Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXVII Международной научно-практической конференции «Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки» (Россия, г. Новосибирск, 11 декабря 2023 г.)

Наука: Культурология

Секция: Музееведение, консервация и реставрация историко-культурных объектов

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Смаилов Ж.Е. ТАРАЗ ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ // Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки: сб. ст. по матер. LXXVII междунар. науч.-практ. конф. № 12(64). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 63-69.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ТАРАЗ ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Смаилов Жуман Егинбаевич

бас ғылыми қызметкер,

ҚР, Қазархеология ЖШС

АННОТАЦИЯ

Ежелгі Тараз қаласы - аса маңызды тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі. Қаланың екі мың жылдық тарихында қала мәдениеті мен экономикасын дамытудың негізгі кезеңдері көрсетілген. Орта ғасыр - адамзат тарихында аса маңызды тарихи кезеңдердің бірі бола отырып, ерекше орын алады. Қазақстандағы орта ғасыр - түрлі саяси үдерістерге толы тарихтың ең қарқынды және жарқын кезеңдерінің бірі.

Біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығының ортасында бүкіл Еуразияда басталған көшпелі империялардың құрылу процесі Тараздың, сондай-ақ оның айналасындағы қалалардың саяси және шаруашылық өмірін айналып өте алмады.

2014-2018 жылдар аралығында «Казархеология» ЖШС жүргізген қазба жұмыстарының нәтижелері ғалымдар мен Тараз қаласының тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қазба жұмыстары көрсеткендей, шахристан аумағында базар, медресесі бар мешіт, хамам моншасы, зергерлік шеберханалар, наубайханалар, сондай-ақ түрлі сипаттағы ғимараттар жұмыс істеді. Бұл ғимараттар ежелгі құрылыстардың тегістелген қалдықтары мен үйінділерінің үстіне салынған. Әр түрлі құрылыс материалдары, негізінен түрлі өлшемдегі шикі кірпіш қолданылды.

Археологиялық зерттеулер арқасында қаланың қалың мәдени қабаты болғаны және оның қираған жерлерінің Талас алқабының басқа қалаларының қирандыларынан едәуір асып түскені анықталды, сондықтан Тараз аумағын орталық қаласы болды деп есептеуге болады.

Ежелгі Тараз қаласын дамытудың жоғары деңгейі туралы сумен жабдықтау және жылыту жүйелерінің, қоғамдық және ғибадат үйлерінің, магистралды көшелері мен қуатты тұрғын алаптары бар қала құрылыстарының, қорғаныс құрылыстарының, сондай-ақ көптеген олжалардың болуы дәлелдейді.

Бұл мақалада халық арасында ғылыми ортада пайдаланылатын көздер мен терминологияны зерттеу проблемалары қаралады, ғалымдардың пікірлерін дереккөз негізінде бөлу мәселелері талқыланады.

ABSTRACT

 The ancient city of Taraz is one of the most significant historical and cultural monuments. The two-thousand-year history of the city reflects the main stages in the development of urban culture and economy. The Middle Ages occupies a special place in the history of mankind, being one of the most important historical periods. The Middle Ages in Kazakhstan are one of the most dynamic and vibrant periods of history, full of various political processes.

The process of formation of nomadic empires, which began in the middle of the first millennium AD throughout Eurasia, could not ignore the political and economic life of Taraz, as well as the cities in its vicinity.

The results of excavations by Kazarheology LLP, carried out from 2014 to 2018, aroused great interest among scientists and the urban population of Taraz. As excavations have shown, on the territory of Shakhristan there functioned a bazaar, a madrasah with a mosque, a hammam bath, jewelry workshops, bakeries, as well as buildings of various types. These buildings are built on the leveled remains of ancient buildings and dumps. Various building materials were used, mainly mud bricks, of various sizes.

Archaeological research has revealed that the city had thick layers and that its ruins are significantly larger in size than the ruins of other cities in the Talas Valley, so we can assume that Taraz was the central city of the area.

The high level of development of ancient Taraz is evidenced by the presence of water supply and heating systems, public and religious buildings, urban development with main streets and paved residential areas, defensive structures, as well as a large number of finds.

This article discusses the problems of studying sources and terminology used in the scientific community among the population, and discusses the issues of dividing the opinions of scientists based on the source.

 

Негізгі сөздер: Тараз, археология, қараханидтер, сәулет, орта ғасыр, жазба көздері.

Keywords: Taraz, archeology, Karakhanids, architecture, Middle Ages, written sources.

 

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (IRN BR10164298) қаржыландырды.

 

Биыл еліміздің ең көне қаласы - Таразды археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастырылды.

2014-2018 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары XI-XIII ғасырлардағы қаланың гүлдену кезеңі бойынша кең көлемді материал берді. 20 000 шаршы метрден астам алқапта жүргізілген қазба жұмыстары қаланың «қарахан» кезеңінің едәуір бөлігін анықтауға мүмкіндік берді. Биылғы жұмыстар археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша монография жазу үшін қаланың белгілі бір элементтерін нақтылауға бағытталған.

Осы мақаланы жазу үшін біз алдыңғы ғалымдардың барлық жұмыстарымен, жазбаша дереккөздердің деректерімен таныстық. Біздің тарихнамалық және дереккөздік ізденістеріміздің ерекшелігі орта ғасырда жазылған фольклорлық жинақтарда бізге жеткен түркі тілдес халықтардың тарихи және эпостарын тарту болды.

Зерттеудің екінші міндеті аумағын тарихи аудандастыруды анықтау болды. Себебі Тараз қаласының ғылыми әдебиеттегі орналасқан аймағы Оңтүстік-Батыс Жетісу деп айқындалады. Бұл отарлық кезеңде қалыптасқан мүлдем қолайсыз тарихи-географиялық анықтама болып табылады. Тарихшы географиялық, табиғи-климаттық және топонимдердің атауын анықтаған басқа да ерекшеліктерді көрсететін тарихи қалыптасқан топонимдерді ұстануы тиіс. Отарлық кезеңде географиялық айналымға енген Тянь-Шань тауларының атауы қазіргі заманғы ең бұрмаланған тарихи оронимі болып табылады. Орыс географы П.П.Семенов «Аспан таулары» атауының қытайлық калькасын қабылдады, ал бұл таулар жергілікті қырғыздар мен қазақтардың Тәңір Тау - «Құдай таулары» деп аталады, ал оның шыңы Хан Тәңірі деген атауды сақтап қалды [1, 164-198].

Тараз қаласы Талас өзенінің бассейнінде орналасқан, бұл өңір қазақтарда да, қырғыздарда да Талас бойы деп аталады. Қазақтардың Шу өзенінің бассейні Шу бойы деп аталады.

Міне, осы екі тарихи-географиялық атау жасанды Оңтүстік-Батыс Жетісуға біріктірілді. Сондай-ақ, Әл-Идриси карталарынан Хан Таг (қазақша Ханы Тау) деген атпен танымал тарихи таулар да орын алды. Яғни, тарихи қалыптасқан топонимдердің жоғалуы зерттеушінің белгілі бір аумақты толық зерделеуге мүмкіндік бермейді.

Тараз қаласының қазіргі атауы да бұрмаланған гидронимдердің қатарына жатуы мүмкін. Көшпелілер географиялық нысандарға олардың жергілікті жердің мінездемесін жақсы білуіне сүйене отырып атаулар берді. Мысалы, таулы өзендер Тентек (Буйный), Құтырғы (Бешеная) деп аталды. тау шатқалдарынан шығатын Талас өзені Тараз маңында жазыққа тарап кең ауқымды конус-мойынын құраған. Бұл оның арнасының жиі өзгеруіне себеп болып, Талас атауын «түрлі ағыстарға бөлінетін өзен» мағынасынан алынған болуы мүмкін. Таң дәуіріне дейінгі көне Қытай деректерінде бұл өзен «Да ло сы» деп аталады [4, 271]. Біздің ойымызша, мұны лингвистер қарастырғаны дұрыс болар. Өзен сияқты қала да Талас деп аталды, ал Тараз атауы, біздің ойымызша, бұл араб-парсы дереккөздерінің Талас атауын бұрмалаған түрі. Мысал ретінде Тараз қаласының шығысында орналасқан Мерке қаласының атауын келтіруге болады. Қазіргі археологтар аталуын соғдылық деп анықтады. Біз бұл оро-гидроним Алматының шығысында Үш Меркі ретінде кездесетінін білеміз. Меркі қазақша тар және терең шатқалды білдіреді, оның сағасында Меркі қалашығы орналасқан Меркі шатқалын дәл сипаттайды [2, 317-321].

Тараз қаласы генезисінің көшпелі мәнін біз оның көш жолында орналасуымен байланыстырамыз. Орталық Азияның ең атақты жазғы биік таулы жайылымы - Сусамыр алқабы - Тараздан жоғары қарай 2200 метр биіктікте орналасып, 4500 метрге дейін тау шыңымен қоршалған, Қырғызстанның Тәңір-Тау тауларындағы тауаралық ойпатындағы 4 000 шаршы шақырымдық аумақты алып жатыр.

Өзен бойымен 350 км-ге жуық қашықтықта, Шу өзенінің төменгі ағысына дейін созылып жатқан ауданы 37 500 шаршы шақырымды құрайтын қыс жайылымдары - Мойынқұм шөлі орналасқан. Талас өзенінің төменгі ағысы Мойынқұмның осы құмдарында жоғалып, қыстық көшпелілер үшін қолайлы өсімдіктері мол кең алқапқа айналады.

Көшпелі мал шаруашылығына қолайлы жазғы және қысқы жайылымдар халыққа үлкен пайда табуға мүмкіндік берді. Көшпелі халықтың әл-ауқатының өсуіне Тараз маңында күміс кеніштердің болуы да ықпал етті.

Жоғарыда келтірілген барлық жағдайлар гүлденуге себін тигізіп, қыстақтардың орындарында «төрткүл» деп аталатын қамалдар тұрғызыла бастады. Олар оңтүстіктен солтүстікке қарай Талас өзенінің арнасын бойлай ондап созылып жатыр.

Көшпелі қағанаттардың әскери қуатымен қамтамассыз етілген көшпелі қалалардың генезисіне жоғарыда келтірілген экономикалық гүлдену септігін тигізді. Мұны дәлелдеу үшін ең алдымен қазақ тарихының ғұлама-ғалымдарының еңбектеріне, тарихи шежірелерге, жазба дереккөздеріне және батырлар жырларына сүйенеміз.

Еуразиялық даланың дала аймағындағы ескерткіштерді зерттеу кезінде ғалымдардың қатарында көшпелі шаруашылықты «іштен» білетін тұлғалар - Ш.Ш. Уәлиханов, А.Н.Бөкейхан, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.И.Сәтпаев, А.Х.Марғұлан, Х.Арғынбаевтар болды. Бұл ғалымдар үшін халық тарихы өз тарихы болды А.Х.Марғұлан, Х.Арғынбаевты санамағанда, олар қалдырған шығармалар, әдетте шағын жазбалар мен тарихи очерктер, бірақ олардың ғылыми маңызы өте зор болған.  Олар өз халқының тарихи-мәдени мұрасының көрнекті қайраткерлері болды.

Қазақ даласының қалалық мәдениетін зерттеу «дала тарихнамасынан» бөлек жолмен жүрді. Бұл жерде тарихи өткеннің білгірлері болмаған, қалалар өз өмірін тоқтатқан. Қала мәдениетінің алғашқы зерттеушілері жаңа әлем ашты, басқа тарихи-мәдени дәстүрлердің өкілдері де болды, яғни Еуропа үшін Орталық Азия ашқан Колумб іспеттес болды. Қола дәуірінің, яғни Андрон тарихи-мәдени қоғамының зерттеушілері сынды олар зерттеу пәнінен алыс болды және тиісінше олардың теориялары көбінесе шындықтан алшақ болды.

Қытай, араб, парсы деректеріндегі сан алуан халықтар мен қалалардың атаулары олардың айтылуымен бұрмаланып берілгендіктен жалған  халықтар мен қалалардың атауларының пайда болуына әкеп соқты және ешқандай түсіндірмесіз кеңінен қолданыла бастады. Бұл өз орайында Таласты Таразға айналдырып, ал Талғар өз халқының мұрагерлері үшін түсініксіз «Тальхир, Тальхиз» болып шыға келді. Археологтар Құлшыбы, Қасрибас және т.б. қалаларды орналасқан жері, бір-бірінен қашықтығы бойынша жазбаша дереккөздердің деректері негізінде сәйкестендіруге тырысады.   

Ең басты ғылыми шегініс археологтар қалаларды, бейіттерді, петроглифтерді зерттеушілерге бөлініп, халқымыздың сан ғасырлық тарихын дәуірлер мен кезеңдерге бөліп, тұтас мәдениеттің жекелеген элементін зерттеумен «айналысқан» және ең бастысы дәуірлерді жеке халықтар мен мәдениеттерге бөлгеннен басталды. Дамуда емес, жеке алынған жағдайда зерттеле бастады. Алайда, біздің халқымыздың тарихының да гүлдену мен құлдырау кезеңдері болған, сол кезеңдерді зерттеушілер жекелеген халықтардың жеке тарихы ретінде қабылдауда. Тіпті жекелеген дәуірлердегі халықтардың этнонимдері де бұл кезеңдегі басты рудың, тайпаның атауы ғана екендігі тарихшы үшін түсінікті жағдай. Тарихи мәні жоқ «Дешті Қыпшақ» деген тұрақты ұғым осындайдан шыққан. Ежелден бұл ел Арқа немесе Сары-Арқа деп аталған. Бұл атау қазіргі заманға дейін жеткен, әйтседе ол ежелгі дәуірде, оғыз эпосының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Жошы хан Ұлысы дәуірінде,  Өзбек хан өзінің соңғы жылдарын Арқа елінде өткізеді.

Түргештердің, қарлұқтардың, оғыздардың, қыпшақтардың тарихын жеке-жеке зерттеуге болмайды, бұл бір халық және бір халықтың тайпаларының атаулары. Олардың жазбаша дереккөздері осы тайпалардың қалғандардан басым түскен кезеңінде тіркеледі. Басқа кезеңде басқа тайпа билікке шығады және осы кезде жазбаша дереккөздер оларды осы тайпаның атауымен тіркейді.

Археология ескерткіштері қазақ даласы тарихының кезеңдерін тамаша бейнелейді, бұл отырықшы халық емес, оның бүкіл тарихы жер көрініс алған. Отырықшылық-егіншілік мәдениетінде қалалар мен қоныстар жойылмайды, бұл халықтың өмір сүруінің негізгі элементі табиғи-климаттық себептерге байланысты ғана тасталып, басқа жерге көшіп, қарапайым ауылдарға айналып құлдырауды бастан кешіре алады, бірақ мүлдем жойыла алмайды. Және де керісінше, далада көшпелі мал шаруашылығы үстем болған жағдайда, халық апаттар мен құлдырау кезеңінде өздерінің қыстақтарына қоныстанып, қала қоныстарын жоғалтады, металлургия және қолөнер орталықтары, ирригациялық құрылыстар құлдырауға келеді. Халық тарихында тиімді суармалы егіншілік Орта Азиядан келген деген тағы бір бөгде көзқарас орын алған. Бұл шаруашылық Сары Арқаның құрғақ даласында кейінгі қола дәуірінен бастап игерілген, Тоқырау өзені бассейнінің егіншілерінің жетістіктері Орта Азиядан әлдеқайда жоғары және шебер болған.   

Біздің зерттеушілердің еңбектерін талдауымыз оларды екі түрге бөлу туралы ойға алып келді:

Біріншісі - «қолөнер» яғни деректерді жүйелеуге ұмтылатын, әдетте жазбаша дереккөздердің деректерін пайдаланатын зерттеушілердің түрі. Олардың еңбектері егжей-тегжейлі тәсілмен, өз ойларын мұқият құрастырумен ерекшеленеді. Олардың ұсақ-нақтыланған тәсілі, әдетте, жасанды құрылыстарға әкеліп, тұтас тарихи көріністі көруге мүмкіндік бермейді. Зерттеліп жатқан халықтың тілін, мәдениетін, рухын білмей, қазақ даласының тұрғындары туралы шетелдік авторлардың жазба көздерін ұстанған олар бұл ұшырауды ушықтырып, өз көзқарастары бойынша бұл жасандылықты күшейтеді. Олардың «қолөнер» тәсілі - зерттелетін халықтың тілі мен мәдениетін білуге деген ынтасы жоқ, өзінің қараңдығының орнын толтыруға тырысудың салдары. «Қолөнершінің» зерттеулері ұқыпты орындалған жұмыстардан, жүйелендіруден, қарама-қайшылықтарға қызығушылықтан, «әдіснамалық» тексерілген идеялардан, тұтас сәулеттік құрылым бола алмайтын жасанды ғылыми теорияны жасаудан тұрады.

Екіншісі - тарихи процестерді түсінетін, зерттеу пәні туралы барлық мәліметтерді кеңінен пайдаланатын, өзін тар арнайы біліммен ғана шектемейтін, зерттелетін халықтың тілін, мәдениетін, этнографиясын зерттейтін және білетін зерттеушілердің «сәулеттік» түрі. Зерттеушілердің бұл түрі халықтың шығармаларын басқа дереккөздерден жоғары қояды, мифтік, эпикалық мәліметтер сынды күрделі де қажетті дереккөзді пайдаланады және ең бастысы дала тарихында Дала Кітабын, даланы, даланың өткен өмірін білу болып табылады. Бұл тіпті қазақ даласы туралы алғашқы шетелдік мәліметтерді қалдырған зерттеушілердің мәліметтері ғалымдардың еңбектерінен айрықша орын алады.

Өткен заманда жеке көзқарас үстем болды, яғни тарихтың белгілі бір кезеңдерін бір ғалым зерттеді. Бұл ғалым өзінің білімі мен мамандануына байланысты негізінен белгілі бір көздерді пайдаланды.

Ежелгі Тараз қаласын зерттеу кезінде біз дәл осы ерекшеліктерді ескеріп, көшпелі шаруашылықтың дамуын, тарихи-географиялық факторларды, мұнда металлургияның, қолөнердің дамуын ескере отырып, осы қаланың генезисін, дамуы мен құлдырауын қарастыруға тырысамыз. Қаланың дамуы үшін оның әлемдік мамандануға қосылуы маңызды болды, бұл сауда мен мәдени алмасулардың дамуына алып келді.

Жалпы, Тараз қаласын зерттеу құрылыс өнері мен сәулетті дамытуда көптеген жаңалықтарды ашты. Керамика мен оның ою-өрнектерінде, металдан жасалған бұйымдарды жасауда және т.б. көшпелі элементтердің орны ерекше.

Шу-Талас өзендері бассейндерінің қала құрылысы құрылымын талдау оны көшпелілер қалаларының құрылымына жатқызуға мүмкіндік береді. Жоспарлы түрде бұл қалалардың Отырар, Шаш, Бұхара қалаларынан айырмашылығы бар. Айта кетерлік жайт, бұл қалалар сырттан, әсіресе Орта Азия тарапынан күшті әсерге ұшырады, бірақ сондай-ақ көшпелі ортасы бар біртұтас ағзаны құрап, оның ажырамас бөлігі болуына байланысты көшпелі сипатқа ие.

 

Список литературы:

  1. Cеменов -Тян-Шанский П.П. Путешествие в Тянь-Шань в 1856–1857 гг. Мемуары. М.: Огиз, 1946. – Т. 2. – 257 с.
  2. Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1/ Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. 432 с.
  3. Дуйсебаева Т.Н. Краткая характеристика природных условий Шу-Илейских гор // Хантауский транзитный коридор в эпоху палеометалла: сборник статей и публикаций. Серия «История и археология Семиречья». Выпуск 7. Алматы, 2020. С. 7-20.
  4. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. Тексты и исследования. Новосибирск: 1989. 432 с.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.