Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 16(186)
Рубрика журнала: Науки о Земле
Секция: География
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТУРИЗМІ
Зерттеу жұмысының мақсаты: Туризм жыл сайын өріс алып келе жатқан экономиканың ең ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әрбір 7 – ші жұмысшы туристік салада жұмыс жасайды. Ол жедел даму үстіндегі ең жас экономикалық сала. Бізде бұл саланы Маңғыстауда дамытып, жер шарының әр бұрышынан туристерді тартып, сырға толы Маңғыстауды әлемге әйгілі ету.
Ғылыми болжам: Каспий туризмі дамып, Маңғыстау әлемдік нарықтағы туристік секторлардың маңызды бөлігін жаулап алады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Жоғалуға сәл – ақ қалған тарихи орынды жандаңдырып, туристтік ортаға айналдыру. Осы арқылы Маңғыстаудың таңғажайып фаунасы мен флорасын әлемге паш ету.
2. Осы жобаны іске асыру кезінде Маңғыстау облысындағы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету.
3. Туристтік сала көптеген елдердің бюджетіне түсетін пайданың басым бөлігін құрайтыны жасырын емес. Осы жол арқылы Маңғыстаудың экономикасын көтеру.
Зерттеудің әдістемесі: Зерттеуге алынған тақырып бойынша мәліметтер жинап, тақырыпты толық ашып, зерттеу жұмыстарын өткізіп, талдау, қорынды жасау. Сонымен қатар, осы жоба барысында қолданылған барлық мәліметтер мен сурет авторларына сілтеме беру.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер қатарында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.
Каспий саммиті қарсаңында арнайы орайластырып, Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының туризм саласында мүмкіндігі зор екенін атап көрсетті. Қазірдің өзінде теңіз жағалауында тек аймақ халқы емес, республиканың барлық өңірінен және шет елдерден келген демалушылар аз емес. Яғни, отандық туризмнің болашағы зор.
Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батысында, Әлемдік мұхит деңгейінен төменде жатқан Каспий теңізі мен орасан шөлдің қиысқан жерінде орналасқан. Облыстың солтүстік аймағын Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Орталығында – Маңғышлақ түбегі мен дүниежүзіндегі ең терең шұңғымалардың бірі Қарақия. Оңтүстік-батыстағы Кендерлі-Қоясан үстірті басқа орасан зор шұңғыма Қарынжарыққа түседі. Ал шығысына қарай Үстірт шоқысы созылып жатыр. Облыстың үлкен аумағының барлығы екі параллелді жоталар Ақтау және Қаратаумен бөлінеді. Климаты шұғыл-континенталлі, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы 4-90oС. Аймақтың көп бөлігін бұталы өсімдікті учаскелері бар жусанды-сортаң шөл алып жатыр. Дегенмен, жолаушыны салқындататын жасыл аралдары, шөл даладағы нағыз оазистері де кездеседі.
Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет. Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала кетсек.
Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстандық туризмді ұйымдастырудың маңызы мен мәні, ерекшеліктері. Қазақстан - көптеген тарихи және мәдени, географиялық ескерткіштері бар, тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет, ал бұл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі десе болады. Осыған орай, тарихи-мәдени мұраны мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру екендігі бәрімізге айқын.
Каспий теңізі – өзінің жағалауындағы елдер үшін игілік көзі әрі су жолы. Ал оның маңайындағы туристік мүмкіндік зор ықыласқа ие. Бірақ, алдымен ол достық теңізі болуы да тиіс. Тұңғыш рет Ақтауда өткен Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту бойынша I халықаралық форум осы жайттарды көтерді.
Туризм Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, Иран, Түрікменстан, Түркия мемлекеттерінің Ақтау қаласындағы бас консулдары, Әзербайжан Республикасы бас консулының кеңесшісі, Дағыстан Республикасы туризм комитетінің төрағасы, Ресей, Германия елдерінен туризм саласы бойынша халықаралық сарапшылар, ғылымизерттеу институттары мен өзге де оқу орындары жетекшілері, өңірдегі туристік фирмалардың басшылары мен кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан форумда Каспий маңы елдерінде туристік әлеуетті арттыру жайы сөз болды.
Туризм өзгелерді таңғалдыратын дүниелеріңе, басқаларда жоқ немесе өзіндік айрықша сипатқа ие ерекшелікке ғана бас иеді. Сондықтан ұйымдастырушы тарап форум қонақтары мен қатысушыларды алдымен Маңғыстаудың қолданбалы өнер түрімен таныстырудан бастады. Мұнда Қазақстан, Франция, Нидерланд шеберлерімен біріккен жұмыстар жұртшылық назарына ұсынылды.
Маңғыстау облысы еліміздегі табиғи теңіз жағалауы бар бірден-бір өңір. Мұнда тарихимәдени ескерткіштер шоғырланған. Табиғаттың сұлу көріністерін тамашалауға жыл сайын көптеген экотуристер келеді. Өңірде туристік әлеуетті дамытудың негізгі бағыттары еліміздің туристік аймағын дамыту тұжырымдамасы аясында жасақталған Маңғыстау облысының туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарында көрсетілген. Олардың ішінде Ақтау қаласы теңіз жағалауында туристік нысандар үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандарға дейін жолдар мен паркингтер салу, Кендірлі курорттық аймағын дамыту мәселелері бар. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Кендірліні дамытуға айрықша назар аударылуда. Қазіргі таңда «Rixos» компаниясы инвестор ретінде таңдалды және қазіргі таңда қонақ үй өз жұмысын жалғастыруда. Техникалық - экономикалық негіздеме және жобалау смета құжаттары жасалып, инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүруде. Әуежай және жол салу мәселесі назарда тұр. Нақтырақ айтсақ, Кендірлідегі жұмыстар оны республикамыздың осы саладағы жетістігі ретінде көрсетеді деп сенеміз және Кендірлі болашақта алқалы жиындар өтетін тамаша орын болатындығы күмәнсіз. Біздің өңірде инвесторлар үшін туристік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізеді, – деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев.
Туристік бизнес келтіретін кіріс көлемі бойынша әлемде үшінші орында тұр. Ал, біздің елімізде әзірге әлсіз даму үстіндегі бұл сала экономиканың 0,3 пайызын ғана қамтиды екен. Осы туралы айтқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Оспанов инфрақұрылымның нашарлығын, көрсетілетін қызмет бағасының жоғарылығы мен сапасын, жол, қарым-қатынас, билет құны мен тапшылығы мәселесін алға тартты.
Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Р.Шайкенова археологиялық қазбаларға, тарихимәдени мұраларға бай, теңіз жағасында орналасқан Маңғыстау өңірінің туризмді дамытуға мүмкіндігі мол екендігін айтып, аталмыш саланы дамыту үшін заңға өзгерістер енгізіп, әкімшілік кедергілерді алып тастау керек деген ұсынысын жеткізді. Маңғыстаудың тарихимәдени мұралары жайлы өңірдің бас археологы А.Астафьевтің баяндамасы қызғылықты тыңдалды. Жартыаралдың бойына бүккен құпиялары, Қапамсай, Шақпақтысай жергілікті каньондары, Торыш және Түпқарағанның табиғиландшафттық аймақтары, Көкаланың алуан түске боялатын топырағы, Шерқала тауы, Самал, Жылшы бұлақтары мен Қаратау табиғиландшафттық аймағындағы Айрақты-Шоманай тау сілемі, Үстірттегі Қарынжарық, Көгесем, Бозжыра қырлары туралы айтты. «Туристік бағытта сауатты, мұқият жасалған қадамдар өңірге жаңа экономикалық мәртебе сыйлауы мүмкін», деп қорытты ойын ол. «Еуразия аймағының биоалуантүрлілігі мен табиғатын қорғау одағы» жұмысшы тобының жетекшісі, германиялық Т.Дитерих пен ресейлік «Дронт» экоорталығының жетекшісі М.Пестов өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге сараптамалық топ құрып, Үстірт аймағын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатқандығынан хабардар етті. Форумда яхталарда демалу, мерейтойларды атап өту сияқты теңіз туризмін дамыту, туристік салаға инновациялық менеджментті енгізу мәселелері айтылып, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы туристерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынды.
Каспий маңындағы елдерде туризмді қайтсе дамытуға болады? Маңғыстауда мүмкіндігі орасан, бірақ қай бағытта жұмысты жүргізіп, нендей жаңа, соны бастамаларды қолға алу ұтымды? Осы тұрғыда айтылған ой, ортаға тасталған ұсыныс та көп болды. Форум соңында ұйымдастырушы тарап – Маңғыстау облыстық туризм басқармасы басшысы Г.Байжауынова форумға келіп тәжірибелерін бөліскен әріптестерге алғысын айтып, Маңғыстаудың туристік әлеуетінің зор екендігіне күмән жоқтығын, сондықтан қызығушылық танытқандарды өркенді жобаларды бірлесіп қолға алуға шақырды. Басқосу соңында Маңғыстау облысының туризм басқармасы Байқоңыр қалалық әкімшілігі мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасымен балалар туризмін дамыту бойынша, Маңғыстау туризм колледжі Болгариядағы Варна туризм колледжімен студенттерді жазғы тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мәселесі бойынша, сондайақ Маңғыстау облысының «Турист» ЖШС Батыс Қазақстан облысының балалар-жасөспірімдер туристік орталығымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Қазақ даласы – қымсынбай көрсетіп, ұялмай жарнамалауға тұратын мұралар мекені, Маңғыстау – теңіз жағасындағы сары алтын құмы, жайлы жағалауы бардемалуға қолайлы өңір. Бұл елімізде туризмнің дамуына мүмкіндік бар екендігін аңғартады, бірақ бұл салада бізді үлкен жұмыстар, тың бастамалар күтіп тұр.
2. Жүргізілген сауалнама бойынша зерттеу нәтижесі
Зерттеу тобы жалпы еліміз бойынша және тақырыпқа сай Каспий теңізінің туризмі жайында қырық адам арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама сұрақтары демалуға әсер ететін факторлар, ұнататын жыл мезгілдерінен басталып, Қазақстанның туризм әлеуетін бағалаумен, Маңғыстау өңірінің мүмкіндіктері жайында жалғасты. Жалпы зерттеу нәтижелері бойынша, сауалнамаға қатысқан адамдардың жартысынан көбі еліміздің туризм объектілеріне/демалыс орындарына сирек баратыны жайында мәлім болды. Оған қоса, көпшіліктің таңдауы демалуға аттанатын орындарды таңдауға әсер етуші фактор табиғатқа жақындылығы екені көрсетілді. Каспий теңізінің адам сенгісіз әсем табиғаттың мекенінде орналасқанын ескеретін болсақ, онда бұл көрсеткіш туризмді дәл осы өңірде дамыту қажет екенін дәлелдейді. Оқырмандарымызға қазіргі уақытта Қазақстанның туризмін он баллдық шкала бойынша бағалауды ұсындық. Қызық жағдай, бірақ қатысушылар таңдаған бес және алты бағалары бірдей көрсеткіш көрсетті (28,9%). Екінші көрсеткіш жеті балл (15,8%). Келесі бағалау шкаласы бес баллдық бойынша сұралды. Каспий аумағындағы туризм дамытуындағы мақсатталған шараларға үш балл ең көп дауыс жиналды.
Сонымен қатар, туризмге кері әсерін тигізетін мұнай, ластану секілді жағдайларды қарастыратын сұрақтарды да қамтыдық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батысында, Әлемдік мұхит деңгейінен төменде жатқан Каспий теңізі мен орасан шөлдің қиысқан жерінде орналасқан. Облыстың солтүстік аймағын Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Орталығында – Маңғышлақ түбегі мен дүниежүзіндегі ең терең шұңғымалардың бірі Қарақия. Оңтүстік-батыстағы Кендерлі-Қоясан үстірті басқа орасан зор шұңғыма Қарынжарыққа түседі. Ал шығысына қарай Үстірт шоқысы созылып жатыр. Облыстың үлкен аумағының барлығы екі параллелді жоталар Ақтау және Қаратаумен бөлінеді. Климаты шұғыл-континенталлі, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы 4-90oС. Аймақтың көп бөлігін бұталы өсімдікті учаскелері бар жусанды-сортаң шөл алып жатыр. Дегенмен, жолаушыны салқындататын жасыл аралдары, шөл даладағы нағыз оазистері де кездеседі.
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды.
Зерттеу бөлімінде Маңғыстау облысындағы Қарақия ойпатының еліміздегі туризмді дамытуға қосар үлесін нақтылап көрсеттім. Сонымен қатар, назар аударылмайтын көптеген тарихи орындардың жоқ болып кетпеуін қадағалауымыз керек. Егер осы жобамыз қолға алынып, жүзеге асатын болса шөлейт болып есептелінетін Маңғыстау түбегінен керемет оазис пайда болар еді. Осы жобамдағы бизнес жоспарда ойлаған мақсатыма жету үшін қаржы жағынан шығыс пен кірісті толық есептеп шығардым.
Бұл идея жүзеге асатын болса аймағымызға шет елдерден, әсіресе Орта Азия мемлекеттерінен туристтер көптеп келер еді. Әрине, еліміздің әр аймағынан, сонымен қатар киелі өлкеміздегі тұрғындар да бұл кереметті өз көздерімен көруге асық болар еді.
Сонымен қатар, егер алға қойған мақсатым орындалып жатса, осы жазда Маңғыстауға іс – сапарға келген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ақтау – қазақтардың Анталиясы болады» деген алға қойған мақсатына өз елін сүйетін жас буын ретінде титтей болсын үлесімді қосар едім.
Әдебиеттер тізімі:
- Самашев З., Көшербаев Қ., т.б Үстірт пен Маңғыстау қазыналары. Алматы 2007.
- Маңғыстау мұғалімдері. Энциклопедия. Алматы: «Арыс», 2013.
- Маңғыстау атласы. Алматы, 2008.
- Задерецкая Н., Задерецкий А. т.б. Қайталанбас Маңғыстау. 2014.
- Задерецкая Н., Имашева Н. т.б. Ғажайып Маңғыстау. 2014.
- Бекет ата. Қ. Сыдиықов 1994.
- Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. Маңғыстау менҮстірттің киелі орындары. 3 том, Арыс баспасы, Алматы. 2008.
- Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. 2011
- Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы. 1997.
Оставить комментарий