Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(185)
Рубрика журнала: Медицина
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қазақта ата - бабамыз: «Ауыз сөйлемеген жерде, көз сөйлейді»,- демекші, көз - адамның айнасы, себебі көзге қарап адамның шын немесе жалған сөйлеп тұрғанын білуге болады. Көру мүшесі өмірдің әрбір кезеңінде қажеттілік тудырып, адам үшін маңызды жүйелердің бірі болып саналады.
Көру жүйесіз адам жүруі, оқуы, жұмыс істеуі, өмірге бейімделуі үшін үлкен күш салуына тура келеді, қажетті мәліметтің 80 пайызына жуығын біз көру арқылы аламыз. Соған орай жаңа туған нәрестеге анасымен қарым- қатынас орнату үшін, балаға- қоршаған ортамен танысып, өмірге бейімделу үшін, ересек адамға- білім алып, жаңа белестерді бағындыру мақсатында және одан басқа өзімізге белгілі күнделікті жүріп- тұруымыз, жақындарымыздың қуанышын көріп, оны сезіну үшін он екі мүшеміздің ішінде үлкен рөл атқарады.
ДДСҰ мәлімдемесі бойынша, алдағы он жылдықта офтальмологиялық көмекке қажеттілік жоғарылай бастайды, ал ол өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне үлкен мәселе туғызады. Көздің көруінің төмендеуі адам өмірінің соңына дейін кері әсерін тигізуі мүмкін. Көру жүйесіне, соқырлыққа әкеп соқтыратын, офтальмологиялық бағыттағы көз ауруларының ішінде кең таралғандары, ол катаракта, глаукома, коньюктивит, көз шырышты қабығының құрғауы болып келеді.
Осы көз ауруының асқыныстарын алдын алу немесе оларды болдырмау үшін, қысқа мерзімде, сапалы, қол жетімді офтальмологиялық көмекке жүгіну керек.
Бірақ, көз қызметінің бұзылысына тек жай ғана суықтану, қабыну немесе белгілі бір жарақат алып келуі мүмкін деген қате пікір. Себебі, қазіргі жаңа ғасыр, технологияларға мұқтаждық артқан, активті қозғалыс азая бастаған заманда, кәрі кісілермен қатар, жастардың көп бөлігі көру жүйесінің төмендегеніне шағымданып келіп жатады.
Зерттей келе, физикалық дене жаттығуларымен аз шұғылданатын немесе мүлдем айналыспайтын адамдарда, керісінше белсенді өмір салтын ұстанатын қатарластарымен салыстырғанда миопия жиі көрініс беріп, тезірек дамитыны анықталған.
Қазіргі таңда дәрігерлер көру қызметін жақсартуға, көз ауруларының алдын алуы үшін және оның төмендеуін болдырмас үшін үйде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде аз ғана уақытты талап ететін көзге арналған арнайы жаттығуларды жасауға және көз көруін нығайтуға арналған дәрумендерді пайдалануға кеңес береді.
Көзге арналған жаттығулар тек көзге ғана емес, сонымен қатар басқа ағзаларға да жақсы әсерін тигізеді, оның ішінде:
-қазір технология дамыған заман және барлық жұмыс компьютер, ұялы телефонға байланысты болғандықтан жұмыс, сабақ ортасындағы экраннан 5 минут үзіліс айналадағы басқа заттарға назар аудару арқылы көз бұлшық еттерінің дем алуына, күш жинауға септігін тигізеді.
-көзді демалдыру арқылы адамның миы тынығады, миыдағы қан айналым жақсарады.
-көз айналасын, бұлшық етті қолмен уқалау арқылы көздегі жүйке жүйелерін демалдырасыз.
-көз көруін нығайтуға және оның төмендеуін болдырмауға, көз- жас каналының жұмысын жақсартуға әсерін тигізеді.
Көзге арналған ең оңай және қарапайым жаттығулар:
1 жаттығу- отырып жасалынады, көзді 3-5 секунд қатты қысып жауып, кейін 3-5 секундқа көзді барынша ашу, кемінде 6 рет қайталау. Бұл жаттығу көз бұлшық еттерін нығайтуға және қан айналымға әсер етеді.
2 жаттығу- отырып жасалынады, көзді кемінде 1-1,5 минут көлемінде ашып жабу.
3 жаттығу- көзді қозғалту, яғни 4 аймаққа қарату, жоғары- төмен, оңға- солға, көзбен 8 санын немесе шексіздік белгісін, ирек сызықтар, домалақ, төртбұрыш фигураларын жасау, көзді мұрынға қарату, көзбен S әрпін салу.
4 жаттығу- тұрып жасалынады, қолды алдыға қарай созып, ортаңғы сызық бойынша көзді алмай саусаққа қарау және қолды ақырын артқа қозғалту, кемінде 6 рет қайталау.
5 жаттығу- көзді жұмып, саусақпен көзді айналдыра уқалау, 1 минут көлемінде жасау. Бұл жаттығу көздің айналмалы бұлшық етінің демалуына және қан айналымға әсерін тигізеді.
6 жаттығу- терезеге қара түсті нүкте жасап, бірнеше секунд терезенің артында алыста орналасқан затқа қарап, содан кейін көз назарын нүктеге аударамыз.
7 жаттығу- жоғарғы қабақты колдың үш саусағымен 1-2 секунд басу, бұл көз ішілік сұйықтықтың жақсы айналуына әсер етеді.
Әдебиттер тізімі:
- Всемирный доклад о проблемах зрения [World report on vision]. Женева: Всемирная организация здравоохранения; 2020. Аларкос Сьез, Стюарт Кил, Иво Коцур Меган Макк, Сильвио Паоло Мариотти.
- Нероев, В.В. Тактика врача-офтальмолога. Практическое руководство / Нероев В.В. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2020. - 296 с.
- Белов В.И. Энциклопедия здоровья.
Оставить комментарий