Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXIV Международной научно-практической конференции «Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке» (Россия, г. Новосибирск, 26 декабря 2022 г.)

Наука: Культурология

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Тулекова Г.Х., Акишева К.С. ҰЛТТЫҚ КОД — АВТОРЛЫҚ ҰСТАНЫМ (НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫНЫҢ "ДОС ЖҮРЕГІ" ӘҢГIМЕСIНIҢ ӨРIСI НЕГIЗIНДЕ) // Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке: сб. ст. по матер. LXXXIV междунар. науч.-практ. конф. № 12(77). – Новосибирск: СибАК, 2022. – С. 57-62.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҰЛТТЫҚ КОД — АВТОРЛЫҚ ҰСТАНЫМ (НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫНЫҢ "ДОС ЖҮРЕГІ" ӘҢГIМЕСIНIҢ ӨРIСI НЕГIЗIНДЕ)

Тулекова Гүлжан Хажмутаровна

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тұран» университеті,

Қазақстан, Алматы қ.

Акишева Камила Санатқызы

6B0302 - Журналистика және аударма ісі кафедрасы: Қоғаммен байланыс мамандығының 1 курс студенті  «Тұран» университеті,

Қазақстан, Алматы қ.

НАЦИОНАЛЬНЫЙ КОД - АВТОРСКАЯ ПОЗИЦИЯ (ПО СЮЖЕТУ ПОВЕСТИ "СЕРДЦЕ ДРУГА" НАГАШИБЕКА КАПАЛБЕКУЛЫ)

 Тулекова Гаухар Хажмуратова

канд. филол. наук, доц., Университет «Туран»,

Республика Казахстан, г. Алматы

 Акишева Камила Санаткызы

 студент 1 курса факультета связей с общественностью, 6B0302 - Факультет журналистики и перевода, Университет «Туран»,

Республика Казахстан, г. Алматы

 

NATIONAL CODE - AUTHOR'S POSITION (BASED ON THE PLOT OF THE STORY "HEART OF A FRIEND" BY NAGASHIBEK KAPALBEKULY)

 

Gauhar Tulekova

 candidate of philological sciences, associate professor, "Turan" University, Kazakhstan, Almaty

Kamila Akisheva

 6B0302 - Department of Journalism and Translation: 1st year student of Public Relations  "Turan" University,

Kazakhstan, Almaty

 

АҢДАТПА

Дос — әбір адам баласы үшін маңызды жан. 100 теңгең болғанша, жүз досың болғаны жақсы демекші, Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» романының аясында ұлттық кодтың болмысы мен қазаққа тән достық қасиеттер қарастырылады. 7 қазынадай 7 қасиет бір ұлтқа тән екендігін анализ жасау арқылы қарастырамыз.

АННОТАЦИЯ

Друг — важный человек для каждого человека.  Лучше иметь сто друзей, чем 100 тенге в кармане. В рамках романа Нагашибека Капалбекулы «Сердце друга» рассматривается характер национального кода и особенности казахской дружбы.  Мы проанализируем, характерны ли 7 свойств, как 7 сокровищ, для одного народа.

ABSTRACT

A friend is an important person for every human being.  Until you have 100 tenge, it is better to have a hundred friends. In the framework of Nagashibek Kapalbekuly's novel "The Heart of a Friend", the nature of the national code and the characteristics of Kazakh friendship are considered.  We will analyze whether 7 properties like 7 treasures are characteristic of one nation.

 

Кілт сөздер: Нағашыбек Қапалбекұлы, ұлттық код, достық, діл.

Ключевые слова: Нагашибек Капалбекулы, национальный кодекс, дружба, язык.

Keywords: Nagashibek Kapalbekuly, national code, friendship, mentality.

 

Ұлттық код — әрбір ұлтты жекешелендіретін қасиеттер жиынтығы.

Ұлттық код деп тағы қазақ халкының жаратылысын, оның табиғатын, ділі менен рухани бітімін, өмір салтын айкындайтын белгілер жиынтығын айтамыз. Біз Нағашбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» атты шығармасында достардың ішкі арақатынасы мен олардың қасиеттерін қарастырамыз. «Дру́жба — личные устойчивые отношения между людьми на основе симпатии, уважения, общих интересов, духовной близости, взаимной привязанности и понимания» [1]. Ал қазақ халқына тән достық —  қазақи сезім менен ұлттық сенімділіктің іргелесін қалаушы. Сонымен қатар, әңгіме барысында болған  адам баласының арасындағы достықтың түсініспеушілік, сатқындық, кешірім мен сүйіспеншілік сезімдерінің туындағаны көптеген әрекеттердің салдарынан пайда болғандығын анықтаймыз.

Достықтың түрлері қандай болуы мүмкін, сонымен қатар қазақтарға

ғана тән қасиеттер түрлерінің жиынтығын қозғаймыз. Яғни, достық тек бір жақты бола алмайтыны анық, достық ол екі адамның бірге қызығуы және оны сақтап қалу үшін ерең еңбек етуі. Достық жұмыс барысынан, оқушы мен студенттік бастаулардан да алуы мүмкін. Адам баласы үшін жақсы достың болуы ол толықтай оның рухани және мәдени дамуына өзіндік үлесін қосуының әсері екендігі әбден анық. Аристотель осы туралы былай деген: «Адамның баласы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал — адал достар». Қазақтарға тән достық қасиет ол мейірімділік пен шынайылық деп қарастыруға болады. Ал Нағашбек Қапалбекұлының Дос жүрегі шығармасындағы қазақтарға тән қасиеттер жиынтығы:

Мейірімділік

Адалдық

Жанашырлық

Бауырмалдық

Қонақжайлылық

Құрмет

Кешірімді болу —

Осы сияқты қасиеттер жиынтығын бұл шығармадан аңғара аламыз. Таңат, Ермек пен Нағашыбек Қапалбекұлының арасындағы достық алғашында осы қазақи және шынайы балалық достыққа ие болған. Уақыт па, әлде өмірдің қиыншылығынан барлығы өзгерді. Басында жымиып жүріп күлетін Таңат, аяғында өзінің ішкі материалдық құндылықтарын алға қойды. Ол кейіпкерлердің ісінен бе, әлде адамның ішкі қасиеттерінің ауысуынан пайда болған мәселе екендігін айту қиындыққа соғады.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен

лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады [2]. Қазақ халқы сонау 1465 жылдан басталған тарихында мейірімділік сезімі ұлт санасында басты орын алуда. Бұл сезімді Ермекпен автордың Таңатқа деген жылы лебізінен байқаймыз.

Қазақтың достығының келесі қасиеті ол адалдық — адам мінезіндегі

бағалы қасиет;  жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет [3]. Адалдық ол қоғаммен адам арасындағы шынайылықтың басты белгісі. Адал адам болу қазіргі заманда қиын, ол адалдық тіпті жоғалып кеткендей валюта тәріздес. Ол өтірік айтпау сияқты қасиеттен бастап, моральдік тұрғыға дейін жетеді. Сыйласу екі кісіге бірдей демекші адалдық та, екі адамға бірдей қасиет.

Жанашырлық — бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға,

ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі мен қамқорлығы [4]. Әрбір адам бір-біріне жанашырлық сезімін көрсете алады, мұна да біз Нағашыбек Қапалбекұлының романынан да байқаймыз. «Екі жүз сом үшін есі кетіп иеленбеген қоянның терісіндей алым-салым Таңаттың күні не болады? Қартайғанда жалғыз ұлының оқудан шыққанын етісе, кәрі ата-анасы аңырап мүжіліп қалады-ау» [5, 5б]. Бұл ойды оқығанда Таңатқа деген шынайы жанашырлық сезімінің бар екендігін аңғарамыз. Әрине, келесі кезекте досы құрылыс учаскесіне барып, алдын ала бар ақшасын ала жүгіріп, Таңатқа барын апарды. Оны қабылдаған Таңат, бар бергенін қадірлей алды ма деген сұрақ басқа тақырып талдағанда қарастыратын жәйт.

Бауырмалдық — адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық

қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық - туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын, қамқорлығын білдіретін құнды қасиет [6]. Бауырмашылдық дегенде алғашында туған бауыр еске түсетіні әбден анық. Алайда, бұл істің түпкі ойы автордың шынында ешбір затын аямай, жастайынан бері дос болып жүрген Таңат үшін жасаған бар ниетінің жиынтығы. «Кеудесі  аяққаптай  Таңаттың  “О, бауырларым” деп қапсыра құшағына алғаны қандай  десеңші?..» [7, 8б]. Таңат та алғашында әрбір қазаққа тән достыққа ие болған тұлға екенін бұл сөздерінен бақылай аламыз.

Осыдан 557 жыл бойы әлі де сақталып келе жатқан ұлттық

ерекшелігіміздің бірі ол қонақжайлылық. Қонақжайлылық - қазақтардың қазақ болып аталған кезінен бастап пайда болған ұлттық кодтарымыздың бастысы. Кең молынан үлкен киіз үйде байтақ жеріміздің түпкір-түпкірінен келген адамдар үшін әрбір үй өз төріне отырғызуға дайын. Өздері қиналып жатса да, етін асып, ыстықтай етіп шәйін әрқашан әзірлеп қоятын біздің қазақ қой. «​Ұшып – ұшып  тұрыстық. Қақ төрден  орын ұсындық. Үйге нұр  шашылғандай, жадырап сала бердім, күліп  әңгімелесе  бастағанда  қыржиған  әкемнің  де қабағы  ашылды» [8 11б]. Автор өзінің отбасылық мәселелері қиын болса да, Таңат үшін бәрін жасауға дайын. Қонағын сыйласа төрге шық демекші, автор төр десе төрін беріп, көмек десе көмегін аямай беретінін әрбір ісімен оқырмандарға дәлелдейді.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет қазақтың ежелден келген өсиеті. Оны

болашақ ұрпаққа дәріптеу және оны дұрыс жеткізу әрбір адамның парызы. Басқаға құрметпен қарасаң, өзің де сол құрметке ие болатыныңды ұмытпау тиіс. Құрмет — рухани құндылықтарды қастерлеу. Елге, жерге, тілге, адамзатқа, ұлтқа қатысты мәдени-тарихи құндылықтарды жоғары бағалайтын эстетикалық және этикалық көзқарастар жиынтығы [9]. Бала кезімізден бастап құрмет не екендігін білеміз. Француз философы Люк де Клапье Вовенарг былай деген: «Лишь мелкие люди вечно взвешивают, что следует уважать, а что - любить. Человек истинно большой души, не задумываясь, любит всё, что достойно уважения». Құрмет ету іспен және ішкі рухани байлық болғанда ғана пайда болатын сезім.

Адамды кешіре алу ол руханияттың жоғарғы дәрежесі. Кешіре алу

әрбір адам баласының қолынан келе бермейтін ақыл. Александр Поп қателік пен кешірім туралы былай деген: «Ошибаться — свойство человека, прощать — свойство богов». Кешіре алу мен кешірімді болу екі түрлі зат. Бірі сол кешіргенді дұрыс рақым етіп қабылдай алуының өзі ерлік. Бұл романнан тыс автор шынында да, Таңат арқылы бейнелеген адаммен қайта татуласқаны туралы осыдан бірнеше апта бұрын конференция аясында белгілі болды. Нағашыбек Қапалбекұлы бұл ісімен үлкен ерлік жасағаны шынында әрбір қазақтың ішіндегі 7 қазынадай 7 қазақилық тәрбие мен ұлтымызға тән қасиет бар екендігін көрсетеді.

Қорытындылай келе, Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі»

туындысының негізінде авторлық тұрғыда ұлттық кодты қарастырдық. Оның қазаққа тән 7 негізгі түрге бөліп, әрқайсысына кітап аясында анализ жасалды. 7 қазынадай 7 ұлттық ділімізге тән қасиеттер жиынтығы әрбір қазақ үшін мақтанарлық жәйт. Роман 1985 жылы жарыққа шыққан, бұл кездің өзінде Нағашыбек Қапалбекұлы 35 келген жасы еді. Жолдасын тастаған — жолда қалар деген сөздің түпкі мағынасы қиыншылық туғанда жақынын тастап кету достықтың аяқталуымен теңдей. Мұндай достық пен шынайылыққа толы шығарманы жазу әрбір адамның қолынан келмейтіні анық. Қазақтың болмысын, діл, құндылықтар және өмірдің ақ пен қарасын біріктірген кейіпкелер қызыққа толы шақтарын бейнелейді. Өкпе, реніш, бақыт, қуаныш, қайғы, достық мейірім және қанағат әрбір кейіпкердің басынан өткен сезімдері. Қандай қиындықтар алдыңнан шықпаса да, «Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн» - деген Ник Вуйчич.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Большой психологический словарь — Прайм-ЕВРОЗНАК, 2003. — С. 148. — ISBN 5-93878-086-1
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудын тусіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  4. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік -Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  5. Н. Қапалбекұлы «Дос жүрегі», 1985.
  6. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ  энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-X
  7. Н. Қапалбекұлы «Дос жүрегі», 1985.
  8. Н. Қапалбекұлы «Дос жүрегі», 1985.
  9. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-X
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий