Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 40(168)

Рубрика журнала: Экономика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Джалгасбаева А., Қалман Ж. ДІНИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАЖЫЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 40(168). URL: https://sibac.info/journal/student/168/234058 (дата обращения: 26.04.2024).

ДІНИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАЖЫЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Джалгасбаева Ақниет

студент, Қонақжайлылық және Туризм Кафедрасы, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті,

ҚР, Алматы қ.

Қалман Жанелі

студент, Қонақжайлылық және Туризм Кафедрасы, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті,

ҚР, Алматы қ.

DIFFERENCES BETWEEN RELIGIOUS TOURISM AND PILGRIMAGE

 

Akniet Dzhalgasbayeva

student, Department of Hospitality and Tourism, Kenzhegali Sagadiyev University of International Business,

Kazakhstan, Almaty

Zhaneli Kalman

student, Department of Hospitality and Tourism, Kenzhegali Sagadiyev University of International Business,

Kazakhstan, Almaty

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақала діни туризм және қажылық терминдерінің анықтамаларын зерттейтін болады. Зерттеудің басты мақсаты –  библиографиялық зерттеу әдісін қолдана отырып діни туризм және қажылық арасындағы айырмашылықтары анықтау. Зерттеу нәтижесінде діни турист және қажының саяхаттау мотивінің әртүрлілігіне қарамастан, бүгінгі таңда қажылық діни туризмнің бір түрі ретінде қарастырылатыны анықталды. Бұл жағдайға басты себеп – бұл ұғымдардың эволюциясы, қажылық түсінігінің кеңеюі.

ABSTRACT

This article will explore the definitions of the terms religious tourism and pilgrimage. The main purpose of the study is to identify the differences between religious tourism and pilgrimage using the method of bibliographic research. As a result of the study, it was found that despite the diversity of the motive for traveling by a religious tourist and a pilgrim, today pilgrimage is considered as a type of religious tourism. The main reason for this situation is the evolution of these concepts, the expansion of the concept of pilgrimage.

 

Түйін сөздер: діни туризм; қажылық; діни турист; қажы; мотив.

Keywords: religious tourism; pilgrimage; religious tourist; pilgrim; motive.

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда, туризмнің дамуына және оған деген сұраныстың артуына байланысты, туризм түрлері арта түсуде. Нарықта, жыл сайын әртүрлі жаңа туризм түрлері, жаңа нарық сегменті пайда болуда. Осы тұрғыдан, туризмнің классификациясы мәселесі туындап жатыр, ондағы зерттеушілер арасындағы даулы мәселердің бірі – діни туризм жән қажылық. Соңғы онжылдықтарда дәстүрлі қажылық орындары көп функциялы туристік орындарға айналды, туристтердің діни сенімдері ғана емес, тарихи мұраларға немесе сәулет, мәдени немесе көркемдік құндылықтарына және дінге деген қызығушылық танытқандар қажылық орталықтарына баратын болды [1]. Кейбір зерттеушілер қажылықты діни туризмнің секторы ретінде сипаттаса, кейбіреулер қажылықты тіпті туризмге жатқызуға болмайды деген пікірде.

Діни туризм және қажылық

Негізінен, Дүниежүзілік туризм ұйымы діни туризм және қажылыққа келесідей анықтама берген болатын: «Діни және қажылық туризмі дегеніміз – кәсіби мақсаттарға сапарларды қоспағанда, діни мақсаттағы әдеттегі ортадан тыс барлық сапарлар. Үйлену тойына немесе жерлеу рәсіміне қатысу әдетте достар мен туыстарға бару ретінде жіктеледі. Алайда, бұл рәсімдер күшті діни коннотацияға ие елдерде оларды діни және қажылық тақырып бойынша жіктеген дұрыс болады» [2].  Осы орайда Британдық зерттеу орталығы «Mintel» есебінде анықтама одан әрі толықтырып, діни маңызы бар орындарға, маршруттарға және фестивальдерге бару мақсатындағы халықаралық сапарлар, сондай-ақ негізгі мақсаты діни маңызы бар іс-шараларға (конференциялар, съездер сияқты) қатысу болып табылатын сапарларды діни туризмге жатқыза аламыз деген болатын. Алайда, ол діни маңыздылығына қарамастан, әдетте мәдени туризм сегментіне енетін ежелгі жерлерге (мысалы, Инка храмдары мен пирамидалар) сапарларды діни туризмге жатпайды деп түсіндірді [3].

Көптеген авторлар діни туризм және қажылықты бір ұғым ретінде қарастырады, кейбіреулері қажылықты діни туризмнің бір түрі ретінде сипаттайды. Дегенмен, зерттеушілердің бір бөлігі бұл пікірмен келіспейді. Туризмнің осы түрін зерттейтін авторлар арасында ең көп талқыланатын мәселелердің бірі – діни туризм индустриясының қатысушылары болып табылатын туристер мен қажылар арасындағы айырмашылық, яғни олардың мотивтері болып табылады. Діни туризм кезінде турист туризмнің басқа түрлерімен, әсіресе демалыс, мәдени, әлеуметтік және топтық туризммен айналысады [4]. Ал, қажылық көбінесе «діни себептерден туындаған, қасиетті жерге сыртқы және ішкі рухани мақсаттар мен ішкі түсіну үшін саяхат» деп анықталады, діни ережелерді ұстанатын адамның өзі үшін қасиетті діни орынға саяхатын білдіреді [5]. Қажылық және діни туризм тақырыбында терең зерттеу жүргізген, K. Hyde және S. Harman өзінің «Motives for a Secular Pilgrimage to the Gallipoli Battlefields» зерттеуінде, әлемде көптеген діни емес адамдар терең жеке маңызы бар жерлерге саяхат жасайды деп түсіндірген. Осылайша, бұл зерттеушілердің пікірі бойынша, қажылыққа қабірлер мен атақты ескерткіштерге, әйгілі спорт алаңдарына немесе саяси маңызы бар жерлерге сапарлар кіреді. Қысқасы, Hyde және Harman қажылық тек діни құбылыс емес және діни элементтерге негізделген ескі қажылық тұжырымдасы қазіргі заман тенденцияларына сай емес деген пікірде. Оның орнына зерттеушілер қажылықты екі балама түріге бөлуді ұсынады: діни және зайырлы [6].

Қажылық және діни туризмді екі бөлек түсінік деп қабылдаушылар, сәйкесінше «қажы» және «діни турист» ұғымдарына екі түрлі анықтама берген.  Хайд пен Харманның айтуынша, «Қажы – саяхат ету арқылы қасиетті жерге немесе адамға қол тигізуге тырысады, яғни қажылар олардың терең діни құндылықтарын бейнелейтін жалғыз физикалық жерге барады» [6]. Көптеген қажылар Құдаймен кездесуді іздейді [7], немесе қажы үшін қажылық – бұл дін тұрғысынан міндеттелген парыз немесе кейбір жағдайларда бір бастаманың рәсімі [8]. Қажылыққа бару себебі – діни құрметке ие болу немесе жасаған күнәларына өкінуі болуы мүмкін. Олар белгілі бір нысанға өз күнәларынан арылу және тазару мақсатында барады [9].

Діни туристтің мотиві – діни обьектілерге қызығушылығы, олардың дінді үйренуге деген құлшынысы болуы мүмкін. Діни турист христиан бола тұра, ислам және буддизм орталықтарына саяхаттайды және оның саяхаты олардың діни құндылықтарымен ешқандай байланысқа ие емес [10].

Алайда, бүгінгі күні екі терминнің эволюциясына байланысты қажылық пен туризм ұғымдары арасындағы шекаралар анық емес. Біріншіден, бұл контексттің өзгеруіне байланысты. Қазіргі уақытта алдын ала ұйымдастырылған түрдегі қажылық орта ғасырлардағы қажылыққа ұқсамайды. Орта ғасырларда, адамдар қажылық жасау кезінде көптеген қиыншылықтарды басынан өткізіп, төмен жағдайларда саяхаттаған және сол жағдайда ғана дұға-ниеттер қабыл болады деп сенген [11]. Қазіргі кезде, Қазақстан нарығының өзінде, адамдар Меккеге қажылық жасауға туристтік компаниялардан ұйымдастырылған турлар сатып алу арқылы барады. Екіншіден, қажылық термині кең және зайырлы контексте қолданылатын болды, келушілер атақты адамдардың қабірлеріне, атақты резиденцияларға және қажылыққа байланысты дәстүрлі сипаттамаларды көрсететін жерлеу орындарына бару үшін көбірек қолданылады [4]. Үшіншіден, «діни туризм» термині рухани саяхаттың сипаттамасы ретінде жиі кездеседі, бұл тұрғыдан ол қажылық түсініктеріне де сай келеді [12].

Қорытынды

Қорытындылай айтқанда,  діни турист және қажы мотивтері арасындағы айқын айырмашылықтарға қарамастан, бүгінгі тез өзгеруші заманда қажылық діни туризмнің көрінісі ретінде қабылдануы жиі байқалады. Қазір, тіпті діни парыздарды орындауды көздейдін, туристік пакеттер сатылуы нарықта байқалады. Тағы бір тенденция, қажылық ұғымы бүгінгі таңда тек дінге қатысты қолданылмайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. UNWTO. 1995. Concepts, Definitions and Classifications for Tourism Statistics, UNWTO, Madrid.
  2. Mintel. 2012. Religious and Pilgrimage Tourism - International - February 2012, Mintel International Group Ltd: London.
  3. Bar, Doron, and Kobi Cohen-Hattab. 2003. A New Kind of Pilgrimage: The Modern Tourist Pilgrim of Nineteenth-Century and Early Twentieth-Century Palestine. Middle Eastern Studies 39: 21-22.
  4. Collins-Kreiner, Noga. 2010. Researching Pilgrimage: Continuity and Transformations. Annals of Tourism Research 37: 55–56.
  5. Hyde, Kenneth F., and Serhat Harman. 2011. Motives for a Secular Pilgrimage to the Gallipoli Battlefields. Tourism Management 32: 50–51.
  6. Olsen, Daniel, and Dallen Timothy. 2006. Tourism and Religious Journeys. In Tourism, Religion and Spiritual Journeys. Edited by Daniel Olsen and Dallen Timothy. London: Routledge, pp. 21.
  7. Kaewumpai, Issara. 2018. The Influence of Personality on Tourist Behaviors: The Study of Motivations, Satisfaction, and Loyalty. e-JOURNAL 10: 54.
  8. Pearce, Phillip. 1993. Fundamentals of Tourist Motivation. In Tourism research: Critiques and challenges. Edited by Douglas G. Pearce and Richard Warren Butler. London: Routledge, pp. 34.
  9. Nolan, Mary Lee, and Sidney Nolan. 1992. Religious Sites as Tourism Attractions in Europe. Annals of Tourism Research 19: 68–79.
  10. Raj, Razaq. 2012. Religious Tourist’s Motivation for Visiting Religious Sites. International Journal of Tourism Policy 4: 15–16.
  11. Raj, Razaq, Kevin Griffin, and Robert Blackwell. 2015. Motivations for Religious Tourism, Pilgrimage, Festivals and Events. In Religious Tourism and Pilgrimage Management: An International Perspective. Wallingford: 10.
  12. Tomasi, Luigi. 2002. From Pilgrimage to Religious Tourism via the Journey. Westport Publishers, pp. 12.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.