Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 20(148)

Рубрика журнала: Медицина

Секция: Фармацевтические науки

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7

Библиографическое описание:
Казихан А. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 20(148). URL: https://sibac.info/journal/student/148/214898 (дата обращения: 13.05.2024).

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Казихан Айгерім

фармация факультетінің студенті, Қазақ ұлттық медицина университеті С. Д. Асфендияров атындағы,

ҚР Алматы қ.

Жыланбаева Балкия Калибаевна

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі,  инженерлік пәндер кафедрасының лекторы, магистр, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,

ҚР Алматы қ.

АБСТРАКТ

Мақалада фармацевтикалық өнеркәсіптің даму перспективалары, отандық фармацевтикалық өндіріс өнімнің өсу тенденциясының құрылымын, фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін, фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің экспорты мен импортын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру қарастырылады. Дәрілік заттардың белгілі бір жиынтығына тұрақты қол жеткізу кезеңдері дәрілік заттың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі түйінді буын болып табылады.

ABSTRACT

Prospects for pharmaceutical development in the article a comparison of the structure of the growth trend of domestic pharmaceutical production products, the volume of production of the main types of pharmaceutical products, exports and imports of pharmaceutical products with the same period last year. a general overview is provided. Constant access to a certain set of medicines is a key link in the system of ensuring national drug safety.

 

Түйінді сөздер: медицина, фармацевтика, зерттеулер, әдістер, Денсаулық сақтау, тиімділік, сала, отандық, сұраныс, импорт, өндіріс, инновация.

Keywords: medicine, pharmaceuticals, research, methods, healthcare, effective, industry, domestic, demand, import, production, innovation.

 

Фармация саласындағы ғылыми тәжиребелік жұмыстар елімізде 1951 жылы басталды.  Қазір Қазақ Ұлттық Медицина университетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдірі институтының клиникасы, Фармакология кафедрасы, Республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2016 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді. Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді, олардың 5,5 мыңы жоғары дәрежелі мамандар.

Отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру үшін иновациялық жолды таңдау және дәрі-дәрмектерді диверсификациялау қажет. Диверсификация дегенміміз – науқастарға ұсынатын дәрі-дәрмектердің клиникалық көрсеткіштерін жақсарту. Сол арқылы отандық фармацевтикалық заттардың науқастардың сұранысына сай болуын қамтамасыз етеді. Отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру. Республиканың халықаралық нарықтық сауда саласындағы жағдайын жақсарту. Оның негізгі мағынасы отандық фармацевтикалық заттардың құнынын төмендету арқылы импорттық заттардың да арзандауына жол ашу. Импорттық заттарды алмастыру мемлекеттік экономикадағы сапалы өзгерістердің бірі болып табылады. Осы арқылы отандық фармацевтикалық зауыттардан шығарылатын тауарлардың бәсекелестікке қабілеті арттырылып, өндіріске болашағы үлкен иновациялық жаңалықтарды енгізуге жол ашады. Сонымен, импорттық тауарларды алмастыру Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін арттырады. Қазақстан Республикасындағы импорттық тауарларды алмастыру бағдарламасы көбнесе фармацевтикалық өндірістегі бәсекелестікке даяр медикаменттері бар және осы салада өндіріске қажетті заттармен салыстырмалы түрде жақсы қамтамасыз етілген ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие және сатылым маркасы жоғары заттарға тікелей тәуелді. 2000 жылдан бастап ұлттық өндірісті дамыту барысындағы саясат бірінші кезекте инновациялық жүйелерді ендіруге қолайлы салаларды қамтыды. Осындай салалардың бірі фармацевтикалық салалардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар қазақстандық фармацевтикалық өндірістің баяу дамуының бір себебі отандық өндірушілерге қатысты дискриминациялық заңдардың болуы. Заң жүзіндегі теңсіздік мына жағдайлардан көрінеді: елге кіргізілетін фармацевтикалық өнімге кеден салығы мен ҚҚС салынбайды, сонымен бірге дәрілік заттарды импорттаушылар тек дайын өнімді ғана тіркеуге міндетті.Осы уақытқа дейін біздің республикамызда нарықтық саладағы импорттық дәрі-дәрмектерді отандық дәрі-дәрмектермен ауыстырудың тиімді жолдары, оның ішінде менеджмент пен маркетинг мәселелері толық қаралмаған. Соңғы кезеңде қалыптасқан әлемдік экономикалық тоқырау фармацевтикалық нарыққа да өзінің әсерін тигізуде.

Дәрілік препараттарды өндірушілер үшін жаңа инновация күтілуде, яғни әр үш жыл сайын дәрілік заттың сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатында өндірушілер еуропалық және американдық стандарттарға сәйкес инспекцияланатын болады. Ал қазіргі уақытта инспекциялау дәрілік заттың тіркелу тарихында бір рет ғана өткізіледі, яғни дәрілік затты немесе өндіруші ұйымды тіркеу сатысында ғана жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрілік препараттардың фальсификациясымен күресу үшін препараттарды 2D кодтау жүйесін енгізу және тіркелмеген қаптаманы анықтау үшін әрбір препараттың қорабына бірегей штрих-код белгілеу жоспарлануда.

2015 жылы отандық компаниялар арқылы 32 млрд теңгеден аса қаржыға фармацевтикалық өнімдер өндірілді. Бүгінгі таңда елімізде 112 фармацевтикалық кәсіпорын бар. Оның 51-і дәрі-дәрмектерді, 61-і медициналық бұйымдарды өндірумен айналысады.

Қазіргі жағдайда еліміздің фармацевтикалық нарығы бойынша айтар болсақ,  тапшылық жойылып, әртүрлі дайын дәрілік заттар мен медициналық қажетті заттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр. Қызмет көрсету мәдениеті біршама өсті. Бұған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқындылығымен, халықтың әлеуметінің өсуі себепші болды.

Мемлекетіміздің саяси тенденциясы отандық фармация өндірісінің дамуына жағдай жасау, әрі қарай республикада өндірілетін дәрілік заттарды қазақстандық фармацевтикалық нарыққа диверсификациялау болып табылады.

Фармацевтикалық өнім шығарушылардың саясатында өз ассортиментін дамытудың мақсатты түрде екі нұсқасы ұсынылады:

  • нарыққа толығымен жаңа брендтерді шығару;
  • қоржындағы бар атауларға жаңа тұтынушылық қасиеттерді қосу есебінен, олардың санын көбейту (бөлшектерді құрамдастыру, ұзарту, тағы да басқа).

Елімізде қазіргі кезде 6000-ға жуық дәрілік заттар тіркелген, олардың 600 – ге тарта түрі отандық өндірісте өндіріледі. Дәрілік заттардың нарық көлемі жалына 400 миллион АҚШ долларына бағаланады. Шетелдік фармацевтикалық компаниялардың 100 өкілдіктері қазақстандық нарықта әрекет етеді. Республика көлеміндегі дәрілік препараттардың ең ірі жабдықтаушылары болып Ресей, Германия, Франция және АҚШ мемлекеттері саналады. 2006 жылдың бірінші кварталы бойынша отандық өндірушілер сату көлемнің екі реттік өсімін көрсетті. Сәйкесінше, республикада дәріханалық сату нарығының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар көп жағдайда халық науқастанған кезде бірінші кезекте дәріханаға барады, ал дәрігерге соңғы сәтте барады.

Бүгінгі күні өнім даярлаудың басты тиімді жағы шетелдік тәжірибелерді меңгеру мен академиялық гипотезаларды тексеруден отандық кәсіпорындарда жұмыс жасау мен гипотезаларды сараптамалық тексеру жұмыстарына өту қажеттігін талап етеді.

Кәсіпорындар байқау мен қателіктер әдісімен диверсификация портфелін қалыптастыруы тиіс.

Кәсіпорынды қайта құрудың маңызды тәсілі болып қалатын диверсификация стартегиясын ойлап табу және осы негізде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату керек. Тауарды, біздің жағдайда, дәрілік заттарды ілгерілету саясаты өзекті болып табылатын сұрақты шешеді – фармацевтикалық кәсіпорындарда әзірленетін дәрілік заттардың тұтынушыларға барар жолы. Оның құрамында тұтынушыға өнімді қажетті көлемде жеткізіп беру үшін қажет болатын әрекеттің барлық түрі бар. Өткізу туралы шешім маркетингтің басқа құралдарымен үйлестірілген жағдайда ғана қабылданады

Еліміздегі фармацевтикалық нарықтың дамуын талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  • фармациялық өндіріс саласында мекемелерге қатысты маркетинг қызметінің тиімділігін көтеру;
  • фармацевтикалық өндірістердің техникалық жабдықталуын модернизациялау;
  • мемлекеттің салықтық және инвестициялық саясатын жетілдіру бойынша заңнамаларды толықтырып, қарастыру;
  • дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын мелекеттік бақылауын күшейту;

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.
  2. Ж.Татымханқызы, Ж.Иманқұлова «Жас-Ай» журналы. Қазақстандағы фармацевтика.- 2013. – №6. – 22-23 бет.
  3. Иваницкая Л.В., Чешко В.Ф., Глазко В.И. Эволюционные и генитические подходы в работах Н. Д. Кондратьева // Вестник Российской академии естественных наук – 2011. – №4 – С. 115 – 124.
  4. Блатов Р.М., Шопабаева А. Р., Ботабаева Р. Е. Новый взгляд на ГЧП в здравоохранения Республики Казахстан: перспективы взаимодействия государства и фармацевтических компаний // Вестник КазНМУ. – 2016. — №2. — С. 447 – 453.
  5. Экспорт фармацевтической продукции: проблемы и перспективы, URL: http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/ analytics/export_pharm.php;
  6. Қазақстан республикасының фармацевтикалық нарығын талдау. https://sachok.kz
  7. Бизнес бастама https://startinfo.kz/buisness/
  8. Мақала  https://articlekz.com/kk

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.