Поздравляем с 1 сентября!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 3(131)

Рубрика журнала: Биология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Орынғали М.С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ "СТЕПНОЕ" ЖШС ЗАУЫТЫНДАҒЫ МҰҒАЛЖАР ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 3(131). URL: https://sibac.info/journal/student/131/201380 (дата обращения: 02.09.2024).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ "СТЕПНОЕ" ЖШС ЗАУЫТЫНДАҒЫ МҰҒАЛЖАР ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ

Орынғали Медет Саматұлы

магистрант, биология кафедрасы жаратылыстану факультеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ҚР Ақтөбе қаласы

Рзабаев Серікбай Сағитжанұлы

научный руководитель,

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент ҚазКСр Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР Ақтөбе қаласы

IMPROVEMENT OF THE MUGALZHAR HORSES AT THE “STEPNOE” LLP PLANT IN THE AKTOBE REGION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

Medet Oryngali

master's degree student, Department of Biology, Faculty of Natural Sciences, Aktobe Regional University named after K. Zhubanov,

RK, Aktobe city

Serikbay Rzabaev

Candidate of Agricultural Sciences, Associate Professor, Laureate of the State Prize of the Kazakh SSR

RK, Aktobe city

 

АННОТАЦИЯ

Қазақстан Республикасы "Степное" ЖШС асыл тұқымды жылқы зауытының Мұғалжар тұқымының үлгідегі жылқыларының өндіруші құрамына зоотехникалық сипаттама берілді.

ABSTRACT

Zootechnical characteristics were given to the production staff of Mugalzhar horses of the breeding horse plant "Stepnoe" LLP of the Republic of Kazakhstan.

 

Түйінді сөздер: сұрыптау, аталық ізі, өлшемдер, тірі салмағы, шомбалдығы.

Keywords: sorting, paternity, size, live weight, massiveness.

 

Республикада қысқа мерзім ішінде ауылшаруашылығы малының барлық түрлерінің басын едәуір көбейту және мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін арттыру, оның сапасын жақсарту қолданыстағы және жаңадан енгізілген технологиялар арқылы аз шығындана отырып, мол өнім беретін анағұрлым өнімді мал тұқымдары түрлерінің генетикалық қарқынын күрт жеделтету қажет. Осы орайда республикамызда мал шаруашылығының басқа салаларымен қатар жылқы малының экологиялық таза еті мен қымыз өндірісін артттыруға үлкен мүмкіндігін атап өткен жөн.

Жылқы еті мен қымыз өндірудің ең қолжетімді және экономикалық тиімді әдісі жергілікті жылқыларды жыл бойғы жайылымда тебіндеп ұстауға биологиялық бейімдеуге негізделген үйірлеп жылқы өсіру болып табылады.

Басқа ет түрлерімен салыстырғанда жылқы етінің диеталық құндылығы, сапалы артықшылықтары, оның өндірудің жоғары тиімділігі, төмен өзіндік құны, біздің республикамыздың халқының тамақтану құрылымындағы таралушылығы бұл бағалы азық-түлік өндірісін көтеруге ықпал етуі тиіс.

Республикада жылқы басы тұрақты көбеюде. ҚР Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарына республикада 2 825,9 мың жылқы басы болды, ал 2019 жылдың 1 қаңтарына – 2 602,4 мың жылқы басы болды. Жылқы саны 223,5 мыңға, немесе 7,8% көбейді. Ал Ақтөбе облысында 2020 жылдың 1 қаңтарына 144300 жылқы басы тіркелген, ал 2019 жылдың 1 қаңтарына –128 600 жылқы басы болған. Жылқы саны 15 700 басқа немесе 10,8% көбейді (кесте). Республика бойынша жергілікті ет-сүт бағытындағы жылқы тұқымы 92,8% құрайды.[1.]

Қазақстан Республикасындағы селекциялық-тұқымдық жұмыс ет-сүт өнімділігі бағытындағы жылқылардың жергілікті тұқымдарын сақтауға және көбейтуге, қарқынды ауыл шаруашылығы талаптарына жауап беретін тұқымдардың жаңа жоғары өнімді зауыт желілерін және түрлерін құруға бағытталған.

Бұл жұмыс жылқылардың мұғалжар, көшім және қазақ тұқымдарын өсіруге және жетілдіруге негізделген.

«Степное» ЖШС Ақтөбе қаласынан 150 шақырым,аудан орталығы Батамша елді мекенінен 40 шақырым, жақын маңдағы теміржол станциясынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан.Шаруашылық аумағы оңтүстік қарашірінді түзетін және қара қоңыр топырықты,соған сәйкесінше алқапты бетегелі қауырсынды шөптесін өсімдіктер өседі.

Қысқы кезеңінің басталуы қазан айының соңғы бескүндігіне сәйкес келеді,ал кейбір жылдары 10-20 күндік ауытқулар болады. Қыс айларында ауа температурасы өте тұрақсыз.Жылдың ең суық айы-қаңтар (айдың орташа температурасы минус 16-17 С).Ауа температурасы көбінесе 30-35С аязға дейін төмендейді,ал кей жылдары 42-47 С дейін аяз болады.Қысқы мезгілде күшті аязбен бірге ауа температурасы 1 ден 5С-қа дейін жоғарылайды (қыс бойы орта есеппен 3-4 рет)

Қар жамылғысы қарашаның алғашқы он күндігінде түседі,бірақ ол тұрақты емес 16-26 қараша аралығында қар жатады.

Шаруашылықтағы жылқы саны «Мұғалжар асыл тұқымды жылқы зауытының»еншілес шаруашылығы «АСХОС» ЖШС-нен асыл тұқымды жылқыларды сатып алу арқылы құралады. Өндіруші құрам негізінен өз төл есебінен өсу жолымен Бархат, Зубра, Парадный зауыттық іздерінен тарайды.

Осылайша «Степное» ЖШС «Мұғалжар асыл тұқымды жылқы зауытының» еншілес шаруашылығы болып табылады.Бұл тұқым осы өңірге жерсіндірілген. Шағылыстыру үйір арқылы және зоотехникалық іріктеу арқылы. Жалпы көлемде алғанда, асылдандыру аталық іздері жолымен жүргізілді.

«Степное» ЖШС-де жайылымдық тебіндік жағдайда өсірілген мұғалжар тұқымының селекциялық тобы Ақтөбе облысында жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген,өнімділігі жоғары жылқы санын көбейтуге бағытталған.

«Степное» ЖШС асыл тұқымды жылқыларды іріктеу олардың өткен және қазіргі генеалогиясын терең бағамдауға,өсіміне ерекше әсер еткен көрнекті айғырлар мен биелердің генотиптік және фенотиптік ерекшеліктеріне негізделген.

Айғырлар мен биелердің зауыттық іздерге сандық және сапалық бөлінуі 1-кестеде берілген.

1-кесте.

Мұғалжар тұқымының айғырлар мен биелерінің зауыттық із бойынша бөлінуі

Зауыттық із

Айғырлар

Биелер

бас

%

элита

бас

%

Сұрыптау класы

бас

%

элита

I-кл

II-кл

Бархат 15-57

4

40,0

4

100

26

21,7

17

7

2

Зубра 46-59

9

30,0

3

100

74

61,7

55

15

4

Парадный

175-54

1

10,0

1

100

1

0,8

-

1

-

База 114-60

2

20,0

2

100

-

-

-

-

-

Басқа тұқымдық топтары

-

-

-

-

13

15,8

-

1

18

Барлығы

10

100

10

10

120

100

72

24

24

 

1-кестенің деректерінен «Степное» ЖШС де қолданылған айғырлардың басым бөлігі Бархат 15-57 айғырларына-4 бас(40,0%),Зубра 46-59 -3 бас(30,0%),База 114-60 зауыттық із айғырына -2 бас (20,0%) және Парадный зауыттық ізіне -1 бас (10%) тиесілі.Барлық айғырлар (n=10) таза тұқымды және элиталық.

 Мұғалжар тұқымының тұқымішілік ембі түріне жататын аналық құрамының селекциялық тобы өзінің шығу тегі жағынан Зубра -74 бас(61,7%),Бархат-26(21,7%) айғырлардың зауыттық ізіне тиесілі.

2-кестеде.

«Степное» ЖШС мұғалжар тұқымының тұқымішілік ембі тобына жататын ересек айғырлар мен биелердің тірі салмағы мен орташа өлшемдері берілген

Топ

бас

Өлшемдері, см

Тірі салмағы, кг

Шомбалдықиндексі

Шоқтық биіктігі

Кеудесінің қиғаш ұзындығы

Кеуде

орамы

Жіліншік

орамы

 

Айғырлар

3

144,3

155,3

190,0

20,0

545,0

182,9

Биелер

59

142,9

151,3

177,1

18,8

454,6

162,4

 

2-кестедегі мәліметтер «Степное» ЖШС мұғалжар тұқымы айғырларының едәуір жоғары көрсеткіштерге ие екендігін дәлелдейді.Олардың бойы-144,3 см,дене тұрқының да көлемді-155,3см кеудесінің қиғаш ұзындығы шоқтық тұсының биіктігінен 11 см артық,кеудеорамының өлшемі 190,0см, сүйектілігі 18,8 %, таза салмағы 545,0 кг және шомбалдықиндексі-162.4% көрсеткен.

«Степное» ЖШС ересек биелеріде біршама жоғары өлшемдерге ие.Атап айтсақ бойы ұзын-142,9см,кеудесінің қиғаш ұзындығы да-151,3см,шоқтық тұсынан өлшегендегі биіктігінен 8,4 см артық, кеуде орамының өлшемі-177,1см,сүйектілігі-18,8см,тірілей салмағы -454,6 кгшомбалдықиндексі-162,4 болып ерекшеленеді.

Тірілей салмағының нұсқалардағы өзгерісінің төмен коэффицент көрсетуі олардың дене тұрқы мен бітімінің біртектілігін көрсетеді.

Еттілік дене бітімінің келістілігі, конституцияның мықтылығы, сүйектілігі,аяқтарының дұрыс бітісі мен тең басылуы,түсінің біртектілігі (құла торы,сұры,жирен,)түктілігі-Қарғалы ауданындағы «Степное» ЖШС де өсірілетін мұғалжар тұқымының тұқымының тұқымішілік ембі түріне жататын жылқылардың экстерьерлік артықшылықтары.

Ақтөбе облысына шөл және шөлейт климат тән болғандықтан, бұл өңірде өзіміздің жергілікті жылқы тұқымдарының ішінен мұғалжар жылқы тұқымын өсіру тиімді болып табылады. Себебі, мұғалжар жылқысы- қысы -жазы жайылымға бейімделген және мол өнім беретін жылқы тұқымы.

"Степное" ЖШС асыл тұқымды айғырлары Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде өздерін жылқы тұқымын үздік жақсартушылар ретінде көрсете білді. Осыған байланысты табынды жылқы шаруашылығының асыл тұқымын сақтау және өсапасын өнімді арттыру "Степное" ЖШС асыл тұқымды төлін кең ауқымда қарқынды пайдалану есебінен жүргізілуі тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. http://argymaq.kz/archives/7731 . (мәлімет алынған күн 11.09.2020ж)

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.