246559.1654101.list1.html (жүгінген күні 03.03.2022).
- Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы. [Электронды ресурс]. - URL: https://kznews.kz/bilim/qarzhy-narygynyn-jekonomikalyq-mani-men-funkcijasy/ (жүгінген күні 10.03.2022).
- Қаржы нарығының құрылымы мен функциялары. [Электронды ресурс]. - URL: https://rel.kz/arzhy-nary-yny-rylymy-men-funktsiyalary/ (жүгінген күні 25.03.2022).
Оставить комментарий