Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(185)

Рубрика журнала: Психология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8

Библиографическое описание:
Баймульдинова М.Т., Елюбай Қ.Қ. УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДАҒДЫЛАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 15(185). URL: https://sibac.info/journal/student/185/249175 (дата обращения: 20.12.2024).

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДАҒДЫЛАРЫ

Баймульдинова Мадина Тилековна

студент, бакалавр; Школа Менеджмента, Алматы Менеджмент Университет,

Қазақстан Республикасы, Алматы

Елюбай Құндызай Қанатқызы

студент, бакалавр; Школа Менеджмента, Алматы Менеджмент Университет,

Қазақстан Республикасы, Алматы

Сауранбай Сандуғаш Бабағалиқызы

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, PhD докторы, Аcting Аssociate Professor, Экономика және қаржы мектебі, Алматы Менеджмент Университет,

Қазақстан Республикасы, Алматы

Мақала мақсаты: Әрбір адамның өз ресурстарын тиімді жұмсауға баулу және болашақта тайм менеджментті ең басты құзыреті ретінде қарастыру. Өз ортамызда зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, Қазақстандағы тайм менеджмент деңгейін анықтау.

Мақаланың негізгі міндеттері:

  1. Тақырыпты қоғамдық мәселе ретінде қарастырып, шешілу жолдарын көрсету, талдау жасау.
  2. Өзектілігі мен маңыздылығына мән беру, тақырыптың мағынасын ашу.
  3. Нақты әрі шынайы ақпараттармен жұмыс атқару.

Мақала бағыты: Менеджмент саласында ғылыми зерттеу өткізу.

Зерттеу пәні: уақытты басқару әдістерін өз өмірінде қолдану. Мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, біз келесі гипотезаны алға тарттық: уақытты басқару әдістерін қолдану уақытты айтарлықтай үнемдеуге және жұмыс уақытын пайдалану коэффициентін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны: уақытты басқару әдістері.

Мақаланың әдістемесі: тайм менеджмент дағдысының қажеттілігі мен Қазақстандағы деңгейін зерттеу процесі барысында логикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылды.

Жоспар:

1. Тайм-менеджменттің мәні мен мағынасын талдау.

1.1. Жоспарлауды қалай жүргізген дұрыс?

2. Тақырыптық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

2.1. Зерттеу нәтижелерін талқылау және сараптама жүргізу.

3. Қорытынды

1. Тайм-менеджменттің мәні мен мағынасын талдау.

Уақыт - бұл ажырамас және жаңартылмайтын ресурс. Бұл сіздің ең құнды активіңіз (Брайан, 2015). Барлығына танымал «уақыт - ақша» деген шындық мағынасын өзгерте бастағандай. Брендинг практиктерінің бірі Марк Гобенің айтуы бойынша «уақыт ақшадан гөрі қымбат». Осы берілген уақытты дұрыс басқару әркімнің өзінің қолында және мұндай жағдайда, тек тайм менеджментке арналған техникалар мен әдістерді қолдану жалғыз шешім бола алады.

Тайм-менеджмент - «уақытты ұйымдастыру және оны қолдану технологиясы». Уақытты тиімді басқару техникалары мен әдіс-тәсілдер жиынтығы өнімділікті арттыруға, сонымен қатар өндірістік және әлеуметтік сипаттағы басқа индикаторларды, корпоративті мәдениеттің және мақсатты бақылау мен уақытша жүзеге асырылуына байланысты ұйымдық ортадағы жалпы жақсартуды және жалпы жақсартуға ұмтылуы мүмкін процестер. Тайм-менеджмент жұмыс тапсырмаларын орындауға ғана емес, демалуға, спортпен шұғылдануға және жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға жеткілікті уақыт бөлуге көмектеседі. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалану мәселелерімен көптеген адамдар және ұйымдар кездеседі. Бұл мәселе кез-келген адам үшін өте маңызды.

2. Жоспарлауды қалай жүргізген дұрыс?

Оқылған материалдар мен кітаптар желісінде біз сіздерге күңізді қалай дұрыс жоспарлағанда нәтижелі болатын бірнеше әдістер дайындадық. Ең алдымен, тапсырмаларыңызды жазуға, өзіңізге ыңғайлы жоспарлаушы күнделікті табыңыз. Қазіргі заманда, жұмыстар тізімін жасауға көмектесетін көптеген күнделіктер бар. Олар онлайн форматта және дәптер тәріздес болып келеді. Өзіңізге жақын форматты қолдана отырып, сіз күніңізді әлдеқайда жеңіл жоспарлай аласыз.

Екінші кеңес жоспарлауды кешке бастаңыз. Істер тізімін жатар алдында жасаған дұрыс. Кешкі уақытта бүгін  қол жеткізген нәрселерді қарап шығуға және ерьең не істеу керектігін жазуға уақыт бөлу керек.  Кешкі тізім өте егжей-тегжейлі болуы керек емес - сіз не істегіңіз келетінін жалпы түрде ғана жаза аласыз: құжаттарды дайындау, мақаланы жазу.  Таңертең оны қарап шығуға, нақтылауға және бұл істерді қай уақытта жасайтыныңызды толықтырып жазыңыз. Макс Черепицаның айтуынша, кешкі жоспарлау таңертең уақытты үнемдеуге және маңызды нәрсені ұмытпауға көмектеседі. (Черепица,2019)

Кішкентай нәрселерді де жоспарлаңыз. «Заттарды ретке келтіру» кітабының авторы Дэвид Аллен бес минуттық ережені қолдануды ұсынады: егер бірдеңені бес минутта жасауға болатын болса, оны қағазға түсірмей, жай ғана жасаған дұрыс.  Бірақ Череица бұл әрдайым жұмыс істемейтінін айтады: қысқа тапсырмалар жарты күнді алуы мүмкін, соңында сізде көптеген маңызды нәрселерге уақытыңыз жетпейді.  Хатқа жауап беру сияқты шағын тапсырмаларды да жазып алу керек және оларға кестеңізде уақыт бөлу керек (Черепица,2019). Бұл, бір жағынан, бұл туралы ұмытпауға, ал екінші жағынан, нақты не істеп жатқаныңыздың шынайы бейнесін қалыптастыруға көмектеседі.

Күнделікке қорытындылау. Жақсы әдет - өткен күннің нәтижесін күнделікке жазу. Бұл түгендеуге және қай бағытта қозғалып жатқаныңызды, назарыңызды жоғалтқаныңызды түсінуге мүмкіндік береді.  Күнделікті бастауға, бақылау парағын жасауға және оған не істей алғаныңызды жазуға немесе алдын ала сұрақтар тізімін жасауға болады.  «Мен күннің қалай өткенін, нені басқаша жасауға болатынын бүгін түсінгеніме үнемі жауап беремін», - дейді Макс.  Сіз өзіңізді күнде жазуға мәжбүрлемеуіңіз керек - демалыс күні сіз үзіліс жасай аласыз, осы әдетті сақтау үшін өзіңізге оңтайлы кестені таба аласыз.

3. Тақырыптық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Біз білетіндей әрбір зерттеу жұмысында белгілі бір сараптамалық зерттеу жұмыстары өткізіледі. Ондай жұмыстар оқырмандардың мақаланың қаншалықты шынайы жазылғандығына көз жеткізу үшін қажет. Сондай жұмыстардың бірі сауалнама жүргізу. Біз осы сарапталық жұмысты қолға алып, өз жақындарымыз бен достарымыз арасында жүргізген болатынбыз.

Сауалнама онлайн формат түрінде алынған болатын. Сауалнама ішінде қойылған сұрақтардың барлығы сұрыпталып құрастырылған. Себебі, жауаптар арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Алдымен, оқырман сұрақтарға жауап берер алдында өзін таныстырып өтетіндей бірнеше сұраққа жауап береді. Яғни, өзінің аты-жөнін, жасын, мамандығы мен электрондық почтасын жазып кетті. Содан кейін келесідей біз құрастырған сұрақтарға жауап берген болатын:

1. Қалай ойлайсыз өз уақытыңызды тиімді пайдаланасыз ба?

2. Тайм менеджмент ұғымымен таныссыз ба?

3. Күніңізді күнделікті жоспарлап отырасыз ба?

4. Жоспарлап жүргеніңізге қанша уақыт болды?

5. Жоспарыңыз аяғына дейін орындалмаса, көңіл-күйіңізге әсер етеді ме?

6. Уақытты тиімді пайдалану өміріңізге қаншалықты ықпалын тигізді?

7. Сіз жұмыс атқаратын немесе оқитын мекемеде тайм менеджмент сақталады ма?

8. Сақталатын жағдайда, оны бақылайтын адам бар ма?

9. Сақталмайтын жағдайда, бақылайтын адам болғанын қалайсыз ба?

10. Уақытты басқаруға болады ма?

11. Уақытты басқару бала кезден қалыптасатын дағды ма?

12. Қалай ойлайсыз уақытты басқаруға үйренуге қанша уақыт қажет?

13. Тайм менеджмент компанияңызда қандай мәселелерді шешеді?

14. Тайм менеджмент қаншалықты жұмыстың нәтижесіне әсерін тигізеді?

15. Уақытын үнемі жоспарлап жүретін адам уақытқа тәуелді болып қалу қаупі бар ма?

16. Уақытқа тәуелді танысыңыз бар ма?

17. Күніңізді жоспарлағанда, тізімге демалыс уақытын енгізу қажет пе?

18. Жұмыс тізімінің арасында неше минуттық демалыс қажет?

19. Жоспарды да дұрыс жүргізе білу керек екенін білесіз бе?

20. Тайм менеджмент Қазақстанда қаншалықты дамыған? Неліктен олай ойлайсыз?

3.1. Зерттеу нәтижелерін талқылау және сараптама жүргізу.

Сауалнамаға қырықтан астам адам қатысқан болатын. 16-54 жас аралығындағы тұлғалар сауалнамадан өтіп, зерттеу жұмыстарына өз үлестерін тигізді.

Сауалнаманы жүргізу барысында, біз ең маңызды деген сұрақтарға тоқталып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Ең алдымен, бізді қызықтырған сұрақ: адамдар қаншалықты тайм менеджмент ұғыммымен таныс. Дегенмен, жауаптар арасында бізді таңқалдырған жағдайлар бар. Мысалы, жауап бергендердің 19,5%-ы “тайм менеджмент” ұғымын бұрын соңды естімеген екен.

Екіншіден, біз үшін маңызды болған сұрақ – адамдардың қаншалықты жиі өз күндерін жоспарлап отыруын білу. Бұл сұраққа 58,5% адам өз күндерін жоспарлауға тырысатындығын көрсетсе, 14,6%-ы бұл үшін уақыттарын бөлмейді екен.

Тайм менеджмент Қазақстанда қаншалықты дамыған? – біздің тақырыбымызды ашатын ең басты сұрақ. Біз үшін бұл сұраққа жауап берген әр адамның жеке көзқарасы маңызды. Себебі, бұл Қазақстандағы тайм менеджменттің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. Берілген жауаптар арқылы, мемлекетімізде бұл дағды жайлы екі түрлі ой қалыптасқандығын байқадық. Кейбіреулері тайм менеджмент бізде мүлде дамымаған десе, ал біреулері енді дамып келе жатыр деп жауап берді.

Қорытындылай келе, сауалнамадан біз келесідей нәтижелер алдық:

  • Уақытын үнемі жоспарлап жүретін адамдардың өмірі жақсы жағына қарай өзгерген;
  • Кейбір мекемелерде тайм менеджмент тұрақты түрде сақталса, кейбіреулері бұған мүлдем көңіл бөлмейді;
  • Уақытты басқару дағдысын әр адам әртүрлі жаста үйрене алады;
  • Тайм менеджментті үйрену үшін әрбір тұлғаға жеке уақыт аралығы қажет;
  • Адамдар жұмыс тізімінің арасында 20 -30 минуттық демалыс қажет деп санайды.

4. Қорытынды

Уақытты басқару - бұл оқу және жұмыс мақсаттары үшін игерілуі керек маңызды дағды.  Қолданыстағы уақытты басқару тәжірибесін талдау және өзін-өзі ой елегінен өткізу тиімдірек және тиімді әдістерді ойлап табудың жақсы бастамасы болып табылады.  Күшті және әлсіз жақтарын анықтау біреуді жұмыс істеуге болатын жоспар, кесте жасауға әкеледі. Әрі қарай, анықталған әлсіз жақтар уақытты басқарудың неғұрлым жауапты әрі тиімді стратегияларын әзірлеуге көмектеседі. Қорытындылай келе, уақытты тиімді басқару табысқа жетуге мүмкіндік береді. Уақытты басқарудың нақты құндылығы ол біздің өмірімізді барлық өлшемдерде жақсартады (Веббер, 1972). Тайм менеджменттен алатынымыз көп уақыт емес, жақсы өмір.  Сізге берілген уақытты тиімді пайдалануды үйренсеңіз, отбасыңызбен көбірек уақыт өткізе аласыз, күйзелістен аулақ бола аласыз, жеке өнімділік деңгейіңізді жақсарта аласыз және мақсаттарыңызға жетуде табысты бола аласыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алек Маккензи & Пэт Никерсон "Уақыт тұзағы", - Fine Communications, 2002. - 282 б.
  2. Әділова Ш. "Тайм-менеджмент: уақытыңды басқар", – Алматы : Самға, 2019. – 248 б.
  3. Брайан Трейси "Тайм-менеджмент" - МИФ, 2015. - 100 б.
  4. Жадыра Аққайыр "Тайм-менеджменттің 7 алтын ережесі" мақаласы, - 7kun.kz, 2015.
  5. Жаңалық: “Уақытты тиімді пайдаланып, жетістікке жету жолдары”, -syr-media.kz, 2018.
  6. К.Б.Тажибекова “Тайм менеджмент”— Алматы: CyberSmith, 2021. — 128 бет.
  7. Марк Черепица “Күніңді қалай дұрыс жоспарлаған жөн” мақаласы, - The Village, 2019.
  8. Тимоти Пичил "Прокрастинация шешімі. Тайм-менеджментке кіріспе", - МИФ, 2014. - 160 б.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.