Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 38(124)

Рубрика журнала: Экономика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Укибаева Ж.А., Думанкызы К., Кыргызбай Е. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 38(124). URL: https://sibac.info/journal/student/124/192718 (дата обращения: 30.12.2024).

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Укибаева Жанна Аскаровна

студент, кафедра «Әлемдік экономика мен экономика», Унивеситет «Туран»,

ҚР, қ Алматы

Думанкызы Кундыз

студент, кафедра «Әлемдік экономика мен экономика», Унивеситет «Туран»,

ҚР, қ Алматы

Кыргызбай Елдос

студент, кафедра «Әлемдік экономика мен экономика», Унивеситет «Туран»,

ҚР, қ Алматы

UNEMPLOYMENT IN KAZAKHSTAN

 

Zhanna Ukibaeva

student, Department of "World economy and Economics", University «Turan»

KR, Almaty

Kundyz Dumankyzy

student, Department of "World economy and Economics", University «Turan»

KR, Almaty

Eldos Kurgisbay

student, Department of "World economy and Economics", University «Turan»

KR, Almaty

 

АННОТАЦИЯ

Біздің мемлекетіміз жұмыссыздар саны қазіргі пандемияның кесірінен өсіп жатыр.Ал мемлекетіміз жұмыссыздар үшін ақшаны оңды соды шаша бермейді. Негізінен жұмыссыздық..

ABSTRACT

The number of unemployed in our country is growing due to the current pandemic, and our state does not spend money on the unemployed. What is unemployment in general? How will this affect the development of our country?

 

Түйін сөздер : жұмыссыздық , жұмыссыздық деңгейі, экономика экономикалық саясат және т.б.

Keywords: unemployment, unemployment rate, economic policy, etc.

 

Осы жыдың наурыз айынан бастап, елімізде жұмыссыздар саны көбейді.Деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда 442,6 мың жұмыссыз адамдар болған [1]. Бұл дегеніміз осы жылдың басымен салыстырғанда 0,4 % -ға артқан болатын. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ды құрады . Бірақта өткен жылмен салыстырғанда 0,1% азайған [2]. Осы 2020 жылдың алғашқы алты айында қалаарда тұратын жұмыссыздар - 266,1 мың адамды құраса, ауыл тұрғындарының жұмыссыздар саны - 176,3 мыңға жетіп отыр. Елімізде жұмыссыздар арасында еркек адамдар - 204 мыңға жуық болса, әйел адамдардың саны – 238,4 мыңға жуық. Жұмыспенқамтылмаған адамдар әсіресе , Аматы қаласында байқалады. Ал жұмыссыдардың саны күрт көбейген қала Нұр-Сұлтан қаласында , яғни жұмыссыздар саны – 6,9 пайызға өскені байқалады. Статистика комитетінің мәліметінше, отандастарымыз бес себеп үшін жұмыссыз отыр. 1-ші себеп - адамдар өз еркілерімен жұмыстарынан кеткен, яғни – 110,5 мың адам. 2-ші себеп – адамдардың жұмысқа орналасуына мүмкіндіктері болмаған , жұмысқа орналаса алмаған , ондай адамдардың саны – 102,4 мың адамды құрайды. Келесі 3-ші себеп – адамдар жеке бас жағдайлары мен және отбасы жағдайларына байланысты жұмыссыз отыр. Олар – 68,5 мың адамды құрайды. 4-ші себеп – адамдар үйінің қожалықтары себебімен, яғни 39 мыңы жұмыссыз отыр. Соңғы себеп: пандемияның кесірінен және кәсіпорындардың белгілі себептермен қызметкерлерді қысқарты. Сондықтын 93,4 мың адам жұмыссыз отыр , яғни 20,6 пайызды құрайды. Жұмыс істемейтін халықтың себептері алуан түрлі боолып келеді. Енді Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздыққа келетін болсақ, Қазақстанда жастар жұмыс күші негізгі экономиканың дамуына әсер ететін факторларының бірі. Статистикалық ұйымдардың зерттеулері бойынша, жиырма төрт жасқа дейінгі дүниежүзі халықтардың жартысына жуығы жұмыс істемейді . Соңғы кезде Қазақстанда жастардың көпшілігі отбасылық бизнестің жалғастырушылары болғандықтан  ата-аналарының арқасында жұмысқа тұрады немесе ата-анасы оларға қаржылай қолдау көрсетеді деп ойлайды. Меніңше, бұл үдеріс жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие емес екен деп ойлаймын . Ал оған басты себебін - жас мамандардың жұмыс тәжірибесінің жоқ болуымен түсіндіремін . Қазақстанда жоғары білімі бар және жоғары білімі жоқ әрбір төртінші жас маман жұмыссыз болып табылады.

 

Сурет 1. Жұмыссыз адамдар

 

Сурет 2. 2015-2020 жылдар аралығындағы Қазақстанның жұмыссыздық деңгейі

 

Қалаларда жастардың жұмыссыздық деңгейі 0,1% - ға ұлғайды, яғни 4,2-ден 4,3% - ға дейін жетті. Ал ауылды жерлерде, керісінше, жұмыссыздық деңгейі қысқарып ,3,4-тен 3,2% - ға дейін жетті. Өткен жылды есептейтін болсақ , жоғары білімі бар 15 – тен 28 жасқа дейінгі 31,4 мың жастар, яғни жастардың арасындағы үштен бір бөлігінен астамы жұмыссыз . Олардың саны бір жылда 6,9% - ға артты. Ал бұл ең жоғарғы көрсеткіш көрсететін Алматы қаласында . Алматыда 16,8 мың жұмыссыз жас қыздар мен ұлдар тіркелген.

2020 жылы covid-19 пандемиясының өршуіне байланысты әлемдік еңбек нарығы, жалпы экономика да қатты зардабын тигізуде. Осы жылдың сәуір айының басында жалпы әлем бойынша шамамен 3,3 миллиард адам немесе жалпы жұмыс күшінің 81% - ы жұмыс орындарының толықтай қысқартылуынан немесе ішінара қысқаруынан зардап шекті. Елімізде 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн қазақстандық уақытша жұмыспен қамтылмай қалды. Жалпы алғанда, коронавирустық пандемиядан туындаған дағдарыстың кері әсерлеріне байланысты жыл соңында елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,1% дейін көтерілуі мүмкін. Еңбек нарығындағы жағдайларды шешу үшін Қазақстан әлемнің басқа елдер сияқты теңдесі жоқ шаралар қабылдауда. Осындай шаралардың бірі - "Жұмыспен қамтудың жол картасы". Карта барысында 6,5 мыңнан көп жобалар ұсынылды, осы арқылы 255 мың жұмыс орны құрылады. "ЖҚЖК" инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың теңдессіз шарты отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің ең жоқ дегенде 90% - ын қолдануды қамтамасыз ету болып табылады; сонымен қатар, жұмысшылардың кемінде 50% - ы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қабылданантын болады. Осы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша өңірлерде 6295 жоба бойынша жұмыстар басталды, 148 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының саны 77 мың жұмыс орнына жетті.[4].

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. https://center-yf.ru/data/Kadroviku/bezrabotica-2020
  2. https://www.zakon.kz/5017207-v-marte-2020-goda-v-kazahstane.html
  3. 2020 жылы жұмысыздық қалай өзгерді?, https://baribar.kz/130107/2020-zhyly-zhumyssyzdyq-denhgeji-qalaj-oezgerdi/
  4. https://newtimes.kz/obshchestvo/117833-uroven-bezrabotitsy-v-kazakhstane-vyros-do-5
  5. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38673329#pos=8;-20, Рынок труда Республики Казахстана в 2020 году,
  6. Уровень безработицы в Казахстане вырос до 5%, https://kapital.kz/gosudarstvo/90183/uroven-bezrabotitsy-v-kazakhstane-vyros-do-5.html

Оставить комментарий