Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 39(125)

Рубрика журнала: Информационные технологии

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Аханова Д.К., Айтимова Ұ.Ж. СКРИПТ ТІЛІН ҚОЛДАНУ: MAYA НЕГІЗІНДЕ ПРОГРАММА ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 39(125). URL: https://sibac.info/journal/student/125/194480 (дата обращения: 30.12.2024).

СКРИПТ ТІЛІН ҚОЛДАНУ: MAYA НЕГІЗІНДЕ ПРОГРАММА ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Аханова Дайана Каримолдиновна

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 1 курс магистранты

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы

Айтимова Ұлзада Жолдасбековна

ф-м.ғ.к, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы

АННОТАЦИЯ

Анимацияық жұмыстар қазіргі әлемде маңызды орын алуда. Прокатқа шығатын анимациялық фильмдердің, цифрлық желілерде және теледидарда пайда болатын анимациялық бейнелердің көбеюі анимацияның танымалдылығын және оның қазіргі заманғы уақыт пен медиа кеңістігінің ажырамас бөлігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. MEL тіліндегі тапсырмаларды автоматтандыру мен модельдеу кезінде программаның, әсіресе 3D Maya платформасының өнімділігін арттыру туралы сұрақтар осы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

АННОТАЦИЯ

Анимация в современном мире играет важную роль. Распространение анимационных фильмов, анимационных изображений, появляющихся в цифровых сетях и на телевидении, показывает популярность анимации и ее важность как неотъемлемой части современного времени и медиа-пространства. Вопросы по повышению производительности программы, особенно платформы 3D Maya, при автоматизации и моделировании задач на языке MEL показывают актуальность данной темы исследования.

 

Кілт сөздер: скрипт тілі, интерфейс, автоматтандыру, MAYA, MEL.

Ключевые слова: скриптовый язык, интерфейс, автоматизация, MAYA, MEL.

 

Мақсаты: Скрипт тілін қолдану негізінде, жұмыс сапасына зиян келтірмейтіндей уақытты қысқарта отырып модельдеу

Қорытынды: Бұл мақалада 3D Maya платформасы және кіріктірілген MEL скрипт тілі (Maya Embedded Language) қарастырылады. Сонымен қатар MEL тілі Maya-да өнімділікті арттыру, жиі қайталанатын тапсырмаларды орындауда оларды автоматтандыру үшін қалай қолданылатыны сипатталған.

Кірістірілген Maya тілі (MEL) - пайдаланушының Maya-мен өзара әрекеттесуінің негізгі деңгейі. Maya іске қосылған кезде, барлық терезелерді құрайтын бірнеше MEL сценарийлері орындалады. Негізінен, Maya-да интерфейс жоқ және оны операциялық жүйенің командалық жолынан тек Maya-prompt пәрменін енгізу арқылы іске қосуға болады! Maya-да орындалатын барлық жұмыс MEL сценарийлері арқылы жасалады.

Бірақ бұл орташа пайдаланушы үшін Maya нені білдіреді? Қарапайым сөзбен айтқанда, бастапқы интерфейсті жасаушылар жасаған барлық әрекетті жасай алады. Пайдаланушы олар үшін жүгірткі, қойынды, мәтін өрістері бар терезелер жасай алады; арналар панеліне атрибуттар жасай алады; мәзірге және жаңа панельге элементтер қоса алады. Maya-ның MEL тілінде құрылғандығы осы программаның маңызды артықшылықтарының бірі болып табылады.

Maya тілінің синтаксисі C, C ++ және C # программалау тілдеріне ұқсас болғандықтан, бастапқы пайдаланушылар үшін онымен жұмыс жасай бастау оңайға түседі.

Maya-ның графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI) кіріктірілген MEL тілінің құралдарымен басқарылады – себебі бастапқыда ол осы тілде жазылған. MEL тілінің көмегімен графикалық пайдаланушы интерфейсінің кез-келген элементтерін жасауға, өңдеуге және жоюға болады. Сонымен, MEL тіліндегі сценарийлерді қолдана отырып, стандартты интерфейсті толығымен ауыстыру мүмкіндігі бар. Көбіне Maya интерфейсінің фрагменттерін өзгерту қажет болады. Мысалы, аниматорлар channel Box (арналар терезесі) немесе Graph Editor (графикалық редактор) қолданбай-ақ, кілттік кадрларды қою мүмкіндігі бар жеке интерфейс құрай алады. Сонымен қатар, нақты пайдаланушылар үшін Maya интерфейсінің күрделілігін төмендету үшін көптеген элементтерін жасырып немесе алып тастауға болады. Пайдаланушы интерфейсімен қатар Maya-ның ішкі параметрлерін басқаруға болады. MEL бір жоба аясында да, жалпы жүйеде де Maya параметрлеріне өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Мысалы, барлық пайдаланушыларға бірдей уақыт, бұрыштық және сызықтық өлшем бірліктерін дәйекті қолдануды қамтамасыз ету. Басқа жағдайда, пайдаланушы қандай да бір жобаны ашқан уақытта өз параметрлерімен жұмыс істей алады [1].

Көбіне көптеген тапсырмалар қайталанады. Қайталанатын әрекеттерді автоматтандыру үшін программалау өте қолайлы болып табылады. Пайдаланушы әрдайым тапсырмаларды қолмен шешудің орнына, толығымен автоматтандыратын MEL тілінде сценарий жаза алады, ол бояу, нысандарды орналастыру немесе бірнеше шешімді қажет ететін тапсырма болсын - оның барлығын автоматтандыруға болады. Негізінен, программалауға тән контекстке байланысты әртүрлі әрекеттерді орындайтын сценарий жазу мүмкіндігі бар. Мысалы, бірқатар нысандарды жасай отырып, оларды басқа объектінің үстіне орналастыруға немесе олардың әрқайсысын қолмен орнатуды талап етпестен автоматты түрде орындауға болады.

Демек, MEL - бұл Maya (Maya Embedded Language) программасындағы кіріктірілген тіл акронимі. C++ негізіндегі программалау интерфейсіне қарағанда MEL жеңілдетілген құрылымы мен синтаксисінің арқасында қарапайым және ол кеңірек қолданылады. MEL - дің басты артықшылықтарының бірі – ол интерпретацияланған тіл. Қарапайым программалау тілдері бастапқы кодты құрастыру және компиляциялауды қажет етсе, интерпретацияланған тілдегі программа оны бірден орындайды. Жазылған нұсқауларды дереу орындау – MEL-дің тез прототиптеу үшін өте қолайлы екенін білдіреді, өйткені құрастыру қадамы қажет емес, жоба жасау және жаңа идеяны жүзеге асыру оңайырақ болады. Шынында да, MEL тіліндегі кодты Maya-дан шықпай-ақ жазуға, түзетуге және орындауға болады. Сыртқы компиляторлар мен түзеткіштер қажет емес болып қалады. MEL-бұл интерпретацияланған тіл болғандықтан, әрине, оның кемшілігі бар: ондағы программа C++ программасына қарағанда баяу жұмыс істеу мүмкін. Себебі, C++ тілінде бастапқы кодты құрастыру нәтижесінде машиналық нұсқаулар орындалады және мұндай программа тез жүзеге асады. Алайда, көптеген жағдайларда MEL-де программаны тез құру және орындауға байланысты қосымша артықшылықтары айтар көп. Барлығы орындалатын тапсырманың түрі мен күрделілігіне байланысты [2].

Жалпы, MEL барлық қажетті функцияларды қамтиды. Ол Maya функционалдығына қол жеткізудің кең мүмкіндіктеріне ие және C++ байланысын қажет етпейді. C++ негізіндегі бағдарламалау интерфейсімен жұмыс істеу, әдетте, MEL интерфейсінде жоқ функциялардың қажеттілігіне байланысты. Сонымен қатар, бір тілді таңдау - басқасын автоматты түрде жоққа шығару емес екенін түсінген жөн. C++ MEL интерфейсінің қосалқы жиынтығы емес; басқаша айтқанда, C++ -та MEL интерфейсінде бар мүмкіндіктер жоқ. C++ интерфейсі арқылы қол жетімді емес бірқатар мүмкіндіктерді MEL-де табуға болады. Негізінде, кейбір мәселелерді екі интерфейстің бірігуі арқылы ғана шешуге болады. Майяға арналған бай даму тәжірибесін алған кезде, C++ және MEL негізінде API туралы жақсы мәлімет күрделі тапсырмаларды шешудің жақсы әдісі болады. Программалаудың екі интерфейсіне де назар аудара отырып, олардың қайсы бірі тапсырманың бір немесе басқа бөлігіне неғұрлым сәйкес келетінін және сәйкесінше оңтайлы аралас шешім алуға болатындығын түсінуге болады [3].

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

  1. Гоулд Дэвид А. Д. Полное руководство по программированию Maya. Подробное описание языка MEL и интерфейса C++ АРГ / Пер. с англ. – М.: «КУДИЦ-ОБРАЗ», 2014. – 528 с.
  2. Цыпцын С. Понимая Maya. 1-басылым. – М.: ООО «Арт Хаус медиа», 2017. – 512с.
  3. [электронды ресурс] - URL: http://index-of.es/C++/Complete.MAYA.Programming.%20MEL%20and%20CPP%20API(by%20D.Gould,%20Morgan%20Kaufmann,%202004,%20532%20pages)(Rus).pdf

Оставить комментарий