Статья опубликована в рамках: CXXI Международной научно-практической конференции «Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке» (Россия, г. Новосибирск, 28 января 2026 г.)
Наука: Искусствоведение
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ЦИФРЛЫҚ БАСЫП ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ БЕЙНЕЛЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ САПАСЫНА РАСТР ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
АҢДАТПА
Цифрлық басып шығару кезінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасына растр құрылымдарының параметрлерінің әсерін зерттеу барысында растрлау тәсілдерінің, нүкте пішінінің, жиілігінің, бұрыштарының және растр типтерінің (амплитудалық, жиіліктік, стохастикалық) бейне сапасына ықпалы қарастырылады. Зерттеу аясында растр параметрлерінің түстердің дәлдігіне, реңктердің берілуіне, детальдылық деңгейіне және баспа өнімінің визуалды қабылдануына әсер ету ерекшеліктері талданады. Теориялық талдау мен тәжірибелік басып шығару нәтижелеріне сүйене отырып, растр құрылымдарын дұрыс таңдау цифрлық басып шығаруда бейненің айқындығын арттырып, өндірістік сапаны жақсартуға мүмкіндік беретіні анықталды. Зерттеу қорытындылары полиграфиялық өндірісте растр параметрлерін оңтайландырудың маңыздылығын негіздеп, жоғары сапалы баспа өнімін алу үшін практикалық ұсыныстар ұсынады.
АННОТАЦИЯ
В ходе исследования влияния параметров растровых структур на качество воспроизведения изображений при цифровой печати рассматриваются особенности воздействия способов растрирования, формы растровой точки, частоты, углов поворота и типов растра (амплитудного, частотного, стохастического) на качество печатного изображения. Анализируется влияние параметров растра на точность цветопередачи, воспроизведение полутонов, уровень детализации и визуальное восприятие печатной продукции. На основе теоретического анализа и результатов экспериментальной печати установлено, что правильный выбор и настройка параметров растровых структур позволяют повысить четкость изображений и улучшить общее качество цифровой печати. Полученные результаты обосновывают важность оптимизации растрирования в полиграфическом производстве и дают практические рекомендации для получения высококачественной печатной продукции.
ABSTRACT
This study examines the influence of halftone structure parameters on image reproduction quality in digital printing. It analyzes the impact of halftoning methods, dot shape, frequency, screen angles, and types of halftone structures (amplitude-modulated, frequency-modulated, stochastic) on printed image quality. Particular attention is given to how halftone parameters affect color accuracy, tonal reproduction, level of detail, and overall visual perception of printed products. Based on theoretical analysis and experimental printing results, the study demonstrates that appropriate selection and optimization of halftone structure parameters significantly enhance image clarity and overall digital print quality. The findings highlight the importance of halftone optimization in the printing industry and provide practical recommendations for achieving high-quality image reproduction.
Кілт сөздер: цифрлық басып шығару, растр құрылымы, растр параметрлері, бейне сапасы, түстерді қайта жаңғырту, полиграфия, баспа технологиялары, визуалды қабылдау.
Ключевые слова: цифровая печать, растровая структура, параметры растра, качество изображения, цветопередача, полиграфия, технологии печати, визуальное восприятие.
Keywords: digital printing, halftone structure, halftone parameters, image quality, color reproduction, printing technology, visual perception.
Кіріспе. Цифрлық басып шығару технологияларының қарқынды дамуы бейнелердің сапалы қайта жаңғыртылуына қойылатын талаптарды арттырып отыр. Зерттеушілердің еңбектерінде растрлаудың бейнені түсті және жарықтық градациялары бар бейнеге түрлендірудегі негізгі рөлінің жоғары екені айтылады. ResearchGate порталында Felix Krahmer, Anna Veselovska жарияланған еңбектерде растр әдістерінің ерекшеліктерін талдай отырып, «жартылай тонды бейненің тондық құрылымын басқаруда шешуші алгоритмдік фактор болып табылады» деп көрсеткен [1]. Зертеуші-ғалым Felix Krahmer, Anna Veselovska пікірімен толықтай келесіміз, яғни бейненің тондық құрылымындағы шешуші алгоритмдік фактор жартылай тонды бейнеге сәйкес келеді. AM және FM растрлау әдістерін салыстырған imaging.org дереккөзіндегі зерттеулерде FM растрлау муар эффектісін азайтатыны, ал AM әдісі детальдарды анығырақ бере алатыны дәлелденген. Zhen He және Charles A. Bouman - «AM/FM жартылай реңктері: нүкте өлшемі мен нүкте тығыздығын бір уақытта модуляциялау арқылы сандық жартылай тондау» атты зерттеу жұмысында AM/FM әдістерінің артықшылықтары туралы жазған [2]. Өз еңбектерінде растр параметрлерін қолдану саласына қарай нақты оңтайландыру қажеттігін айқындаған.
Зерттеу объектісі: цифрлық басып шығару үдерісінде қолданылатын растр құрылымдары және олардың параметрлерінің (растр түрі, линиатурасы, нүкте өлшемі мен пішіні, растрлау әдісі) баспа таңбасындағы бейнелердің қайта жаңғыртылу сапасына әсер ету ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: цифрлық басып шығару кезінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасын анықтайтын растр құрылымдары параметрлері мен бейненің сапалық көрсеткіштері (айқындық, тондық градацияның дәлдігі, контраст, детализация, растрлық артефактілер) арасындағы өзара байланыс.
Зерттеудің мақсаты: цифрлық басып шығару процесінде қолданылатын растр құрылымдарының негізгі параметрлерінің басылған бейнелердің сапасына әсерін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу цифрлық басып шығару үдерісінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасына растр құрылымдары параметрлерінің әсерін анықтауға бағытталды. Эксперименттік зерттеулер цифрлық баспа технологиялары жағдайында жүргізіліп [3], растрлау әдістері мен олардың параметрлерінің бейне сапасына ықпалы кешенді түрде қарастырылды. Зерттеу материалы ретінде әртүрлі мазмұндағы цифрлық бейнелер қолданылды. Олардың қатарына градациялық шкалалары бар тесттік кескіндер, жоғары және төмен жиілікті штрихтық элементтер, ұсақ детальдары бар графикалық объектілер, сондай-ақ фотографиялық бейнелер мен біртекті фон аймақтары кірді [4]. Бұл бейнелер растр құрылымдарының әртүрлі параметрлеріне сезімталдығын анықтау мақсатында таңдалды. Бейнелерді басып шығару үшін цифрлық баспа құрылғысы пайдаланылды. Басып шығару үдерісі тұрақты технологиялық режимдерде жүргізіліп, қағаз түрі, басу ажыратымдылығы және бояу параметрлері өзгеріссіз сақталды. Бұл зерттеу нәтижелеріне растр параметрлерінен өзге факторлардың әсерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында растр құрылымдарының бірнеше түрі қарастырылды, атап айтқанда амплитудалық-модуляцияланған және жиіліктік-модуляцияланған растрлар. Әрбір растр түрі үшін негізгі параметрлер жүйелі түрде өзгертіліп отырды. Оларға растр линиатурасы, растр нүктелерінің өлшемі мен пішіні, нүктелердің таралу сипаты және растрлау алгоритмдері жатады [5]. Амплитудалық-модуляцияланған растрлау кезінде нүктелердің біркелкі орналасуы мен олардың ауданының өзгеруі арқылы градацияның берілу ерекшеліктері зерттелді. Ал жиіліктік-модуляцияланған растрлар растрлау жағдайында нүктелер өлшемінің тұрақты болуы және олардың кездейсоқ таралуы нәтижесінде бейненің тондық берілу сапасы талданды. Әрбір параметрдің өзгерісі бейненің айқындылығына, егжей-тегжейлі деңгейіне және визуалдық біркелкілігіне әсері тұрғысынан бағаланды.
Бейнелерді қайта жаңғырту сапасын бағалау үшін объективті және субъективті әдістер кешені қолданылды. Объективті бағалау барысында оптикалық тығыздық көрсеткіштері өлшеніп, тондық градацияның берілу дәлдігі талданды. Сонымен қатар контрастты беру коэффициенті, ұсақ детальдардың сақталу деңгейі және растрлық құрылымнан туындайтын артефактілердің көрінуі анықталды. Субъективті бағалау әдісі визуалдық сараптау арқылы жүргізілді. Бақылаушылар тобы баспа таңбаларын стандартты жарықтандыру жағдайында қарап, бейненің жалпы сапасын, айқындығын, тондық біркелкілігін және көрнекі қабылдануын бағалады. Субъективті бағалау нәтижелері объективті өлшемдермен салыстырылып, олардың өзара сәйкестігі талданды. Алынған эксперименттік деректер салыстырмалы талдау әдісімен өңделді. Әртүрлі растр параметрлері қолданылған баспа таңбаларының сапалық көрсеткіштері өзара салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтар анықталды. Нәтижелерді жүйелеу үшін кестелік және графикалық түсіндіру әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында статистикалық өңдеу элементтері қолданылып, алынған мәліметтердің сенімділігі бағаланды. Бұл тәсіл растр құрылымдары параметрлерінің цифрлық басып шығару кезінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасына тигізетін әсерін ғылыми тұрғыда негіздеуге мүмкіндік берді [6]. Ұсынылған әдістеме растр құрылымдарының параметрлерін кешенді түрде қарастыруға және олардың әрқайсысының бейне сапасына ықпалын жеке-жеке бағалауға мүмкіндік береді. Эксперименттік нәтижелер цифрлық басып шығару үдерісін оңтайландыруға және растрлау параметрлерін дұрыс таңдауға арналған практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады.
Нәтижелер мен талқылау. Зерттеу барысында цифрлық басып шығару кезінде қолданылатын растр құрылымдарының әртүрлі параметрлері бейнелердің қайта жаңғыртылу сапасына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Эксперимент нәтижелері растрлау әдісі мен оның параметрлерін дұрыс таңдау бейненің айқындылығы, тондық градацияның дәлдігі және егжей-тегжейлі деңгейін арттыруда шешуші рөл атқаратынын көрсетті [7]. Амплитудалық-модуляцияланған растрлау кезінде растр линиатурасының жоғарылауы ұсақ детальдардың берілуін жақсартқанымен, біртекті фон аймақтарында растр құрылымының көрінуіне және муар тәрізді визуалдық артефактілердің пайда болуына әкелетіні байқалды [8]. Төмен линиатура жағдайында бейненің тондық біркелкілігі сақталғанымен, детализация деңгейінің төмендеуі орын алды. Бұл амплитудалық-модуляцияланған растрлау параметрлерінің бейне мазмұнына тәуелді түрде таңдалуы қажет екенін көрсетеді. Жиіліктік-модуляцияланған растрлау нәтижелері амплитудалық-модуляцияланған растрмен салыстырғанда бейненің визуалдық қабылдануының жоғары екенін көрсетті [9]. Әсіресе біртекті фон аймақтарында растр құрылымының байқалуы айтарлықтай азайып, муар эффектісінің болмауы анықталды. Сонымен қатар фотографиялық бейнелерде тондық өтулердің бірқалыпты берілуі және жалпы айқындықтың артуы байқалды. Дегенмен, кейбір жағдайларда нүктелердің жалпы периметрінің ұлғаюына байланысты бояудың жайылуы күшейіп, бұл өте ұсақ детальдардың аздап бұзылуына әкелді [9]. Растр нүктелерінің пішіні мен өлшемі де бейне сапасына әсер ететін маңызды фактор ретінде анықталды [10]. Дөңгелек пішінді нүктелер бейненің визуалдық біркелкілігін қамтамасыз етсе, эллипстік және модификацияланған пішіндер бағытталған штрихтық элементтердің берілуін жақсартты. Алайда күрделі пішінді нүктелер кейбір жағдайда растрлық артефактілердің пайда болуына себеп болды.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу цифрлық басып шығару кезінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасына растр құрылымдары параметрлерінің елеулі әсер ететінін көрсетті. Растрлау әдісі, линиатурасы, нүктелердің өлшемі мен пішіні бейненің айқындылығы, тондық градациясының дәлдігі, егжей-тегжейлі деңгейі және визуалдық қабылдануы сияқты негізгі сапалық көрсеткіштерді айқындайды.
Зерттеу нәтижелері амплитудалық-модуляцияланған растрлау технологиясының жоғары егжей-тегжейлі қамтамасыз ете алатынын, алайда муар мен растр құрылымының көріну қаупі бар екенін көрсетті. Ал жиіліктік-модуляцияланған растрлар әдістері муар эффектісін болдырмай, бейненің визуалдық біркелкілігін және тондық өтулердің сапасын арттыратыны анықталды. Сонымен қатар жиіліктік-модуляцияланған растрлар растрлау фотографиялық және күрделі градациялы бейнелерді басып шығару үшін анағұрлым тиімді екені дәлелденді.
Алынған қорытындылар цифрлық басып шығару үдерісін оңтайландыруға және растрлау параметрлерін таңдау кезінде практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері полиграфиялық өндірісте баспа сапасын арттыруға, сондай-ақ болашақта растрлау алгоритмдерін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер үшін әдіснамалық база ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ұсыныстар.
Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, цифрлық басып шығару кезінде бейнелерді қайта жаңғырту сапасын арттыру мақсатында келесі ұсыныстар беріледі:
- Бейне мазмұнына сәйкес растрлау әдісін таңдау. Фотографиялық және күрделі тондық өтулері бар бейнелерді басып шығару кезінде жиіліктік-модуляцияланған растрлау әдістерін қолдану ұсынылады, себебі олар тондық біркелкілікті жақсартып, муар эффектісінің пайда болуын болдырмайды. Ал графикалық, штрихтық элементтері басым бейнелер үшін амплитудалық-модуляцияланған растрлау тиімді болуы мүмкін.
- Растр нүктелерінің пішіні мен өлшемін ескеру. Дөңгелек пішінді нүктелер визуалдық біркелкілікті қамтамасыз етсе, бағытталған штрихтары бар бейнелер үшін эллипстік немесе модификацияланған нүкте пішіндерін қолдану бейненің айқындығын арттыруы мүмкін. Нүктелер өлшемін таңдауда бояудың жайылу мүмкіндігін ескеру қажет.
- Сапаны бағалаудың кешенді тәсілін қолдану. Бейнелердің қайта жаңғыртылу сапасын бағалау кезінде тек объективті өлшемдермен шектелмей, субъективті визуалдық бағалауды да қатар жүргізу ұсынылады. Бұл баспа өнімінің нақты көрнекі қабылдануын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.
- Жиіліктік-модуляцияланған растрлау кезінде бояу жайылуын бақылау. Жиіліктік-модуляцияланған растрларды қолданғанда нүктелердің жалпы периметрі ұлғаятынын ескере отырып, бояу мөлшерін және баспа режимдерін алдын ала реттеу қажет. Бұл ұсақ детальдардың бұзылуын азайтады.
- Цифрлық баспа жүйелерін калибрлеу және стандарттау. Растр параметрлерінің әсерін тұрақты түрде бағалау үшін цифрлық баспа құрылғыларын жүйелі калибрлеу және тесттік басылымдарды қолдану ұсынылады. Бұл нәтижелердің қайталанғыштығын қамтамасыз етеді.
- Болашақ зерттеулер үшін ұсыныстар. Алдағы уақытта растр құрылымдары параметрлерінің әртүрлі қағаз түрлерінде және бояу жүйелерінде бейне сапасына әсерін зерттеу, сондай-ақ адаптивті және гибридті растрлау алгоритмдерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру орынды болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Krahmer F., Veselovska A. Halftoning methods and tonal structure control in digital image reproduction // ResearchGate. – 2019.
- He Z., Bouman C. A. AM/FM halftoning: Modulating both dot size and dot density for digital halftoning // IEEE Transactions on Image Processing. – 2003. – Vol. 12, No. 8. – P. 939–952.
- Kipphan H. Handbook of Print Media: Technologies and Production Methods. – Berlin: Springer, 2001. – 1200 p.
- Yule J. A. C. Principles of color reproduction applied to photomechanical reproduction // Journal of the Optical Society of America. – 1967. – Vol. 57. – P. 762–766.
- Ulichney R. Digital Halftoning. – Cambridge, MA: MIT Press, 1987. – 312 p.
- Hunt R. W. G. The Reproduction of Colour. – 6th ed. – Chichester: Wiley, 2004. – 724 p.
- Rogers G. L. Digital Color Halftoning. – New York: IEEE Press, 1997. – 280 p.
- Imaging.org AM vs FM Screening: A comparison of halftone technologies in digital printing // IS&T Technical Reports. – 2020.
- Блинников Р., Лихачев В. Коррекция градационных характеристик при использовании частотно-модулированного растрирования // Полиграфия. – 1996. – №1. – С. 30–33.
- Андреев Ю.С., Андреева В.И. Оценка качества растровых изображений в фоторепродукционных процессах // Журнал научной и прикладной фотографии и кинематографии. – 1979. – Т. 24, №1. – С. 163–170.
дипломов


Оставить комментарий