Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXIV Международной научно-практической конференции «Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке» (Россия, г. Новосибирск, 26 декабря 2022 г.)

Наука: Психология

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Тулекова Г.Х., Қанатқызы М. ІС-ӘРЕКЕТ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ (НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫНЫҢ «ДОС ЖҮРЕГІ» ШЫҒАРМАСЫ БОЙЫНША) // Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке: сб. ст. по матер. LXXXIV междунар. науч.-практ. конф. № 12(77). – Новосибирск: СибАК, 2022. – С. 63-66.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ІС-ӘРЕКЕТ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ (НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫНЫҢ «ДОС ЖҮРЕГІ» ШЫҒАРМАСЫ БОЙЫНША)

Тулекова Гульжан Хажмуратовна

канд. филол. наук, доц., РК МАИН, Университет «Туран»,

Республика Казахстан, г. Алматы

Қанатқызы Марал

студент 1 курса специальности связи с общественностью, 6В0320- Факультет журналистики и перевода, Университет «Туран»,

Республика Казахстан, г. Алматы

Gauhar Tulekova

Candidate of Philological Sciences, Associate Professor, HEAD OF RK, University "Turan»,

Kazakhstan, Almaty

Maral Kanatovna

University "Turan» 6B0320- Faculty of Journalism and Translation: 1st year student majoring in "Public Relations",

Kazakhstan, Almaty

 

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада іс-әрекет әлеуметтік ортаға ой қалыптастырушы фактор екендігі және достықтың адам өмірінде алатын орны, достық пен мәдениет байланысы, достың сагынышына жауапсыздық пен үміт узбеу, кешірім сияқты құндылықтар туралы айтылады.

АННОТАЦИЯ

В данной статье говорится о том, что действие является мыслеобразующим фактором социальной среды и о месте дружбы в жизни человека, о связи дружбы и культуры, о безответственности и безнадежности тоски друга, о прощении.

ABSTRACT

This article talks about the fact that action is a thought-forming factor in the social environment and the place of friendship in human life, the connection between friendship and culture, irresponsibility and not giving up hope for a friend's longing, forgiveness.

 

Кілт сөздер: Мәдениет, іс- әрекет, достық, дос, сағыныш, құндылық, кешірім, адалдық, рухани құндылық.

Ключевые слова: Культура. Действие, дружба, друг, тоска, ценность, прощение.

Keywords: Culture, action, friendship, friend, yearning, value, forgiveness.

 

Қоғамда мәдениет дегеніміз адамдардың бір-бірімен арақатынасы, дұрыс сөйлей білуі, өзін басқа адамдардың қасында ұстай алуы. Мәдениет жақсы құндылықтар жинағы болса, достық сол құндылықтардың көрсеткіші. Мәдениет пен достық арасындағыбайланыс құндылықтарда. Дос жүрегі шығармасында үш достың бала кезінен келе жатқан жақсы арақатынастың басқа жаққа бет бұруы туралы айтылады. Шығармадағы Таңаттың іс-әрекеті неге біз үшін жағымсыз болып келеді,не дегенімен де автор Таңатты тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Досын тек жақсы жағынан сипаттап отырса да, автордың шығармасын оқып отырған уақытта мұң сезіледі. «Кеудесі аяққаптай Таңаттың «О,бауырларым» деп қапсыра құшағына алғаны қандай десеңші?...» осы үзіндідегі «Бауырларым» деген сөзден қаншама жылулық сезіледі. Біздің қоғамымызда бұл сөз тек бір анадан туылған адамдарға қолданылмайды, жүрегіне, жан дүниесіне жақын болып кеткен адамдарға да қолданылады. Себебі, екі адам бір ата-анадан болмасада олардың жан дүниесінде бір байланыс болуы мүмкін. Негізгі бөлім: Іс-әрекет қоршаған ортаға ой қалыптастырушы фактор. Адамның іс-әрекетіне қарап біз оның кейбір құндылықтарын қарап біле аламыз. Тіпті осы іс-әрекет арқылы біз адамның бізге деген ойын, сезімін көрсек болады. «Таңат! Мен құттайынан білетін Таңат болса мына айқайласаң даусың жетер тұстағы ауруханада жатқан маған құрығанда бір соғуы тиіс еді ау... Әй, мен білетін Таңат болмағаны ма, шынымен?...»[1] осы жерден біз Таңаттың досынан алшақтауын көре аламыз.

Шығарманы оқып отырған кезде автордың досын не болсада жамандыққа қимайтыны білінеді. Қазір қасында болмаса да, қасында болған уақытта жасаған жақсылықтарын оқырманға жеткізіп отыр. Шынына келгенде автор Таңатты барынша жақсы жағынан сипаттап жазған, алайда Таңаттың іс-әрекеті біз үшін мұның бәрін теріске шығарады. Таңат қалаға кетіп жаңа өмір бастап, жаңа ортаға еніп, қаладағы өмір ауыр болғандықтан материалдық байлықтың артынан кетуі мүмкін. Яғни, психологиялық тұрғыда бұл әлуметтік дезадапциямен көрінудің деградацияға әкелетін кез келген қызметтегі табыстың әсерінен өзіне деген нақты жоғарғы бағаланған көрінісі  және шындыққа бұрмаланған қатынасы бар тұлғаның деформациясы ретінде қарастырсақ болады.  Достарым деп жүрген адамның көңілінің ауысуына не себеп болғаны біз үшін жұмбақ. Алайда ауылда қалған, апта сайын жары екеуін қуана күтетін, Таңатты дос сияқты емес, туған бауырындай көрген Ермек пен Нағашыбек үшін бұл ауыр өзгеріс болды. Автор үшін ең ауыр тиген сәт Таңаттың телеграмма арқылы жіберген ақшасы болды, Басқасын күтпесе де, бала кезінен бірге өскен досын көруге асық болған еді. «Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп, сенің орның құлазып, бос тұрғанда»[2].

Достық деген қазақ халқы үшін бұрынан алтын ұғым. Достық- адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.[3] Досты бұрыннан материалдық байлықтан жоғары қою мәдениетімізде қалыптасып кеткен десекте болады. Бұған біздің Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев; Бауыржан Момышұлы сияқты көрнекті жазушыларымыздың достық туралы нақыл сөдері, өлеңдерң, әңгімелері мысал бола алады. «Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет»[4] демекші, казіргі таңда көп адам рухани құндылық пен достықты ысырып материалды байлықты бірінші орынға қояды.Бұл жағдай мәдениеттің, адамның ойлау қабілетінің ауысуынан болуынан ықтимал. «Жалпы достық мәдениеті дегеніміз не?» деген сұрақ туындап отырған болар. Достық мәдениетін «Досқа адалдық- рухқа адалдықпен бірдей»[5] деген керемет сөзбен түсіндіргім келіп отыр. Достыққа адал адам ең сенімді жан. Адалдық жиі кездеспейтін құндылықтардың бірі болып кетті. Достық мәдениетін құрайтын бірден бір құндылық осы адалдық. «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны- өлгені, қайғының бәрі соның басында» [6] адамның қасына серік керек. Ішіндегі мұңын және қуанышымен бөлісе алатын адам қасында досы болғаны өзі үшін бақыт. Жалғыздықта адам тек өз ойларымен алыса бастайды. Өз ойымен алыса бастағанда адам өзін жоғалта бастайды.

Осы шығармада байқалатын тағы да бір керемет құндылықтардың бірі «кешірімділік». Досына деген қаншалықты сағынышы, автор досының неге алыстап кеткенін білмесе де, оны сөгіп, ренжіген жоқ. Ренжіген шығар іштей, бірақ кешірім таныта білді. «Кешірім мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас» [7] демекші мықты адамдар басқа адамдарға көп ренжи бермейді. Қанша ренжігісі келседе, жүрегіндегі бала кезінен бірге өскен досына деген махаббаты көбірек болды. Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»[8] өлеңінің тақырыбының өзінде қаншама мағына жатыр. Қоғамның азғындалуымен бірге, рухани- моральдік жағынан дағдарысқа ұшырағаны рас. Абай өлеңдері сол уақыттағы халқының жағдайына қарап жазылған болса да, біздің қазіргі қоғамымыз да Абай өлеңдерінің сипатына ие болып отыр. Абай дос таңдауға үлкен көңіл бөлген. Себебі, дос- қандай жағдай болмасын сені түсінетін,барынша қолдау көрсетіп, қиындықта жаңынан табылатын, адал, ниеті түзу жан деп санаған. Шығармада автор досын күткенін соңғы сойлеміне дейін айтады. «Сол күні түнде түсімде Таңатты автобусқа шығарып салып жүр екенмін деймін. «Келесі сенбіде келесің бе, келесің ғой, біз сені сағынамыз, сағына-а-амыз!» деп жатып оянып кеттім» [1] деген жерінен ақ оның күткені және әлі күнге дейін сағынышын баспағаны, бұрынғы уақытты сағынатыны туралы бейне көреміз. Неліктен бұл достық осындай көрініс тапты? Шығарманы соңына дейін оқыған кезде бір жақты достық туралы ой қалыптасды. Мүмкін Таңаттың достық туралы ой Ермек пен Нағашыбекке қарағанда мүлдем басқа болған шығар. Әр адамның ой- санасын, ойлау қабілеті, қабылдауы әртүрлі болып келеді.

Қорытындылай келе, дос жүрегі шығармасынан көптеген ой түйіндеуге болады. Достықтың кез келген уақытта күйреп кетуі ықтимал. Және де оның қалай, не үшін, қандай себептен болғанын ешкімде түсінбей қалуы мүмкін. Сенің қасында қуанышта да, қайғыда да бірге болатын дос табу қиын. «Өрге жүзген өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» [9] деген Әл-Фараби сияқты ойшылымыздың сөзімен келіскім келіп отыр. Себебі, дос таңдағанда өзіңе ұқсайтын адамды іздеп табу керек. Жан дүниесі сенімен бірдей досың болғанға не жетсін?

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Нағашыбек Қапалбекұлы, Дос жүрегі-Қазақстан
  2. МұқағалиМақатаев «Дос боламдесең» өлеңі
  3. Жан тану атауларының түсіндірме сөздігі.-Алматы: «Сөздік-Словарь»,2006.- 384 бет
  4. Артур Шопенгауэрдің нақыл сөзі
  5. Тоқсары нақыл сөзі
  6. Абай Құнанбаевтің нақыл сөзі
  7. https://bilimall.kz/tag/thoughts?tag
  8. Абай Құнанбаев «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
  9. Әбу НасырӘл-Фараби нақыл сөзі
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий