Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 19(147)

Рубрика журнала: Медицина

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Аймухамбетов Н.Р., Юзупчук Ю.В., Дарыбаев Д.М. ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ДИСТАЛДЫ БӨЛІГІНІҢ КҮРДЕЛІ СЫНЫҚТАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУДЕГІ БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 19(147). URL: https://sibac.info/journal/student/147/213045 (дата обращения: 26.04.2024).

ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ДИСТАЛДЫ БӨЛІГІНІҢ КҮРДЕЛІ СЫНЫҚТАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУДЕГІ БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ

Аймухамбетов Нариман Рустамович

резидент-дәрігер травматолог, КеАҚ «Караганды медицина университеті»,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

Юзупчук Юрий Витальевич

резидент-дәрігер травматолог, КеАҚ «Караганды медицина университеті»,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

Дарыбаев Дарын Маратұлы

резидент-дәрігер травматолог, КеАҚ «Караганды медицина университеті»,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

Тулеубаев Берик Еркебуланович

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, КеАҚ «ҚМУ» хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., ассоцирленген профессор

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы

EXPERIENCE IN SURGICAL TREATMENT OF COMPLEX FRACTURES OF THE DISTAL HUMERUS

 

Yuri Yuzupchuk

resident traumatologist, NAO “Karaganda medical university”,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

Daryn Darybayev

resident traumatologist, NAO “Karaganda medical university”,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

Nariman Aimukhambetov

resident traumatologist, NAO “Karaganda medical university”,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

Berik Tuleubaev

research supervisor, doctor of medical sciences, associate professor, head of the Department of Surgical Diseases of NAO “Karaganda medical university”,

Republic of Kazakhstan, Karaganda

 

АННТОТАЦИЯ

Шынтақ буынының буынішілік сынуы жалпы сынықтардың ішінде 18,8%-дан 19,8%-ға дейін құрайды. Бұл аймақтағы сүйек сынықтарын емдеудің қиындықтары жоғары дифференциалды анатомиялық құрылымға және осы буынның биомеханикасының күрделілігіне байланысты. Көптеген жағдайларда сынық бөлшектерінің жабық репозициясы жақсы нәтижелерге әкелмейді және оны қолдану тек ашық немесе жабық сынықтарына ғана мүмкін болады. Қазіргі уақытта біздің елімізде және шетелде емдеудің хирургиялық әдістеріне ерекше мән беріледі.Жұмыстың мақсаты – профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың шұғыл жарақат бөліміне түсетін науқастардағы тоқпан жіліктің дисталды бөлігінің сынықтарын хируриялық емдеу әдістерін зерттеу.Материалдар мен әдістер. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың шұғыл жарақат бөлімшесіне 2011-2020 жылдар аралығында тоқпан жіліктің дисталды бөлігінің сынуы бар 137 науқас түскен. Барлық науқастарға шұғыл түрде ота жасалды. Оның ішінде: 137 науқастың екеуіне пластинамен ашық репозиция және остеосинтез жасалды, қалған науқастарға әртүрлі себептерге байланысты спицалармен немесе бұрандалармен жабық түрде остеосинтез жасалынды.Нәтижелері.1 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімде (орташа мерзімі 3,7 жыл) ота жасалған науқастардың алыс нәтижелері 137 науқастың 87-де зерттелді, бұл 60% - ды құрады. Жарақат алған сәттен бастап отаға дейінгі орташа мерзім 17,1 күнді құрады. Қорытынды. Емдеудіңқолайлынәтижесікөбінесетұрақтыостеосинтезбенқолжеткізугеболатыноталарданкейінгіертеқозғалыстарғабайланысты.

ABSTRACT

Intra-articular fractures of the bones of the elbow joint account for 18.8% to 19.8% of all intra-articular fractures. Difficulties in the treatment of bone fractures of this localization are due to the highly differentiated anatomical structure and the complexity of the biomechanics of this joint. Closed reduction of fragments in most cases does not lead to good results and its use is justified only in childhood and with open or gunshot fractures. Currently, in our country and abroad, preference is given to surgical methods of treatment. The aim of the work is to study the applied surgical methods of treating patients with fractures of the distal humerus in patients admitted to the Department of Emergency Traumatology of the Prof. Kh.Zh. Makazhanov. Materials and methods. In the period from 2011 to 2020 at the Department of Emergency Traumatology of the MB named after Prof. Kh.Zh. Makazhanov, a total of 137 patients were admitted with fractures of the distal shoulder. All of the patients were operated on: two patients underwent open reduction, plate osteosynthesis, the rest of the patients underwent osteosynthesis with a wire or a screw for various reasons. Results. Long-term results were assessed in 87 patients out of 137, which amounted to 60%. The observation period ranged from 1 to 6 years (average 3.7 years). The average length of hospital stay was 17.1 days. Conclusions. The positive results of treatment depended on the type of hardware and early activation after surgery.

 

Негізгі сөздер: тоқпан жіліктің дисталды бөлімінің сынықтары, тоқпан жілікті оперативті емдеу әдістері, АО жіктелуінің ерекшеліктері.

Keywords: fracture of the distal shoulder, surgical methods of treatment of the humerus, peculiarities of AO classification.

 

Шынтақ буынының буынішілік сынуы жалпы сынықтардың ішінде 18,8%-дан19,8%-ға дейінқұрайды [1]. Бұл аймақтағысүйек сынықтарын емдеудің қиындықтары жоғары дифференциалды анатомиялық құрылымға және осы буынның биомеханикасының күрделілігіне байланысты[2].Көптеген жағдайларда сынық бөлшектерінің жабық репозициясы жақсы нәтижелерге әкелмейді және оны қолдану тек ашық немесе жабық сынықтарына ғана мүмкін болады [3].Қазіргі уақытта біздің елімізде және шетелде емдеудің хирургиялық әдістеріне ерекше мән беріледі [4]. Бұл тактика сынық бөлшектерінің сәтті репозициясына қол жеткізуге, оларды берік бекітуге және күштемені ерте мерзімде бастауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің барлық сынықтарының ішіндеайдаршық арқылы және жаңқаланған сынықтарын   емдеу қиын мәселенің бірі болып табылады және бұл сынықтар барлық сынықтардың 2%-ын құрайды [5]. Сонымен қатар бұл сынықтарАО/ASIF жіктеуіне сәйкес С типіне жатады.Оларды емдеу кезінде ашық репозиция мен сүйек остеосинтезіне артықшылық беріледі.Осы мақсатта АО хирургтарыайдаршықтың екі жағынан бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі пластинаны қолдануды ұсынады[6].Дегенмен, әртүрлі конструкциялардың сынықтарды бекітудің беріктігін эксперименттік зерттеу бұл әдістің артықшылықтарын дәлелдеген жоқ.

Жұмыстың мақсаты – профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың шұғыл жарақат бөліміне түсетін науқастардағы тоқпан жіліктің дисталды бөлігінің сынықтарын хируриялық емдеу әдістерін зерттеу.

Материалдар мен әдістер. ПрофессорХ.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың шұғыл жарақат бөлімшесіне2011-2020 жылдар аралығында тоқпан жіліктің дисталды бөлігінің сынуы бар 137 науқас түскен.Барлық науқастарғашұғыл түрде ота жасалды. Оның ішінде: 137 науқастың екеуіне пластинамен ашық репозиция және остеосинтез жасалды, қалған науқастарға әртүрлі себептерге байланысты спицалармен немесе бұрандалармен жабық түрде остеосинтез жасалынды.Оталар аймақтықжансыздандырумен және жгуттықолданбай жүргізілді. Ота шынтақ өсіндісі арқылы жасалды, остеосинтез "ChM" бұрыштық тұрақтылығы бар пластиналардың көмегімен жүргізілді. Сынықтардың түрлері бойынша науқастарды бөлу барлығы 137АО жіктеуі бойынша төмендегідей болды (кесте – 1).

Кесте 1.

Сынықтардың түрлері бойынша шұғыдл жарақат бөліміне түскен науқастардың жіктелуі

АО жіктеуі бойынша сынықтардың түрлері

B1

В2

В3

С1

С2

С3

Науқастарың саны

8

7

19

22

48

33

 

Жоғарыдағы 1 кестеде көрсетілгендей науқастардың көбісінде С1 – С3 күрделі сынық түрлері кездескен. Оның ішінде С2 түрі ең көп кездескен. Ол белсенді хирургиялық араласуды қажет ететін жағдай және де қолданылуы мүмкін ота түрлерін де арттырған жөн.

Нәтижелері.Техникалыққателіктершынтақ өсіндісінің остеотомия деңгейіндұрыстаңдамау, бұрандаменбекітілгенкездеайдаршық бөлігінің енінтарылтуболды.Операцияданкейінгіертеасқыну – гематома болып табылды. Оныңалдыналуүшіноперацияларжгутсызжасалдыжәнемұқият гемостаз жүргізілді. Дренаждау жасалған жоқ.

Отадан кейінгі кезеңде бактерияға қарсы терапия 3 күн ішінде жүргізілді. Ерте асқыну 1 науқаста -ерте кезендегі жараның іріңдеуі (операциядан кейінгі іріңді гематоманың) болды. Оны VAC дренирлеу көмеімен емдеді.

Кеш инфекциондыасқынулар (1 ай немесе одан да көп) үлкен жастағы 4 науқаста пайда болды және ол асқынуларкөбіне жұмсақ тіндердің зақымдалуымен байланысты болды.

Ерте асқынуларға сонымен қатар сынықтардың рефрактурасы жатады, оның себебі остеосинтездің тұрақтылығын дұрыс бағаламау және буындардағы қозғалыстардың ерте басталуы болып табылады.

Әр түрлі авторлардың күрделі сынықтарды ұзақ мерзімді емдеу нәтижелерін бағалау критерийлері бірдей емес. Бұл осы топтағы науқастардыхирургиялық емдеудің тиімділігін салыстырмалы түрде объективті бағалауды қиындатады.

Өте жақсы нәтиже ол –науқастардың бұрынғы жұмысқа толық жарамдылығы, қозғалыс амплитудасының 10%-дан аз (126° және одан да көп) төмендеуі, науқастардыңқызметін субъективті бағалауы өте жақсы.

Жақсы нәтиже ол–науқастардың кейбір жұмыс түрлеріне толық жарамдылығы, қозғалыс амплитудасының 33,3%-дан аз төмендеуі (қозғалыс амплитудасы 94°немесе одан да көп), науқастардың өзін-өзі субъективті бағалауы жақсы.

Қанағаттанарлық нәтиже ол – науқастардың жеңілдетілген еңбекке толық жарамдылығы, қозғалыс амплитудасының 50%-дан аз төмендеуі (қозғалыс амплитудасы 70°және одан жоғары), науқастарың өзін-өзі субъективті бағалауы қанағаттанарлық.

Нашар нәтиже ол – науқастар кез келген жұмысқа жарамсыз, қозғалыс амплитудасының 50%-ға немесе одан да көп (70°-тан аз) төмендеуі, науқастарың өзін-өзі субъективті бағалауы қанағаттанарлықсыз.

1 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімде (орташа мерзімі 3,7 жыл) ота жасалған науқастардың алыс нәтижелері 137 науқастың 87-де зерттелді, бұл 60% - ды құрады. 1-кестеден науқастардың көпшілігінде 75,2 % - ды құрайтын С1, С2 және СЗ типті ең күрделі ығысқан сынықтар болған.

Барлық науқастар жедел түрде емделді. Жарақат алған сәттен бастап отаға дейінгі орташа мерзім 17,1 күнді құрады. Емдеудің нәтижелері кесте – 2 көрсетілген.

Кесте 2.

Емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелері (науқастар саны / %)

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Нашар

12/21,3%

32/ 33,5%

33 / 34%

10/8,7

 

Келтірілген 2 кестеге сәйкеснауқастардың көпшілігі жақсы (33,5 %) және қанағаттанарлық (34 %) нәтиже көрсеткен. Ол көрсеткіштер сынықтардың күрделі болуына байланысты және де орташа шамада 3 жылда қанағаттанарлық нәтиже көрсету жақсы көрсеткіш болып табылады.

Қорытынды. Тоқпан жіліктің айдаршық арқылы сынықтарының остеосинтезі АО жіктеуіне сәйкес зақымдану түріне байланысты, бұл оның ауырлығы туралы толық түсінік береді. Ашық репозиция және тұрақты остеосинтез науқастардың 84%-ға жуығында ұзақ мерзімде жақсы және қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Емдеудің қолайлы нәтижесі көбінесе тұрақты остеосинтезбен қол жеткізуге болатын оталардан кейінгі ерте қозғалыстарға байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Amir S, Jannis S, Daniel R. Distal humerus fractures: a review of current therapy concepts. Curr Rev Musculoskelet Med. 2016 Jun;9(2):199-206.
  2. Buckley RE, Moran CG, Apivatthakakul T, eds. AO Principles of Fracture Management. In: AO Principles of Fracture 218 Management. Third Edition. Stuttgart: Georg ThiemeVerlag; 2018. (Vol. 1: Principles, Vol. 2: Specific fractures).
  3. Hackl M, Damerow D, Leschinger T, Scaal M, Müller LP, Wegmann K. Radial nerve location at the posterior aspect of the humerus: an anatomic study of 100 specimens. Arch Orthop Trauma Surg. 2015 Nov;135(11):1527-32.
  4. Hong CC, Nashi N, Hey HW, Chee YH, Murphy D. Clinically relevant heterotopic ossification after elbow fracture surgery: a risk factors study. OrthopTraumatolSurg Res. 2015 Apr;101(2):209-13.
  5. Claessen FM, Braun Y, Peters RM, Kolovich GP, Ring D. Plate and Screw Fixation of Bicolumnar Distal Humerus Fractures: Factors Associated With Loosening or Breakage of Implants or Nonunion. J Hand Surg Am. 2015 Oct;40(10):2045-2051.e2.
  6. Jester A, Harth A, Wind G, Germann G, Sauerbier M. Disabilities of the Arm, Shoulder and Hand (Dash) Question225 naire: Determining Functional Activity Profiles in Patients with Upper Extremity Disorders. J Hand Surg Br. SAGE 226 PublicationsSage UK: London, England; 2016 Aug 29; 30(1): 23–8.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.