Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 3(131)

Рубрика журнала: Сельскохозяйственные науки

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Уразгалиева А.А. «КАМЫШЕНКА» ЖШС ЕРТЕ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СИММЕНТАЛ ТҰҚЫМЫ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 3(131). URL: https://sibac.info/journal/student/131/201624 (дата обращения: 28.03.2024).

«КАМЫШЕНКА» ЖШС ЕРТЕ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СИММЕНТАЛ ТҰҚЫМЫ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ

Уразгалиева Акыл Алимбековна

2 курс магистранты, Қазақ агротехникалық университеті. С. Сейфуллин,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Беккожин Аманжол Жуанышевич

научный руководитель,

Ғылыми кеңесші, доц. Атындағы Қазақ агротехникалық университеті, мал шаруашылығы технологиясы кафедрасы С.Сейфуллин,

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

АННОТАЦИЯ

Ақмола облысындағы «Камышенка» ЖШC ерте ұрықтандырылған симментал тұқымы тұмса сиырларының сүт өнімділігінің нәтижелері берілген.

ABSTRACT

Milk productivity of early inseminated cows of the Simmental breed of Kamyshenka LLP.

 

Кілтті сөздер: ерте ұрықтандыру, сүт өнімділігі, майлылығы, тірі- лей салмағы, дене өлшемдері, дене индексі.

Keywords: Early insemination, milk productivity, fat content of milk, body measurements.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында: «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті эконо- мика құру мүмкін емес. Негізгі міндет - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету; миллиондаған ауыл тұрғын- дарының табысын арттыру; еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту; агро- өнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру» деген болатын. Қалыптасқан әлемдік үрдістермен қолда бар әлуетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың маңызды, табысты саласы болуға тиіc [1].

Қашарлардың алғашқы ұрықтандыруының жасы тек табынның өсі- мін молайту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы шаруашылық жүргізу деңгейін сипаттайтын өте маңызды көрсеткіш болып табылады, өйткені ерте ұрықтандыру жануарлар оңтайлы тірі салмаққа жеткенде ғана мүмкін. Ақмола облысының көптеген шаруашылықтарында жыл сайын төлді азықтандыру және күтіп-бағу деңгейі жоғарылауда, бұл 14-15 айда салмағы 360 кг және одан да ірі төлдерді алуға мүмкіндік береді [2].

«Камышенка» ЖШС қашарлардың 14-17 айлық жасы мен ұрықтандыру кезіндегі тірілей салмағы ескеріле отырып, 20 қашар ұрықтандырылды. Қашарлардың ұрықтандыру кезіндегі орташа салмағы 369 кг тең болды. Туу барысында 16 айлық тұмса сиырдан туылған 1 бұзау 2 күннен кейін өлді. Барлық алынған нәтижелер Microsoft Excell 2017 қолданылып Крючков А.В. және Маракулин И.В әдісі бойынша биометриялық өңдеуден өтті.

Дене бітімі мен сырт пішіні сиырды жан-жақты сынау үшін бірден бір қажет көрсеткіш. Ірі қараның сырт пішінінен оның денсаулығын, тұ- қым ерекшеліктерін айқындайтын, қалыпты физиологиялық қызметіне әсе- рін, денедегі кемшіліктер мен ерекшеліктер жөнінде мәлімет алуға бола- ды. Экстерьерлік бағалау арқылы малдың жас кезіндегі күтіп-бағу жағ- дайлары туралы талдауға мүмкіндік береді, өйткені сол жағдайлар дене бітіміне өшпестей із қалдырады [3].

Тұмса сиырлардың сызықтық өсу ерекшеліктерін білу үшін, лакта- цияның 3 айында келесі өлшемдер алынған болатын.

1 кесте.

Тұмса сиырлардың лактацияның 3 айындағы орташа дене өлшемдері, см

Дене өлшемдері

Тұмса сиырлар, n=20

Шоқтығының биіктігі

127±0,5

Құйымшақтың биіктігі

129±0,7

Тұрқының қиғаш ұзындығы

142±0,6

Кеуде орамы

184±0,9

Кеуде тереңдігі

67,5±0,8

Кеуде кеңдігі

44,5±0,6

Жамбас жалпақтығы

48±0,5

Шонданай төмпешік ені

25±0,4

Жіліншік орамы

18±0,3

 

1 кестенің нәтижесі бойынша тұмса сиырлар: шоқтығының биіктігі 127±0,5 см, кеуде тереңдігі 67,5±0,8 см, кеуде кеңдігі 44,5±0,6 см, кеуде орамы 184±0,9 см, жамбас жалпақтығы 48±0,5 см, шонданай төмпешік ені 25±0,4 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 142±0,6 см, жіліншік орамы 18±0,3 см, құйымшақтың биіктігі 129±0,7 см тең болды.

Тұлға индекстері бойынша мал тұқымына сәйкес белгілі бір өнім бағытына бейімділігін, өсіп-жетілу дәрежесін, дене пішінінің жас пен жы- ныс ерекшеліктеріне лайықтылығын және осыларға байланысты оның өз- геру заңдылықтарын біршама толық, әрі дәл сипаттауға болады. Ағзаның даму деңгейін, оның денесінің пропорциясын және малдың жалпылай кон- ституциялық түрін санау индекстері негізделіп жасалған [4].

Малдардың дене бітімінің ерекшеліктері туралы толығырақ дене ин- декстерін өлшеу арқылы білуге болады.

2 кесте.

Тұмса сиырлардың лактацияның 3 айындағы дене индекстері, %

Дене индекстері

Тұмса сиырлар, n=20

Созыңқылық

112,5±2,2

Дене жұмырлығы

129.8±1,3

Салмақтылығы

144,5±2,3

Кеуделілік

64±1,1

Сирақтылық

47.8±2,3

Сүйектілік

13.8±0,2

Кеуде-бөксе сәйкестігі

87±1,6

Бойшаңдылық

101,3±0,6

 

Сиырлардың сүт өнімділігі - сауым маусымында алынатын сүттің мөлшері мен сапасына байланысты. Сиырлардың сүт бездеріне қанмен түскен заттардан сүт пайда болады. Сүт өнімділік тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын факторлардың әсеріне тәуелді болып келеді. Оларға сиырлардың тұқымы, азықтандыру және бағу жағдайы, жасы және басқа факторлар жатады. І сауым маусымы бойынша сүт өнімділігі көбінесе сиырлардың ағзасының ұрықтануға қаншалықты дайын екендігіне байла- нысты. Егер жасы 14 айға толмаған, тірілей салмағы ересек сиырлардың салмағының 70% жетпеген қашарларды ұрықтандырсақ, төліміз әлсіз болып, сиырлардың сүт өнімділігі төмен болады. І және ІІ сауым маусымы бойынша сүт өнімділік сақа сиырлардың көрсеткішінен төмен болады. Әдетте І сауым маусымы бойынша көрсеткіш сақа сиырлардың сауым маусымы бойынша сүт өнімділігінің -75% құрайды, ал ІІ сауым маусымы бойынша - 85% [5].

Ерте ұрықтандырылған тұмса сиырлардың сүт өнімділігі көрсеткіш- тері 3 кестеде көрсетілген.

3 кесте.

Тұмса сиырларының сүт өнімділігі

Көрсеткіштер

Тұмса сиырлар, n=20

Сүт өнімділігі, кг

4783,3±113,2

Тәуліктік сауым, кг

19,1±0,3

Майлылығы, %

3,6±0,01

Ақуызы, %

3,3±0,03

Соматикалық жасуша саны, мың

320,9±11,1

 

Кесте деректеріне сәйкес, тұмса сиырларының сүт өнімділігі 4783,3±113,2 кг, тәуліктік сауым 19,1±0,3 кг, майлылығы 3,6±0,01%, ақуызы 3,3±0,03%, соматикалық жасуша саны 320,9±11,1 мыңға тең болды.

Қорытынды

1 «Камышенка» ЖШС өсірілетін қашарларды ұрықтандыру 14-17 ай- лық жасы мен ұрықтандыру кезіндегі тірілей салмағы ескеріле отырып орындалды.

2 Зерттелінген тұмса сиырлардың дене бітімі айқын сүтті типте екен- дігін атап өту қажет. 14-17 айында ұрықтанған қашарларың дене өлшемдері стандарт талаптарына сай келуіне орай индекстерінің көрсеткіштері қанағаттанарлық.

3 Бұл тұмса сиырлардың сүт өнімділігіне қашарларды ерте жаста ұрықтандырудың теріс әсерінің жоқтығының көрсеткіші болып табылады.

«Камышенка» ЖШС сүтті-тауарлы шаруашылығы жағдайында тай- ыншалардың ерте ұрықтандыру технологиясы жасына емес салмағына бай- ланысты өтетінін ескерсек, бұл нәтижені алдын-ала болжауға болатын еді. 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Жолдау / «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», 2020.
  2. Амерханов Х.А. Научное обеспечение конкурентности молочного скотоводства/ Х.А. Амерханов, Н.И. Стрекозов //Молочное и мясное ско­товодство (спецвыпуск). -2012. - Б. 2-6.
  3. Төреханов А.Ә., Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жа- зылбеков Н.Ә. Ірі қара шаруашылығы. Алматы. 2006. Б. 112-113.
  4. Насамбаев Е.Г., Ахметалиева А.Б. Вестник с.-х. науки Казахстана / - Алматы. 2006. - №7. - Б. 38.
  5. Садықұлов Т.С., Бексейітов Т.К., Мал өсіру және селекция: жоғары оқу орындарының ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық: ЖШС РПБК «Дәуір», - 2011. - Б. 36-39.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.