Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 2(130)
Рубрика журнала: Биология
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4
АҚТӨБЕ ФЛОРАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ASTERACEAE ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ФЛОРАЛЫҚ АНАЛИЗІ
АННОТАЦИЯ
Мақалада Ақтөбе флоралық аймағының құрамындағы Asteraceae тұқымдасына флоралық анализ берілген. Зерттеулер нәтижесі бойынша Ақтөбе флоралық аймағында Asteraceae тұқымдасынының 53 туысқа жататын 221 түрі таралғаны анықталды. Тұқымдастың жетекші туысы ретінде Artemisia туысын атауымызға болады.
Кілт сөздер: Ақтөбе флоралық аймағы, Asteraceae тұқымдасы, экологиялық топ, тіршілік формасы, өсімдіктердің пайдалы топтары.
Asteraceae тұқымдасы туыстық және түрлік құрамы бойынша Ақтөбе флоралық аймағының ең ірі тұқымдастарының бірі болып табылады. Зерттеу аймағында Asteraceae тұқымдасының 53 туысқа жататын 221 түрі таралған.
Жеті жетекші туыстың ішінде 34 түрді қамтитын Artemisia туысы бірінші орынды алады. Екінші орында Centaurea туысы – 15 түр, үшінші орында Jurinea туысы, оның құрамында 13 түр бар ( 1 сурет).
1-сурет. АФА Asteraceae тұқымдасының жеті жетекші туыстары
Ақтөбе флоралық аймағының Asteraceae тұқымдасының әртүрлілігін бағалау кезінде зерттеу аймағында осы тұқымдастың экологиялық топтары бойынша ылғалға қатысты 6 топ бар екенін көрсетті: мезоксерофиттер, ксеромезофиттер,ксерофиттер, меофиттер, гигромезофиттер және гигрофиттер. Топырақтың ылғалдылығына байланысты топтардың жіктелуіне негізделген Ақтөбе аймағының флорасына экологиялық талдау жасау нәтижесінде, олардың көп бөлігі мезоксерофиттер екені анықталды (71 түр, 32,1%): Artemisia sаntolina, Inula caspia, Hieracium virosum, Filago arvensis, Echinops ritro.Бұл топырақтағы ылғал қоры бойынша орташадан сәл төмен жағдайларға бейімделген өсімдіктер, ксеромезофиттер мен эвксерофиттер арасындағы аралық. Мезоксерофиттер құмды және сазды шөлдерге, сонымен қатар тоғайларға тән.
Екінші орынды ксеромезофиттер алады (63 түр, 28,5%) : Artemisia procera, Centaurea arenaria, Echinops sphaerocephalus, Galatella macrosciadia, Jurinea ewersmannii. Топырақтағы ылғал қоры орташа деңгейден сәл төмен жағдайларға бейімделген өсімдіктер.
Үшінші экологиялық топ – ксерофиттер (47 түр, 21,2 %). Оларға Scоrzоnera pusilla, Tаnаcetum kiittаryаnum, Galatella divaricata, Crinitaria villosa, Achillea micrantha жатады. Ылғалдылығы жеткіліксіз немесе үнемі ылғал жетіспейтін жағдайда өмір сүруге бейімделген өсімдік түрлері.
Төртінші орынды мезофиттер алады (26 түр, 11,7 %) : Achillea salicifolia, Cеntaиreа cуаnus, Crepis sibirica, Inula helenium, Omalotheca sylvatica. Орташа ылғалдылық жағдайында өмір сүруге бейімделген түрлер. Бұл экологиялық топтың өсімдіктері өзендер мен тоғайларға тән.
Сонымен қатар, Asteraceae түрлерінің тіршілік формаларына талдау жасалынды (2 сурет).
2-сурет. АФА Asteraceae тұқымдасы түрлерінің тіршілік формалары
К.Раункиер классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Басым түрлер саны бойынша гемикриптофиттер (127 түр немесе 57,4 %), екінші орынды терофиттер (40 түр немесе 18,09 %) алады.
Ақтөбе аймағының флорасында Asteraceae тұқымдасының 80 шаруашылық маңызы бар түрлері кездеседі (кесте 1). Өсімдіктердің пайдалы топтарының ішінде жемшөптік, дәрілік, азықтық, техникалық, сәндік және омарталық топтары бар. Оның ішінде ең көп кездесетін дәрілік (48 түр) өсімдік түрлері.
Кесте 1.
АФА Asteraceae тұқымдасының шаруашылық маңызы бар түрлерінің саны
Рр55 р/с |
Туыс атауы |
Жалпы түр саны |
Шаруашылық маңызы бар түрлер саны |
|||||
дәрілік |
сәндік |
техн. |
жемш. |
азықтық |
омарталық |
|||
1 |
Achillea |
5 |
3 |
2 |
1 |
2 |
1 |
3 |
2 |
Acroptilon |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
3 |
Antennaria |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
4 |
Anthemis |
2 |
2 |
2 |
2 |
- |
- |
- |
5 |
Arctium |
2 |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
6 |
Artemisia |
34 |
7 |
3 |
5 |
11 |
3 |
2 |
7 |
Aster |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
8 |
Bidens |
3 |
3 |
- |
2 |
1 |
- |
1 |
9 |
Carduus |
6 |
2 |
- |
- |
2 |
1 |
2 |
10 |
Carthamnus |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
11 |
Centaurea |
15 |
3 |
3 |
2 |
2 |
- |
3 |
12 |
Chartolepis |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
13 |
Chondrilla |
3 |
- |
- |
1 |
- |
- |
- |
14 |
Cichorium |
1 |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
1 |
15 |
Cirsium |
7 |
- |
- |
- |
1 |
2 |
3 |
16 |
Cousinia |
3 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
17 |
Crepis |
5 |
2 |
- |
- |
2 |
1 |
2 |
18 |
Crinitaria |
3 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
19 |
Echinops |
4 |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
2 |
20 |
Erigeron |
3 |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
21 |
Eupatorium |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
22 |
Filago |
2 |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
23 |
Galatella |
6 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
24 |
Garhadiolus |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
25 |
Gnaphalium |
2 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
26 |
Helichrysum |
1 |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
- |
27 |
Heteracia |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
28 |
Hieracium |
5 |
2 |
- |
1 |
- |
- |
1 |
29 |
Inula |
11 |
4 |
1 |
1 |
2 |
1 |
2 |
30 |
Jurinea |
13 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
31 |
Karelinia |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
32 |
Koelpinia |
1 |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
33 |
Lactuca |
2 |
- |
|
- |
1 |
1 |
- |
34 |
Leontodon |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
- |
1 |
35 |
Leucanthemum |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
36 |
Matricaria |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
- |
37 |
Omalotheca |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
- |
- |
38 |
Petasites |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
39 |
Picris |
2 |
- |
|
- |
- |
- |
1 |
40 |
Pulicaria |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
41 |
Rhaponticum |
2 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
42 |
Sаussureа |
4 |
- |
- |
- |
- |
- |
|
43 |
Scоrzоnera |
11 |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
44 |
Seneciо |
12 |
2 |
1 |
1 |
- |
- |
3 |
45 |
Serrаtulа |
4 |
1 |
- |
1 |
- |
1 |
1 |
46 |
Sоlidаgо |
1 |
1 |
- |
|
- |
1 |
1 |
47 |
Sоnchus |
4 |
- |
- |
|
1 |
1 |
1 |
48 |
Tаnаcetum |
8 |
1 |
- |
- |
- |
1 |
|
49 |
Tаrаxаcum |
5 |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
50 |
Trаgоpоgоn |
11 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
4 |
51 |
Ttripоlium |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
52 |
Tussilаgo |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
53 |
Xаnthium |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
Барлығы |
221 |
48 |
23 |
21 |
39 |
22 |
39 |
Осылайша, зерттеу нәтижесінде Ақтөбе флоралық аймағында Asteraceae тұқымдасының 53 туысқа жататын 221 түрі таралғаны анықталды. Тұқымдасқа жататын туыстардың ішінде жетекші орынды Artemisia туысы алады. Аймақ флорасына жүргізілген экологиялық талдау бізге экологиялық топтардың алуан түрлілігін және мезоксерофиттердің басымдылығын көрсетті. Ақтөбе флоралық аймағы түрлерінің тіршілік формаларын талдау барысында 127 түрді (57,4%) құрайтын гемикриптофиттер басым екендігі анықталды. Шаруашылық маңызы бар 80 түрдің 48 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.
Әдебиеттер тізімі:
- Айпеисова С.А. Флора Актюбинского флористического округа. -Актобе, 2013.
- Қазкеев Е.Т. Ырғыз жайылымының флорасы мен өсімдіктері. –Ақтөбе, 2015.
- Айпеисова С.А.Флористические комплексы Актюбинского флористического округа. Актобе, 2016.
- Айпеисова С.А. Ақтөбе облысының жабайы өсетін пайдалы өсімдіктері : Анықтамалық баспа. - Ақтөбе, 2017.
- Айпеисова С.А.Конспект флоры Актюбинского флористического округа. –Актобе, 2012.
- Базарғалиева А.А., Аралбаев Н.К. Қобда өзені аңғарының табиғи флорасын талдау. - Ақтөбе,2005
- Агелеуов Е.А., Джакупова Н.У. К итогам изучения флоры и растительности Актюбинской области // Легкие нашей земли. Сборник материалов межвузовской конференции «Ботанические исследования Актюбинской области». – Актюбинск, 1992.
Оставить комментарий