Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(142)

Рубрика журнала: Биология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Айнадинов Ә.Ә. СУЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ КЛИМАТТА МЕКЕНДЕЙТІН БУНАҚДЕНЕЛІЛЕРДІҢ АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРҒА ӘСЕРІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 14(142). URL: https://sibac.info/journal/student/142/207969 (дата обращения: 26.11.2024).

СУЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ КЛИМАТТА МЕКЕНДЕЙТІН БУНАҚДЕНЕЛІЛЕРДІҢ АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРҒА ӘСЕРІ

Айнадинов Әділет Әкімжанұлы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, жаратылыстану факультетінің магистранты,

Қазақстан, Ақтөбе қаласы

Махамбетов Мұрат Жарақұлы

научный руководитель,

Ғылыми кеңесші, phD докторы, жаратылыстану факультетінің деканы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қазақстан, Ақтөбе қаласы

THE INFLUENCE OF ABIOTIC FACTORS ON INSECTS LIVING IN COLD AND DRY CLIMATES

 

Adilet Ainadinov

master's degree student of the Faculty of Natural Sciences, Aktobe Regional University named after K. Zhubanov,

Kazakhstan, Aktobe

Murat Makhambetov

scientific advisor, PhD, Dean of the Faculty of Natural Sciences,  Aktobe Regional University named after K. Zhubanov,

Kazakhstan, Aktobe

 

АННОТАЦИЯ

Мақалада жалпы суық және құрғақ климатта мекендейтін жәндіктердің абиотикалық факторларға әсерлері баяндалады. Зерттеулер нәтижесі бойынша абиотикалық факторлардың әсерінен жәндіктер санының азаюына және тіршілік ете білу қабілеттілігі  мен жәндіктердің таралуына өте маңызды әсер ететінін көруге болады.

ABSTRACT

The article describes the influence of insects living in the general cold and dry climate on abiotic factors. According to the results of research, it can be seen that abiotic factors have a very important influence on the decline in the number of insects and the ability to survive and spread insects.

 

Кілт сөздер: температура, бунақденелілеh,  жауын – шашын, физиология, ылғалдылық.

Keywords: temperature, insects, precipitation, physiology, humidity.

 

Жәндіктердің тіршілігіне әсер ететін негізгі абиотиклық факторларға температура, ылғалдылық, жауын-шашын, жарық, жел жатады. Сонымен қатар, жалпы климат және үнемі өзгеріп тұратын ауа-райы жәндіктерге айтарлықтай әсер етеді.  Климат жәндіктердің таралу шекарасын анықтайды, ал ауа-райы жағдайлары олардың даму мерзіміне және популяциядағы санның өзгеруіне әсер етеді.

Жәндіктер пойкилотермді жануарлар, олардың тұрақты дене температурасы болмайды. Егер жәндіктер тыныш күйде болса, онда өз денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасымен бірдей болады. Күн сәулесінің әсерінен жәндіктердің дене температурасы тез көтеріліп, олардың белсенділігін артады. Көптеген жәндіктердің күнделікті  қозғалыс ырғағы температурамен тығыз байланысты.  Мысалы  күн шыққанға дейін жыртқыш ктыр шыбындары (Asilidae)  қамыстың сабақтарына жансыз отырады және температура көтерілген сайын ояна бастайды[3].

Жәндіктердегі дене температурасын реттеу негізінен оттегінің сіңу қарқындылығының өзгеруі және судың булануы арқылы жүзеге асырылады. Тыныс алу қарқындылығының жоғарылауы температураның көтерілуімен байланысты. Г.А. Пантюховтың (1956) мәліметтері бойынша, сақиналы жібек құртының жұмыртқалары (Malacosoma Neustria L.)1 г салмаққа -3℃ температурада 2,7 мм3, -5℃-1,4 және -11℃-0,53mm3 оттегіні тұтынады; Дәл осындай температурада қарағай аяққұйрығының қуыршағы (Exaereta ulmi Schiff) 1 г салмаққа сәйкесінше -3℃ -3,8; -5℃-2,2 және -11℃-0,73mm3 оттегіні сіңіреді. 1-суретте көк ет шыбынының (Calliphora erythrocephala Mg n.) личинкаларының тыныс алу қарқындылығы көрсетілген[2].

 

Сурет 1. Температураға байланысты көк ет шыбынының дернәслдерінің тыныс алу қарқындылығы (Кожанчиков бойынша)

 

Жәндіктерді суыққа төзімділігі немесе төмен температураның әсеріне тіршілік ете білу қабілеттілігі сан динамикасы мен жәндіктердің таралуына өте маңызды әсер етеді. Суыққа төзімділік бір түр үшін тұрақты емес және оның физиологиялық жағдайына және мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты жоғарғы дәрежеде өзгереді. Екінші жағынан, әртүрлі түрлердің суыққа төзімділігі әртүрлі; олардың бірі, әсіресе жылы климаттағы түрлер, температураның 0°C-тан төмен салыстырмалы түрде төмен түсуімен өледі, ал екінші жағынан, олар жүргізілген эксперименттер нәтижесінде -30°C ға дейін салқындатуға төтеп бере алады. Л. К. Лозин-Лозинскийдің жүгері көбелегінің жұлдызқұрттарына жүргізілген тәжірибелерінің нәтижесінде дернәсілдер -80°C және -190° C-қа салқындауға төтеп бере алған. Бұл көптеген жәндіктерде олардың денесінде судың кристалдануы басталғаннан кейін көп ұзамай өлімге әкеледігін көрсетеді[1].

Төмен температураның әсерінен жәндіктердің өлімі олардың денесінің тіндерінде мұз кристалдарының пайда болуымен байланысты, тіпті олардың жасушалық құрылымының тұтастығы бұзылмаса да, бұл қайтымсыз процесс болғандықтан соңы өлімге әкелетін физиологиялық өзгерістерге тудырады.  Су 0°C температурада мұзға айналады, алайда жәндіктердің басым көпшілігі төменгі  температураға төтеп бере алады. Себебі, жәндіктер денесіндегі сұйықтық таза су емес, әртүрлі заттардың ерітінділері және дене жасушаларында да, жасушааралық кеңістікте де орналасқан протоплазманың коллоидты бөлшектері суды байланыстырып, оның қатып қалуына жол бермейді[4].

Ауа ылғалдылығының жәндіктерге әсері бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Жәндіктер дененің жамылғысы мен трахея жүйесі арқылы көп мөлшерде суды буландырады және суды тікелей тамақ пен тыныс алу кезінде ауа буымен сіңіреді[3].

Жәндіктердің денесіндегі су бос күйде болады немесе дененің әртүрлі заттарымен адсорбцияланады, тотығу кезінде ол босатылып, жалпы заттарға енеді. Сырттан енетін заттар жеткіліксіз болған кезде, дене майдың тотығуынан пайда болған суды пайдаланады. Су мен майдың қатынасы жәндіктердің денесінде үнемі өзгеріп отырады және олардың суыққа төзімділігінің критерийлерінің бірі бола алады. Жәндіктердің денесінде май мен су аз болған сайын, ол төмен температураға шыдайды. Күздің соңында 68-72% су және құрғақ массаға 18,43% май болған шаң көбелегінің қыстайтын жұлдызқұрттары -15°C температурада 158 күнге дейін салқындауға төтеп берді. көктемде шаң көбелегінің белсенді жұлдызқұрттары   84,08% су және 4-6% май болды. Олар -15°C температурада 4 сағаттан кейін тіршілігін жойды[2].

Жәндіктерде майдың жиналуы әдетте қыстауға дейін жүреді. Алайда, суыққа төзімділігі жоғары, бірақ майы аз және денеде көп мөлшерде су бар жәндіктер де бар. Қарағай жібек құртының қыстайтын құрттары -20°C дейін салқындауға төтеп бере отырып, қыстың басталуына дейін тек 1,2% май және 77,9% су болады. Бұл құбылыс көктемде оянғаннан кейін бірден қореқ қажет ететін, қыстайтын жәндіктерге тән[2].

Ылғалдылық пен жауын-шашын саңырауқұлақ және бактериялық ауруларының жәндіктердің дамуына, санына әсер етеді. Мысалы, көктемде жауын-шашын аз болған жылдары энтоморфор саңырауқұлағы (Tarichium phytonomi Jacz.), жапырақты жоңышқа пілтұмсығының (Phytonomus variabilis Hbst.), көктемгі мол жаңбыр жауған жылдары бұл саңырауқұлақтан зиянкестердің 50% - дан астамы, кейде 90% - ға дейін өледі[1].

Жәндіктердің әр түрлерінің  даму сатылары  үшін тіршілік ету ортасының ылғалдылығының аз немесе  оңтайлы мөлшері бар, олардың денесіндегі судың пайыздық мөлшеріне байланысты, бұл метаболизмнің жақсартуды қамтамасыз етеді. Егер белгілі бір жағдайларда жәндіктердің денесіндегі судың мөлшері оңтайлы деңгейден жоғары болса, булануды жоғарылататын құрғақ ауа жәндіктердің өміріне қолайлы, ал ылғалды керісінше тежейді. Ылғалдылықтың оңтайлы бағыттан ауытқуы жәндіктердің өміршеңдігінің төмендеуіне әкеледі. Реттеу қабілетінен тыс айтарлықтай ауытқулар болған кезде, егер олар бір уақытта қыстық ұйықыға немесе диапаузға түсе алмаса, алдымен жәндіктердің тітіркенуі мен қозғыштығының жоғарылауы байқалады. Ылғалдылықтың оңтайлы жағдайдан одан әрі ауытқуы ұйқышылдыққа, содан кейін жәндіктердің өліміне әкеледі.[2]

Топырақтың ылғалдылығы қалыпты нормадан жоғары болса, (әсіресе төменгі температурамен қосарланып) аэрация нашарланады және патогенді микроорганизмдер тез дамиды. Мұндай жағдайлар насекомдардың өсіп-өніп көбеюіне және дамуына қолайсыз болады[3].

Құрғақшылық кезінде топырақ ылғалдылығының қалыптан тыс төмен болуы топырақты мекендейтін насекомдарды жердің тереңірек қабаттарына миграция жасауына мәжбүр етеді және олардың қуыршақтары мен жұмыртқаларының көпшілігінің тірлшілігін жоюына әкеліп соқтырады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Воронцов А.И. Лесная Энтомология: Учебник для студентов лесохозяйств.-М.: Высшая школа, 1982.-384 с.
  2. Яхонтов В.В. Экология насекомых. М.: Высшая школа, 1964.-458 с.
  3. Тілменбаева Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология.- Алмты: Қайнар, 1994. -336 бет.
  4. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология: Учебник для университетов и сельхозвузов. -М.: Высшая школа, 1980. -416 с.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.