Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXIX Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 17 апреля 2023 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Теория и методика дополнительного образования

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Испанкулова Г.Ә. ҚАЗАҚ ТІЛДІ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. LXIX междунар. науч.-практ. конф. № 4(66). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 163-167.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚ ТІЛДІ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Испанкулова Гулайша Әтімқұлқызы

аға оқытушысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Қазақстан, Тараз қ.

АННОТАЦИЯ

В данной статье рассматриваются трудности изучения английского языка в современную эпоху глобализации, с какими трудностями сталкиваются студенты на начальных этапах изучения языка и пути их решения. Опираясь на опыт местных ученых, мы представили свои альтернативы метода

ABSTRACT

This article discusses the difficulties of learning English in the modern era of globalization, what difficulties students face at the initial stages of language learning and ways to solve them. Based on the experience of local scientists, we presented our alternatives to methods of rapid language acquisitionм быстрого овладения языком.

 

Ключевые слова: ағылшын тілінде сөйлеу..... қазақ тілді аудиторияға..... , грамматика саласында.... екi тiлдегi ...., үнді- еуропа тілдері,... Сөздерді тіркестер.

Keywords: ағылшын тілінде сөйлеу..... қазақ тілді аудиторияға..... , грамматика саласында.... екi тiлдегi ...., үнді- еуропа тілдері,... Сөздерді тіркестер.

 

Мемлекеттік тіл- ел тәуелсіздігінің басты белгісі. Ол - тәуелсіз ұлттың мәдениетi мен салт-санасынын, рухани болмысынын тiрегi. Тiл аркылы халық өзге халықтардан ерекшеленедi. Тiл ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгiсi. «Қай ұлт болсын тiлi аркылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзiндiк дәстүрін көрсете алады». Қазақстан - көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бiрлiк пен татулыкта өмiр сүрiп жатыр. Әрбір ұлт өкiлдерi өз тiлдерiн, салт- дәстүрін сақтап калуы үшін барлык жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Бiз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тiлiн, мәдениетiн және салт-дәстүрiн дамытуға барынша жағдай жасауды алдынғы уакытта да жалғастыра беретiн боламыз». Әр тәуелсіз мемлекеттiн ерекше белгiлерi болады. Олар: елтанбасы, әнұраны, туы және тiлi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тілі.

Қазіргі жаһандану заманында ана тілмен бірге ағылшын тілінде сөйлеу – жастарға уақыт күттірмейтін мәселе. Заманауи технология жедел дамып жатқандықтан жастар ағылшын тілін қазақ тіліндей меңгеруі тиіс.Ағылшын тілін үйрену қазақ тілді аудиторияға өте қиын.Көптеген мектеп оқушылары мен ЖОО-ы студенттері кез- келген сөйлемді, мәтінді гугл арқылы орыс тілі арқылы қазақшаға аударады.Бұл дегеніңіз қазіргі танда төл тiлiмiз бен ағылшын тiлiнiң грамматика саласында көптеген мәселелер әлі де зерттеудi кажет ететіндігін көрсетеді. Әсіресе  ұлттық аудиторияда шетел тiлiнiң грамматикалық жағын үйретудегi қиыншылықтары толық жасалмаған. Етістіктің шақ формалары ағылшын тiлiнде қалай берiлген, екi тiлдегi шақ формалары арасында белгiлi ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескере отырып, аударма барысында байқалатын негiзгi тұстарын, қандай тәсiлдер арқылы аударылуын білу және берілу жолдарын, қазақ тiл бiлiмiнде жаңа саланың бiрi аударма теориясының грамматикалық қырларын ашып, категориясының оның iшiнде күрделі сөз табы берiлу жолдарының жан-жақты - етiстiктiң шақ қарастыру зерттеу еңбегiмiздiң негiзгi максаты болып табылады. Ағылшын тiлi мен қазақ тiлi генетикалық жағынан да бөлек топтарға жататын тiлдер. Тілі үнді еуропа тілдері отбасына, қазақ тiлi алтай тiлдерi отбасына жатады.Сондықтан олардың арасындағы типологиялық және грамматикалық айырмашылығы  аспан мен жердей. Ағылшын тiлiнде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар. Қазақ тілінде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар бiрінiң бiрiнен соң бiрi үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседi.Қосымшалар бiр мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсiздiгiн сактайды, өзгермейді (көше-көшелер-көшелерге көшелерімізге). Сондықтан да екі тіл арасында ұқсастықтан гөрі айырмашылықтар көп.Сондықтан, бұл екі тіл арасында ұксастықтарынан гөрі ерекшеліктері көп. Тілді жақсы меңгеру үшін ең алғаш екі тілдің грамматикасын ана тілі негізінде салыстыра отырып түсіндірсе тіл оңай меңгеріледі.{1} Көп адамдар шет тілін үйренгісі келгенiмен олардын алдыннан кедергі шығып жатады.Себебі олар келесi ойларды ұстанып шет тілін үйрену киын деп ойлайды.Иә, шет тілін үйрену өте қиын.Ол үшін тіл үйренуге  деген ерекше қабілетін болуы керек.Өзіңе қажетті тілді үйренгің келсе, сол тілде сөйлейтін елде тұру міндетті.Тек қана кішкентай балалар шет тілін тез және жақсы үйрене алады. Шет тілін үйрену үшін керемет жағдай керек. Отырған бөлмең жақсы болуы керек.Мен шет тілін үйренер едім тек менің оған  уақытым жоқ. Кез  келген адам тілді үйренуге қабілеті  бар. Кез-келген бала отбасында тәрбиеленгендіктен ана тілін жақсы меңгереді. Жапониядағы сияқты шет тілін 12жасқа келгенде оқытса балалар шет тілін тез меңгереді. Бізде керісінше бастауыш сыныптарда оқи бастағандықтан балалардың ойлау қабілетін төмендетіп, оқуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан да ЖОО түскенде  олар көптеген қиыншылықтарға тап болады.  Ескі ақпаратты ұмытпас үшін, жаңа алынған біліммен араластырып отырса, тілді тез үйренуге болады. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді. Лонгманның сөздік авторларының зерттеуі бойынша, 3000 ағылшын сөзін білу сіз оқығанның 86% (немесе одан да көп) түсінуге жеткілікті. Осы 3000-ны теру үшін сіз, әрине, күніне жүз өрнекті жаттап, бір ай бойы жұмыс жасай аласыз, бірақ қайталанбай және жүйесіз олар тез ұмытып кетеді. Ақпарат жедел жадтан ұзақ мерзімді болмайды. Ия, және тілді үйрену оңай емес.

Енді 16 тіл білген ең алғашқы синхронды аудармашылардың бірі Төменде Като Ломбтың Ағылшын тілін үйренуге арналған 10 кеңесін қысқартып, толықтырып көпшілікке ұсынбақшымыз.{2}

1.Күнде таңертең 10-15 минут жаңа сөздерді қайталап,сөйлем құрастыр.

2.Тіл үйренуге деген құлшынысты бәсеңдетпеу үшін сол тілде музыка тыңдап, кысқа фильмдер көріңіз.оны үзіліс жасап қайта көріңіз.

3.Сөздерді тіркестеп,яғни сөйлемдеп жаттауға тырысыңыз.Мысалы «strong wind»,бір сөзді есіңізге түсіргенде екінші сөз өзі автоматты түрде келеді. 

4.Жаңа сөздерді, сөз тіркестерін өтіп жатқан грамматикалық материалдарды пайдаланып сөйлемдер,шағын ситуациялар жазса тез есте қалады. 

5.Көрген нәрсеңіздің барлығын іштей аударып жүріңіз. Мысалы көшедегі жарнамалардың мәтіндерін, өлеңдердің сөздерін, газет мақалаларының тақырыптарын т.б. Бұл миды жаттықтырады, жатталған сөздер қолданыс таба бастайды.

6.Кішкентай мәтіндерді, диалогтарды жаттап алу пайдалы.Бірақ жаттаған мәтіннің дұрыс,яғни қатесіз жазылғанына көз жеткізіңіз.

7.Қолданыстығы фразеологиялар мен сөз тіркестеріне кез-келген шақта,кез-келген етістікпен сөйлем, шағын мәтін құрастырып есте сақтауға болады.

8.Тілдік қорды жетілдіру үшін сол тілде фильм көріп,кітап оқу пайдалы.Интернет арқылы шет елдік достар тауып күнделікті сөйлесу өте пайдалы.

9.Қате болса да өз ойыңмен сөйлемдер құрастырып, оны тексертіп отыру да жетістікке жеткізеді..

10.Бұл тілді үйреніп аламын деп ниеттенсе, мақсатқа тез жетесіз.

Студент тілін дамытамын десе, өз бетінше  төмендегідей дамыту жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет. Күнделікті өтілген грамматикалық тапсырмаларға қате болса да өз бетінше сөйлемдер құрастырып,мазмұнды әр түрлі суреттерді сипаттап отырса, кез өкелген жолдағы,автобус,аялдамадағы көріністерге ойда қалған  сөздермен жолдастарымен шағын диалогтар құрастыру, бір- бірінің сөйлемдерін жалғастырып, толықтырып отыру да тілді жетілдіреді.Шағын эсселер жазу да пайдалы болады.

Оқыған мәтіннің ішінен қажетті жерлерін өз сөзімен қысқартып мазмұнын жазу миды.жаттықтырады.

Ағылшын тілі қазір қоғамның барлық саласында қолданылып жүргендіктен жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз, қазірден бастап ағылшын тілін білу міндет десек те болады. Ақпарат ғасырында адамға жақсы ес, жаңа ойлар қажет. Ол үшін мидың жақсы жұмысы артық болмайды. Тілді білсеңіз аудармасыз-ақ шет ел киноларын көріп, оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала аласыз. Шет ел музыкасын тыңдап,сүйікті әншіңіз не жайлы ән айтып жатқанын түсіну арқылы оның шығармашылығын толықтай бағалай аласыз. Шет елде демалыста жүрсеңіз, жергілікті тұрғындармен сөйлесе аласыз. Шет елдің қайсысына барсаңыз да, ағылшын тілі қолданыста болады. Адамдарды түсініп, сол елдің тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал демалысыңыздан көбірек әсер ала аласыз. Таныс емес жерден жоғалмай, керек жерді таба аласыз. Ағылшын тілдегі әдебиет оқу. Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз. Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде оқығанға не жетсін? Демек ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты ала аласыз. Ортаңыздың өсуі. Ағылшын тілді форумдар мен сайттарда жүріп, талай жаңа адамдармен танысуға болады. Олармен ағылшынша тілдесіп, өз біліміңізбен тіл ерекшеліктерін жақсарта аласыздар. Жаңа қызығушылық табу. Әр адамның өзіне тән қызығушылықтары бар. Ол өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдатады. Сіз үшін бұл хобби — тіл үйрену болсын. Қосымша табыс көзі. Ағылшын тілін жақсы игерсеңіз, тек өз жұмысыңызда ғана сәттілікке жетіп қоймай, басқа да табыс көздерін таба аласыз. Мысалға реферат, диплом жұмыстары, арнайы әдебиетті аудару жақсы табыс әкеле алады. Қосымша. Шет тілін білу сізге қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан ағылшын тілі қиын болса да баршаңызды тіл үйренуге шақырамын.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кунанбаева С.С.Теория и практика современного иноязычного образования.с57, Алматы. 2010
  2. ForumDaily-сайты
  3. https://taldykorgan-online.kz/?p=30721]
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.