Статья опубликована в рамках: XXXIV Международной научно-практической конференции «Естественные науки и медицина: теория и практика» (Россия, г. Новосибирск, 17 мая 2021 г.)
Наука: Биология
Секция: Экология и природопользование
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ДӘНЕК МАЙЫН ӨНДІРУ ОРНЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ СУДЫҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
АҢДАТПА
Зерттеу жұмыстары “Innov Tech Product” ЖШС жеміс-жидекті кептіру және өңдеу цехында жүргізілді. Зерттеудің мақсаты судың микробиологиялық құрамының және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыс су үлгілерінің зерттеу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде цехта пайдаланылатын су құрамында жалпы және термотолерантты колиформды бактериялардың жоқ екендігі яғни су құрамынның талапқа сай екендігі анықталды. Сонымен қоса ауыз су үлгілерінің нәтижесі де ссандартқа сай, тұтынуға толық жарамды екндігі анықталды.
Кілт сөздер: ауыз су; микробиологиялық құрам; су үлгісі; сынама; зерттеу.
Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Ордабасы аудандық филиалымен біріге отырып жүргізілді. Сынаманы 0,5л көлемінде сан-эпид қызмет дәрігері Т. Айтуған мырзамен бірге алып, зерттеу жұмыстарын жоғарыда атап өткен сараптама орталығында жүргіздік. Зерттеу нәтижелері 1 кестеде толық көрсетілген.
Кесте 1.
Судың үлгісін микробиологиялық зерттеу
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшеу бірлігі |
НҚ нормасы |
Зерттеу нәтижесі |
НҚ әдісіне |
№69 Ауыз су колонкадан |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жалпы микроб саны |
1мл |
50 |
20 |
МЕМСТ 18963-73 |
Жалпы колиформды бактериялар |
100мл |
Болмауы керек |
Табылмады |
МЕМСТ 18963-73 |
Термотолерантты колиформды бактериялар |
100мл |
Болмауы керек |
Табылмады |
МЕМСТ 18963-73 |
Өндірістен алынған сынама құрамында жалпы және термотолерантты колиформды бактериялар табылмады, яғни МЕМСТ 18963-73 стандартына сай деген сөз [1, б. 6].
Зерттеу жұмыстары лабораториялық жағдайда 06.04.2021ж-08.04.2021ж аралығында МЕМСТ 31862-2012 үлгі алу әдісінің нормалық құжатында көрсетілген талаптарды толық орындй отырып, стерильденген ыдысқа 2,0 л көлемде алына отырып, жүргізілді [1, б. 10]. Зерттеу жұмыстары ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығында» ШЖК РМК қызметкерлерінің тікелей қатысуымен, қадағалауымен жүргізілді және оң нәтижелерге қол жеткізілді. Зерттеу нәтижелері төмендегі 2-ші кестеде толықтай көрсетілген.
Кесте 2.
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су үлгілерін зерттеу нәтижелері
Көрсеткіштердің атауы |
Анықталған концентрация |
Нормативтік көрсеткіштер |
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің атауы |
Иісі 200С кезіндегі баллдары |
0 |
2,0 |
МСТ 3351-74 |
Иісі 600С кезіндегі баллдары |
|
2,0 |
МСТ 3351-74 |
Дәмі 200С кезіндегі баллдары |
0 |
2,0 |
МСТ 3351-74 |
Түстілігі, градустар |
0 |
20(35,0) |
МСТ 31868-2012 |
Лайлылығы, стандарттық шкала бойынша, мг/дм3 |
0 |
2,6(3,5) |
МСТ 3351-74 |
pH |
7 |
6-9мг/л |
МСТ 26449-85 |
Қалдық хлор, мг/дм3 |
|
0,3-0,5 мг/л |
МСТ 18190-72 |
Еркін хлор, мг/дм3 |
|
0,3-0,5 |
МСТ 18190-72 |
Байланыстағы хлор, мг/дм3 |
|
0,8-1,2 |
МСТ 18190-72 |
Қалдық озон, мг/дм3 |
|
0,3 мг/л |
МСТ 18301-72 |
Тотығуы, мгО/дм3 |
0,9 |
5,0 мг/л |
МСТ 55684-2013 |
Аммиак азоты, мг/дм3 |
0 |
2,0 мг/л |
МСТ 33045-2014 |
Нитриттер азоты, мг/дм3 |
0 |
3,3 мг/л |
МСТ 33045-2014 |
Нитраттар азоты, мг/дм3 |
16,8 |
45,0 мг/л |
МСТ 33045-2014 |
Жалпы кермектік, моль/дм3 |
6,9 |
7(10) мг/л |
МСТ 31954-2012 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
289,0 |
1000(1500) |
МСТ 18164-72 |
Хлоридтер, мг/дм3 |
35,5 |
350 мг/л |
МСТ 4245-72 |
Сульфаттар, мг/дм3 |
288,2 |
500 мг/л |
СТ РК 1015-2000 |
Темір, мг/дм3 |
0 |
0,3(1,0) мг/л |
МСТ 4011-72 |
Мыс, мг/дм3 |
|
1,0 мг/л |
МСТ 31866-2012 |
Кадмий, мг/дм3 |
0 |
|
МСТ 31866-2012 |
Мырыш, мг/дм3 |
0 |
5,0 мг/л |
МСТ 31866-2012 |
Қорғасын, мг/дм3 |
0 |
0,03 мг/л |
МСТ 31866-2012 |
Күшән, мг/дм3 |
|
|
МСТ 31866-2012 |
Ртуть, мг/дм3 |
0 |
0,0005 мг/л |
МСТ 31866-2012 |
Фтор, мг/дм3 |
0,2 |
1,5 мг/л |
МСТ 4386-89 |
Молибден, мг/дм3 |
|
0,25 мг/л |
МСТ 18308-72 |
Бериллий, мг/дм3 |
|
|
МСТ 18294-2004 |
Қалдық алюминий, мг/дм3 |
0 |
0,5 мг/л |
МСТ 18164-2014 |
Марганец, мг/дм3 |
0 |
|
МСТ 18309-2014 |
Полифосфаттар, мг/дм3 |
0 |
3,5 мг/л |
МСТ 18309-72 |
Бор, мг/дм3 |
|
|
М 01-09-2010 |
Селен, мг/дм3 |
|
|
МСТ 31866-2012 |
Хром |
|
|
МСТ 31956-2012 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
МСТ 23268.5-78 |
Никель, мг/дм3 |
|
|
МСТ 31870-2012 |
Мұнай өнімдері, мг/дм3 |
|
0,1 мг/л |
М 01-05-2012 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
МСТ 23268.5-78 |
Линдан , мг/дм3 ДДТ, мг/дм3 |
|
0,002 |
МӘ «Колос» Клисенко М.А 1992ж |
МСТ 26449-85 - Зерттелетін ерітіндіде сутегі иондарының болуы шыны электродтан, салыстыру электродынан, зерттелетін ерітіндімен өлшеу ұяшығынан және зертханалық рН метрінен немесе ионометрден тұратын тізбектің электр қозғаушы күшін (ЭМӨ) өзгертеді. Бірлікке рН мәнінің өзгеруі ЭМӨ-нің 20 °C температурада 58,1 мВ өзгеруіне әкеледі. Анықталған РН мәндерінің диапазоны 6,00 - ден 9,00-ге дейін [3, б. 11]. Біздің лабораториялық зерттеу нәтижесі 7,00 мг/л көрсетті. Демек стандартқа сай деген сөз.
М 01-05-2012 Флюорат-02 сұйықтығын талдауышта флюориметриялық әдіспен табиғи, ауыз су, сарқынды сулар сынамаларындағы мұнай өнімдерінің массалық шоғырлануын өлшеу әдістемесі [4, б. 8]. Зерттеу нәтижесінде өндірісте қолданылатын су өнімдерінің құрамында мұнай өнімдері қалдықтарының жоқтығы анықталды.
Әдебиеттер тізімі:
- МЕМСТ 18963-73 Санитарлық-бактериологиялық талдау әдістері. – Москва: Баспа Стандартинформ, 2010. – 14 б.
- МЕМСТ 31862-2012 Ауыз су. Сынама алу - Москва: Баспа Стандартинформ, 2013.- 15 б.
- МСТ 4386-89 АУЫЗ СУ. Фторидтердің массалық концентрациясын анықтау әдістері.– Москва: Баспа Стандартинформ, 2010. – 18 б.
- СТ РК 1015-2000 Су. Табиғи,ағынды сулардағы сульфаттардың құрамын анықтаудың гравиметриялық әдісі. - Астана: 2010. – 12 б.
дипломов
Оставить комментарий