Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 3(131)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Турдыбек А.А. ОНЛАЙН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2021. № 3(131). URL: https://sibac.info/journal/student/131/201283 (дата обращения: 09.11.2024).

ОНЛАЙН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Турдыбек Аят Амансарыулы

Информатика пәнінің магистранты Астана халықаралық университеті

Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан

Абдильдаева Асель Асылбековна

научный руководитель,

Текника ғылымдарының PhD докторы, Астана халықаралық университеті

Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан

ТҮЙІНДЕМЕ

Осы жылғы карантиндік шектеулер нәтижесінен, мектептер толығымен онлайн форматқа өтті. Интернет желісі, компьютер және мультимедиялық технологиялар оқытудың барлық дәстүрлі техникалық құралдарын ауыстыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай өзгерістер оқушылар мен мұғалімдерге анағұрлым тиімсіз. Себебі қалыптасқан білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту қарастырылмаған (елімізде орта білім дәстүрлі түрде атқарылады). Бұл жобада интерактивті компьютерлік технологияны қолдану және оны ұйымдастыру жолдарын қарастырамыз.

 

Түйінді сөздер: интерактивті оқу, SWOT талдау, AR және 3d технологиясы, оқу әдістемесі, Интерактивті орта, білім алушы.

 

Кіріспе. Ақпараттық технологиялар білім беру саласына қарқынды түрде еніп, XXI ғасыр талаптарна сәйкес цифрландыру кезеңінде көптеген операциялар электронды түрде жүргізіледі. Қазіргі әлемде қашықтықтан білім беру жүйесі қалыптасуда. Қоса айтатын тағы бір жайт, пандемия әсерінен онлайн сабаққа деген сұраныс күрт жоғарлады. 2020 жылғы Cisco компаниясының статистикасы бойынша Webex видеоплатформасының қолданушылар саны 21 есе өскенін көрсетті[1,2]. Онлайн сабақ барысында мұғалімдер Zoom,GLmeets, Likenldn,Webex және Eduprof желілік видео-кездесу платформаларын қолданады.

Дегенмен бұл платформалар сабақ беруге арналмаған. Негізінен олар бизнес кеңестерді презентациялауға арналған бағдарламалар. Шындығында бұл программалар шектеулі түрде жұмыс атқарады. Ал елімізде арнайы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыратын әдістемелік стандарттар мен заңдылықтар жоқ. Бұл дегеніміз сабақты мұғалім индивидуальді түрде жүргізеді. Яғни сабақты ұйымдастыру кезінде, мұғалім әр-түрлі оқыту әдістемесін қолдану мүмкін. Бұл қандай мәселені тудыруы мүмкін?-деген сұрақ туындайды.

Бірінші мәселе интернет желісі. Шалғай аймақтарда интернет желісі ұстамайды. Сәйкесінше мұғалім онлайн сабақты жүргізе алмайды.

Екінші мәселе оқушылар саны . Онлайн сабақ 7-10 адамды оқытуға арналған. Ал сыныпта кем дегенде 20 оқушыға дейін болуы мүмкін[2]. Яғни балаларға сапалы білім беру екі талай.

Үшінші мәселе бағалау. Онлайн форматтағы лабораториялық немесе практикалық сабақтарды пысықтау мүмкін емес.

Төртінші мәселе кадрлардың тапшылығы.

Интерактивті оқыту технологиясы арқылы көптеген ақпараттарды алуға, өңдеуге болады. Бұл өз кезегінде оқыту процесін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен мәселелер, тек мемлекеттік деңгейде шешіледі. Өйткені болашақта интерактивті компьютерлік технологияны қашықтықтан қолдану, өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу жүмысының мақсаттары

  • Интерактивті компьютерлік технологияны қашықтықтан ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.
  • Қашықтықтан оқытуға Feed back талдау жасау
  • Қашықтықтан оқытудың практикалық әдістемесін құру
  • Жобаның практикалық маңыздылығын анықтау
  • Интерактивті компютерлі ортаның түрлерімен танысу
  • Заманауи интерактивті оқыту технологиясына Swot талдау жасау

Теориялық бөлім

1. Қашықтықтан оқыту дегеніміз әр-түрлі интерактивтік және мультимедиялық технологиялардың көмегімен сабақты қашықтықтан беру Қашықтықтан оқыту технологиясы үш топқа жіктеледі(сурет 1).

 

Сурет 1. қашықтықтан оқыту технологиялары

 

Кейс технология кезінде білім алушы бірнеше интерактивті ортаны қолданады. Мысалы: Лекция бейнебақылау арқылы іске асса, ал практика оқыту вэб сайт көмегімен жүзеге асады.

Қашықтықтан оқыту кезінде желілік технологияларды жиі қолданады. Желілік технология кезінде ақпарат интернет арқылы таратылады. Желілік технологияларға Компьютер, сервер, интернет, ақпараттық байланыс құралдары және оқу базасы жатады. Желілік технологияның өзінің қолайлығымен ерекшелінеді.. Сол себепті қашықтықтан оқыту кезінде осы технология жиі қолданады.

Мултимедиялық оқытуға: Бейне баян, Аудио кітаптар, AR және 3D технологиясын жатқызамыз. Жаңа тақырыпты презентациялау кезінде мультимедиялық технологияны қолдану қолайлы. Көп жағдайда бұл технологияны университеттер мен арнайы кәсіби маман дайындайтын мекемелерде қолданады.

 “ Роберт И.В. Теория и методика информатизации образования” тақырыбындағы кәсіптік пәдагогикалық кітап 2014 жылы басылымға шықты. Негізінен бұл материалда интерактивті жүйелердің дамуы қарастырылған. Сонымен қатар елімізде қолданып жүрген интерактивті технологиялардың ескі, әрі тиімсіз екендігі айтылған. Автордың ойынша келесі интерактивті ортаны қолдану қажет[3].

 Оларға: Голограммалар, AR және 3d технологиялары, Арнайы интерактивті оқыту құралдары және арнайы оқыту платформалары жатады. Осы интерактивті ортаны қолдану барысында келесі нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін.

Кесте 1.

Заманауи интерактивті оқыту орталары

Интерактивті оқыту технологиясы

 пәнаралық перспективалар

Голограммалар

Биология, физика және география пәндерінде қолданады. Оқушы жануарлар және табиғат құбылыстарын өз көзімен көріп бақылай алады.

AR және 3d технологиялары

Информатика және механика пәндерінде қолданады. Оқушы обьектілердің 3D модельдерін құра алады. Сонымен қатар компьютерлік модельдеу арқылы эксперимент жүргізе алады.

Вэб-сайт, онлайн ақпараттық ресуртар

Қазіргі таңда оқыту платформалары арқылы барлық пән бойынша дайындалуға болады. Негізгі ерекшелігі қол жетімділігі.

Арнайы интерактивті оқыту құралдары

Арнайы интерактивті оқыту құралдары кәсіби мамадық дайындайтын орталарда қолданылады.

 

2. Қашықтықтан оқытудың әлемдегі рөлі

Алғашқы қашықтықтан оқыту курстары 2008 жылдан бастау алады. Интерактивті компьютерлік технологияның арқасында, қашықтықтан оқытудың негізі қаланды. 2019 жылғы АҚШ-та 6,7млн студент тіркелген. Студенттердің 47 пайызы дистанционды түрде сабақ өтеді. Яғни қашықтықтан оқыту студенттер үшін ыңғайлы екенін көрсетті. Тағы бір қызық ақпарат қашықтықтан оқыту көп жағдайда смартфонның көмегімен іске асады. Болашақта смартфондар компьютердің орнын басу мүмкін. Ұлыбритания білім министрлігінің тапсырысымен 2019 жылы студенттерге сауалнама жүргізілді[2,4].

 

Диаграмма 1. 2020 жылғы Ұлыбритания студенттерінің сауалнама нәтижесі

 

Сауалнама нәтижесін талдайық. Студенттердің 69% қашықтықтан оқуға қарсы емес, ал 44% компьютер қолданбайтынын көрсетті. Білім сапасына келетін болсақ, онда респонденттердің 60% кері әсерін тигізетіне сенімді. Бұл тенденция барлық әлемде бірдей. Қашықтықтан оқыту ұйымдастыру қиын. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Сонымен қатар қашықтықтан оқу жасы үлкен немесе жұмысы бар адамдарға тиімді. Қашықтықтан оқу кезінде сабақ ықшамды түрде өтеді[5;398]. Сабақ барысында білім алушылар берілген тапсырмаларды үйде өз бетінше орындайды. Әлемнің дамыған елдері тлықтай қашықтықтан сабақ бермейді. Көп жағдайда аралас түрде өтеді.

3. Қазақстандағы қашықтықтан оқытудың жалпы жағдайы

Қазақстанда 3млн 400 мың оқушы қашықтықтан білім алып жатыр.(ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша). Олардың 77 пайызы мектеп оқушылары. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға, бюджетте 60 млрд теңге бөлінді[6;22]. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту туралы заң қабылданды. ҚР білім және ғылым министрлігі келесі интерактивті оқыту әдісін ұсынды[7;54] (Кесте 2).

Кесте 2.

Интерактивті оқыту әдісі

Оқытудың интерактивті әдісі

анықтама

Вэбинар

Интернет технология арқылы ұйымдастырылған, оқушы мен оқытушы арасындағы сұхбат. Көп жағдайда мұғалімге сұрақ қою арқылы іске асады.

Видео-конференция

Сабақты дәстүрлі түрде жүргізіледі. Арнайы ақпараттық құралдар арқылы сабақ әдеттегідей өтеді.

Топтық дискуссия

Сабақтағы оқушыларды топтарға бөліп, тақырыпқа байланысты дикуссия жүргізіледі.

Оқу әдістемелік платформалар

Интернетегі мәліметтерді оқушы өздігінен меңгереді. Ал үй тапсырмасын арнайы платформада орындайды. Мысалы ретінде Kahoot платформасы.

Критикалық ойлау

Оқушының критикалдық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма

Имитациялық ойындар

Әр-түрлі ойындар арқылы сабақты жүргізу

 

Алғашқы интерактивті оқыту әдістері 19-ғасырдың соңында қалыптасқан. Интерактивті оқытудың басты мақсаты, оқушы мен оқытушы арасындағы ақпарат алмасуды жеңілдету. Интерактивті оқыту кезінде оқушының келесі параметрлері ескеріледі[11;257].

  • Академиялық адалдық
  • Психикалық жағдайы
  • Оқу мотивациясы
  • Оқу пәнінің мақсаты
  • Оқу кезіндегі талаптар
  • Бағалау әдісі.

Осы параметрлерді жеке-жеке қарастырып, оған талдау жасайық. Академиялық адалдық оқудағы басты мәселе . Адам натурасы әр-қашан оңай жолды іздеген. Ал оқу барысында білім алушы түрлі қулыққа салынуы мүмкін. Антиплагиат, мониторинг және бақылау бұлардың бәрі академиялық адалдықты қалыптастыруға арналған шаралар. Осы шаралар орындалмаса, сәйкесінше білім беру сапасы төмендейді. Қазіргі таңда компьютерлік технологиялар арқылы антиплагиат және мониторинг жүргізіледі.

Білім алушының психикалық жағдайы оқу процесіне әсер етеді. Себебі кейбір санаттағы балдарға арнайы психикалық көмек керек. Ал елімізде бұл бағытта көп жұмыс атқару қажет. Себебі Қазақстан жасөспірімдердің суициді бойынша 10-қа кіреді.

Ресей федерациясының балалар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, жасөспірімдер суицидінің негізгі себебі оқудағы үлгерімі.

Оқу мотивациясы баланы зеріктіруден сақтайды. Мотивация арқылы оқушылардың интелектуальды және эмоциональды күйін жақсартуға болады. Мотивацияның түрлері көп. 2020 жылдын «Күнделік», Daryn.Online, Bilimland және т.б. платформаларында білім беру басталды. Тағы сабақтар теледидар арқылы жүргізілді. Бұл платформалар толығымен өзіне жүктелген міндеттерді орындады. Ал интернет желісі жоқ жерлерде теледидар көмегімен сабақ өткізілді. Дегенмен баға қою мәселесі туындады. Қазіргі қазақстанның баға қою саясаты өзге елдермен салыстырғанда өзгеше. Күнделікті баға 30 пайызын құраса, ал тоқсандық бағалау 70 пайызын құрайды. Яғни шалғай ауылдарда баллалар тек тоқсандық бақылауға қатысатын болып шешілді. Бағалау кезінде көптеген балдар төмен баға алды. Бағаның төмен болуы оқу жоспарының дұрыс[12;96]

 

Диаграмма 2. Студенттердің сауалнамаға жауабы

 

А.Бижкенова, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі 16.04.2020 жылы “Қашықтан оқыту жүйесіне feed back” атты ғылыми жұмысы жарыққа шықты[6,7]. Студенттердің қашықтықтан білім үшін онлайн сауалнама жүргізілді.

Жоғарыда келтірілген диаграммада мынадай нәтижелер көрсетілген. Сұраққа 90 студент (93.75%) сабақтарын “Zoom” бағдарламасы арқылы өтеміз деп белгіледі. Оған қоса қалған 6 студент “What’s up”, “Microsoft teams”, “Platonus”, “Univer” бағдарламаларын қолданатындығын көрсетті. Жоғарыдағы жауаптың арқасында келесі тұжырымдамаға келдім. Студенттер мен оқытушылардың басым көпшілігі Zoom бағдарламасын қолданады. Яғни әлі күнге дейін біздің жоғары оқу орындарына арналған білім платформалары құрылмаған. Ал шетедік платформалар ақылы түрде қызмет көрсетеді. Сондықтан болашшаққа ұмтылған жастарға арнап жаңа форматтағы онлайн оқыту жүйесін құрған дұрыс. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жүргізіледі. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық нұсқада немесе электрондық оқулық ретінде беріледі. Қашықтықтан оқу барысында студент өзі көбірек ізденіп жұмыс жасайтыны анық.

Жиырма бірінші ғасырдағы онлайн оқыту PlatonusCollege оқыту хабршы сайтына 32 колледж, Тoodle жүйесіне – 15 мектеп, SmartNationCollege жүйесіне – 62 жоғары оқу орны тіркелген, оқудың бағдарламалық есептік платформасы тіркелген. Дистанционды білім беру система бойынша іске асатыны анық[10;112].

Қазақстан колледждерінде 58996 азамат білім алады. 2002 жылдан бастап онлайн білім алуға керек цифрлық машинаның болмауы әмерінен, онлайн сабақтар 2008 жылдан бастау алды. 2020 жылғы техниканың мүмкіндігінң арқасында онлайн сабақ етуге мүмкіндік бар. 2020 жылғы онлайн оқу барысында қазақстандағы білімге бөлінетін қаражаттың рентабльді болғанын көрсетті.

Компютерлік интерактивті сабақтардың мүмкіндігі, информатика пәнінде байқауға болады. Информатика пәнінде компьютерлік интерактивті орта толық қанды жұмыс атқарады. Болашақта кітаптың орнын цифрлық гаджеттердің оыр алуы әбден мүмкін.[12;115].

Ресей федерациясында онлайн сабақтар аралас түрде жүргізілді. Кейбір пәндерді қашықтықтан оқытылмады. Мысалы ретінде дене шынықтыру, еңбек және практикалық сабақтар жүргізілмеді. Оның орнына оқушылар интерактивті технологиялардың арқасында симмуляторлық бағдарламар қолданды. Ол бағдарламаларда әр-түрлң практикалық сабақтарды ұйымдастыру мүмкін.Сол себепті Ресей федерациясы симмуляторлық бағдарлама жасауды мемлекеттік дәрежеде қолға алды.[15;48].

Талдау бөлім

Қазақстандағы онлайн форматтағы оқу видео конференция арқылы жүзеге асырылады. Сәйкесінше видеоконференциялар интерактивті компьютерлі технологияға жатады. Әлемдегі онлайн оқытуға SWOT талдау жүргізейік[16,14]. Әлемдегі онлайн оқыту көп жағдайда арнайы смартфондық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар пәндік платформалар қолданылады[14;31]. Пәндік платформа дегеніміз арнайы мамандыққа немес пәнге арналып жасалған бағдарлама. Білім алушылар сол платформалармен жұмыс атқарып келесі нәтижеге қол жеткізді. Білім алушылардың психикалық және эмоциональды жағдайы жақсарды. Пәнді меңгеру қарқыны артты. Ал оқытушылардың бағалау жүйесң жеңілдетілді. Ал біздің елде арнайы пәндік интерактивті орта құрылмаған.

Feed back талдауда еліміздегі оқушылардың сабақ дайындығына кететін уақыттың өсуі байқалды. Тағы да оқушылар толығымен берілген тапсырмаларды орындау кезінде келесі мәселлелер пайда болды. Оларға: сабақ уақытының қысқаруы, оқущылардың үлгерімі нашарлады. Бұл бірінші ширектегі оқудың нәтижесі, оқытушылардың интерактивті сауаттылығынығ төмендігін көрсетті.

Қорытынды

Әлемдік пандемия қанша жылға созылатыны белгісіз. Пандемия сәтінде бүкіл әлем жаппай қашықтықтан оқуға көшті. Оқу кезінде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін пайдалана алдық. Мемлекет тарапынан барлық жағдай қарастырылған. Интернет жоқ шалғай аймақтарға, теледидардың көмегімен сабақ өтті. Қорытындылай келе қазіргі таңдағы қазақстанның білім жүйесі онлайн сабақ өтуге дайын. Ал оқушылардың көп бөлігі онлайн сабақты қолдайды. Әлемде бұл тенденция өспесе, төмендемейді. Онлайн сабақтың арқасында пандемияның алдын-алдық. Пандемиядан кейін сабақтың көпшілігі офлайн форматта өттетін анық. Әлем бойынша білім алушылардың жартысы қашықтықтан білім алады. Қашықтықтан оқу негізі жұмысы бар адамдарға қолайлы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Официальный сайт компании Cisco technology, 2020 г.-[электронный ресурс]: https://www.cisco.com/c/en/us/solutions
  2. Information Management Systems and Services university, 2020 г.-[электронный ресурс]: https//www.imss.caltech.edu
  3.  Роберт И.В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический аспекты). М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2014. 398 с.
  4. Васильева И.А., Осипова Е.М., Петрова Н.Н. психологические аспекты применения информационных технологий // Вопросы психологии. − 2019. – №3.
  5. Роджерс К. Вопросы, которые я бы себе задал, если бы был учителем \\ хрестоматия по педагогической психологии сост. Красило А. И. и др. — 2020г
  6. ВЕСТНИК Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева. Философия // Электронное научно-техническое издание «Инженерный журнал: наука и инновации».- 2202, №3
  7. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016
  8.  Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы. 2005
  9. Мясоед Т.А. Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей. М., 2004
  10. Digital skills critical for jobs and social inclusion (15 March, 2018) [Electronic resource] – Access mode: https://en.unesco.org/news/digital-skills-critical-jobs-and-social-inclusion
  11. Continuing professional development (CPD) framework for teachers. British Council, 2015
  12. . Topchiev A.V., Chulyukov V.A. Models of adaptive learning in computerized systems // Modern high technologies. - 2010. - № 5. - p.64 - 66.
  13. Современные средства оценивания результатов обучения: учебное пособие/ под редю Е.Н. Перевощиковой. – Н. Новгород, 2007
  14. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: методическое пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014.
  15. Официальный сайт электронного правительства Росиской Федерации, 2018-[электронный ресурс]: www.digital.gov.ru

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.