Телефон: 8-800-350-22-65
Напишите нам:
WhatsApp:
Telegram:
MAX:
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9:00 до 21:00 Нск (с 5:00 до 19:00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CV Международной научно-практической конференции «Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки» (Россия, г. Новосибирск, 08 апреля 2026 г.)

Наука: Искусствоведение

Секция: Изобразительное и декоративно- прикладное искусство и архитектура

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ерназар К.А. АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН СҮЙЕКТЕП СӘНДЕУДІҢ КӨРКЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Культурология, филология, искусствоведение: актуальные проблемы современной науки: сб. ст. по матер. CV междунар. науч.-практ. конф. № 4(91). – Новосибирск: СибАК, 2026. – С. 60-69.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН СҮЙЕКТЕП СӘНДЕУДІҢ КӨРКЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ерназар Керім Ануарбекұлы

Өнертану ғылымдарының магистрі, «Сәндік өнер» кафедрасының оқытушысы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

Қазақстан, Алматы қ.

ХУДОЖЕСТВЕННО – ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ОТДЕЛКИ ИЗДЕЛИЙ ИЗ ДЕРЕВА КОСТЬЮ

 

Ерназар Керім Ануарбекұлы

Магистр искусств, Преподаватель кафедры декоративное искусство, КазНАИ им. Темирбека Жургенова

Казахстан, Алматы

 

АҢДАТПА

Мақала - ұсталық өнердің ішіндегі ағаш ою шығармашылығының ерекше көрністерін талдауға арналған. Ұсталық өнердің ішіндегі ағаш ою және сәндеу өнері – өнертанымдық жағынан алғанда Қазақтың көркемөнер дамуы тарихының ең аз зерттелген тұсы. Оны түсінудің ерекшелігі мен қиындығы осы тарихи мәдени қабаттардың негізгі бастаулары болып, ұлттық мәдени мұраның ежелгі қазынасын құрайды. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, күн көрісімен байланысты екенін көреміз. Ағаштан киіз үйлер, үй жиһаздары, ыдыс – аяқ, үзеңгі, ер – тұрманды ойлап табу қазақ даласында жасалғанын ескерсек, ұсталық өнердің тарихы тым тереңде екенін білуге болады. Өнердің ерекше көркем түрі – ағаш ою өнері, ерші, ұсталар шеберлігі.

АННОТАЦИЯ

Статья посвящена анализу особенностей резьбы по дереву в рамках деятельности кузнечного искусства. Среди прикладного изделий по дереву является наимение изученный частью истории казахского художественного развития с культурной точки зрения. Специфика и сложность его понимания заключается в том, что эти исторические культурные слои имеют разные истоки и составляют древнее сокровище национального культурного наследия. Из этого мы видим, что какой бы ни был вид традиционного творчества, он связан с народной жизнью. Учитывая, что юрты, деревянные посуды, мебель, изобретение стремен и седел было сделано в казахской степи, можно отметить, что история прикладного искусства слишком глубока. Уникальный художественный вид резьбы по дереву, мастерство седельных кузнецов является особым видом в декоративно-прикладном искусстве.

 

Түйін сөздер: Ұста, ұлттық, технология, тарихи, қолөнер, сүйектеу, бұйымдар.

Ключевые слова: кузнец, национальный, технология, исторический, ремесло, инкрустация, ювелир.

 

Ағашты көркемдеп өңдеуде сәндік оюларды көркемдеу барысында қолданылатын қосымша материалдар бірі: Сүйек, (сүйек орнату технолоиясы) ағашқа қосымша материалдар арқылы жасалатын сәндік өнердің байланысы өте керемет. Ағаш бұйымдарды сүйектеу өте көне технология болып табылады. Сүйектеу өте күрделі, әрі өте әдемілік беретін материал, сондықтан да ағаш бұйымды сүйектеу өте көп дайындықты талап етеді. Ағашты сүйектеу үшін кез келген ағашты таңдап алсақ болады , алайда мүмкіндігінше тығыз және қоңыр түстегі ағаш таңдаған дұрыс. Себебі қағылатын материалдың түсі, ағаш түстімен таласпауы маңызды. Ағашқа сәндік оюымыздың сызбасы түсірілгеннен кейін, сәндік ою сызығы бойынша тілім жүргізіледі. Бұл біздің қағылатын сүйектің орынын білдіреді және оның қалыңдығына байланысты ойылып алынады. Сүйекті таңдау барысында оюдың күрделілігіне аса үлкен мән беріледі, егерде оюымыз күрделі және көп қырлы болса онда сүйектің көлемдірек бөлігін алуға тура келеді. Жолақтың қалыңдығы 0,15-0,3 мм, ені шамамен 2 мм. Бұйымды сүйектеу барысында толықтай бір ою бөлігіне сәйкес келетіндей етіп кесіп алып, мұқият тазалау қажет. Тазаланған сүйекті ойылған ағашқа отырғызу керек. Сүйек салыналатын орынға желімді жағып кептіріп, келесі желімді жаққанда, ойылған сүйекті отырғызу керек. Қазақ халқы ертеден-ақ қолөнерді аса жоғары бағалап, қадір тұтқаны, ұсталар мен шеберлерге құрметпен қарағаны белгілі. Халқымыздың күн көріс тіршілігінен бастап, көшіпенділік үрдісімен төрт түлік малды ұстау, елін-жерін қорғауға дейінгі мәселесі ұсталармен өте тығыз байланыста болып, қолөнердің қандай түрі болмасын сол халықтың игілігінің қажеттілігін қамтамасыз етуден туындады. Қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Соның ішінде киіз үй, алғаш жылқыны қолға үйрету, үзеңгі, ер – тұрман, доңғалақты ойлап табу, қазақ даласында жасалғанын ескерсек, қол өнердің сақ заманында үлкен жетістіктерге жеткенін көне грек жиһангері Гередотта (б.з.б. V ғасырдың соңы), көшпелілердің ағаштан жасалып, сүйекпен, күміспен, алтынмен сәнделген киіз үйлерде тұратын көшпелі тайпалардың басын біртұтас етіп құрған, өз өркениетін биікке көтерген сақтардың мықты мемлекеті дәуірлеп тұрғанын мойындай жазды. Қазақтың ою – өрнегінің ғарышымен, әлемінің шын мәнінде ұшы қиыры жоқ. Сонау жазу – сызу болмаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер – сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Демек бұдан қазақ халқының ою – өрнек өнері де ерте кезде басталғанына көзімізді жеткіземіз. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою – таңбалар келе – келе киізге, алаша, кілем, тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол таңбалар арқылы халық белгілі ұғым – түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Бұдан ою – өрнектердің өмір қажеттігінен туғанын байқауға болады. [1].

 

Сурет 1. Кереует ағаш. (Ағаш, сүйек, ою). ГМЭ

 

Ағаштан жасалған бұйымды сүйектеуге дайындау барысында оюдың күрделілігіне аса үлкен мән беріледі, егерде оюымыз күрделі және көп қырлы болса онда сүйекті отырғызатын ойықты арнайы құралдармен тазалаумыз керек. Қазақтың көшпелі өмірі атқа арналған жабдықтарды жасалу шеберлігінің артуына ықпал етіп, ерекше мәні бар өнерге айналды. Қазақ халқының күнделікті өмірінде ұсталық өнердің даму барысында жеке – жеке жұмыс жасау немесе қауымдасып жұмыс і стеу арқылы тәжірибелік ортада түрлі бұйымдарға талдау жасап, сараптау арқылы жақсы жетістіктерге жетті. Ағашты қолдану арқылы жасалатын қару түрлеріне: садақ қорамсағымен, шоқпар, бос мойын шоқпар, арбалет, найза, айбалта, семсер сабына қолданылды. Көшпелі өмір салтын ұстанған халқымыз түрлі бұйымдармен бірге ат әбзелдерін жасауда үлкен жетістіктерге жетті. Ерді әзірлеу тәсілі екі түрде жасалады: 1) Сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылатын ерді «сом ер», «тұтас ер» деп атайды, бүтін ағаштан шабылып жасалады. 2) Бірнеше бөліктен құралып жасалатын ерді «құранды ер»деп атайды. Бұл ерді ағаштары аз өсетін аймақтарда жасайды. Құранды ер - беріктігі жағынан өте мықты болады. Ат аунағанда, күш түскен кезде сынбайды. Ат әбзелдерін қолдану тәсілдері өзіндік қалыптасқан тәртіппен орналасады. Олар: Терлік, тоқым, желдік, тебінгі, жалпош, үзенгі бау, үзенгі, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, ауыздық, қамшы, ноқта, шылбыр, тізгін, арғамшы, арқан, шаужай, аткөрпе, көпшік, атжабу, аттарақ, сабаутіс, таға, шідер, өре, тұсау, тысамыс, кісен, қанжыға, қылқанжыға, көзқағар т.б.тұрмандар жиынтығынан тұрады. Ерші - ер – тұрман жасайтын шебер, ұста. Ершілер ерді үш топқа бөлген. Олар: а) Ашамай – бес жасқа дейінгі балалар мінетін ердің өте жеңіл, ықшам әрі қарапайым түрі. ә) еркектерге арналған ер. Ондай ер жеңіл, ықшам,берік болады, өте көп әшекейленбейді. б) Әйелдерге арналған ерлер сүйегі, қаңқасы ауыр, әрі алтын, күміс, асыл тастармен, сүйекпен, мүйізбен өте шеберлікпен әшекейленеді. Былғары, барқыт, жарғақ, мауыты,шұғамен қапталады [2]. Қолөнерші жасайтын бұйымдарды басынан аяғына дейін жасап, оны көркемдеп, әшекейлеудің түрлерін өздері жасаған: сүйектеу, күмістеу, асыл тастарды орнату, алтындау, түрлі өрімдер жасау, терімен көмкеру. Осы жиынтықтары өзіндік орналасу маңыздылығы ерекше. Қолөнер бұйымдарының жасалуын өнеркәсіпте, шеңберлері бар инкляция жиі қолданылады, өйткені мұндай үлгіні орындау заманауи құралдарды пайдалану арқылы жеңілдетіледі. Бұрғылау станогына ұшы кескіш жиектері бар цилиндрлік кескіш орнатылып, берілген қалыңдықтағы пластиналардан қажетті үлгі бөлшектерінің саны дайындалады. Диаметрі алдыңғы құралдың кесу жиегінің қалыңдығынан кіші кескішпен төселетін негізде дайындалған шеңберлерді кірістіру үшін орындарды таңдап, фрезерлеу енгізілген пластиналардың қалыңдығына тең тереңдікте жүзеге асырылады. Бұйымның негізі ағаш болса, артық ағаш қашаумен, негізі сүйек болса - бұрғылау станогына кіргізілген бұрғымен алынады. Терілген үлгідегі бұйымның беті бірнеше қадаммен тегістеуішпен тегістеледі. Ол тегіс болуы керек.

 

Сурет 2. Піспек. (Ағаш, сүйек, ою). ГМЭ

 

Суреттің жұмсақ фонын өткізіп жіберуге жол берілмейді технологиялары тарихи кезеңдермен салыстырғанда, қазіргі уақыттағы жасалу тәсілдері айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бұйымдардың сүйегін дайындағаннан кейін, төзімді болу үшін тұзға салып кептірілген ірі қара малдың сіңірін талдап ажыратып, желімге араластырып ердің барлық жеріне жағады, желім кепкеннен кейін зімпарамен тегістеп, түйенің мойын терісімен немесе қайыңның қабығымен қапталып арнайы шегелермен қағылады. Ерді алдын – ала жасалып дайындалған арқалық қалыпқа отырғызып, келтіру арқылы жасау түрі осы уақытқа дейін сақталған. Ерді жасайтын ағаш түрлері: киіз терек, тал, қайыңның безі және тораңғы. Арнайы кесіліп дайындалған ағашты кептіру ерте кездегі технологияны пайдалану арқылы орындалады. Ағаштың екі басына батпбақ жағып күн түспейтін жерге қояды. Ағаш бойындағы ылғалы кетіп қолдануға болатын кезде пайдаланады. Көшпелілердің жалпы қолөнер тарихы - уақыт елегінен өтіп, жеңіл, берік, ыңғайлы болуын қатты қадағалады. Көшпелі және жауынгерлік өмірді ұстанған халқымыз ат үстінде түрлі қаруларды ойнатып, қолдану әдісін жетік меңгергеніне, ат үстінде найзамен шаншу, екі қолдағы екі қылышты ойнату, шегініп бара жатып, жауға садақпен жебені артқа бұрылып жаудыру, жаралыларды жау қолына қалдырмай, ат үстінен іліп әкету, шалма лақтыру арқылы тірідей ұстау сияқты соғыс өнерінің өте қиын әрі күрделі әдіс - тәсілдері дәлел. Осы арқылы көшпелілер Европада “Кентавр” деген ұғым қалыптастырған, аттары аңызға айналған. Түрлі дерек көздері, архиолгиялық материалдар сақ тайпаларындағы әскери істің деңгейі, жауынгерлік өнері биік дәрежеде болғанын дәлелдейді [3]. Ағаш бұйымдарға арналған құралдардың бірнеше түрлері мен үлгілерін жасаған. Көшпелі халқымыз сан ғасырлық даму барысында, қолөнер бұйымдарының үлгілері көбейтіліп, жетілдіріліп отырды. Әрине өнер туындысы болғандықтан ою-өрнектің көркемдік функциясында ескеріп отырды. Жасалған бұйымдарды сүйектеу, алтындау, күмістеу, асылтастармен әшекейлеу технологияларын меңгеріп, аңдар мен жануарлар бейнелерін керемет шеберлікпен сәйкестендіріп, қиыстыра білуі компазициялық дарындылығының айғағы. Халқымыз ат – әбзелдерінің сәнділігіне, киген киіміне, тұтынған бұйымдарымен, қаруларына дейін бір – біріне сай болуына аса көңіл бөлген. Қажет заттарын, ұсалармен, шеберлерге тапсырыс беру арқылы жасатып отырған. Үй жиһаздарының жасалу технологиясындағы ерекшелігі – құралмалы – жиналмалы болуында. Төрт түлік малдың жайымен көшпенділік салтын ұстанған халқымыз өздеріне қажетті заттарды ықшамдап жасады. Ұсталар ағаштан жасалған бұйымдарды ұқсас тәсілдерді қолдану арқылы іске асырды. Оюға жұмсақ әрі алып жүруге жеңіл ағаштар: тал, қайың, тораңғыл, терек, үйеңкіден төсек ағаш, кебеже, асадал, сандық, астау, шара, кесе, ожау, қасық, адалбақан, келі, күбі, тағы басқада түрлері жасалды. Қазақ қолөнершілерінің ағаш оятын құралдардың бірнеше түрлері мен үлгілерін жасап оны жетілдіріп отырған. Оларға: шот, қуысқұлақ шот, қашау, ұңғы, қолара, аталғы, бұрғы, қиянқы, балта, пышақ түрлері жатады. Осы құралдармен өздеріне қажетті бұйымдарды жасаған. Олардың түрлі заттарға пайдаланған материалдары мал шаруашылығынан алынған өнімдер және өздерінің мекен еткен аймақтарындағы қазбалы табиғи шикізаттар: қара түсті металдар (алтын, күміс, мыс, жез, қола, қорғасын, мырыш), асыл тастар, ағаш, сүйек, мүйіз, тері, тарамыс. Осы материалдардың қасиеттеріне қарай әр түрлі өңдеу тәсілдері арқылы қару - жарақтың функционалдық, конструктивтік бөліктері мен элементтерін жасауға пайдаланылды [4]. Қазақ даласында әр аймақтың ұстасы, шеберілері ағашпен металлдан өздерінің күнделікті қажеттерімен, тұтынатын бұйымдарды өндірген. Ағаш түрлерінен кереге, уық, сықырлауық есіктер, кебеже сандықтар, ыдыс –аяқ түрлері, өрнектелген піспектер, ердің түрлерін жасау әдіс – тәсілдердің жетілдіріп, ұзақ уақытқа төзімді, сәнді болуына көңіл бөлген. Күмістің түрлі бактерияларға қарсы тұратын қасиеті барын ерте пайымдаған халқымыз ыдыс – аяқтарға, үй жиһаздарына, ат әбзелдерімен бірге сәндік бұйымдарға дейін осы метал түрін өте көп қолданғанын көреміз. Сиыр мүйізі. Бұл материал атмосфералық өзгерістерге сезімталдықтың жоғарылауына байланысты төсеу жұмыстарына жарамайды. Дегенмен, кейде ол әлі де қолданылады, өйткені сиыр мүйізін металмен біріктіру өте тиімді. Мүйізді «плитканы» орнату тақтайшаның қиыстыруындағы шамалы дәлсіздікті, сондай-ақ материалдың деформациялануына байланысты пайда болатын шамалы бос орындарды жасыруға көмектеседі. Өнеркәсіптік өнімдерде, кәдесыйларда мүйізді металл сымның ұшымен - «кетік» деп аталатын әдіспен өрнектейді. Диаметрі сымға тең бұрғымен сызу сызығы бойымен бірқатар тесіктер қолданылады. Желіммен ылғалдандырылған сым тесікке салынған, ұшы сым кескіштермен кесілген. Дайын өнімді жылтыратудан кейін оның бетінде «жыпылықтау» нүктелік кескін пайда бола Ағаштан жасалған бұйымдардың сүйекпен не металмен көркемделмегені кемде – кем. Қолөнердің жалғасын табуы қажеттіліктен туындасада, өнер жасаушы ұста - шеберлерді құрметтеп, оларды қасиет дарыған, ерекше жан ретінде санаған.

 

Сурет 3. Асадал. (Ағаш, сүйек, ою). ГМЭ

 

Қазақтың ағаш ою өнерінің шығуы, әдіс – тәсілдерінің қалыптасып дамуы сонау сақ заманынан басталып сансыз ғасырлар өткенімен, айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймаған. Тек бағзы замандарда жан – жануарлар көптеп ойылып бейнеленген болса, уақыт өте келе олар ұмыт қалып, аңдардың орнын ою – өрнектер басып, соңғыларының құрылымы мен бейнеленуі тек шыңдала түскенін көреміз. Көпшілік жағдайда қазақ ұсталары жеке – жеке кәсіп еткен. Олар ағаш, темір, күміс, сүйек өңдеу істерін меңгерген. Ағаштан жасалған үй жиһаздары құрамына: төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және басқада көптеген заттарды жасаған. Қазақта бұл бұйымдардың әр қайсысын жасайтын дербес маманданған шеберлер болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай бұйымдардың әрқайсысын жасаған. Аса шебер ұсталар, бұл бұйымдардың бетіне ою ойып, түрлі – түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр – түрлі металдармен, түрлі – түсті тастармен көркемдей білген. [5]. Қазіргі заманғы қолөнершілер бұрынғы жасалған үлгілерді қалпына келтіру жолында біздерге ұмыт болған технологияны меңгеріп, ұдайы жетілдіріп келеді. Бізге жеткен қолданбалы өнердің тәсілдерін қазіргі өмірімізге лайықтап қайта жаңғыртып, еліміздің игілігіне айналдыруда, халық арасынан шыққан ұсталардың еңбегі орасан.  Кірістірілген өнімді жылтырату кезінде қызып кетуге және шамадан тыс ылғалдануға жол берілмейді. Материалдардың кеңею коэффициенттеріндегі айырмашылық суреттің жеке бөліктерінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Алдымен қатты материалдар жылтыратылады, содан кейін жұмсақ, мысалы: інжу-маржан, сүйек, содан кейін ағаш. Ұсталық өнер адамның табанды, ыждақатты, төзімді болуды қажет ететін қасиетті өнер болғандықтан, атадан балаға мирас болып, генетикалық жалғастығын табатындығы сөзсіз. Ағаштан түйін түйген қолөнершілердің шеберлігі - тарихи - этнографиялық маңызы бар сала. Тарих елегінен өткен асыл мұрамызды музейлеріміздің архивтерінде сақтап ғана қоймай, әрбірін жеке - жеке талдап, зерттеп, қағаз бетіне түсіріп, келер ұрпаққа үлгі, мұра ретінде халқымыздың төл өнерін дәріптеп жүрген некен-саяқ ұсталарымызды мемлекттік деңгейде насихаттасақ, ұста – шеберлерімізді қолдап, жасалу жолдарын, технологиясын үйренсек, тәуелсіз еліміздің тарихының кеңінен танылуына зор үлес болып қосылып, өскелең ұрпақтарымыз, тарихымыздың және өнерлі бабаларымыздың рухын сезіп өсері сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ағаш өңдеу технологиясы. Н.Адамқұлов. «Фолиант» баспасы. Астана -2010ж. 94 б.
  2. Қазақтың қол өнері. Дәркембай Шоқпарұлы Алматы «Өнер» баспасы. 2005 ж. 113б.
  3. Қазақ өнерінің тарихы. -3томдық. (Ежелгі өнер,1 том) – Алматы, «Өнер», 2007.35б.
  4. Берістен. Ж. Алтын адам киімі. Жұлдыз. 2007№4. 200-208б.
  5. Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Өнер» 1987 ж. 34 б.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов