Статья опубликована в рамках: LXVII Международной научно-практической конференции «Вопросы технических и физико-математических наук в свете современных исследований» (Россия, г. Новосибирск, 25 сентября 2023 г.)
Наука: Информационные технологии
Секция: Элементы и устройства вычислительной техники и систем управления
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ОҚЫТУДА БІЛІМ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ANDROID ПЛАТФОРМАСЫНДА ӘЗІРЛЕУ
РАЗРАБОТКА СИСТЕМЫ ОБУЧЕНИЯ И КОНТРОЛЯ НА ПЛАТФОРМЕ ANDROID
Шынтемір Индира Бауржанқызы
магистр техн. наук, ст. преподаватель кафедры «Энергетика, автоматизация и вычислительная техника» Западно – Казахстанского инновационно-технологического университета,
Республика Казахстан, г.Уральск
Жасқайратова Аружан Жайлибековна
студент 2 курса ОП «Вычислительная техника и информационные системы», Западно – Казахстанского инновационно-технологического университета,
Республика Казахстан, г.Уральск
DEVELOPMENT OF A TRAINING AND CONTROL SYSTEM ON THE ANDROID PLATFORM
Indira Shyntemir
M.Sc., Senior Lecturer, «Department of Energy, Automation and Computer Science», West Kazakhstan Innovation and Technology University,
Kazakhstan, Uralsk
Aruzhan Zhaskairatova
2nd year student of the EP «Computer Science and Information Systems»,
Kazakhstan, Uralsk
АҢДАТПА
Бұл мақалада білім алушыларды оқытудың заманауи оқу үрдісі үшін қазіргі заманғы оқыту әдістерін сапалы модернизациялау және жаңартуы, мобильді бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану оқытушылардың ғана емес, білім алушылардың да ынталандыруын арттырудың ең тиімді және қолжетімді әдістерінің бірі болып табылатыны туралы айтылған.
АННОТАЦИЯ
В данной статье говорится о том, что качественная модернизация и обновление современных методов обучения для современного учебного процесса обучения обучающихся, использование мобильного программного обеспечения является одним из наиболее эффективных и доступных методов повышения мотивации не только преподавателей, но и обучающихся.
ABSTRACT
This article says that the qualitative modernization and updating of modern teaching methods for the modern educational process of teaching students, the use of mobile software is one of the most effective and affordable methods of increasing motivation not only for teachers, but also for students.
Кілттік сөздер: Android, мобильді қосымша, смартфон, GooglePlay*, бұлтты сақтау.
Ключевые слова: Android, мобильное приложение, смартфон, Google Play*, облачное хранилище.
Keywords: Android, mobile app, smartphone, GooglePlay*, cloud storage.
Қазіргі таңда ұялы телефоны, планшетті компьютері, смартфоны немесе басқа портативті мультимедиялық құрылғысы жоқ адамды елестету қиын және мобильді қосымшалар адамдардың күнделікті өмірінде үлкен орын алатындығы анық. Соған байланысты біздің алдымызда, мобильді платформалар үшін қосымша әзірлеушілер ретінде, үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Мобильді құрылғылардың пайда болуымен, интернетке қолжетімдігі бар кез-келген тұтынушы уақыт пен орынға қарамастан оған қызығушылық тудыратын ақпарат ала алады. Белгілі бір сипаттағы ақпараттарға мұқтаж тұтынушылар саны көбейді.
Қашықтан оқыту - технологиялар жоғары дамыған заманда әдеттегі өмірге айналды. Сол себепті технология саласындағы заманауи даму кезеңі ақпарат алудың қарапайым және қолжетімді әдістерін ұсынады. Білім – әрбір адам баласының өмірінің маңызды бір бөлігі. Білім – ол адаммен өмір бойы байланысты болатын үздіксіз үрдіс. Адам үнемі жетіліп отыруы тиіс. Бүгінде білімсіз күн көру мүмкін емес. Тіпті ең қарапайым, төмен жалақы төленетін мамандықтың өзі ең болмағанда орта білімді талап етеді. Ақпарат алмасу қазіргі таңда әр адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ал телефондар, планшеттік компьютерлер, смартфондар сияқты құрылғылар ақпараттық өмірдің негізіне айналады. Технологияның жетілуіне байланысты электрондық құрылғылар көп жаңа процессорларға ие бола отырып, оларға аса күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ақпараттың үлкен ағынын өңдейді. Қазіргі уақытта мобильді құрылғылар 10-60 жас аралығындағы барлық адамдарда бар. Демек, мобильді қосымшалар үнемі өзекті болып табылады. Көптеген қолданушылар әзірлеушілердің құрған құралғыларын толығымен қолданбайды. Бұл дегеніміз, білім алушылар смартфондар мен басқа да ақылды қондырғылардың мүмкіндіктері туралы нашар біледі. Көптеген зерттеулердің нәтижелері жасөспірімдердің көпшілігі компьютерлік өмірдің ойын жағымен ғана таныс екенін көрсетеді. Бұл жағдайда мобильді қосымшаларды, смартфондарды және оқуды ынталандыру саласында қосымша білім алу үшін ақылды қондырғыларды пайдалану фактілері жоқ. Мобильді қосымшалар арқылы білім алу - бұл танымал болған жаңа әдіс. Білім беру саласында инновациялық қызмет түрлерінің бірі – қашықтықтан оқытудың онлайн технологияларын қолдану болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты мобильді қосымшаны білім беру жүйесіндегі көмекші элемент ретінде пайдалану өте тиімді. Мобильді қосымша - смартфондарда, планшеттерде және басқа мобильді құрылғыларда қолдануға арналған бағдарламалық жасақтама. Мобильді қосымшалардың негізгі бөлігі құрылғының өзі үшін алдын ала орнатылған немесе AppStore, BlackBerry App Store, GooglePlay*, 1mobile market, windowsfonestore, Яндекс.store және т.б. сияқты онлайндық қолданбалар дүкендерінен тегін немесе ақылы түрде жүктеледі. Мұндай бағдарламалық жасақтаманың түпнұсқалы мақсаты электронды поштаны тез және ыңғайлы тексеру болды, бірақ айтарлықтай сұраныс түрлі салалардағы тағайындаулардың көбеюіне әкелді. Білім алушылар мобильді технологияны көбірек қолданғанды және оларды жеке өмірінде жиі пайдаланғанды жөн көреді.
Оқу үрдісінде мобильді технологияны пайдаланудың артықшылықтарының бірі білім алушылардың алынған ақпаратты бақылауға қол жетімдігі. Көптеген қолжетімді білімдердің арасында таңдау еркіндігі сияқты, білім алушыға оқуға шектеусіз мүмкіндіктер ашылады, ол оған еркіндік пен тәуелсіздік береді. Оқу материалдарын және тапсырмаларын ұсынудың дәстүрлі формасынан айырмашылығы, мобильдік оқыту инновациялық технологияларды қолданады, оның көмегімен оқу үрдісінде өзгерістер орын алады. Белгілі бір ақпарат түрін жеткізу үшін әлеуметтік желілер, бұлтты сақтау, медиа-хостингтік сайттар сияқты заманауи қызметтер пайдаланылады, ал жақында кейбір оқытушылар пайдалы ақпарат тарату үшін әлеуметтік желілерді пайдалана бастады. Оқу үрдісіне мобильді оқытуды енгізуде артықшылықтар мен кемшіліктер бар екенін атап өткен жөн. Бұл оқыту түрі өз қалыптасу кезеңінде табысты іске асырылуда. Ғалымдар мобильді оқытудың бірнеше артықшылығын атап өтті. Қазіргі заманғы смарт-гаджеттер, орын мен уақытқа қарамастан, оқу үдерісін ұйымдастыруға және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ұтқырлықтың осы түрінің екі түрі бар: біріншіден, білікті маманның орнына қарамастан, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігі. Екіншіден, бұлтты сақтау жүйелерін пайдалану арқылы әр түрлі құрылғылардан қолжетімділік. Ұялы телефонды ауыстыру жағдайында білім алушы барлық қол жетімді ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар, әртүрлі дәрежедегі қиындықтардың міндеттерін орындау үшін әр түрлі құрылғыларды оңай пайдалана алады.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, ақпараттық технологияларды қолдану стационарлық құрылғыларға бағытталды. Бірақ технологияны қалыптастыру мен дамытудың осы кезеңінде ақпараттық базаға үздіксіз қосылу көзделуде. Ұялы құрылғылар көбінесе сол иеленушінің иелігінде болғандықтан, олар білім беру үдерісін үздіксіз жүргізеді: сондықтан тапсырмаларды кез келген уақытта ыңғайлы орындауға болады, ал оқытушылар аудиториядан тыс оқытудың пассивті бөлігін ала алады. Мобильді қосымшалар білім алушыға белгілі бір курстардың мазмұнын, қиындық деңгейін және басқа мазмұнды таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өзіңіздің қалауыңыз бен біліміңіздің деңгейіне қарай күрделіліктің келесі деңгейіне ауыса алады, өз нәтижелеріңізді бағалай алады және материалды біріктіру үшін қосымша міндеттерді орындай алады. Бұдан басқа, ұялы телефон әрбір білім алушыға материалды өз бетімен ыңғайлы етіп оқуға мүмкіндік береді. Яғни, білім беру бағдарламалық жасақтамасының құрушысы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін сол ақпаратты бейімдеуге, сондай-ақ оны көбейту жолдарына (мәтін, графика, бейне, аудио) тиімділігін арттыру керек. Ұялы құрылғылар оқытушы мен білім алушы арасында жылдам және жоғары сапалы байланыс орнатуды жеңілдетеді. Білім алушылармен кері байланыс оқытушыларға берілген білім алушылардың даму жылдамдығын қадағалауға мүмкіндік береді.
Android платформасына арналған қосымшаларды әзірлеу үшін API құралдары мен кітапханалары жиынтығы - Android SDK қажет. Төмендегі 1- суретте Android OS архитектурасы көрсетілген.
Сурет 1. Android ОЖ архитектурасы
Android құрамына келесі негізгі қосымшалар кіреді: электрондық пошта және SMS клиенттері, күнтізбе, әртүрлі карталар, браузер, контактілерді басқаруға арналған бағдарлама және тағы басқалар.
Берілген мақала мақсаты қазіргі уақыттағы онлайн оқу ресурстарын, платформаларын саралап, заманға сай, барлық азаматтырдың технологияға деген қызығушылығын оятатын, студенттер мен мұғалімдерге арналған түсінікті әрі пайдалы мобильді қосымша жасау болатын. Жаңа ақпараттық технологияның даму кезеңінде білім мен жаңа технологияны ұштастыру сапалы нәтиже береді. Қазірде үрдіс онлайн ұйымдастыруға, цифландыру заманына көшуде. Білім алушылардың білімін арттыру, білім алушы мен оқытушы арасын жақындастыру, білім алушылардың білімге теңдей қол жеткізуі сияқты өзекті мәселелерді берілген мақала барысында тағайындалған мобильді қосымша өңделу барысы айтылған.
*(По требованию Роскомнадзора информируем, что иностранное лицо, владеющее информационными ресурсами Google является нарушителем законодательства Российской Федерации – прим. ред.)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Эд Бурнет. Разработка мобильных приложений. — СПб.: Питер, 2012. — 256 с.
- П.Дейтел, Х.Дейтел, М.Моргано. Adroid для программистов: создаем приложения. – СПб.: Питер, 2013. – 560 с.
- Архитектура Android. – URL:https://habr.com/ru/post/16770/
- Доскажанов Ч.Т., Даненова Г.Т., Коккоз М.М. РОЛЬ МОБИЛЬНЫХ ПРИЛОЖЕНИЙ В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ // Международный журнал экспериментального образования. – 2018.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана
- ҚР БҒМ 2012 жылғы 6 сәуіріндегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық. – Астана,
дипломов
Оставить комментарий