Статья опубликована в рамках: CCXXXIV Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 09 апреля 2026 г.)
Наука: Медицина
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПЕДИАТРИЯДА ҚОЛДАНУ БАЛАЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУДА ШЫНЫМЕН ТИІМДІ МЕ, ӘЛДЕ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕР СЕНІМДІРЕК ПЕ?
IS THE USE OF ARTIFICAL INTELLIGENCE IN PEDIATRICS TRULY EFFICTIVE FOR DIAGNOSING CHILDREN, OR ARE TRADITIONAL METHODS MORE RELIABLE?
Gavidenkyzy Inabat
Student, Kazakh National University named after S.D. Asfendiyarov,
Kazakhstan, Almaty
Ibrash Beysulu Berikqalikyzy
Student, Kazakh National University named after S.D. Asfendiyarov,
Kazakhstan, Almaty
Abdrasilova Venera Onalbaevna
scientific supervisor, Assistant professor, Department of normal physiology with course of biophysics Kazakh National University named after S.D. Asfendiyarov,
Kazakhstan, Almaty
АҢДАТПА
Мақалада педиатриялық диагностикадағы жасанды интеллекттің тиімділігі мен дәстүрлі әдістердің сенімділігі салыстырмалы түрде қарастырылады. ЖИ-дің рентгенология, генетика және жедел жәрдем саласындағы мүмкіндіктері мен этикалық шектеулеріне талдау жасалған.
ABSTRACT
The article examines the comparative effectiveness of artificial intelligence in pediatric diagnostics versus the reliability of traditional methods. It analyzes the capabilities and ethical constraints of AI in radiology, genetics, and emergency medicine.
Түйін сөздер: Жасанды Интеллект, педиатрия, диагностика, медициналық этика, машиналық оқыту, цифрлық денсаулық.
Keywords: Artificial Intelligence, pediatrics, diagnostics, medical ethics, machine learning, digital health.
Кіріспе. Заманауи медицинада жасанды интеллект (ЖИ) деректерді өңдеу жылдамдығы мен дәлдігі бойынша адам мүмкіндігінен асып түсетін деңгейге жетті. XXI ғасырдың үшінші онжылдығы медицинаны цифрландырудың жаңа кезеңімен сипатталады. Әсіресе, педиатрия саласында жасанды интеллект (ЖИ) жай ғана көмекші құрал емес, күрделі диагностикалық шешімдер қабылдайтын маңызды элементке айналуда. Педиатрияның өзіндік ерекшелігі — пациенттердің физиологиялық және психологиялық тұрақсыздығында. Осы орайда «ЖИ дәрігердің интуициясын алмастыра ала ма?» деген сауал ғылыми ортада үлкен пікірталас тудырып отыр. Осы сұрақтың айналасында екі жақты пікір қалыптасады. Бірі ЖИ диагностикаға кететін уақытты азайтып, ем алудың уақытын азайтады десе, енді бір тобы ЖИ қателескенде жауапкершілікті кім алады деген сұрақты қояды.
Әдеби шолу. ЖИ-дің артықшылықтары оның жылдам шешім қабылдауы мен шаршамауына негізделеді. ЖИ алгоритмдері, әсіресе визуалды диагностикада (рентген, МРТ, КТ) жоғары нәтиже көрсетуде. Мәселен, сүйек жасын анықтау немесе туа біткен патологияларды ерте кезеңде тануда машиналық оқыту үлгілері мыңдаған суретті санаулы секундта талдап, дәрігер назарынан тыс қалуы мүмкін детальдарды анықтайды. Дәстүрлі әдіс бойынша рентгенолог дәрігер Греилич-Пайл атласын қолданып, қол басының сүйектерін қолмен салыстырады. Бұл процесс 15-20 минутты алады және субъективті қателіктерге жол берілуі мүмкін. ЖИ алгоритмдері (мысалы, Convolutional Neural Networks - CNN) бұл процесті 2-3 секундта аяқтап, дәлдікті 98%-ға дейін жеткізеді. Пневмония мен туа біткен өкпе аномалияларын анықтауда ЖИ суреттегі ең кішкентай инфильтраттарды «көре» алады. Бұл әсіресе кадр тапшылығы бар аймақтық ауруханалар үшін өте тиімді. Реанимация бөлімшелеріндегі ЖИ жүйелері баланың жағдайының нашарлауын (мысалы, сепсистің басталуын) клиникалық белгілер анықталғанға дейін бірнеше сағат бұрын болжай алады. Сонымен қатар, жасанды интеллект медициналық персоналды жалықтыратын құжат толтыру сынды жұмыстардан босатады. Нәтижесінде дәрігерлер мен медбикелер пациенттерге көбірек көңіл бөле алады. Жасанды интеллекттің дәстүрлі медицинадан қалыс қалатын тұстары да бар. Оған дамушы елдердегі медицинадағы деректердің жетіспеушілігі негіз болады. Дамыған елдерде дәрігерлер деректерді, ауру тарихын әрдайым базаларға жүктеп отыратын мүмкіндігі жоғары болады. Ал Орта Азия елдерінде бұл мүмкіндік әлдеқайда төмен. Сонымен қатар, педиатрияда ересектер медицинасымен салыстырғанда деректердің аздығы елең алады. Оның бірден бір себебі дәрігерлердің педиатрияда ерекше қадамдар жасауға, тәуекелге баруға батпайды. Балалардың ағзасы нәзік болғандықтан көптеген бұндай тәжірибелер қауіпті аяқталуы әбден мүмкін. Одан бөлек, дәрігер баламен байланыс орнатады. Баланың қорқынышы, мазасыздығы немесе ауырсыну деңгейі тек аппараттық көрсеткіштермен өлшенбейді. Дәстүрлі пальпация, аускультация және физикалық тексеру әлі де алтын стандарт болып қала береді. Медицинаның кез-келген саласында өзекті болып қала беретін бір сұрақ бар: ЖИ қателігі үшін кім жауап береді? Осы тұрғыда дәстүрлі медицинаның артықшылықтарын ұсына кету керек. Ең алдымен, медицина тек құрғақ деректерден тұрмайды. Кішкентай пациенттер өз симптомдарын әрқашан нақты айтып бере алмайды. Тәжірибелі педиатр баланың жылағанынан, көзқарасынан немесе дене қимылынан көп нәрсені түсінеді.
Практикалық бөлім. Біз қарапайым адамдардан гугл форманың көмегімен сауалнама алдық. Сауалнамада қамтылған сұрақтар:
1.Сіздің статусыңыз:
Нәтижесі: 100% студент.
2. Жасыңыз:
Нәтижесі: 50 % 18-22; 50 % 22-30.
3. Жасанды интеллект (ЖИ) туралы естідіңіз бе?
Нәтижесі: 100 % иә.
4. ЖИ-ді медицинада қолдану тиімді деп ойлайсыз ба?
Нәтижесі: 70% иә, тиімді, 10% жоқ, тиімсіз, 20 % нақты білмеймін.
5. ЖИ балалардағы ауруларды анықтауда көмектесе ала ма?
Нәтижесі: 60% иә, 15% жоқ, 25% мүмкін.
6. Сіздің ойыңызша, қай әдіс тиімдірек?
Нәтижесі: 20% жасанды интеллект, 30% дәстүрлі әдіс, 50% екеуін бірге.
7. ЖИ диагностикасы қаншалықты сенімді деп ойлайсыз?
Нәтижесі: 25% өте сенімді, 55% орташа, 20% сенімсіз
8. ЖИ дәрігерді толық алмастыра ала ма?
Нәтижесі: 10% иә, 70% жоқ, 20% болашақта мүмкін.
9. ЖИ қолдануда қандай қауіп бар деп ойлайсыз?
Нәтижесі: 30% қате диагноз, 25% деректер дұрыс болмауы, 20% техникалық ақаулар, 5% қауіп жоқ.
10. Сіз өз балаңызды ЖИ көмегімен диагностикалауға келісер ме едіңіз?
Нәтижесі: 30% иә, 40% жоқ, 30% мүмкін.
Қорытынды. ЖИ медицинадаға енді еніп жатқан салалардың бірегейі. Жасанды интеллект педиатриялық диагностиканың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ол дәрігерді рутиналық жұмыстан босатып, күрделі жағдайларға назар аударуға мүмкіндік береді. Дегенмен, дәстүрлі әдістер мен дәрігердің тәжірибесі медицинаның іргетасы болып қала береді. ЖИ дәстүрлі әдістерді алмастырушы емес, оларды толықтырушы құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Ең тиімді модель ЖИ-дің аналитикалық қуаты мен дәрігердің тәжірибесі мен адамгершілігі біріккен «гибридті тәсіл». Болашақ педиатрия цифрлық алгоритмдер мен клиникалық тәжірибенің үйлесімінде жатыр.
Әдебиеттер тізімі:
- 1.Аманжолова, А. Б. Медицинадағы жасанды интеллект: болашағы мен кедергілері // Орталық Қазақстан медицина журналы. – 2024. – №2. – Б. 45-50.
- Hosny, A., Parmar, C., Quackenbush, J. et al. Artificial intelligence in radiology // Nat Rev Cancer. – 2018. – Vol. 18. – P. 500–514.
- Иванов, И. И. Применение систем машинного обучения в клинической педиатрии / И. И. Иванов. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2023. – 212 с.
- 4.World Health Organization. Ethics and governance of artificial intelligence for health: WHO guidance. – Geneva : WHO, 2021. – 165 p.
- 5.Topol, E. J. Deep Medicine: How Artificial Intelligence Can Make Healthcare Human Again. – Basic Books, 2019. – 400 p.
- Li, D., et al. Artificial intelligence in paediatric healthcare: A scoping review // The Lancet Digital Health. – 2022. – Vol. 4, No. 6. – P. 445-455.
дипломов

