Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXVIII Международной научно-практической конференции «Актуальные вопросы экономических наук и современного менеджмента» (Россия, г. Новосибирск, 06 ноября 2024 г.)

Наука: Экономика

Секция: Экономика и управление качеством

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Сайраубек Ы. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ // Актуальные вопросы экономических наук и современного менеджмента: сб. ст. по матер. LXXXVIII междунар. науч.-практ. конф. № 11(71). – Новосибирск: СибАК, 2024. – С. 128-135.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сайраубек Ықылас

магистранты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының

Қазақстан, Астана

KEY PROBLEMS OF STATE SUPPORT OF THE LIVESTOCK INDUSTRY

 

Ykylas Sairaubek

Graduate student Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan,

Kazakhstan, Astana

 

АҢДАТПА

Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында және мал шаруашылығын дамыту бойынша мол мүмкіндіктерге ие. Дегенмен, бүгінгі күні аталған сала бойынша мемлекеттік қолдау механизімдерінің тиімсіздігі байқалуда.

Мақалада Қазақстанның мал шаруашылығы саласына талдау жүргізіледі. Мал шарауашылығы саласына қатысты қолда бар деректерге және т.б. сүйене отырып, мақала авторы проблемелық мәселелерді шешу бойынша нақты шешімдерді ұсынады. Сонымен қатар, шетелдік тәжірибені ескере отырып, мал шараушылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша құралдар қарастырылған. Мемлекеттік қолдау мехнизмдерін жетілдіру, мал шаруашылығы саласына цифрлық технологияларды қолдану саланың дамуына серпін беріп, экономикалық өсімге оң ықпал етеді.

ABSTRACT

The Republic of Kazakhstan ranks ninth in the world in terms of land area and has great opportunities for the development of animal husbandry. However, today the inefficiency of state support mechanisms in this field is observed.

The article analyzes the field of animal husbandry of Kazakhstan. The author offers specific solutions to solving these issues.  Based on benchmark and foreign experience, tools for the identification of farm animals are provided. The improvement of state support mechanisms, the use of digital technologies in the livestock industry will give an impetus to the development of the industry and will have a positive impact on economic growth.

 

Түйін сөздер: мал шаруашылығы, мал шараушылығы жануарларын бірдейлендіру, жеке қосалқы шаруашылық, ауыл шаруашылығы, экономика.

Keywords: animal husbandry, identification of livestock, personal subsidiary farming, agriculture, economy.

 

КІРІСПЕ

Мал шаруашылығы – Агроөнеркәсәптік кешеннің маңызды саласы болып табылады. Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға, атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Дегенмен, аталған салада көрсетілетіп жатқан мемлекеттік қолдау мехнизмдерінің кемшіліктері де бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы   2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «5 миллионнан астам мал санда бар, санатта жоқ. Егін шаруашылығындағы ахуал да – осындай. Жалпы, елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Бөлінетін қаражат та жыл санап көбеймесе, азайған емес. Дегенмен қайтарымын көрмей келеміз» деп атап өтті [1].

Мемлекет басшысы мұның барлығы мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылықтың салдары екенін айтып, ауыл шаруашылығы саласын қолдау тетіктерін өзгертуге байланысты тапсырма берді.

Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Агроөнеркәсіптік кешен саласында көзделген жүйелі әрі жедел шаралар бойынша баяндама жасады.

Аталған баяндамада, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың басынан бері 2 млн бас ірі қара мал, 3,2 млн бас қой мен ешкі, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды. Есептен шығарылған мал басының негізгі үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі болғанын баяндады [2].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қолдаудың механизімдеріне кедергі болып отырған мәселені екі топқа бөлуге болады.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша деректердің өзектендіру мәселесі.
  2. Ауылдық елді мекендегі жеке қосалқы шаруашылықпен шұғылданатын қарапайым шаруаларға мемлекеттік қолдаудың болмауы.

Аталған мәселелерге жеке тоқталып өтетін болсақ.

  1. ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігінің бастамасымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор» ақпараттық жүйесі (https://iszh.gov.kz) құрылған (1-сурет). Бұл диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануарды иеленуші туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алу бөлігі болып табылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» қағидасына сәйкес жануарлардың меншік иесі туралы деректер өзгерген кезде оны дерекқорда өзгерту тәртібі көзделген [3].

Алайда, шаруа немесе фермер қожалықтарының елді мекендерден шалғайда орналасуы деректерді мерзімінде өзектендіруге кедергі болып отыр. Орыны ауысқан немесе сойылған мал басының деректер қорында болуы, субисидияның негізсіз бөлінуінің басты себептерінің бірі.

 

Сурет 1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор» ақпараттық жүйесі

Дереккөз: https://iszh.gov.kz/#/identity

 

Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» веб-порталында «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін электронды форматта алу мүмкін емес (2-суретте көрсетілген).

 

Сурет 2. Электрондық үкімет веб-порталы

Дереккөз: https://egov.kz/cms/ru/services/livestock/785_pass_msh

 

  1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы  № 108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларының 11-тармағына сәйкес субсидияларауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, тектік әлеуеті жоғары малдың (асыл тұқымды мал шаруашылығы) өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Бұл жерде жеке тұлғалар шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылығы бар ауыл тұрғындары мемлекеттік қолдау алу үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруы қажет [4].

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне жүгінсек 2024 жылдың 1 қазанына дейінгі жинақталған деректерде елімізде 46 030 887 бас үй жануарлары тіркелген. Оның 7 723 578 немесе 29 %-ы жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі (3-суретте көрсетілген). Бұл мал шаруашылығы саласының 1/3 бөлігіне мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылмаған деп тұжырым жасауға болады. [5]

 

Сурет 3. Мал шаруашылығының құрылымдық үлесі

Дереккөз: https://stat.gov.kz/ru/industries/business-statistics/stat-forrest-village-hunt-fish/publications/183651/

 

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің басым бөлігі жеке қосалқы шаруашлыққа тиесілі. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2024 жылдың 1 қазанына дейінгі жинақталған деректерде елімізде  союға өткізілген мал мен құстың (тірі салмақғы) саны 1 343 306құрайды. Оның 581 151  немесе 43%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі [5](4-суретте көрсетілген). Бұл мал шаруашылығының союға өткізетін бөлігінің жартысына жуығын жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар қамтамасыз етеді деуге толық негіз бар. Дегенмен, аталған жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын шаруалар мемлекеттік қолдау шараларына қатыса алмай отыр.

  

Сурет 4. Союға өткізілген мал мен құстың құрылымдық үлесі

Дереккөз: https://stat.gov.kz/ru/industries/business-statistics/stat-forrest-village-hunt-fish/publications/183651/

 

Дегенмен, елімізде бүгінге дейін «Жеке қосалқы шаруашылық» туралы заң қабылданған жоқ. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасында аталған заң қабылданғанып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын азаматтардың мәртебесі айқындалған.

Беларус Республикасының «Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығы» туралы Заңының (2002 жылғы 11 қарашады №149-3) заңының 7,9-баптарында жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген. Атап айтқанда, ауылдық (кенттік), аудандық атқарушы және коммуналдық унитарлық кәсіпорындардың әкімшілік органдары арқылы ауыл шаруашылық техникаларын жалға беру, ауыл шаруашылығы өнімін сатуға көмектесу, Беларус Республикасының банк заңнамасына сәйкес кредиттер беру қарастырылған. Сонымен қатар, Азаматтар тиісті инфрақұрылымы жоқ жерде жеке қосалқы шаруашылықпен айналысқан жағдайда, оларға жол, электр, радио байланыс желілерін құру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу көзделген [6]. Ал Ресей Федерациясының «Жеке қосалқы шаруашлық туралы» Заңының (2003 жылғы 7 шілдедегі № 112-ФЗ федералдық заңы) 7-бабында да мемлекеттік қолдау шаралары айқындалған.

Атап айтқанда, жеке қосалқы шаруашылыққа қажетті инфрақұрылым жасау, ұйымдық-құқықтық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар жасау жолымен жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды ынталандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарға қайтарымды негізде, сондай-ақ, ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды беру көзделген [7]. Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтарға Ресей Федерациясының ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін заңнамада көзделген негізде және федералды бюджет, Ресей Федерациясының субъектілерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін мемлекеттің қолдаудың тиімділігін арттыру маңызды. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мал шаруашылығының дамуына, азаматтардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сол себепті, төмендегідей шараларды қабылдау маңызды болып отыр.

  1. Цифрлық технологияларды және жасанды инттелект жүйлерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша ақпараттық жүйені жетілдіру.
  2. Ресей Федерациясы және Беларус Республикасының оң тәжірибелерін ескере отырып, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң қыбылдау. Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мүмкіндіктер қарастыру қажет.

Мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары тиімді болса, еліміздің экономикалық өсіміне, азық түлік қауіпсіздігіне және ауылдық жердегі демографияның өсуіне оң ықпал етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы   2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы// https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstan-zan-men-tartip-ekonomikalyk-osim-kogamdyk-optimizm-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-285659;
  2. Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет отырысындағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринның баяндамасы//https://primeminister.kz/news/serik-zhumangarin-koktemgi-egis-zhane-egin-zhinau-zhumystaryn-karzhylandyru-kolemin-1-trln-tengege-deyin-arttyru-zhosparlanyp-otyr-29032;
  3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011127; www.kaz.stat.kz – ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің ресми сайты; 
  4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018404.
  5. Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының ресми сайты// https://stat.gov.kz/industries/business-statistics/stat-forrest-village-hunt-fish/publications/ ; 
  6. Беларус Республикасының «Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығы» туралы 2002 жылғы 11 қарашады №149-3 Заңы // https://faolex.fao.org/docs/pdf/blr50661.pdf;
  7. Ресей Федерациясының «Жеке қосалқы шаруашлық туралы» 2003 жылғы 7 шілдедегі № 112-ФЗ федералдық заңы// http://www.kremlin.ru/acts/bank/19694;
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий